Эвм-нің архитектурасының негізгі түсініктері


ЖҮЙЕЛІК ТАҚТАДА ОРНАЛАСАДЫ



бет4/7
Дата12.06.2022
өлшемі4,21 Mb.
#146450
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

ЖҮЙЕЛІК ТАҚТАДА ОРНАЛАСАДЫ :

  • процессор – бұл ДК-дің орталық блогы (ядросы) - негізгі микросхема;
  • математикалық сопроцессор - үтірі ауысып отыратын екілік сандармен орындалатын амалдарды жылдамдатуға арналған;
  • микропроцессорлық жиынтық (чипсет) – компьютердің ішкі құрылғыларының жұмысын басқаратын микросхемалар жиынтығы. Жүйелік тақтаның негізгі қызметтік мүмкіндіктерін анықтайды;
  • шиналар – компьютердің ішкі құрылғылары арасындағы сигналдармен алмасу орындалатын өткізгіштер жиынтығы;
  • жедел (оперативті) жады (жедел есте сақтау құрылғысы, ЖСҚ-ОЗУ) – мәліметтерді уақытша сақтау үшін арналған микросхемалар жиынтығы;

ТСҚ (ПЗУ) (тұрақты есте сақтау құрылғысы) – мәліметтерді ұзақ уақытқа дейін сақтау үшін арналған микросхема;

  • ТСҚ (ПЗУ) (тұрақты есте сақтау құрылғысы) – мәліметтерді ұзақ уақытқа дейін сақтау үшін арналған микросхема;
  • тактілік импульстер генераторы – жиілігі компьютердің тактілік жиілігін беретін электрлік символдардың тізбегін генерациялайды.
  • таймер – ағымдағы уақытты автоматты түрде түсіріп алуды қамтамасыз ететін, машина ішіндегі электрондық сағат.
  • слоттар (Slot) – қосымша құрылғыларды (видео-, дыбыстық карта, ішкі модем, желілік адаптер) қосатын құрылғылар.
  • сокет (Socket) – микросхема орнатылатын ұяшықтан тұрады.
  • сыртқы құрылғылар контроллері;

ПРОЦЕССОР

  • жылдамдығы мегагерц-пен (МГц) немесе (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады.
  • Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессордың

Процессордың негізгі сипаттамалары:

  • Процессордың негізгі сипаттамалары:
          • тактілік жиілік;
          • разрядтылық;
          • жұмыс кернеуі;
          • кэш-жады өлшемі.
  • Тактілік жиілік уақыт бірлігінде процессормен орындалатын қарапайым амалдардың санын (тактісін) анықтайды. Қазіргі кездегі процессорлардың тактілік жиілігі МГц-пен өлшенеді (1 Гц бір секундта бір амалды орындаумен сәйкес келеді).
  • Разрядтылық процессордың бір тактіде өзінің регистрінде қанша бит мәліметті қабылдай және өңдей алатындығын көрсетеді.
  • Кэш-жады – бағдарлама кодын және мәліметтерді уақытша сақтауға арналған жылдам әрекет жасайтын жады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет