Эволюциялық ілім


Қоғамдасып тіршілік ету – адам эволюциясының факторларының бірі



бет51/57
Дата08.02.2022
өлшемі344,5 Kb.
#117242
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57
Байланысты:
10200-evolyutsiyaly-ilim

Қоғамдасып тіршілік ету – адам эволюциясының факторларының бірі. Маймылдар табында өмір сүргендіктен, еңбек әуел бастан-ақ қоғамдық сипатта болды. Жануарлардың топтасып тіршілік етуге көшуі тек табиғи сұрыпталу арқылы ғана жүріп отырды. Сондықтан да Ф.Энгельс адамның ата-тегін топтасып тіршілік еткен жануарлардан іздестіру керек екенін атап көрсеткен болатын. Топтаса жүріп еңбек еткендіктен, олардың арасыында өзара қарым-қатынас қалыптаса түсті. Еңбек қоғам мүшелерінің топтасуына септігін тигізді, олар ұжым болып аң аулауды, жыртқыш аңдардан қорғануды үйренді, қоғамдасып бала тәрбиесіне көңіл бөлді. Ересектер өздерінің өмір тәжірибелерін ұрпақтарына үйретті. Отты пайдалануды және оны сақтауды үйренді. Еңбек әрекетінің дамуына қарай өзара жәрдемдесудің пайдасы айқындала түсті.
Адамның арғы ата-тектері бірте-бірте өсімдік-текті тағамдарды пайдаланудан жануартекті тағамдарды пайдалануға көшті. Ол үшін олар аң аулау және балық аулау құралдарын жасауды жетілдіре түсті. Біздің ата-тектің ерте кезеден-ақ тағамға етті пайдаланғаны ежелгі аң және балық аулау құралдарынан белгілі болды. Жануарлартекті отқа пісірілген тағамды пайдалану олардың ағзаларында өзгерістер еңгізеді. Дұрыс ұқсатылып, отқа пісірілген тағамды шайнау көп жеңілдіктер туғызды. Сондықтан маймылдың қуатты шайнау бұлшықеттері бекінген төбесүйек қыры биологиялық маңызынан айырылып, табиғи сұрыпталу нәтижесінде біртіндеп жойылып кетті. Өсімдіктекті тағамнан аралас тағамға көшу салдарынан ішек қысқарды, шайнау бұлшық еттері жетіле түсті. Отты пайдалану суықтан және аңдардан қорғануға жәрдемдесті.
Қоғамдасып тіршілік ету жағдайы адамның арғы ата-тектерінің табиғатты танып білуіне, өмір тәжірибелерінің жинақталуына мүмкіндік жасады. Қоғам мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі ишарат, дыбыспен хабарласуды талап етті. Ең алғашқы адам пайдаланған сөздер еңбекпен тікелей байланысты болып, іс-әрекетті, жұмысты белгіледі, ал заттардың немесе нәрселердің аттары кейінірек пайда болды. Маймылдардың нашар дамыған көмекейі және ауыз қуысындағы мүшелердің құрылысы тұқым қуалайтын өзгергіштік және табиғи сұрыпталу нәтижелерінде бірте-бірте өзгеріп айқын сөйлеу мүшелері қалыптасты.
Адамда жануарлар сияқты сезім мүшелері арқылы сыртқы орта тітіркенулерін қабылдайды. Бұл бірінші хабаршы жүйе болып саналады. Бұған қоса адам басқа хабарларды сөз арқылы да қабылдай алады. Ол екінші хабаршы жүйеге жатады. Екінші хабаршы жүйе адам мен жануарлардың жоғары дәрежелі жүйке қызметінің сапалық айырмашылығын құрайды.
Адамның арғы тектерінің өзара сөзбен қарым-қатынас жасауы адам миының дамуына, ойлау қабілетіне ықпал жасады. Сөз бірте-бірте тәрбие құралына айналды. Сөз арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынас арта түсіп, қоғамдық байланыс дамыды. Адамның ата-тектерінің эволюциясында биологиялық және әлеуметтік әрекеттер бірлесе ықпал жасады. Қоғамдық қарым-қатынастардың қалыптасуына сәйкес адамдар арасында табиғи сұрыпталу өз мәнін бірте-бірте жойды. Оның орнына әлеуметтік әрекет (еңбек ету, сөз) адам эволюциясында негізгі орын алып отыр. Ойлау, ұжымдасып еңбек ету қабілеттері ешқашан тұқым қуаламайды. Тек қана адамның морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері ғана тұқым қуалайды.
Кейде адам қоғамынан тыс тәрбиеленген жас балаларда (кейбір аңдар асырап алған балаларда) ойлау, сөйлеу қабілеттері мүлде дамымайтыны анықталды. Сондықтан да қоғамдық құрылыста әрбір аға ұрпақ өз білімін, тәжірибе-өнерлерін кейінгі ұрпаққа тәрбие және білім беру кезінде беріп отырады.
Қорыта келгенде, биологиялық әрекеттер (тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу) мен әлеуметтік әрекеттердің (еңбек әрекеті, қоғамдық қарым-қатынас, сөз, ойлау) бірлескен жиынтығы антропогенездің қозғаушы күштері болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет