Эволюциялық ілім



бет53/57
Дата08.02.2022
өлшемі344,5 Kb.
#117242
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
10200-evolyutsiyaly-ilim

Өте ертедегі адамдар. Өте ертедегі адамдарға ғалымдар питекантропты, синантропты, “гейдельберг адамын” жатқызады. Питекантроптың қазбадағы сүйектерінің қалдығын 1891 жылы Ява аралынан голландиялық оқымысты Е.Дюбуа тапқан. Олар бұдан 1 млн 500 мың жыл бұрын өмір сүрген және олар тастан, жануарлар сүйектерінен құралдар жасап, отты пайдаланған. Олардың қоғамдық дамуы австралопитектерден едәуір жоғары дәрежеде тұрған. Сүйектерінің морфологиялық құрылысы да казіргі кездегі адамдарға өте ұқсас. Кейінірек питекантроптың қалдықтары Африкадан, Азиядан және Еуропадан табылды. Питекантроп алға қарай сәл еңкейіп екі аяқпен жүрген, бойының ұзындығы 170 сантиметрге жуық болған, миының көлемі 900 – 1 100 cм3 шамасындай, маңдайы тайқы, қабағы тұтасқан білеу сүйекпен көмкерілген. Үлкен ми сыңарларының маңдай және самай бөліктері маймылға қарағанда жақсы дамыған. Иек сүйегі томпайып шықпағанмен де жақ сүйектері алға қарай бағыттала біткен. Олар дайындаған еңбек құралдары епті адамдардың құралдарына қарағанда әртүрлі және жақсы өңделіп жасалған. Олар үңгірлерде тұрып алғашқы табында өмір сүрген. Питекантроптарда жақсы сөйлеу қабілеттері болмаса да, оларда сөздің бастамасы болды деп есептеледі. Бұлардың тіршілік барысында еңбекке үйрену, дағдылану арта түсіп, оның өзі мидың дамуына ықпалын тигізген.
Архантроптардың енді бір тобы синантроптар деп аталады.
1907 жылы батыс Алманиядағы Гейдельберг қаласының маңынан тістері сақталған адамның астыңғы жақ сүйектерінің қалдығы табылды. Ол ғылымға “Гейдельберг адамы” деген атпен белгілі болды. Оның жасы шамамен 400 мың жыл деп анықталды.
Өте ертедегі адамдардың күнделікті тіршілігінде құралдар жасауы, қоғамдық өмір және олардың бір-бірімен сөз арқылы қарым-қатынас жасауы адам эволюциясында басты роль атқарған деп қортындылауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет