Мырза Фатали Ахундов (Ахундзаде) шығармашылығы
(1812–1878)
Әзірбайжан реалистік әдебиетінің негізін салушы, философ және қоғам қайраткері Мырза Фатали Ахундов 1812 жылы Шекі хандығының орталығы Нух қаласында саудагердің отбасында дүниеге келген. Әкесінен жастай айырылған М.Ф.Ахундов атасы Гаджи Алескердің тәрбиесімен өседі. Діндар Гаджи Алескер немересіне діни білім беруге тырысады. Парсы, араб тілдерін жетік меңгерген болашақ қаламгер кейін Нух қаласында ашылған орыс училищесінде орыс тілін меңгеріп шығады.
1832 жылы М.Ф.Ахундов Гянджуге көшіп келеді. Өмірінің осы кезеңінде ол әзірбайжанның атақты ағартушы ақыны Мирза Шафи Вазехпен кездеседі. Осы кездесуден кейін Ахундовтің дінге деген көзқарасы мүлдем өзгереді.
1834 жылдан бастап Ахундов Тифилисте патша сарайында шығыс тілдерінен аудармашы болып жұмыс істейді. Тифилис Кавказ өңірінің сауда және әкімшілік орталығы ғана емес, сонымен бірге маңызды мәдени орталықтардың да бірі болған еді. Ахундов Грузия мен Арменияның зиялы қауымымен, Кавказға жер аударылған декабристермен етене араласып, орыс классикалық әдебиетімен, батыс философторының еңбектерімен жақын таныса бастайды. Әкімшілікте қызмет атқара жүріп, уездік училмщеде әзербайжан тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Осы жылдары атақты «Армения жарасы» романының авторы Хачатур Абовянмен бірге жұмыс істейді, бұл достық Ахундовтың ағартушылық идеяларының қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Әзербайжан әдебиеттану ғылымында М.Ф.Ахундовтың шығармашылығы ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап зерттеле бастады. Ахундовқа арналған ғылыми зерттеулердің авторлары М.Ф.Ахундовтың классикалық шығыс және әзербайжан әдебиетімен, батыс мәдениетімен байланысын, қаламгердің ағартушылық көзқарастарын, жазушылық шеберлігін қарастырды. Ғалымдарды, әсіресе, жазушы шығармашылығындағы дәстүр мен жаңашылдық, ұлттық характер мәселелері қызықтырды. Бұл орайда зерттеуші Ф.Касумзаденің «ХІХ ғасырдағы әзербайжан әдебиеті бойынша зерттеулер» еңбегін және «М.Ф.Ахундовтың өмірі мен шығармашылығы» атты монографиясын, Г.Ахмедовтің «Проза Мирза Фатали Ахундовтің прозасы» зерттеуін ерекше атауға болады. Монографияда нақты материалдар негізінде Ахундов өмір сүрген дәуірдегі Әзірбайжанның қоғамдық саяси, экономикалық және мәдени дамуы сөз болған.
Ақынның алғашқы маңызды шығармасы - «Пушкин өліміне» атты поэмасы. Ахундов бұл поэмасын Пушкин қайтыс болған жылы жазады. А.С.Бестужев Мерлинский поэманы жолма жол аударып, Мәскеудегі журналда жариялайды. Редакция алқасы поэманы «Пушкин қабіріне қойылған әдемі гүлге» теңеп, ақынға шығармашылық табыс тілейді.
1850 – 1856 жылдар аралығында Ахундов халықтың тұрмыс тіршілігі, рухани өмірі туралы алты пьеса жазып, ұлттық драматургия мен театрдың негізін қалауға зор үлес қосты. «Молла Ибрагим Халил, алхимик, философиялық тастың иесі», «Ғалым ботаник Мусье Жордан және атақты сиқыршы, дәруіш Масталишах туралы повесть», «Ленкоран хандығы уәзірінің бастан кешкендері», «Қарақшыны жеңген аю туралы повесть», «Сараңның немесе Гаджи Караның бастан кешкендері» және «Тавриз қаласындағы заң қорғаушылары немесе шығыс қрорғаушылары» пьесаларында автор соқыр сенім мен надандықты, екіжүзділікті әшкерелеп, төрешілдікті, парақорлық пен жемқорлықты сынайды, адал еңбекті, адмгершілік қасиеттер мен зиялылықты насихаттайды.
Ф.Касумзаде атап көрсеткендей, М.Ф.Ахундов туындыларына өзіне дейін қозғалған тақырыптарды арқау еткенмен, соны идеяларды көтере білді. Драматургтің образдары әзербайжан халқының психологиясын, ұлттық характерін шынайы бейнелейді. Мысалы, Гаджи Гараның бейнесінде, бір жағынан, сараң адамның қасиеттері көрініс тапса, екінші жағынан, ұлттық ерекшеліктер де жинақталған. Осы орайда зерттеуші: «В лице Гаджи Гара мы видим, прежде всего, обобщенный тип азербайджанского мелкого торговца одного из азербайджанских поселков прошлого века, занимающегося незначительной торговлей и имеющего небольшой капитал. Своей оригинальностью, художественной глубиной, реальностью Гаджи Гара включается в цикл классических образов скупых людей, созданных мировой литературой, что позволяет его автору занять почетное место в ряду мировых классиков», - деп жазады.
