Эволюциялық ілім


Білімді тексеруге арналған сұрақтар



бет56/57
Дата08.02.2022
өлшемі344,5 Kb.
#117242
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
10200-evolyutsiyaly-ilim

Білімді тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Ертедегі адамдардың өте ертедегі адамдардан айырмашылығы неде?

  2. Архантроптарға тән қандай құрылыс ерекшеліктері бар?

  3. Австралопитектер мен архантроптарда қандай ұқсастық және қандай айырмашылық белгілері бар?

  4. Адам эволюциясындағы еңбектің ролі қандай

  5. Осы заманғы алғашқы адамдар эволюциясында қандай факторлардың әсері күшейе түсті?

  6. Кроманьондықтардың неандертальдықтарды ығыстырып шығару себептері қандай?

15 лекция - Адам нәсілдері.
Дәрістің мақсаты: Кәзіргі кездегі планеталардағы адам нәсілдерінің түрлерімен, олардың негізгі айырмашылықтарымен, нәсілдерінің пайда болуы туралы көзқарастармен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Нәсіл түрлері
2. Нәсілдің пайда болуы туралы көзқарастар
3. Нәсілдердің шығу тегі мен араларындағы туыстық жақындықтарын, тарихи қалыптасуын және оларға сыртқы орта жағдайларының ықпалын зерттеу.
Казіргі кезде жер ғаламшарында адамның бір ғана түрі – саналы адам тіршілік етеді. Адамның әртүрлі құрлықтарда тіршілік етуіне қарамастан олардың бәрінің де анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері бірдей тек сыртқы терісінің түсінде ғана айырмашылықтар бар.
Казіргі кезде бүкіл адамзатты төрт ірі нәсілге бөледі. Олар Австралоидтық, Негроидтық, Еуропоидтық және Монголоидтық нәсілдер деп аталады. Олардың өзі 30-дан астам ұсақ нәсілдерге бөлінеді. Кейбір құрлықтарда ірі нәсілдер бірлесе өмір сүргендіктен, олардың арасында некелесу жағдайынан аралас нәсілдер пайда болған.
Нәсілдердің пайда болуы туралы түрлі көзқарастар бар. Мысалы, неміс ғалымы К.Фогт казіргі адамдардың әртүрлі нәсілдері әр түрлі адам тәрізді маймылдардан пайда болған деген пікірді қолдайды. Соңғы кездегі генетикалық, биохимиялық зерттеу нәтижелері барлық нәсілдердің арғы тегі саналы адамнан басталғанын дәлелдеп берді.
Нәсілдер арасындағы негізгі айырмашылық адамдардың сыртқы түрінің өзгешілігіне: терісінің, шашының, көзінің түсінің, мұрынның, еріннің пішініне негізделген. Мұндай айырмашылықтар әрбір нәсілдің бір-бірінен айырмашылығы бар табиғи жағдайларда ұзақ уақыт өмір сүруінен пайда болған.
Бірқатар қоғамдық – экономикалық факторлар әсерінен, әртүрлі нәсілді халықтардың мәдени даму деңгейі түрліше болады. Әртүрлі нәсілдер арасында болатын некелесудің араласып кетуі нәтижесінде адам нәсілдерінің оқшаулануы және олардың арасындағы морфологиялық айырмашылықтары кеми береді.
Нәсілдердің шығу тегі мен араларындағы туыстық жақындықтарын, тарихи қалыптасуын және оларға сыртқы орта жағдайларының ықпалын нәсілтану ғылымы зерттейді. Бұл ғылымның зерттеу нәтижелері адамның пайда болуын ғылыми тұрғыда т.сіндіруге септігін тигізеді.
Казіргі кезде алдыңғы қатарлы ойшыл ғалымдар нәсілдердің шыққан тегі бір деп түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет