Эволюциялық ілім


Білімді тексеруге арналған сұрақтар



бет52/57
Дата08.02.2022
өлшемі344,5 Kb.
#117242
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
10200-evolyutsiyaly-ilim

Білімді тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Адам мен адамтәрізді маймылдардың жоғары дәрежелі жүйке жүйесіндегі айырмашылық неде?

  2. Адам эволюциясының биологиялық қозғаушы күштері және олардың әртүрлі кезеңдегі ролі қандай?

  3. Адам эволюциясының әлеуметтік қозғаушы күші және олардың әртүрлі кезеңдердегі ролі қандай?

  4. Маймылдардың адамға өзгеру процесінде табиғи сұрыпталудың біртіндеп эволюциялық фактор мәнін жоюы неліктен?

14 лекция - Адам эволюциясының бағыттары. Өте ертедегі адамдар (архантроптар).
Дәрістің мақсаты: Адам эволюциясының бағыттары мен архантроптармен, палеонтроптармен, неантроптармен олардың морфологиялық ерекшеліктерімен, іс-әрекеттерімен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Өте ертедегі адамдар
2. Ертедегі адамдар немесе палеантроптар.
3. Осы заманғы алғашқы адамдар
Казіргі кезде палеонтологиялық деректер бойынша адамның арғы ата-тектері қарапайым құрылысты ертедегі бунақденекоректі сүткоректілерден бұдан 35 млн.жыл бұрын басын алған парапитектер деп есептеледі. Олар ағаш басында өмір сүріп өсімдіктермен және бунақденелілермен коректенді. Олардың жақтары мен тістерінің құрылысы адамтәрізді маймылдарға ұқсас болды. Парапитектен гиббон, орангутан және кейінірек жер бетінен жойылып кеткен маймылдар дриопитектер өздерінің басын алды. Дриопитектерден үш бұтақ басын алды – біреуінен шимпанзе, екіншісінен – горилла, үшінші бұтақтан адамдар таралды, бұдан 15 млн.жыл бұрын.
А дам эволюциясының қозғаушы күштері


б и о л о г и я л ы қ ә л е у м е т т і к


т іршілік үшін күрес табиғи сұрыпталу еңбек әрекеті сөз
ақыл-ой, сана
тұқым қуалайтын өзгергіштік еңбектің қоғамдық сипаты
Сурет Адам эволюциясының қозғаушы күштерінің сызба-нұсқасы
Бізге дейін 20-25 млн.жыл бұрын жоғары сатылы маймылдардың түрлері Африка, Азияның, Еуропаның оңтүстігінде кеңінен таралды. Ең жоғары сатыдағы адам тәрізді маймылдар да кәзіргі кездегі адам да гоминидтер тұқымдасына топтастырылды.
Бұдан 5 млн.жыл бұрын Африканың ашық далалы аймақтарынан австралопитек деп аталатын адам тәрізді маймылдардың арғы ата тектерінің сүйектерінің қалдығы табылды. Сүйек қалдықтарын зерттеу арқылы ғалымдар олардың кәзіргі кезде тіршілік ететін адам тәрізді маймылдардан гөрі адамға едәуір жақын екенін анықтады. Олардың бойларының ұзындығы 130-150 см, дене салмағы 36-55 кг, ми көлемдері 550 см3. Олар екі аяғымен тік жүріп, аң аулау және жауларынан қорғану үшін денесіне таяныш болу және жүру қызметін атқарудан босаған алдыңғы аяқтарына тас, таяқ т.б заттарды қамтып алатын болған.
Жақсы жетілген тістері мен жақ сүйектері олардың етпен коректенетінін көрсетті.
Австралопитектердің бір тармағынан эволюция барысында адамның тікелей өте ертедегі ата-тегі “епті адам” пайда болған.
Адамның пайда болуы ұзақ уақытқа созылған дәуірлерді қамтиды. Бұл кезде табиғи сұрыпталу ықпалы елеулі орын алды. Бір мезгілде өмір сүрген адамдардың әр түрлі топтары арасында даму дәрежесіне сәйкес талас-тартыстар болып тұрды. Бұл кезде адамның арғы ата тектерімен бірге адам тәрізді маймылдардың да көптеген түрлері тіршілік етті.
Көпшілік ғалымдар адамның пайда болуын төрт кезеңге ажыратады. Олар: австралопитектер, архантроптар (өте етередегі адамдар), палеантроптар (еретедегі адамдар), неоантроптар (кәзіргі кездегі адамдардың арғы тегі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет