Білімді тексеруге арналған сұрақтар: Популяция дегеніміз не және популяция құрылымына қандай ерекшеліктер тән?
Микроэволюция дегеніміз не?
Мутацияның эволюциялық ролі неде?
4 лекция - Қолдан сұрыптау Дәрістің мақсаты: Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыптаулардың ұқсастықтары және айырмашылықтарымен, қолдан сұрыптау түрлерімен, өсімдіктер іріктемелері мен жануарлар тұқымдарының шығуымен таныстыру.
Сұрақтар: Сұрыптау негізгі, бағыттаушы эволюциялық фактор екендігі.
Табиғи және қолдан сұрыптаудың ара қатынасы. Бейімделу – табиғи сұрыптау әсерінің нәтижесі.
Дарвин адам үй жануарлары мен мәдени өсімдііктердің соншама алуан түрлілігін, ата-тегі жабайы түрлердің біреуін немесе бірнешеуін әр бағытта, өз қалауынша өзгерте отырып, жасады деп түсіндіреді.
Қолдан сұрыптаудың екі формасы бар: санасыз сұрыптау және әдістемелік сұрыптау.