М.Ф.Ахундовтың пьесалары өз заманының әлеуметтік адамгершілік келбетін реалистік тұрғыдан суреттейді. Пьесаларының негізгі оқиғасын өмірдің өзінен алып, оны қоғамдық проблема деңгейіне көтереді. «Ленкоран хандығы уәзірінің бастан кешкендері» пьесасында тарихи оқиғалар суреттелгенімен, оны тарихи комедия санатына қосуға келмейді: «В комедии разоблачаются не конкретные исторические события или действия, а вообще деспотизм. Именно по этой причине произведение тесно связано с современной жизнью».
М.Ф.Ахундов азатшыл демократ жазушы ретінде отаршылдық жүйеге қарсылық білдіріп, шығыс халқтарының тәуелсіздігін аңсады. Драматургтің ағартушылық көзқарастары барлық шығармаларында айқын көрінеді.
Ахундов әзірбайжан әдебиетіндегі «Алданған жұлдыздар» атты алғашқы реалистік повестің авторы. Повестің сюжеті өте тартымды: қатыгез хан Шах Аббасқа балшысы он күннен соң өлім кеп тұрғанын хабарлайды. Хан жұлдызшының басын алмақ болады. Жұлдызшы жұлдызды алдаудың жолын ойлайық деп құтылады. Хан төңірегіндегілер амалын таба алмайды. Сонда жұлдызшы ханға орнына уақытша біреуді, «қарадан шыққанды» хан қоюды ұсынады. Ахундов повестің оқиғасын XVI ғасырда өмір сүрген ирандық тарихшы Искандер бек Муншидің «Тарихи-алем араи Аббаси» шығармасынан алған. Зерттеушілер «Алданған жұлдыздар» философиялық повесі туралы: ««Обманутые звезды» разоблачают шахский деспотизм, невежество, мракобесие, но также и косность непросвещенной толпы, которую так легко сбить с толку. В то же время история, рассказанная Ахундовым, предстает под его пером и как универсальная притча о неправедной власти, с одной стороны, и несостоятельности утопического реформаторства — с другой. «Обманутые звезды» — печальная повесть, но авторская ирония в какой-то мере смягчает грусть».
Аталмыш повестің негізінде қазақ ақыны М.Жұмабаев «Жүсіп хан» поэмасын жазған.
1860-1870 жылдары араб әліпбиін реформалау идеясын көтеріп, оны түркі тілдерінің фонетикалық ерекшеліктеріне бейімделген латиницамен ауыстыруды ұсынады. Ахундовтың бұл идеясы 1927 жылдан 1939 жылға дейін қысқа уақытқа жүзеге асып, тек тәуелсіздіктен кейін қайта қалпына келтірілді.
Ахундовтың қаламынан француз ағартушыларының ісерімен жазылған «Үнді ханзадасы Кемалуддовленің парсы ханзадасы Джалалудовлеге жазған үш хаты және соңғысының жауабы» атты көркем публицистикалық және қоғамдық саяси еңбек туды. Бұл еңбекте автор материализм мен атеизм тұрғысынан адамның рухани еркіндігін, адамдардың нақты және жаратылыстану ғылымдарын үйренуін жақтайды. Сондай ақ автордың мемлекет құрылымына байланысты демократиялық көзқарастары көрсетіліп, діни догмалар сынға алынады.
Хаттардың әзербайжан, парсы және орыс тіліндегі түпнұсқалары автор қанша күш салғанымен өз кезінде жарияланбады, себебі Ахундовтың атеистік көзқарастары, әсіресе, ислам догмаларын, мұсылман дінінің негіздерін сынға алуы көп наразылық тудырды.
Ахундов философия, эстетика және поэтика мәселелері бойынша жазылған көптеген мақалалардың авторы. Бұл мақалаларда автор реализм идеяларын насихаттайды. Ол дидактикалық сипаттағы шығармаларға өз қарсылығын білдіріп, «бүгін мұндай шығармалар халыққа еш пайда бермейді. Қазіргі уақытта оқырманның талаптары мен ұлттың мүдделеріне жауап бере алатын драма мен роман пайдалырақ» деп жазады. Ахундовтың барлық дерлік шығармалары көзі тірісінде әзербайжан, орыс, парсы, француз, ағылшын және неміс тілдерінде жарияланды.
«Мемлекеттің игі жақсы қоры» және « Ерші Жүсіп туралы хикаясы» қазақ тілінде жарық көрді. М.Ф Ахундов 1878 жылы наурыздың 10 күні Грузин республикасының Тифлис қаласында қайтыс болған.
Достарыңызбен бөлісу: |