Әзілхан Нұршайықов



Pdf көрінісі
бет15/31
Дата26.09.2024
өлшемі1,98 Mb.
#205160
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар

 
– Бектер мінер сұр қасқа, 
Шаба алмаса – ұр басқа. 
Батырлық, байлық кімде жоқ, 


Sauap.org
178 
Ғашықтың жӛні бір басқа 
–– деген емес пе? 
Ғашық болсаң – қашық болса да барасың, Зайкҥл aпa. 
Зайкҥл киім жағынан ҿзгелерден ҿзін ерекше ҧстауға тырысатын. Кексе 
ҽйелдерге ҧқсап, мойнына студент қолы жетпейтін қызыл тҥлкі салып, екі 
қолын бірдей қаракҿл жең қолғапқа тығып, оқшауланып жҥретін. Сонысына 
ерегесіп Жомартбек оны ызаландыру ҥшін кейде осылай, «апа» деп атайтын. 
– Ҽй, Жомартбек, сен қотыр тоқтыша сҥйкенбей тыныш отыр, – деді 
Зайкҥл бҧл жолы оның «апа» дегеніне шамданбай. - Мен ғашықтарды 
қҧрметтеймін.
Бірақ ҿзімнен ғашық шықпайды. Ғашық болу ҥшін бір-ақ кісіні сҥю 
керек. Ал маған ҿзіме кҥле қараған жігіттің бҽрі жақсы сияқты боп тҧрады. 
Аудиторияны бастарына кҿтеріп, қыздар ду кҥлісті. 
– Зайкҥл турасын айтады, – деді Ақанас. 
– Мен Зайкҥл апамды сол шындығы ҥшін жақсы кҿремін ғой, – деп 
Жомартбек орнынан тҧрып, кеудесін қақты. 
Оған Зайкҥл масаттанып қалды. 
– Ҽ, бҽлем, мойындадың ба? Жақсы кҿретініңді айтқыздым ба ҿзіңе? 
Енді мына Ерболды мойындатсам, онда тіпті арманым болмас еді. 
Зайкҥлдің бҧл сҿзі тағы кҥлкі тудырды. Екі кҿзі жалт етіп, Қанипа 
Зайкҥлге бҧрылды. 
– Ҽрине, группадағы екі жігітті бірдей иемденіп алсаң, сенің не арманың 
болушы еді!.. 
Осындай ҽзіл-кҥлкімен бҧл ҽңгіме де басылған сияқты болды. Алғашқы 
қос лекцияны да тыңдап шықтық. 
– Қыздар, маған бір ой келіп отыр, – деді Меңтай бір ҥзілістің кезінде. 
– Қойшы-ей, саған да ой келе ме?–деді Қанипа қуақыланып. - Онда сал
ортаға ойыңды. 
Меңтай орнынан тҧрып, сҿзін бастады.
– Менің ойымнан Тана қҧрбымыз бен Заман ағай кететін емес. 
– Ал? 
– Сонсоң? – десті Зайкҥл мен Қанипа жарыса. 
– Ол екеуінікі қандай мҿлдір махаббат десеңші, қыздар, ҽ! 
– Рас, рас! – десіп басқа қыздар бастарын шҧлғыды. 
– Заман ағайдың суретін анада ағай кҿрсетіп еді ғой бізге, - Меңтай 
иегімен мені нҧсқады. 
– Сондай бір сымбатты, ҿңінен инабаты білінген ҽсем жастың тҧлғасын 
танығандай боп едік қой суретіне қарап. Сол асыл жігіт тҧтқынға тҥсіп, қор 
болып мынадай кҥйге ҧшырапты, – Меңтайдың дауысы дірілдеп кеткендей 
болды. Ол сҽл тоқтап, бойын бекітіп алды да, қайта сҿйледі. – Тана болса, 
«ҿлді» дегенге сенбей, ҿмір бойы кҥтуге бекінген екен. Енді оның тірі деген 
хабарын естігенде, бар бейнетке белін байлап, соған жҥргелі жатыр, –Меңтай 
ҥні тағы да булыға бастады. – Біз ғашықтарды қҧрметтеген елдің қыздары 
емеспіз бе? Шамамыз келгенше бҧл сапарға Тананы дҧрыстап аттандырып 
салсақ қайтеді... 


Sauap.org
179 
Осылай деп Меңтай, сҿзінің аяғын айта алмай, кемсеңдеп, бетін басып 
жылап жіберді. 
Бірсыпыра қыздар оған қосыла кҿздерін сҥртті. Жомартбек екеуіміз де 
босап, тҿмен қарап, партаны шҧқылай бердік. 
– Ағай кеше қалтасындағы бар ақшасын беріпті ғой, «Бақа бірдеңе етсе 
кҿлге сеп» деген бар емес пе? Тананың жолына біз де қаражат жинап берейік.
Танымайтын бҿтен жерде жарын іздеген шҥйкедей жалғыз қыздың кҥні 
не болатынын кім білсін... бірақ ең жоқ дегенде қалтасында ақшасы болса, ол 
да кҿңілге медеу ғой... менің дайын ақшам жоқ.
Бірақ бір кесек нҽрсемді берейін. Жомартбек соны ертең базарға апарып 
сатсын да, ақшасын ағай екеуі Танаға апарып берсін. 
Меңтайдың ҧсынысы отқа қҧйған майдай болды. Қыздар лап етіп, оны 
бірден қостап ҽкетті. Біреу елу, біреу жҥз сомнан тауып беретіндерін 
айтысты. Нҽзилаш қолма-қол тізім жасауға кірісті. Осы кезде Зайкҥл 
орнынан тҧрды. 
– Меңтайдың жаңағы сҿзі жҥйке-жҥйкемді босатып жіберді, қыздар-ау, 
–деді ол. 
Ҽшейінде Зайкҥлдің ҽр сҿзін қыздар кҥлкімен қарсы алатын еді. Бҧл 
жолы ешкім езу тартқан жоқ. Ҽлде оның алдында айтқан Меңтай сҿзі 
жҥректерін тебірентті ме? Ҽлде Зайкҥл қайтер екен деп, соны сынағылары 
келді ме, ҽйтеуір, қыздар бірінші рет тырп етпестен, тыныш кҥйде қалды. 
Бірақ Зайкҥл олардың неге ҥндемей қалғандарына мҽн берген жоқ, сҿзін ҽрі 
қарай айта берді. – Иығымда тҥлкі жағам болған соң мына Жомартбек мені 
бай деп ойлап, «апай» деп мазақтайды. Бірақ менде де бір теңге ақша жоқ. 
Ҿйткені бір теңге ақшам болғаннан бір ҥзім наным болғанды артық кҿремін. 
– Мен де сондаймын, апамнан айнымағанмын, – деді Жомартбек. 
Осы тҧста ғана қыздардың еріндерін кҥлкі қытықтап, сҽл-пҽл 
жымиысып қалды. 
– Жомартбек, қоя тҧршы қыстырылмай, – деді Зайкҥл оның сҿзің 
шыбын шаққан қҧрлы кҿрмей. – Одан да сен ертең таңертең біздің бҿлмеге 
келіп, менің тҥлкі жағамды алып кет. Соны базарла да, ақшасын осы іске қос. 
Мҧндай ерлікті Зайкҥлден ешқайсымыз да кҥтпеген едік. Бҽріміз 
таңырқап, таңданып, бір сҽтке ҥнсіз қалдық. Бҧл ҥнсіздікті Жомартбек бҧзды.
– Айналайын, апам-ай, жҥрегің қандай жақсы еді. Келші, бетіңнен бір 
шҿп еткізейін, - деп ол Зайкҥлге қарай ҧмтылды. Зайкҥл қымсынбастан бетін 
тосты. Жомартбек оны қҧшақтап, бас салды. Жҧрт тағы да қыран кҥлкіге 
батты. 
Ертеңінде Жомартбек қыздардың берген заттарын осы кҥнгі стадион 
орнындағы ескі-қҧсқы базарына апарып ҿткізіп келді. Оның ең қымбатқа 
сатқаны Меңтайдың қызыл кҿрпесі болыпты. Жомартбек Меңтайдың шешесі 
мен ағасынан қалған белгі – жалғыз кҿрпесін сатпаймын, алмаймын деген 
екен. Ол: «Ал, апар, басқа бағалы затым жоқ» деп қиылып болмапты. Сҿйтіп, 
мен ҥшін махаббаттың жалауындай болған қызыл кҿрпе, ақыры, асыл 
махаббаттың мҧқтажына жҧмсалыпты. Сонымен, қыздардан бас-аяғы тҿрт 


Sauap.org
180 
жарым мың сом ақша жҽне жиналды. Сол кҥні кешке кітапханадан шығып, 
жатақханаға кірсем, маған келген телеграмма жатыр екен. Тез ашып жіберіп, 
асыға кҿз жҥгірттім. 
«Алма-Ата. Виноградова, 62, комната 69. Есенову Ерболу. 
Бесконечно рад, мой бесценный друг. Обнимаю и целую тебя тысячу 
раз.
Таня если хочет, если любит меня по-прежнему, пусть приедет. Буду 
ждать с нетерпением, Твой Заман». 
Тана келіп, 3аманның хатын кҿрсетіп, баруға бел байлағаннан кейін мен 
Заманға телеграмма жібергенмін: Тананың барғысы келеді, қабылдай аласың 
ба, тез хабарын жібер дегенмін. Бҧл Заманның соған жіберген жауабы екен.
Демек оның Танамен бірге тҧруға мҥмкіншілігі бар деп тҥйдім. 
Ертеңінде Жомартбек екеуіміз Танаға барып, телеграмманы кҿрсеттік. 
Одан соң Жомартбектің Жоғарғы Совет президиумында қызмет істейтін 
туысына барып, келесі кҥні жҥретін Алматы – Москва поезына билетке 
бронь алдық.
Сол броньмен Свердловскіге дейін деген билет қолымызға тиді. Тек 
Тананың
Куйбышевта басқа поезға отыруына тура келеді. Тана жҥретін кҥні 
вокзалға соңғы лекцияны тастап біздің группа тҥгел барды. 
Вокзал басында қыздар Танамен шетінен кҿрісіп қоштасты. Ҽсіресе, 
Тана мен Меңтай бірінен-бірі ажыраса алмай, кҿп жыласты. 
– Жайықтан жеке жҿнелген Тҿлегендей болып, жалғыз аттандың-ау, 
қҧрбым, – деп Меңтайдың егіле айтқан сҿзі бҽріміздің сай-сҥйегімізді 
сырқыратты. 
Кҿзімнің қҧйрығын қайта-қайта сипалап, ернімді ҥсті-ҥстіне тістелеп, 
бордай босап, ішімнен егіліп мен тҧрдым. 
Содан соң Тананы вагонға орналастырдық та: 
– Қош! 
– Қош! 
– Заманға сҽлем айт! 
– Сҽлем айт! – деп біз қалдық. 
Алматының қою тҥні бҥркеген поезд ішінде, вагон доңғалақтарының 
рельс қоспасына сарт-сҧрт соғылған ырғағымен теңселіп, белгісізге бет 
қойып, Тана кетті алысқа. Аяулы ғашық аттанған поездың барлық дҥрсіл-
гҥрсілін жҥрегімізде сақтап біз қалдық перронда. 


Sauap.org
181 
XII 
Кҿктемде топыраққа тҥскен дҽн алдымен нҽзік сабаққа айналып, 
артынануақыты жеткенде бас жарады. Уақыты жеткенде тал бҥршіктейді, 
ҿсімдік тҥйін тастайды, алма ағашы гҥлдейді, гҥл қауызын ашады - шешек 
атады.
Ҿсімдік ҥшін осы бір ғажап шақ тек қана жазда болады. Адал 
махаббатқа мерзім жоқ – ол жылдың тҿрт мезгілінің қалаған маусымының 
сҽтті сағатында жҥректе гҥл жарып шыға келеді. Махаббат гҥлдегенде жас 
адамның аузынан «сҥйемін» деген асыл сҿз ақтарылады. 
Менің Меңтайға деген махаббатымның сол сағаты ноябрьдің алғашқы 
кҥндерінің бірінде, Никольск шіркеуінің тҥнгі он бірдегі қоңырауымен қоса 
соқты. 
Соның алдында ғана жҥрегім ҿз-ҿзінен ҿрекпіп, ҥйде отыра алмай 
сыртқа шыққанмын. 
Жомартбек жоқ еді, Пернеш кітапханадан қайтпаған. Тек Тҿлеубек қана 
тҿсегінде қорылдап, ҧйықтап жатқан. Соның қорылы ойымды бҿлгеннен 
кейін, оңаша жер іздеп, екі жатақхана арасындағы ашық алаңға бет 
қойғанмын. 
Калинин кҿшесі жақтағы жатақхана жанында, басына темір телпекті 
шам орнатылған биік бағана тҥбінде ҧзын орындық болушы еді. Соны бетке 
алып, аттай бердім де, онда біреудің отырғанын аңғардым. Аяңдап қасына 
келсем, ол отырған Меңтай боп шықты. 
Оның Меңтай екенін танығанда, жҥрегім дір ете тҥсіп, ҿз-ҿзімнен 
дегбірім кетіп, састым да қалдым, 
– Кеш жарық, Меңтай, - дедім ҽр сҿзім кекештің аузынан шыққандай 
ҽрең қиюласып. 
– Жарық кеш жан лҽззҽті болсын, ағай. Келіңіз, отырыңыз. 
Қасында бірнеше кісілік бос жер болса да, Меңтай сырғып, маған ҿз 
орнын берді. Менің жҥрегім одан сайын лҥпілдей тҥсті. Маған орнын бергені 
– ҿзгеше қадірлегені ғой Меңтайдың» деп ойладым ішімнен. «Қадірлегенің 
жақсы-ау, бірақ қҧрметіңнің ҿзі менің аузыма қақпақ, басыма тоқпақ боп жҥр 
ғой» дедім тағы да. Ойлағаным осы болса да, аузымнан шыққаны басқа сҿз 
болды. 
– Жалғыз неғып отырсың, Меңтай? 
– Жай. Жатар алдында ауа жҧтайын деп шығып едім, – Меңтай біздің 
жатақхана жаққа кҿз тастап алды да, сҿзін қайтадан жалғады. – «Кімді 
ойласа, сол келеді» деген рас екен, ағай. 
Мен жаңа ғана сіздің бҿлменің терезесіндегі шамды кҿріп, «ағай ҽлі 
сабақ қарап отыр екен ғой» деп ойлап едім. «Ойлағаның, есіңе алғаның 
қандай жақсы, – дедім мен ішімнен. - Ал мен сені сағат сайын ойлаймын ғой, 
Меңтай. Сен осыны білесің бе?» 


Sauap.org
182 
Теңіз тебіреніп, жағаға толассыз толқын лақтырғандай бір сҽт туды. 
Менің де теңіздей тербеліп сҿйлегім, ішімдегі Меңтайға деген махаббат 
толқынын ағылта ақтарғым келді. 
- Рақмет, Меңтай, – дедім тағы да екі сҿздің басын ҽрең қосып. –
Ойлағаныңа... 
О, ғажап, теңіз тҧрғай титімдей бҧлақ қҧрлы да қауқарымның жоғын 
аңғардым. Аузымды байқаусызда біреу желімдеп кетіп, соны кҥшпен ҽрең 
ашатын сияқтымын. Ашқанмен ар жағынан ақтарылар ештеңе жоқ, адасқан 
жалғыз қаздай қалбалақтап, анда-санда бір сҿз зорға шығады. Бірақ сыртқа 
шығарып айта алмағанды іштей сарнауға шебермін ғой мен. 
Дегенмен, аузымды судан шыққан балықтай, бостан-бос ашқаныма мҽз 
боп, бірсыпыра асыл ойларымды ақтардым-ау деп жорамалдадым ішімнен. 
Осы кезде ыңыранып, Никольск шіркеуі ҥн қатты. Мен шіркеудің ҿзін 
жек кҿрсем де, оның қоңырауының ҥнін ҧнатушы едім. «Дың-дың» деп мыс 
қоңырау кҥңгірлей бастағанда, істеп отырған шаруамды тастап, аяғына дейін 
тыңдай қалатынмын. Маған, ҽсіресе, ҧзақ соғылатын, ҧзаққа кететін осы 
тҥнгі қоңырау кҥңгірі аса бір сазды, қызық кҥйдей боп танылатын. Сол 
ҽдетім бойынша шҥу дегенде мен тым-тырыс тыңдай қалдым да, қоңырау 
бір-екі рет соғылғаннан кейін, оны тастай салып, дереу негізгі шаруама 
кҿштім. Осы қоңырау ҥнінің дҥрмегімен, басқа еш жанға естіртпей, айтатын 
басты сҿзімді Меңтайдың ҿзіне ғана тез ақтарып қалғым келді. Қоңырау 
соғылып бітіп қалмасын деп, шапшаң Меңтайды екі қолынан ҧстай алдым да, 
екі алақанымның арасында «пыр» етіп ҧшып кететін тірі торғай тҧрғандай 
елбелектеп, аузымды қыздың қҧлағына тақадым. 
–Меңтай, мен сені сҥйемін! Шексіз сҥйемін! - дедім, біреу «тҽйт!» десе, 
жылап жібергелі тҧрған жас баладай кемсеңдеп. Қанша ҽсемдеп, ҽдемілеп 
айтам деп пҽленбай уақыт ойланып, оқталып, жадымда жаттап жҥрсем де 
мен Меңтайға деген мҽңгілік махаббатымды, арман тілегімді, шексіз ықылас, 
қалтқысыз қҧрметімді, оны бар дҥниеден ҿзгеше бағалайтынымды ауызбен 
айтып жеткізе алмадым. Кҿптен бері айтамын деп ҽзірлеп жҥрген сҿздерім 
дҽл қажетінде ауызға тҥспейтін бҧлдыр, буалдыр бірдеңке болып кетті.
Ҽшейінде тақылдақ тілім, болдырған жорғадай сенделектеп, сҥрініп, 
тҧтығып, тоқтап қалды. Енді сол ауыз жеткізбегенді лҥпілдеген жҥрек, 
дірілдеген дене, денедегі лыпыл қаққан сансыз тамырлар қосыла айтып, 
Меңтайға асыға баяндап жатқандай болады. Меңтай енді солардың сҿзін 
тыңдағандай, бар зейінін соларға аударғандай боп, жым-жырт, ҥнсіз отырып 
қалды. Осы ҥнсіздік кезінде саусақтарым терлеп, буын-буыным қалтырап 
кеткен маған кҿшедегі кҥнде міз бақпай бақырайып тҧратын электр шамдары 
ҿз- ҿзінен жыпықтай жҿнелген сияқтанды. Екі жатақхана ортасынан 
сылдырап ағып жатқан арықтың суы да, демін ішіне тартқандай, ҥнсіз қалды. 
Ағаш бҧтақтарындағы соңғы жапырақтар да сыбдырын тоқтатып, сілтідей 
тынды. Бірақ, ҿзіммен ҿзім ҽуре мен олардың неге ҿйткендеріне мҽн 
бермедім, менің басыма тҿнер не сҧмдықты сезгендерін аңғармадым. Есіл-
дертім Меңтайда болып, оны қҧшақтағым, қҧшқым келді.


Sauap.org
183 
Алғашында иық тиістіріп отырған мен, оның ҥндемегенінен дҽмеленіп, 
оң қолымды босатып, қызды қаусыра қҧшақтап, ҿзіме қарай тарттым. Неге 
екенін білмеймін, Меңтай менің қҧшағымнан сытылып шығуға ҽрекет етпеді.
Соған батылдандым ба, білмеймін, мен еңкейіп, оның діріл қаққан 
ыстық ерніне ернімді тигіздім. Меңтай оған да қарсылық кҿрсетпеді. Осыдан 
кейін маған Меңтай мендік екен деген ой келді де, асыл арманыма шынымен 
қолым жеткені ме? – деп, кҿкіректе бҧрқ-сарқ қайнаған қазандай тасыған 
қуаныштың ыстық буы кҿзімді шарпыды. Бірақ мҧның бҽрі Меңтайдың мені 
есіркеуі ғана екенін келесі сҽттерде бір-ақ білдім. 
Ол менің сҿзімді тыңдап болғаннан кейін тҿмен қарап, қоңыраудың 
соңғы соғылуы біткенше ҥнсіз отырды. Одан соң да лҽм демеді. «Кей қыздар 
жігітпен кездескенде оған сҥйетін, сҥймейтінін бірден айтады. Бағзы 
біреулер ҿз ойын олай етіп жеткізе алмайды. 
Кҿпшілік қыздар ауызбен айтар сҿзді ішінен айтып, ҥнсіз баян етеді. 
Сырттан сҿзі де, ҥні де мҿлт етіп кҿз жасы ғана болады. Сол ҽр тамшы жаста 
ҽр алуан асығыстық сҿздер мен жан кҥйдірген кҥйініш немесе жҥрек 
шарпыған сҥйініштер жатады. Меңтай да маған деген сҿзін іштей айтып 
отырған болар» деп малдандым мен. Бірақ, бетіне қарасам, Меңтай бір 
қызарып, бір бозарып отыр екен. Кейде дем ала алмай, қысылған да 
сияқтанады. Оны кҿргенде мен Меңтай сырқаттанып қалған екен деп 
қалдым. 
–Немене, Меңтай, ауырып отырған жоқсың ба? – дедім кҿзім 
бақырайып. -Ҽлде менің жаңағы сҿзіме ренжідің бе? 
– Жоқ, ағай, – деп ҽлден уақытта Меңтай сҽл басын кҿтерді. Мен сіздің 
сҿзіңізге емес, басқа нҽрсеге қиналып отырмын.
Осылай деп Меңтай тоқтап қалды. Сҽл бҿгеліп, одан соң ҽр сҿзін ҥзіп-
ҥзіп айтып, қайтадан сҿйледі. 
– Мен де сізді жақсы кҿремін, ағай. – Менің, бҧл сҿзді қҧлағымның 
естігеніне, ол сҿздің Меңтай аузынан шыққанына сенер-сенбесімді білмей, 
екі кҿзім жыпықтап кетті. Оған бҧрынғыдан бетер жабыса тҥсіп, қолын 
қайтадан сипалай бердім. Меңтайдың «Мен де сізді жақсы кҿремін» деген бір 
ауыз сҿзі мені Алатаудың етегінен ең тҿбесіне шырқатып бір-ақ шығарғандай 
болды. Меңтай сҿзі тағы естілді. – Бірақ...
Осы кезде екеуміздің иығымыз ажырап, арамыз сҽл ашылып кетті. 
Маған «бірақ» деген сол жалғыз сҿз кенет жер жарылып, Меңтай екеуміздің 
арамыздан тҥпсіз шыңырау шыға келгендей боп кҿрінді. 
Сол шыңыраудың Меңтай бір жағында, мен бір жағында қалған 
сияқтандым. 
– Бірақ, мен басқа біреуге уҽде беріп қойған едім. – Меңтайдың ендігі 
сҿзі маған алыстан, шыңыраудың арғы жағасынан ҽрең естіліп тҧрғандай 
болды.
– Сіз Совет Одағының Батыры Мҽлкен Ғабдуллаевты білесіз бе? 
Білсеңіз, менің ағайым Жҥніс Ербосынов соғыста сол кісінің қарамағында 
қызмет етті.


Sauap.org
184 
Оқ тиіп ағайым ҿлгенде қасында Тҧмажан деген досы болған екен. 
Ҿлерінде жалғыз бауырым, жан ағатайым Жҥйке мені аузына алыпты. 
«Менің қарындасымның суретін сан рет кҿрдің ғой. Тірі қалсаң сен соған 
серік, сҥйеу бол – ҿмірлік жар ет. Меңтайға менің ҿлер алдымдағы осы ҿсиет-
тілегімді жеткіз» депті Тҧмажанға. Ауызша айтқан ҿсиетін хатқа тҥсіріп жҽне 
беріпті, -деп Меңтай кҿкірек жара бір кҥрсініп қойды. - Соғыс біткеннен 
кейін жігіт еліне барып, елінен мені іздеп осында келіп, ағайымның қалай 
ҿлгенін баяндап берді. Ең соңында ағайымның ҿмірден ҿтерде аузынан 
шыққан ақтық сҿзін – ҿсиетін жеткізді. Мен солқылдап кҿп жыладым. Кҿп 
уақытқа дейін ҿксігімді баса алмадым. Жігіт қасымнан кетпей отырып алды. 
«Мендік боламын деп маған уҽдеңді бер» деді. Жанымдай кҿретін жалғыз 
ағамның ҿсиеті солай болған соң жҽне ел қорғап соғыстан келген жігіттердің 
жақсы, жаманы жоқ шығар деп ойлап, «жарайды» дедім де, уҽдемді бердім. -
Меңтай терең бір дем алып, сҿзін аяқтауға кірісті. 
– Бар мҽн-жай осы, ағай. Мен ол жігітті сізден артық демеймін. Айта 
берсеңіз, қандай екенін де білмеймін. Ендігісін ҿзіңіз біліңіз. Тҧмажанды 
таста, уҽдеңді бҧз дейсіз бе, оны ҿзіңіз айтыңыз. Мен сізге сенемін. Бҧз 
десеңіз, бҧзып-ақ кетейін, ағатай!.. 
Меңтай осылай деп айтарын айтып қалды да, бірақ бекер айттым-ау деп 
ҿкінгендей, тез тағы да сҿйлеп кетті. 
– Бірақ, уҽде бҧзған адам оңа ма, ағай? Уҽдеге беріктік – адамның асыл 
қасиеті болуы керек қой. Ендеше қайтып бҧзамын мен ол уҽдемді. 
Енді Меңтай емес, мен қиын жағдайда қалдым. Ол ендігі билігін ҿзіңіз 
айтыңыз деген жаңағы соңғы сҿзімен менің махаббатым мен 
адамгершілігімді сынға салғандай болды. 
Таразының бір басында мен, екінші басында Меңтай тҧрған сияқтанды. 
Қай жағына ауарын білмей таразы дірілдеп ҧзақ тҧрып қалған іспеттенді. Бір 
кезде, оның Меңтай жақ басы дір етіп қозғалып, бҧлдырап кетті... 
Тҿрт жыл бірге болған майдандас достарым есіме тҥсті. Ол кездегі 
бҽріміздің бірінші арманымыз – жауды жеңу болса, екінші арманымыз – 
соғыстан соң бір-бір жақсы жар қҧшып, жарасты ҿмір кешу еді. Кей 
жолдастарым осы арманына жетпей ҿліп кетті. 
Тҧмажан да кҿкірегіне сондай арман тҧтып, аман келген азамат шығар.
Ендеше оның серттескен қызын бҧзып алу солдаттың солдатқа жасаған 
қиянаты болар. Мҧным адамшылыққа жатпас, арсыздықпен шектесер деп бір 
ойладым. Жоқ, қыз мені жақсы кҿремін деп тҧр ғой. Ендеше неге бҿгелемін: 
бҧз дейін уҽдеңді, бҧздырайын деп тағы қобалжыдым. Осы кезде баяғы 
танкпен жекпе-жек шайқасқанда ҿлген ҿз достарым кҿз алдыма келді.
Олар, бірінен соң бірі: «Жоқ, сержант, ҿйтпе. Азғырма солдаттың 
серттескен қызын» деп, бастарын шайқап тҧрғандай боп кҿрінді. Наводчигім 
ҿзіммен ҿте сырлас еді. Сҽлима кҥйеуге тиіп кетіп, мҧңайып отырғанымда ол 
келіп арқамнан қағып: 


Sauap.org
185 
«Жан табылса – жар табылады, сержант. Уайымдама!» деп жҧбатқан еді 
мені. Сол наводчигім ерекше мҧңайып: «Жан табылса, жар табылады ғой, 
сержант. Сен тірі қалдың. 
Жаны кеудесіндегі кісінің жары жолында, алдында емес пе. Тағы ілгері 
жҥр, іздеп табасың ҽлі. Бҥркітбай сенің Сҽлимаңды бҧзып алғанда, 
кҥйінгенің есіңде ме. Ендеше ҿзіңмен қарулас болып, жеңісті бірге шыңдаған 
солдаттың жанын жаралама, сержант. Ҿтінемін!» деп тҧрғандай болды. 
Біресе кҿзіме Заман елестеді. Маңдайына тҥскен қою шашын сілкіп 
тастап ол: «Ҽй, ҽй, мен сенен мҧндай қиянат шығады деп ешқашан ойламаған 
едім» деп теріс айналған секілді. «Жоқ, Заман, - дедім мен оған іштей ҥн 
қатып. – Мен қиянатқа қаспын. Азғырсам – жігітке қиянат, ыстық уҽдесін 
бҧздырсам – қызға қиянат. Сенің досың қос қиянатты арқалай алмайды. 
Солдатты қадірлегендіктен, қызды сҥйгендіктен ҿйте алмаймын мен». 
– Жоқ, Меңтай олай болса... – дейді еріндерім дірілдеп, ҿн бойым 
қалтырап, - мен саған сертіңді бҧз дей алмаймын. - Алтыбақан тепкен екі 
адамның бірі тҿмендегенде, екіншісінің шырқап жоғары кҿтерілетініндей, 
таразының Меңтай жақ басы биікке бір-ақ шықты. - Онда, буынсыз жерге 
пышақ ҧрып, орынсыз қинағаныма ғапу ет.
Міне осылай дедім. Бҧлай дейтінім тілі шабан, тілегі жҥйрік ауыл 
баласымын ғой мен. 
Уҽдеге берік, антқа адалдықты жоғары бағалап, оның ҿзіме келтірер 
залал, зиянын пайымдап жатпастан ҿз ҥкімімді ҿзім шығардым сҿйтіп. 
Ҽккілігі жоқ, аңғал, адал кҿңілдің, жҥрегіме бала жасымнан ҧйып, ҧялаған 
арлылықтың сҿзін айттым. Адалдық, тазалық, шыншылдық, туралық - емшек 
сҥті, мектеп ҿнегесі, ҽскер тҽрбиесімен бойға сіңген қасиетім ғой менің. 
Момын ҽке, жуас шешеден туып, кҿпшіл колхозды ауылдың баласы болған 
соң, осылай айтуым заңды да болатын. Ҿзімшілдігі жоқ боп ҿскен жастың 
бірі болғандықтан ол тҥнде ҿзіме қас ҥкім шығарыппын мен. Ҽрине, мен 
мҧныма ҿкініп тҧрғамын жоқ бҥгін. Егер жастық шағым қайта оралып, мен 
сол жағдайға жаңадан тап болсам, сҿз жоқ, сол шешімімді іркілместен тағы 
қайталаған болар едім қазір. 
Меңтай жҧбатқандай болып, енді менің қолымды сипады ақырын. 
– Сіз ренжімеңіз, ағай,–деді біраздан соң. - Біздің курстағы қыздардың 
бҽрі де сізді жақсы кҿреді. Олардың бірен-сараны болмаса, бҽрі де жақсы 
қыздар. Ҽсіресе Майра қандай жігітке болса да адал жар, ақпейіл дос, сенімді 
серік бола аларлық жан. 
Сонымен, мен Меңтайға бірінші рет ашық тҥрде сҿз айттым. Ол 
қарсылығын осылай қамқорлықпен, елжірей отырып білдірді. Меңтайдың 
қарсылығының ҿзі маған хош айтқандай боп кҿрінді. 
Ойын айтып болған соң ол, ҿн бойы қалтырап, сҽл діріл қаққан 
тҽрізденіп орнынан тҧрды. 
Енді кішкентай бҿгелсе, ҿзін-ҿзі ҧстай алмастай кҿрді-ау деймін. 
Қолымды босатқысы да келмей, босатпай да тҧра алмай ҽлденеге 


Sauap.org
186 
кҥйбіжіктеп, бҿгелгендей болды. Сонсоң тез-тез басып, жатақханаға қарай 
жҿнеле берді.
Қолды пышақ кесіп кеткенде адам оның ауырғанын бірден білмейді. Сол 
сияқты, ҿзімді ҿзім аяусыз жаралағанымды мен де Меңтай жанымнан ҧзай 
бастағанда бір-ақ білдім. 
Алдындағы бір отар қойды қақаған қатты қыс жҧт болып жалмап, қотан 
шетінде таяғын ҧстап жалғыз қалған сорлы шопандай кҥйде болдым мен.
Менің қолыма тҥсер деп дҽмеленген бар байлық Меңтайдың махаббаты 
еді.
Одан айырылып, ҽп-сҽтте жҧрдай боп жҧтадым да қалдым. 
Ҿстіп, ескі тҥрік қағанаты кезінен қалған тас мҥсіндей, серейіп тҧрдым-
тҧрдым да, ілбіп ҥйге қарай аяңдадым. Аяғыма батпан байланып қалғандай, 
ҽрең қозғаламын. Ҽр аттаған сайын жер басып келе жатқандай емес, қара 
жердің астына шымырлап батып бара жатқан сияқтанамын. Аттаған сайын:
«Енді маған Меңтай жоқ, Меңтай жоқ!» деп кҥбірлеймін ҿз- ҿзімнен. 
Сол кезде Никольск шіркеуінің ыңырана, кҥрсіне шыққан ҥні келді 
қҧлағыма.
Ол да маған: «Енді саған Меңтай жоқ! Жоқ! Жоқ!» деп тҧрған сияқты 
болды.
Шіркеу қоңырауы тҥнгі сағат он екіні жариялады – маған он екі рет 
«жоқ! жоқ!» деп қақсады. Бағана ғана сазды музыкадай кҿрінген қоңырау ҥні 
енді маған дҥниедегі ең сҥйкімсіз, қҧлаққа тҥрпідей қадалған қаңғырлақ 
дыбыстай боп танылды. Қоңырау кҥңгірі алыстап, талаурап барып ҥзіліп 
кетті де, дҥние тым-тырыс бола қалды. Кҥңгірдің соңғы дірілімен бірге менің 
жҥрегімдегі Меңтайға деген соңғы ҥміт қоса ҥзіліп кеткендей болды. Мен 
сҥрініп, шайқалып кеттім, сол кезде ҿзімді шыңнан шыңырауға қҧлап бара 
жатқандай сезіндім де, жалма-жан жолдағы қарт теректі қҧшақтай алдым.
Оған мҧңымды шаққандай ҿкіріп, ҿксіп қоя бердім... 
Ертеңінде мҽңгіріп, дел-сал болып қалыппын. Ҽлдекім мені сойыл 
сілтеп, соққыға жығып, аяусыз жаулықпен естен тандыра ҧрып кеткен 
сияқты да болады. Ҥлкен ҧрысқа ҽзірленіп, тҥні бойы жҽшік-жҽшік снаряд 
тасып, таңертең шабуылға шығып, кешке жаудан жеңіліп, кейін шегінген 
сҽтте де осындай боп ҿлердей бір шаршайтын шақ болатын еді. Сонда кез 
келген шҧңқырға тҥсіп, жантайып жата қалғың келетін. Ҿлсем де, осы 
жерден тҧрмасам екен деп ойлайтынсың. Сондай кҥйге тҥстім де, тҥске дейін 
тҿсектен тҧра алмай, тҧралап жаттым. Махаббатта кҥйреу де соғыста 
жасанған жаудан жеңілуден кем болмайтынын мен сонда білдім. Студенттің 
бақырауық тҥйедей бажылдақ темір кереуетін қайта-қайта сықырлатып, бір 
жамбасымнан екінші жамбасыма аунақши беремін. «Ҿлі тиіп» жатқан қойдай 
тыпырлаймын. Бірақ, маған «Ҿлі» тиген жоқ, тірі тиген. Тірі болғанда 
мылтық кезеп, қылыш суырып қырқыса кетер жау емес. Маған тиген қарусыз 
қыз. Ол маған жау пиғылын, жат мінезін танытқан да жоқ.
Кҥліп жҥріп, кҥлімсіреп тҧрып, ең ақырында, кҿзінен бҧрқ еткен ыстық 
жас шығарып мені осындай кҥйге, аурудай халге ҧшыратты. 


Sauap.org
187 
Мен соны ойлап дҿңбекшимін. «Не деген асылжан еді!» деймін. 
Меңтайдың кҿз қызығып, кҿңіл сҥйсініп тамаша етерлік сырт тҧлғасына ішкі 
адамгершілік парасаты қосылғанда адамды тебірентпей, тербелтпей 
қоймайтынын енді ғана білгендей болдым. Оған алғашқы кҿрген сҽтімнен 
бастап, кҿп кҥндер бойы ғашық боп жҥргенімнің де себебін сонда ғана 
аңғардым. 
«Бҧған баға жете ме? Жоқ, жетпейді!» деймін ҿзімнен ҿзім жатып. 
Сондай баға жетпес қыздан айырылып қалғаныма жҥрегім сыздап, жарылып 
кетердей боп, екінші жамбасыма қайтадан аунаймын. Жҧдырықтай сорлы 
жҥректің ҿз денемді тҿсек ҥстінде олай бір, былай бір лақтыруға ғана ҽлі 
келеді. Сонысымен ол маған қарсылық білдіріп, наразылық айтып жатқан 
секілденеді. «Сен неге Меңтайға тек мені сҥй, тек қана менімен бол 
демедің?» деп мені жазғырып, жазалап жатқанға жҽне ҧқсайды. Осы арада
Меңтайға жазда, емтихан бітіп, отыз ҥшінші аудиторияда сауық ҿткізген 
кештің тҥнінде шығарған ҿлеңімнің бір шумағы еріксіз есіме тҥседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет