Эволюциялық ілім



бет50/57
Дата08.02.2022
өлшемі344,5 Kb.
#117242
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57
Байланысты:
10200-evolyutsiyaly-ilim

13 лекция - Еңбек-адам эволюциясының маңызды факторының бірі. Қоғамдасып тіршілік ету – адам эволюциясының факторларының бірі.
Дәрістің мақсаты: Саналы адамның қалыптасуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың әсерімен антропоморфоздық өзгерістермен таныстыру.
Сұрақтар:

    1. Еңбек-адам эволюциясының маңызды факторының бірі.

    2. Қоғамдасып тіршілік ету – адам эволюциясының факторларының бірі.

Кез келген еңбек құралдарын дайындау үшін адам еңбек етуі қажет. Еңбек құралдарын жасау қол арқылы жүзеге асады. Ф.Энгельс “Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің ролі” деген еңбегінде адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлін жоғары бағалап, “еңбек – бүкіл адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, мұның өзінде біз белгілі мағынада: адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз” – деп жазды. Олай болса еңбек антропогенездің басты қозғаушы күші болды. Адам өз еңбегі арқылы еңбек құралдарын өзі жасап алады. Кейбір адамтәрізді маймылдар қарапйым құралдарды пайдалана алғанмен, оларды жасай алмайды. Жануарлар табиғатқа өз тіршілік әрекеті арқылы ғана әсер етеді. Ал адам өзінің саналы еңбегі арқасында табиғатты өзгерте алады. Энгельстің айтуына қарағанда адамдардың ата-тектері бұрын орманды мекендеген адамтәрізді маймылдардың ертедегі тобы болған. Ормандардың көлемі бірте-бірте азаюына байланысты олар ашық жерлерге мәжбір болған.
Біздің маймылдарға ұқсас ата-тегіміздің морфологиялық және физиологиялық өзгерістерін антропоморфоз деп атайды. Ол өзгерісті тудырған негізгі фактор – еңбек. Ол тек адам эволюциясына ғана тән құбылыс. Әсіресе ашық далаға шығуда тік жүрудің пайда болуының маңызы зор болды.
Ф.Энгельстің және одан бұрынырақ Ч.Дарвиннің пікірі бойынша тік жүрудің пайда болуы маймылдан адамға қарай бағытталған жолдағы шешуші қадам бола бастады. Тік жүрудің арқасында адамның маймылдар тәрізді ата-тектерінің жерде жүргенде денесін қолымен жерге таянып сүйемелдеуден босап, әртүрлі қимылдар жасауға бейімделе түсті.
Тік жүрудің нәтижесінде омыртқа жотасында “S” әрпі тәрізді имек пайда болып, ол денеге солқылдақтық қасиет берді. Аяқтағы табан сүйектері күмбездене түсті, жамбас сүйектері жалпайып, сегізкөзбен байланысы артты, жақсүйектері бұрынғыдан жеңілдене түсті. Адам бірден тік жүріп кеткен жоқ. Бұл тұқым қуалау өзгерістерін сұрыптаудағы еңбек әрекетіне пайдалы миллиондаған жылдарға созылған ұзақ процесс болды. Мұндай өзгерістер тұқым қуалаушылықтың нәтижесінде жүріп отырды. Алдыңғы аяқтарының жұмыс істеуге пайдалы тұқым қуалайтын өзгерістері бар даралар табиғи сұрыпталу кезінде басымырақ сақталып қалды.
Тік жүрудің тіршілікте қиындықтары да аз болған жоқ. Ол жүріс жылдамдығын баяулатып, сегізкөздің жамбаспен тұтаса байланысы тууды ауырлатты, дененің ауыр салмағы жалпақ табандылыққа жағдай жасады. Әрі аяқтағы көктамырлар кеңейді. Бірақ оның есесіне қолдың босауы еңбек құралдарын жасауға мүмкіндік туғызды. Тік жүруге көшу адам эволюциясындағы ең бір шешуші қадам болды.
Адамның алғашқы қалыптасу дәуірінде қолы нашар дамығандықтан ол қарапайым ғана құралдар жасай білді. Бірте-бірте осы белгілер тұқым қуалау арқылы беріліп отырды. Біздің маймылға ұқсас ата-тектеріміз алғашқы кезде өздері өмір сүрген жерлердегі тастан, жануар сүйектерінен өте қарапайым құралдар жасап пайдаланды. Мұның өзі олардың ой-өрісінің кеңуіне әсер етті, еңбек құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсуіне де септігін тигізді.
Ең қарапайым еңбек құралдары адамды айналадағы ортаға тәуелділіктен аз да болса құтқарып, табиғат нәрселерінен жаңа, белгісіз қасиеттерді ашуға жәрдемдеседі.
Адамның еңбекке дағдылана түсуі антропогенездегі әлеуметтік факторлардың ықпал етуіне жағдай туғызып оның ролін күшейтті де, ал биологиялық факторлардың әсері бірте-бірте бәсеңдей түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет