Әзілхан Нұршайықов



Pdf көрінісі
бет2/31
Дата26.09.2024
өлшемі1,98 Mb.
#205160
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар

IV 
 
Ортадан сҽл ғана тҿмендеу бойы бар, самай тҧсы ширатыла бҧйраланып 
тҧратын қою қара шашын ҧзын қос бҧрым етіп ҿріп, оны ақ маңдайынан 
жоғарылата басына бірнеше рет орап, екі ҧшын тас қылып тҿбесіне тҥйіп 
тастаған, ақ беті таза қолмен аршыған жҧмыртқадай кіршіксіз, жасы он 
сегізге келген талдырмаш қыз мені қоршап тҧрған ҿзге қыздардың арасын 
қақ жарып ҿтіп қасыма жақындай берді. Қыздың ғажап сипатын кҿргенде 
мен ҧялуды ҧмытып, оған бақырайып қадалдым да қалдым. Орасан ҥлкен де 
емес, онша кіші де емес дҿңгелек қара кҿздер «Тергеуші» қыздың кҿзіндей 
ойнақыланбай, кҿлгірсіп кҥлімдемей, ҿзгеше бір пҽк таза тҧнықтықпен 
жаудырай қарайды. Жылы шуақты осы қос кҿздің арасынан тҿмен қарай ақ 
қағазға ақ бояумен тартқан тік сызықтай болып, қыр мҧрын кҿрінеді. Осы 
ҽсем мҧрын астындағы таңертеңгі гҥлдей бҥрісіңкі оймақтай ауыздың «мені 
кім сҥйеді?» дегендей ынтыға ҥлбірей қалған боялмаған қызыл еріндері қыз 
жҥрісінің ырғағымен ҽлде ҿзі дір еткендей ме, ҽлде тыныш тҧрған мені дір 
еткізгендей ме бір белгісіз жайды аңғартты. Лезде сол дірілдің суға 
лақтырған тастай болып, алысқа, жҥрегімнің тҥбіне қарай шым батып бара 
жатқаны ҿзіме ап-айқын боп біліне бастады. Жаныма тақап қалған қыздың 
аппақ бҧғағы мен жҧп-жҧмыр мойнын кҿзім шалғанда тамағымның ішінен 
бір жҧмсақ нҽрсе қытықтай жҿнелгендей жҽне бір сезім пайда болды.
Ҽсіресе оның он бетіндегі мойылдай мҿлдіреген мең менің кҿзімді де, 
ҿзімді де магниттей тартып, ҽкетіп бара жатты. 
Ақ қыз алдыма келіп тоқтап, қылымсымай, қымсынбай, бейне бір ҿзінін 
туған ағасымен сҿйлесіп тҧрғандай ҥн қатты. 
- Ағай, бҧл Қанипа деген қалжыңбас қыз, - деді ол мені сҧрақтарымен 
сонша қинаған қызыл шырайлы, қасқа тіс қызды иығынан бір сипап қойып. -
Бҽрімізді кҥлдіріп, кҿңілімізді кҿтеріп отыратын осы. Сіз оған ренжіп 
қалмаңыз. 
Неге екенін білмеймін, бҧл қыздың дауысын қҧбылтпай, бір қалыпты 
табиғи биязылықпен ҿтіне айтқан сҿзі маған бҧйрықтан бетер ҽсер етті. Жау 
танкімен жекпе-жек айқасуға жауапты бҧйрық берген командир сҿзін 
тыңдағандай, екі қолымды жамбасыма жапсыра ҧстап тіп-тік бола қалдым да, 
«кҥп болады» дегендей ишара жасап, алдымен басымды изеп, одан соң 
еңкейе иілдім. Бҧл арадағы екі қимылдың бірі артық: бас изеген соң иілудің 
қажеті жоқ еді. Бірақ мен ол сҽтте не қажет, не қажет емес екенін біліппін бе, 
сірҽ. Содан соң қайтадан кеудемді керіп, бақырайып, бақжиып қызға қарап, 
оқтау жҧтқандай тіп -тік боп серейдім де қалдым. Мҧным: «Мен сіздің 
қҧлыңызбын, айтқаныңызды бҧлжытпай орындаймын, тағы не бҧйырасыз?» 
дегенім сияқтанды. Менің бҧл тҧрысым сылаңдаған ҽсем аққудың қасында 
ҿз-ҿзінен кҥжірейіп, одырайып тҧрған кҥрке тауықтың қоразын кҿз алдарына 
елестетті ме, кім білсін, кейбір қыздар мырс етіп кҥліп жіберді. Осы кезде 
бағанағы бҥріскен гҥл ашылайын дегендей ҽлпет танытып келе жатты да, тез 
тоқтап, сол кҥйінде қозғалыссыз қалды. Ҿзге қыздар кҥлгенмен ақ қыз ҽсем 


Sauap.org
21 
ернін қытықтай бастаған кҥлкіні кері қайырып жіберді. Мҧнысымен ол 
барша ҧстамды қыздың бетінен ешнҽрсені білдіртпейтін, жақсы иҽ жек 
кҿргенін ешқашан аңғартпайтын ең ҥлкен ҿнерін танытқан еді. Бірақ, 
ағасының, ҿзімді айтамын, ол кезде оны аңғарарлық жайы мҥлде жоқ 
болатын. 
Сонымен, ҧзын сҿздің қысқасы, жігітке жҧтаң соғыс кезіндегі ауылда 
ҿсіп, сол сҧрапыл шақта бозбаламен қатар тҧруға ҥйренбегендіктен, сҿйтіп, 
олардыңқыз алдында ҿздерін қалай ҧстайтындықтарын кҿрмегендіктен бе, 
ҽлде ҿзінін де мен сияқты қобалақ, қолапайлау ағасы болып, сол есіне 
тҥскендіктен бе, білмеймін, қыз менің ат байлайтын ақырдай болып, серейіп 
қалған қолайсыз кҥйімді кҥлкі етпеуге, елемеуге тырысты. Оның орнына 
бағанадан бері қыздар кҿзіне кҥлкінің нысанасы боп тҧрған мені бҧл 
жағдайдан тез шығарып ҽкетуге ҽрекеттенген сияқтанды. Жаныма одан 
сайын жанаса кеп тҧрды да: 
– Кҽне, ағай, жанағы лекцияны жаза алдыңыз ба? – деп алдымда беті 
жабулы жатқан дҽптерге қолын созды.Бҧл бір неміс қағазынан жасалған 
қалың кінаганың жартысы болатын.
Германиядан қайтарда дҥние қоңыз кейбіреулер дҥкеннен дҥкен қоймай 
аралап жҥріп, нҽрсе алып, ҥйлеріне сҽлемдеме - посылкалар жҿнелтіп жатты.
Ал мен, халқымыздың «Бҥлінгеннен бҥлдіргі алма» деген қағидасын 
берік ҧстадым да, еш нҽрсеге қол созбадым. Маған Отанымның жауын 
жеңгендігі мен ҿзімнің аман қалғандығымнан қымбат олжа жоқ еді. 
Осы оймен Германиядан кеткелі жатқанымда кҿп айлар қол астымда 
болған, кейін зеңбірек кҿздеушісіне жоғарылатылған жауынгер жолдасым - 
коми жігіті осы қалың кінағаны қаладағы баспаханаға барып қақ бҿлдіріп 
ҽкеп, менің зат қапшығыма салды. 
«Сержант, мҧны жау жерінен алған олжам деп емес, менің сізге тартқан 
сыйлығым деп алыңыз. Еліңізге барып оқуға тҥссеңіз, бҧл қағаз сізге керек 
болады» деп, ҿтініп болмады. Ал менің оқуға тҥсетініме еш кҥмҽнім жоқ еді. 
Мен бір қызық айтайын сіздерге: ҿзім соғыста ешқашан да ҿлемін деп 
ойлаған емеспін. Соғыстан кейін алдыма қайтсем де журналист болуым керек 
деген мақсат қойып едім, ол да орындалды. Тегі адам не нҽрсеге, сеніп, 
беріле істесе, оның сол ойы орындалып шығатын болар деп ойлаймын. Жоқ, 
мҧның біздің ҽңгімемізге қатысы жоқ. Жай, еске тҥсіп кеткен соң айтып 
жатқаным да. Сонымен, қыз менің алдымдағы дҽптерді ҿзіне қарай 
сырғытып, бірінші бетін ашып қарады. Одан жол ортасына бадырайта 
жазылған «Сын есім» деген екі сҿзден ҿңге ештеме таппады да, бас жағын 
жазып ҥлгіре алмай, аяқ жағын келесі бетке жазған шығар деп ойлаған болуы 
керек, ол қағаздан да аппақ сҥйрік саусақтарымен дҽптердің екінші бетін 
аударды. 
– Бҽле, ағай, ештеңе жазбапсыз ғой, – деді ол келесі беттің де таза 
тҧрғанын кҿріп. Дес берісі қыз маған «ештеңе жаза алмапсыз ғой» демей, 
«жазбапсыз ғой» деді. Тегі сол сҿзінің ҿзі менің кҿңіліме кеп қалды деп 


Sauap.org
22 
ойлаған болуы керек, дереу оны жҽне жҧмсартуға тырысты. – Ой, ағай, 
мҧндай бола береді.
Шу легенде осы отырған бҽріміз де лекция жаза алмағанбыз. Адам бірте-
бірте тҿселеді. Алдымен ҽр оқытушының ҥніне қҧлақты ҥйрету керек. 
Осы кезде дҽлізде соғылған қоңырау ҥні естілді. Мені қоршап тҧрған 
ҿзге қыздар ҿз орындарына қарай ойысты. Тек ақ қыз ҽлденені ойлағандай 
ернін жымыра тҥсіп, сҽл бҿгеліп қалды да: 
– Ағай, алға жҥріп, менің қасыма отырыңызшы. Мен сіздің конспект 
жазуыңызға кҿмектесейін, – деді. 
Мен не істерімді, бҧл ҧсынысқа не дерімді білмей, сҽл бҿгеліп қалдым.
Мҧным қыздың бҧл сҿзді шын ықыласымен айтып, ҿзіме қиыла 
қарағаны, су қоспаған таза спиртті жҧтқан адамның алдымен тҧншыға 
жаздап барып, демалғаннан кейін кҿмейінен тҿмен қарай ҽлдене ішін ҿртеп 
ақырын жылжып бара жатқанын сезіп біраз ҥнсіз отыратыны сияқты бір сҽт 
еді. Бҧған дейін бҧл Қызға бас изеп, сақаудай ыммен жауап бергеннен басқа, 
ҥн қатып ештеңе дей алмағанмын, алмағаным оны кҿргеннен-ақ тіл мен 
жағымнан айрылдым. 
Қыздың ақ дидарынан шыққан ҽлдебір асыл кҥш менің сҿйлеуге тілімді 
келтірмей, кҿмекейімді тас қып буып тастаған тҽрізденді. Міне, сондықтан, 
бҧл жолы да мен қызға ризалық, биязылық, сыпайылық, сҥйкімділігін 
кҿргенде менің жҥрегім бҧрынғыдан бетер лҥпілі тыныш тҧрған самолет 
моторының от алдырғандағы алғашқы гҥріліне ҧқсаса, оның ендігі соғысы 
сол мотордың стартқа келген самолетті кҿкке кҿтерер алдындағы бар 
қуатымен қалшылдай дірілдеп, самолетті ішіндегі жолаушыларымен қоса 
теңселте қозғап, тітіретіп жіберер сҽтіне пара-пар болды. 
Қойшы, не керек, лезде-ақ мен, мҧрнын тескен тайлақтай елпеңдеп, 
қыздың соңына ілесіп, аудиторияның алдынғы жағына қарай аяңдадым. Жоқ, 
сол сҽтте ол қыз менің тек мҧрнымды ғана емес, жҥрегімнің ҿзін қоса тесіп, 
бҧйдалап алыпты ғой. Кім білген, қыз шіркіндердің бар істі осылай, ҥндемей 
тындыратынын. 
Ақ қыздың орны есік жақтағы екінші партаның он қанатында екен. Мен 
жақындай бергенде ол сол жағында отыратын қызға былай деп жатты: 
– Қанипа, сен артқа барып отыршы. Мен ағайды қасыма алып, конспект 
жазуына кҿмектесейін. 
– Іһ-һі! - деді Қанипа біреу оның ыңқ еткізіп бҥйірден қойып қалғандай 
дауысына мҽн бере жҽне қаттырақ шығарып. Жақынырақ отырған қыздар 
оның «іһ-һісіне!» елен етіп, мҽн бере қалды. Тек ақ қыз ғана оны елемеген 
сияқтанды. 
– Немесе мен орнымды берейін, ағайға сен кҿмектес. Жаңа келген, ҽлі 
ҥйренбеген кісіге алыста отырып лекция тыңдау қиын ғой, – деді ол ҿзінің 
сабырлы қалпымен. 
Жолдасына тағы бірдеңе демек боп оқтала берген қызыл шырайлы қыз 
сҿлбірейіп мен қасына келіп қалғаннан кейін жалт етіп бетіме қарады да, 
ақырын ғана жымиып:


Sauap.org
23 
– Қазір, қазір, - деп қағазын жинай бастады. – Ҽй, Меңтай-ай, жаңа ғана 
бҧл жігіттен жауап алып, беддеп кҥшейіп қалып еді. Абыройымды айрандай 
тҿктің-ау. Тым болмаса ертең ауысып отыратын едік қой. 
Маған қамқоршы қыздың аты Меңтай екенін мен енді ғана білдім. 
Аудиторияда алғаш естіген аттарымды ҧмытып қалмау ҥшін «Қанипа,
Меңтай!.. Қанипа, 
Меңтай!..» деп ҿлең жаттағандай, кҥбірлеп, ішімнен бірнеше рет 
қайталай бердім. 
– Ағай жауды тезірек жеңіп, оқуға келсем, біз сияқты 
қарындастарыңның қасында отырсам деп талай рет арман еткен шығар. 
Сҿйтіп келген кісіні ең тҥкпірге шошайтып жалғыз отырғызып қойғанымыз 
ҧят емес пе? 
Меңтайдың бҧл сҿзі жаныма жағып кетті-ау деймін, мен: 
– Иҽ, иҽ, тҿрт жыл арман еттік қой, – деп ыржалақтап басымды изей 
бердім. 
Меңтай сҿзінен жеңілген Қанипа басқа еш дау айта алмады. Тіпті ерніне 
келген ҿткір ҽзіл сҿздерінен де айырылып қалды-ау деймін. Сасқалақтай 
орнынан тҧрып: 
– Ғапу етіңіз, отырыңыз, – деп маған тағы бір жымия қарап, жалт еткізе 
кҿз тастады да, қағаздарын қҧшақтап артқы партаға қарай кетті. 
– Қанипа, қайда барасың? – деді қыздар ҽзілдеп. 
– Эвакуация, тылға кҿшіп барамын, - деді ол да кҥле жауап беріп. 
Мен оның орнына отыра беріп, Меңтай ойының зеректігіне таң қалдым.
Меңтайдың жаңағы айтқан: «Ағай жауды тезірек жеңіп, оқуға келсем, 
біз сияқты қарындастарыңның қасында отырсам деп талай рет арман еткен 
шығар» дегені, оның алдында айтқан алыста отырып лекция тыңдау ауыр 
екендігі, алдымен оқытушының ҥніне қҧлақты ҥйрету қажеттігі туралы 
пікірлері – бҽрі-бҽрі менің ойым. Сонда осы қыз алдынғы лекцияда ештеңе 
жазбай, ҽлдебір ҽдіспен, тек қана менің ойымды тыңдап отырғаннан сау ма 
екен ҿзі деп, оған қымсына қарап қойдым. Қыз жай ғана жымиып, парта 
қуысындағы дҽптерін, сия сауытын, қаламын бір-бірлеп шығарып, жайлап 
алдына қоя бастады. Оның парта ҥстіне қойған дҽптерінің мҧқабасындағы 
жазуға кҿзім тҥсті. Онда былай деп жазылған екен: 
«ҚАЗАҚ ТІЛІ 
Қазақ Мемлекеттік Университеті тарих-филология факультетінің II курс 
студенті ЕРБОСЫНОВА М.» 
Мен Меңтайдың фамилиясы Ербосынова екенін осы арада білдім. Ол 
дҽптерінің беттерін парақтап ашқанда еткен лекциядан маржандай тізілген 
айқын ҽріптермен шақпақ жолды ҥш бетке толтыра конспект жазып алғанын 
кҿрдім. «Бҽсе, ішіндегіні біреу қайдан білсін, – деп ойладым тағы да. – Ҿзінің 
зеректігімен мен ойлаған ойдың ҥстінен тҥсіп жатқан шығар. Дегенмен, бҧл 
қыздың аузынан шыққан қарапайым сҿздердің ҿзі мені сары алтынның 
буындай балқытып бара жатқаны тегі оныңсҧлулығынан ғана емес, осы ой 
зеректігінен де болар». 


Sauap.org
24 
Қазақ тілінің оқытушысы біраз кешігіңкіреп келіп, сабағын 
жалғастырды.
Жақыннан қарағанда ол қҧс мҧрындығының ҥстіне мҥлде шҥңірек кҿз 
кісі екен. Менің алыста отырып оны бҥркітке ҧқсатқаным тіпті дҧрыс 
болыпты. 
Сабағын бастай бере ол екінші партада жапалақтай жарбиып отырған 
маған кҿз тоқтатты. 
– Сіз қайдан келдіңіз, аты-жҿніңіз кім? – деді оқытушы маған.
Партаны салдыр-кҥлдір еткізіп, мен орнымнан атып тҧрдым. Керзі 
етіктің екі басы, бірімен бірі сҥзіскен бҧзаудай болып, сарт ете қалды. Оң 
қолымды шошаң еткізіп жоғары кҿтере бердім де, жалаңбас тҧрғаным есіме 
тҥсіп, жалма-жан жамбасыма жапсыра қойдым. Бағанадан бері оқытушының 
аты-жҿнін де сҧрамаппын. Не де болса деп, бҧрынғыша тарта бердім. 
– Жолдас оқытушы, алдыңызда тҧрған аға сержант Есенов Ербол.
Демобилизациямен ҽскерден қайтып, университетке оқуға келдім. 
Қыздардың бҽрі қыран кҥлкі болды. Оқытушы да кҥліп жатыр. Тек 
Меңтай ғана дыбыс шығармай, езу тартты. Онысын да тез тыя қойып, маған 
қарай жақындаңқырап: 
– Ағай, сержант емес, студент деп айтыңыз, – деді. Жҧрт осыған кҥлген 
екен ғой дедім де, шапшаң қатемді тҥзетпек болып қыздардың кҥлкісі 
тоқтала бергенде: 
– То есть студент Есенов Ерболмын, – дедім ыржиып. 
Қыздар бҧрынғыдан бетер сақылдап кҥлді. Кҥлсе кҥле берсін. 
Қыздардың кҥлкісі маған майдай жағады. Ҿйткені ол немістердің алты 
стволды минометінің абалап келіп айналаға ажал шаша, алды-артымда 
жарылып жатқан миналары емес. Мен қазір тірі дҥниенің тозағынан шығып, 
пейішке келіп тҧрғандаймын. Сондықтан осынау қор қыздарына қосылып, 
ҿзім де еріксіз кҥлемін. 
Бір кезде кҥлкі басылды. Оқытушы оң жағына бҧрылыңқырап, 
қалтасынан орамалын алып, кҿзін сҥртті. Тегі мені орнына отырды деп 
ойлады ма, ҽлде маған қарасам кҥліп қоярмын деді ме, білмеймін, оқытушы 
сол қырын қараған кҥйі сабағын бастады.
Ал мен отырғаным жоқ. Отырмағаным ҽскерде ондай тҽртіп жоқ. Шені 
кіші адамдар аға командир рҧқсат еткенде ғана орнына отырады. Бҧл жерде 
оқытушы аға командир есебінде. Ендеше мен ол «отыр» демей, орныма 
жайғасуға тиісті емеспін. Ҿстіп, ҿзімнің тҽртіптілігімді танытпақ боп 
қалшиып тҧрмын. 
Меңтай маған сыбырлап: «отырыңыз» дейді. Тҽртіпті солдат қалай 
отырады?
Ал мен оқытушының ҽскерде болмағанын, ҽскер тҽртібінің исі мҧрнына 
да бармайтынын қайдан білейін. Мен одан сайын екі жамбасымды қаттырақ 
қысып, сіресе тҥсемін. 
Қыздар кҥлкіге булығып, тағы сықылықтай бастады. Тіпті болмаған соң
Меңтай мені гимнастеркамның етегінен тартып, ҿзіне қаратты да:


Sauap.org
25 
«Отырыңыз» деп жалынғандай болды. Мен, қыздың кҿңілін қимай, 
отырайын деп ойладым да, оқытушыға қайта қарадым. Ол алдындағы 
конспектісіне ҥңіліп, сын есім туралы лекциясын тҿпелеп жатыр, мен жаққа 
ақы берсең де бҧрылатын емес. Бірінші рет ҽскер тҽртібін бҧзып, амалсыздан 
отыруыма тура келді. Рҧқсатсыз отырғаныма, бейне бір намазым қаза болған 
молдадай ішімнен бҧрқылдап қҧс мҧрын оқытушыны кінҽладым. Дегенмен 
ол мен жаққа бҧрыла қалса, тез орнымнан атып тҧруға жҽне ҽзір болдым.
Осы кезде ол кҿзін менен асырып, арт жаққа қарады. Оқытушы маған 
назар аударған екен деп, елбең етіп, ҧшып тҧра жаздадым. 
Менің мҧныма Меңтай амалсыз жымиып, ақырын ғана бас шайқады. 
Ҽскерде сҥйекке сіңіп кеткен тҽртіпке байланысты осы қылығымнан мен 
кейін қатты ҧялып жҥрдім. Оған мынадай тағы бір себеп те болды. Сол 
кҥннен кейін іле-шала 
Тҽкеннен хат алғамын. 
Ол былай деп жазған екен.
«Ербол, аманбысың? Оқуға тҥскеніңе қуанып жатырмын. Сенің 
тҥсетініңді білгенмін. 
Мен де аманмын. Ҿзім келген кҥннің ертеңінде-ақ бір асауға бҧғалықты 
тастап кеп жібергенмін. Бірақ ҽлі қҧлағына қолым тиген жоқ. Ноқтаны 
ыңғайлап ҧстап, жалын сипалап, жақындап келемін. 
Ҽлдеқашан-ақ тҧқыртып алатын едім, ҿзімнен болды. Ҿйткені, келген 
кҥні мен оның шешесін ҿлтіріп ала жаздаппын. 
Ҽңгіме былай. 
Ауылдың ҥлкен-кішісі, біздің ҥйге, маған сҽлемдесуге келіп жатты. Мен 
де оларға ҽскери тҽртіппен ізгі кҿрсеттім. Келгендер не қолымды алмақ 
болып, не бетімнен сҥюге ыңғайланып, тҿрде отырған маған қарай 
ҧмтылады. Мен орнымнан атып тҧрамын да, оң қолымды сарт еткізіп шекеме 
кҿтеріп: 
– Здравия желаю, старший сержант Майшанов – деп, қатты айқайлап, 
қаққан қазықтай боп, бажырая қаламын. 
Міне осыған соғыс кҿрмеген сужҥрек екі-ҥш жаман кемпір 
шалқаларынан тҥсе жаздап, талып қалған болатын. Жҧрт олардың бетіне су 
бҥркіп жатқанда мен: «Ҽкетіңдер, ҽкетіңдер, санротаға апарыңдар» деймін 
ғой баяғы.
Ҿйткені маған сҽлемдесуге басқа да жҧрт келеді. Кемпірлерді тҿрге 
серейтіп салып қойып отырайын ба сол. 
Қҧдай ҧрғанда жаңағы талып қалған кемпірлердің бірі мен жақсы кҿрген 
қыздың шешесі болып шықпасы бар ма? «Алыстан, ажалдың аузынан 
қайтқан бала ғой деп, емірене еңкейіп, қҧшағымды жая бергенімде тҿрде 
тып-тыныш отырған алпамсадай жігіт алақ- жҧлақ етіп атып тҧрды.
Кеудесіндегі теңгеліктері диуананың асасындай сылдыр-сылдыр қағып, 
ҽкесінің атына ҽлдебір тҥсініксіз сҿздерді қосып, арс-арс ете қалғанда 
иманым ҧшып, жҥрегім жарылып кете жаздады. Мен ондай диуанаға 


Sauap.org
26 
қызымды бермеймін» деп айтады дейді сол кемпір. Диуана деп отырғаны 
мен. Тапқан екен диуананы! 
Біздің жағдай осы. Бірақ, кемпірдің қарсылығына қарамастан атаканы 
кҥшейтіп жатырмын. 
Сен ҿзің де сыпайысың ғой. Дегенмен осындайдан сақ бол. Ҽскердің 
заңы ауылға жарамайтынын байқап қалдым. Жақсы кҿрген біреуің болса – 
маған ҧқсап, ҥркітіп алып жҥрме. Ал мен болдым. 
Қанды кҿйлек досың Тҽкен». 
Хатты оқып, алдымен ішек-сілем қатып, кҥліп алдым. Артынан ҿзімнің 
алғашқы лекцияда: «Аға сержант Есенов» деп орнымнан атып тҧрып, одан 
соң рҧқсатсыз отырмаймын деп қалшиып тҧрып алғаным есіме тҥсіп, кірерге 
тесік таба алмай ҿз-ҿзімнен қысылған едім. 
Дегенмен, ҽскерден қайтқан адамның бойындағы бҧл сияқты 
сҿлекеттіктер кҿлденең жҧртқа кҥлкілеу кҿрінгенімен, ҽскер тҽртібінің 
осылай, сҥйекке сіңісті боп, кҿпке дейін кҿңілден кетпегеніне ҿз басым, бір 
себептен, ҿкінбеймін де. Ҿйткені сҥйекке сіңбеген тҽрбие – тҽрбие емес. 
Тҽртіпті, ынтымақты ҽскер ғана жауынан жеңілмейді. Меніңше, осы кҥнгі 
жастар тҽрбиесі ҥлкен ҥш бҿлімнен қҧралады. Ол: семья, мектеп жҽне ҽскери 
ҿмір. 
Осы ҥш тҽрбиені ҿз бойына дҧрыс сіңіре алған жас адам – жақсы азамат.
Ондай ҧрпағы бар Отан – Ҧлы Отан, оны ешқашан да жау алмайды. 
Жҽ, мҧның ҿзі бҥйректеу ҽңгіме боп кетті-ау деймін. Енді оны қойып, 
ҽлгі аудиторияға қайта оралайын. 
Иҽ, мен орныма отырғаннан кейін қыз ақырын ғана жымиып, білінер-
білінбес етіп, басын шайқады дедім ғой. Онысы Меңтайдың мені жазғырғаны 
ма, ҽлде жақтағаны ма - аңғарғаным жоқ. Бар байқағаным қыз сыпылдатып, 
ҿз дҽптеріне тағы да жарты беттей жазып тастаған екен. 
– Ағай, ҥш жарым беттей орын қалдырып, мына жерден бастап маған 
ілесіп жаза беріңіз, – деп Меңтай сол қолының шынашағымен ҿзі дҽптерге 
енді тҥсіре бастаған сҿйлемді нҧсқады. Қыздың шынашағы аппақ, жҧп-
жҧмыр екен. Одан озыңқы ҿзге саусақтар ҽсемдігі, ҽдемілігімен жҽне жан 
кҥйдіреді.
«Ҽттең, мына саусақтарды шҿпілдетіп сҥйер ме еді, тым болмаса 
ақырын ғана сыртынан сипар ма еді?!» деп мен, кҽмпит кҿрген баладай 
жҧтынып, телмірдім де қалдым. Менің сҧқтанып отырғанымды сезді-ау 
деймін, қыз дҽптерінің шетін басып тҧрған ҽсем саусақтарын ақырын ғана 
жҧмып, жҧдырығын тҥйіп алды. Жас баланың жҧдырығындай сҥйкімді сол 
бір жҧдырықты жҧтып қояр ма еді деп, мен оған да қызыға қарадым. Оң 
қолымен сыпылдата конспект жазып жатқан қыз жаңағы жҧмған жҧдырығын 
дҽптер шетінде сҽл ҧстап отырды да, маған сездірмеуге тырысып, сол қолын 
жайлап тартып алып, тҿмен тҥсірді. Алақанымен сипалап, партаның 
қуысынан бірдеңе іздеген сияқтанды. Онысы менің кҿзімді тайдыру ҥшін 
жасаған қулығы-ау деймін. 


Sauap.org
27 
Ҿйткені сия сорғыш іздеді ме дейін десем, онысы дҽптерінің ҥстінде, он 
қолының астында жатыр. 
Бір минут қана осы арада да бір кҿлденең ҽңгімеге тоқтай кетейін. 
Лекция жазып отырған кезде қол терлейтінін, ал қағаздың тер тиген жеріне 
сия жайылып кететінін, ҿйтпес ҥшін оң қолдың астынан сия сорғыш не бір 
басқа қағаз тҿсеп отыру керектігін мен кейін Меңтайдан ҥйрендім. Меңтай 
ҥйреткен осы ҽдіс маған ҿмірлік айнымас ҽдет болып кетті. 
Кҥні бҥгінге дейін ҥйде, иҽ кеңседе отырып газетке мақала немесе очерк 
жазғанымда бір бет ақ қағазды алып, ортасынан бҥктеймін де, оң қолымның 
астына салып, ҽр жол жазған сайын оны, сол студент кҥнімдегі сияқты, тҿмен 
қарай сырғытамын да отырамын. Ал аудандарға командировкаға 
шыққанымда шақтап қойын дҽптерімнің ішіне де сондай бҿлек қағаз салып 
аламын. Неге десеңіз, мен жол жазбаларымды қойын дҽптерге тек қана 
сиямен толтырамын. Қарындашқа сенбеймін, қарындаш тҧрақсыз ҽйел 
сияқты, жазғаның қазір бадырайып тҧрғанымен, біраздан соң із-тҥзсіз боп 
ҿшіп қалады. Иҽ, кейде, сондай қағазды ортасынан бҥктеп немесе қойын 
дҽптеріме шақтап кесіп жатқанымда ойыма Меңтай тҥседі де, жақсы кҿрген 
жаныңнан ҥйренген ҽдет жадыңнан шықпайды екен -ау деп қоямын ішімнен. 
Жҽ, енді жаңағы жерден қайта сабақтайын. Сиясы алдында тҧрған, сия 
сорғышы он қолының астында жатқан қыздың партаның астынан басқа 
ешнҽрсе іздей қояр жҿні жоқ еді. «Тегі Меңтайдың мҧнысы қолыма қарама 
дегені шығар» дедім де, мен лекция жазуға ыңғайландым. Гимнастеркамның 
омырау қалтасынан бір басына сол кезде сексен алты аталатын қаламҧш 
сҧғылған қаңылтыр қаламымды қолыма алып, Меңтайдың сиясынан жазуға 
ыңғайландым. Тҿрт жыл бойы майданда санаусыз солдат, сансыз техника, 
қаптаған қала, деревняларды толассыз жалмап отырғанының ҥстіне арттағы 
елде кҿзге кҿрінген дҥниенің бҽрін тҥк қалдырмай қылғып, жҧтып келген 
жебір соғыстың жойылғанына жарты жыл жаңа ғана толған ол кезде студент 
ҥшін бір сауыт сияның қасқалдақтың қанындай қымбат қазына екенін мен 
артынан білдім. Қасына ҿзі шақырып ҽкелген қыздың сиясы да ортақ шығар 
деп, қолымды соза бергенде-ақ, Меңтай: «жазыңыз, жазыңыз» дегендей 
басын екі рет изеп, ишара білдірді. Сонда ғана менің «бҽлҽй, рҧқсат сҧрауым 
керек еді-ау» деген ойыма келді. «Жаманның ақылы артынан тҥседі» деп, 
маған осындай жақсы ойлар ылғи кейіннен келеді. Енді қайтадан рҧқсат 
сҧрап жатудың реті жоқ, не де болса қаламымды Меңтайдың сауытына 
батыруға ыңғайландым. Сҿйтсем, сия сауыт деп мардымсып отырғаным 
бармақ басындай ғана шҥршиген шиша екен. Оның қай жерінде сиятҧрғанын 
бір қҧдайдың ҿзі білсін. Бҧл пҽлені аударып аламын ба деп, қолым 
дірілдеңкіреп оның тар аузына қаламымды ҽрең дегенде бір батырып алдым-
ау, ҽйтеуір. 
Ал Меңтайдың қалам ҧстаған қолы тары шоқыған торғайдай болып, сия 
сауыттың аузын жып-жып етіп тез-ақ табады. Қойшы, қыздың сия сауытына 
сығалап отырып, қаламымды екі-ҥш рет сҧққаннан кейін, ептеп мен де 
жыпылдата бастадым. 


Sauap.org
28 
Кейде оқытушының айтқанын тҧтас жазып ҥлгіріп, кейде ести алмай 
қалған сҿзімді Меңтайдың жазғанынан қарап, ілініп-салынып конспекті 
қҧрастырып жатырмын. Оқытушының ҥніне де қҧлағым ҥйрене бастағандай. 
Онда бір жол да жаза алмаған болсам, енді бір бетке жуық етіп сойдақтатып 
тастадым. «Қуан, Ербол, сенен бірдеңе шығады!» деймін ішімнен. Ҿстіп, 
ҿзімнен-ҿзім масаттанып, сияға қарай қолымды жҽне соза бергенімде ҿн 
бойымды электр тогы соғып кеп жіберген сияқтанды. Сҿйтсем, тҿмен қарап 
жазып отырған Меңтай екеуміздің бір мезгілде созылған қолымыз сауытқа 
қатар жетіп, қапталдасып қалған екен. Кішкентай ҽсем аппақ қол мен 
быртықайлау қап - қара қол біріне-бірі тиіскенде электр сымының екі ҧшы 
біріне бірі жанасып, сол жерден жарқылдап, от ҧшқындап жатқандай, екеуін 
тез айырып жібермесе ҿшпес ҿрт тҧтанатындай кҥй туған екен. Жҥрек 
лҥпілдеп, қан лыпылдап, дене дуылдап кетті. Осы қазір кҥйіп, кҿмір боп 
кетсем де, менің ҿз қолымды қыз қолынан ажыратып алғым келмеді. 
Меңтайдың мені мерт еткісі келмеді ме, ҽлде аға деп, сияны бҧрын алуға жол 
берді ме, білмеймін, ол ҿз қолын жайлап кері тартып алды да, дҽптерінің 
келесі ақ бетін аударыстырып қарай бастады. Сия сауыт босағаннан кейін, 
қайтадан, ештеңе болмағандай, бҧрынғысындай сабырлы қалпында 
конспектісін ҽрі қарай жалғастырып жаза берді.
Бірақ, қыз сабырлы болған сайын менен сабыр кете бастады. Оның ақ 
саусақ, ақ білек, ақ мойнына кҿзім тҥскен сайын, буын-буыным қҧрып, 
безгекке ҧшырағандай бойым қалтырай тҥсті. Оның ҥстіндегі ангор ешкінің 
жҥнінен тоқылған ақ свитерге дейін мені елітіп, елжіретіп, дҥниеде сол 
свитерден сҥйкімді, Меңтайға содан жарасымды киім жоқтай боп кҿрінді. 
Осы кҥйде отырып, лекцияның ырғағына ілесе алмай асықтым ба, ҽлде 
сол сҽтте кҿзіме аудиторияда Меңтайдан ҿзге ешкім еш нҽрсе кҿрінбей кетті 
ме, білмеймін, ілгері созған қаламым сауыттың ернеуіне тиіп, кҿк сия мҿлт 
етіп Меңтайдың дҽптеріне ақтарылды да, сауыт домалай жҿнеліп, оның ақ 
свитерінің етегіне барып қҧлады. 
Менің бҧл кездегі жағдайымның қандай болғанын сіз сҧрамаңыз, мен 
айтпайын. Жазушы кісісіз ғой, ҿзіңізді менің орныма қойып мҿлшерлеп 
тҥсіне беріңіз. Менің бар білетінім, сол сҽтте ҿзімнің жерге кірерге тесік таба 
алмағаным. Ҿйтпегенде қайтейін: ағалап, жаны ашып, жақсылық жасағалы 
жанына шақырып ҽкелген қызға қиянат жасап алсам. Қиянат емей немене, 
оның еңбегін еш етіп, дҽптеріне сия тҿгіп, свитерін былғасам. «Кетіңізші 
орныңызға, ҿзіңіз бір адам емес, аю екенсіз ғой» десе, не деймін қазір.
Ашуланса, ауыл қыздарының тілі ащы келеді. Олардың: «Қу қайыршы»,
«Иттің ғана баласы» деген сияқты «тҽтті» сҿздерін талай рет естігенмін 
бала кҥнімде. Бҧл қыздың да мені сҿйдеп тілдемесіне кім кепіл. Мына 
қаптаған қыздың да мені сҿйдеп тілдемесіне кім кепіл. Мына қаптаған 
қыздың ортасында масқараға ҧшырайтын болдым-ау. Бҧдан да бағанағы 
орнымда отыра бергенім артық еді. Бір кҿрген қыз бір ауыз жылы сҿз айтты 
деп, желпеңдей кеп жҿнеліп едім, ҿзіме де обал жоқ. Енді Меңтай мені не деп 
сҿксе де қҧлмын!..


Sauap.org
29 
Осылай ойлап, ҿзіне ҿлім жазасын кҥткен қылмыскерлердей қҧнысып, 
бір уыс болдым да қалдым. Бет-аузым бір тҥрлі боп быжырайып кеткен 
шығар деп ойлаймын, ҽйтеуір жалынышты тҥрмен жапалақ қағып, біресе 
парта ҥстіндегі кҿкала боп қалған дҽптерге, біресе Меңтайдың алдындағы 
аузы маған қарап, мен не істер екен деп андып жатқандай кҿрінген кішкентай 
сия сауытқа кезек-кезек қарай бергенімді білемін... 
Соғыста жҥргенімде бір кҥні мені іздеп артиллерия полкына майдандық 
газеттің тілшілері келді. Ҿздері ҥш адам: бір орыс, бір қазақ, бір ҿзбек екен.
Ана екеуінен дҽрежесі ҥлкен капитан қазақ менімен бҧрыннан таныстай, 
бірден шҥйіркелесіп кетті. Оның себебі бар еді. Мен дивизиялық жҽне 
майдандық газеттерге артиллеристер ҿмірінен хабар, корреспонденция, 
мақалалар жазып тҧратынмын. Жас кезінде қай қазақ ҿлең жазбаған. 
Ара-тҧра ол газеттерде менің ҿлең сымақтарым да жарияланып қалатын.
Содан, сырттай мені жақын тартатын капитан Бағи Уазитов ҿз 
газеттеріне материал жинай алғы шепке шыққан бҧл сапарларында 
жолдастарын ертіп маған жолыға кетуге келіпті. Редакциядан ала келген 
блокнот, қағаздарын беріп, қарқ қылып тастады. Соғыстан аман қалсаң, 
журналист бол, ҚазГУ-дің журналистика бҿліміне тҥс деп, мҽслихат та айтып 
жатыр. Тірі болсам расында да журналист болуым керек деген ой менің 
басыма сонда ҧялаған еді. 
Біз батарея желкесіндегі жертҿледе сҿйлесіп отырған болатынбыз. Бір 
кезде алдынғы шеп жақтан гҥрс еткен ҥн шықты да, лезде жерді солқ еткізе 
дҥрс ете қалған жҽне дыбыс естілді. Апырай, танктен атқан жоқ па екен деп 
ойладым мен. Ҿйткені танктан шыққан снаряд лашындай ҧшқыр келеді, 
оның гҥрс етіп стволдан шыққандағы ҥнінің арасындағы алшақтық азғантай 
ғана болады: «Апырай, жау танктері батареяға шабуыл жасап келе жатқан 
жоқ па екен?» деп сасқалақтаған мен жертҿледен шыға жҥгірмек бола 
бергенімде бір нҽрсе ысылдап, ысқырып, қақаңдап келіп дҽл есік алдына 
тоқтады да, шыр кҿбелек ҥйіріле қалды. Зҽрем зҽр тҥбіне кетіп, «ойбай, 
снаряд» деп жертҿленің тҿріне қарай жҥгірдім. Журналистердің де кҿздері 
шарасынан шығып, «аллалап» жатыр. Біріміздің астымызға біріміз тығылып, 
ҥйме-жҥйме болдық та қалдық. Сҿйтіп жатып бҽріміз бақырайып есікке 
қараймыз. Есік алдында ажал биін билеп, ҧршықша айналып снаряд тҧр.
Ешқайсымызда ҥн жоқ, іштей снаряд ҽне жарылады, міне жарылады деп 
жанымыз шығып барады. Бір кезде снарядтың шыр кҿбелек айналған 
шапшаңдығы азайып, оның шоқиып отырған аюдың кҥшігіндей боп бойы 
кҿрінді де, сҽлден соң, буыны қҧрып, ҽлі біткендей, сылқ етіп қҧлап кетті. 
Сол кезде менің тасамда жатқан капитан селк ете тҥсіп, кҿзін жҧмды. Снаряд 
қҧласа да жай жатпай аунақшып-дҿңбекшіп, ҿлі тигендей ҽлденеше рет 
тыпыршып барып ҽрең тынышталды. Соның ҿзінде де: «Ҽй, қайдасыңдар?» 
дегендей, мойынсыз мҧқыл тҧмсығымен бізді іздеп жер иіскеп жатқандай 
боп, басын жертҿленің есігіне тірей тоқтады. Біреуіміз басымызды кҿтерсек-
ақ снаряд кҿмейінен қорғасын бҥркіп жіберетін сияқтанды. 
– Алла! – деді қазақ. 


Sauap.org
30 
– Ойбай! – деді ҿзбек. 
Бҽріміз бірдей кҿзімізді тас жҧмдық. Енді қазір снаряд жарылып 
тҿртеуіміздің парша- паршамыз шығатын сҽтті кҥттік. 
Жоқ, біз асыққан екенбіз. Біз тҿртеуіміздің парша-паршамызды 
шығаратын снаряд Германияның ажал фабрикасында жасалмаған боп 
шықты. 
Сонымен не керек, ары жаттық, бері жаттық – снаряд жарылмады. Осы 
иттің ҿзі біздің қасымызға келіп жарылғалы жертҿленің ішіне кіріп кеткен 
жоқ па екен деп, мен ақырын кҿзімді аштым. Жоқ, ҿйтпепті, ҥй кҥзеткен итке 
ҧқсап жатыр есік алдында тоңқиып. 
– Жолдастар, бҧл снаряд емес, болванка болды, мен шығып ары апарып 
тастайын, – дедім қасымдағыларға. 
– Ойбай, қарағым, барма, – деді ҿзбек журналист. – Сенің қимылыңмен 
ауа қозғалады да, снарядты соғады. Содан соң бҽріміз бірдей ғарап боламыз. 
– Черт возьми, – дейді орыс журналист, о да не істерді білмей. 
Ҿстіп отырғанымызда бірнеше секунд уақыт ҿтті. Осы тҧсқа кешеден 
бері анда-санда бір болванка кеп тҥсіп, жарылмай қалатынын білетін мен 
орнымнан тҧрдым. Ҽлде журналистердің алдында ҿзімнің қорықпайтын 
батыр екенімді кҿрсеткім келді ме, қайдан білейін. Алды-артты ойлатпайтын 
жастықтың қызуы бойымды кернеп, бір басып, екі басып есікке қарай 
аяңдадым. Болванка болмай, басқа снаряд болып, жарылып кетпес пе 
Болванка – жарылмайтын снаряд екен деген де ой келді. Алайда 
шешінген судан тайынбас деген емес пе, кейін қайтпай ілгері ҧмтыла бердім. 
Ептеп есіктің сҽкісіне кҿтерілдім. Бҧл жақтан расында да кешеден бері 
екі-ҥш рет кҿріп, кҿзім қанып қалған болванканың ҿзі тҽрізденді. Оны 
қҧйрық жағынан ҧстап, кҿтеріп алайын деп еңкейе бергенімде капитанның: 
– Ербол, қарағым, қош. Біз ҥйіңе хабарлармыз, – деп жыламсыраған ҥні 
естілді. 
Шоққа қызған шойындай ыстық ауыр снарядты шинелімнің жеңімен 
қапсыра ҧстап, жерден кҿтеріп алдым да, аяғымды бір басып, екі басып, 
жертҿленің сырт жағындағы шҧңқырға қарай аяңдадым. 
Снарядты жерден кҿтеріп алуын алсам да, одан қҧтылғанша асықтым. 
Жаңа, журналистердің қасынан батырсынып тҧрғаныммен, батырға да жан 
керек екен. Неге тҧрдым, жай жатқан жыланның қҧйрығын басқандай боп, 
мҧны неге кҿтердімге қалдым. 
Бір пҽле болванка емес, жаңағы жігіт айтқандай, кеш жарылатын снаряд 
болып, қазір шарқ ете тҥссе, менен бір жапырақ та қалмайды. Ал, ҽлгінде, 
бҽріміз жертҿледе жатқан кезде жарылса, бҽлкім жаралы болса да, тірі 
қалатын ба едім деп ойладым. Осы сҽтте қос қолдап кҿтеріп келе жатқаным 
ауыр қара жылан сияқты боп кҿрінді. Ол қазір басын қылқаң еткізіп кҿтеріп 
алып, менің мойныма орала тҥсетін тҽрізденді. Осыдан кейін ҿн бойымды 
қара тер жауып кетті. Отыз метр жердегі шҧңқырға батпақта отыз километр 
жҥргендей болып, ҽрең жеттім. 


Sauap.org
31 
Снарядты шҧңқырдың шетіне жатқызып ептеп тҥбіне қарай домалата 
бергенімде, ол, шынында да, жыланша ысылдай бастады. Мен жанҧшырып, 
кейін қарай қаштым. 
Алқынып жертҿлеге жетіп, ішіне кіре бергенімде сырт жақтан гҥрс етіп 
жаңағы снаряд боп шыққанын мен сонда ғана білдім. Есіктен ішке қарай 
домалап келе жатып, капитанның «алла» деп ышқынған дауысын тағы 
естідім. Жертҿле тҧсаулы аттай бір секіріп қалды да, оның тҿр жақ іргесі 
қҧлап, ҥстімізге суық топырақ cay ете тҥсті. Алыстан келген дҥмпуі мынадай, 
ал жаңа жанымызда жарылса тҿртеуімізді бірдей жайратып кетеді екен-ау 
деп ойладым ішімнен... 
Меңтайдың алдында жатқан сия сауытты кҿргенде осы оқиға есіме тҥсті.
Бірақ махаббат мысы басқан адамның қозғалуға да халі келмейді екен, 
оның бойында кҥш те, қуат та, қайрат та қалмайды екен. Кеше ғана жарты 
пҧт болванканы жерден кҿтеріп алып, жерҥйден аулаққа апарып лақтырып 
тастаған солдатпын, енді міне саусақ басындай шишаны жатқан орнынан 
кҿтеріп алуға батылы да, шамасы да жетпеді.
Менің қолымнан келмеген бҧл қайрат Меңтайдың қолынан келді. Ол 
шҥу дегенде «бҽлҽй» дегендей, астыңғы ернін тістеп, не істерін білмегендей, 
сҽл бҿгеліп қалды. Содан соң, ҧзын, қою кірпіктерін бір-екі рет қағып жіберді 
де, мен жаққа бҧрылып та қарамастан сияны бейне бір ҿзі тҿгіп алған, оған 
ҿзі ғана кінҽлі жандай жай таныта, алдына қҧлаған сия сауытты алып, жайлап 
партаның ҥстіне қойды. Ақ свитер етегінің алақандай жері ҽп- сҽтте кҿгала 
болды да қалды. Бірақ оған Меңтай мҽн бермеген сияқтанды. Сия 
сорғышымен дҽптерінің бетіндегі сияны сорғызып болды да, жаудырап маған 
қарады: 
– Қысылмаңыз, ағай, - деді. Бҧған бейне бір ҿзі кінҽлідей, онысына 
менен кешірім ҿтініп, жалынғандай боп айтты. Содан соң артқы партадағы 
қыздарға қарай бҧрылды да: – 
Қыздар, сияларыңды бері қойыңдаршы, – деді. 
– Не боп қалды, Меңтай? – деді арттағы екі қыздың бірі жҽп етіп. 
– Свитеріңді былғап алдың ба? – деді екіншісі жаны ашығансып. 
Олардың сҿздерін естігенде менің маңдайымнан тағы да шып-шып тер 
шықты. 
– Жоқ, жай, ҽшейін, – деп Меңтай қыздардың сиясына қаламын батырып 
алып, дҽптерінің ақ бетінен бастап, қайтадан жазуға кірісті. Жаза бастап, 
басын тез кҿтерді де: – Ағай, сіз де мына қыздардың сиясымен жаза беріңіз, – 
деді. 
«Ҧялған тек тҧрмас» дегендей, сасқалақтай бҧрылып, арт жаққа 
қарадым.
Онда да бір шҥмшиген сауыт тҧр. Бір жақсысы оны қыздардың бірі 
дҽптерінің шетіне басқан сол қолының екі саусағымен қыса ҧстап отыр екен. 
«Қой, біреуінің сиясын ҥстіне тҿгіп жетістіріп едім. Енді мына қыздың 
қолына қалам тығып алып сорлатармын» дедім де, тырп етпестен отырып 
қалдым. Ми айналып жерге тҥсердей ыстықта ауыр жҥк, қару- жарақ арқалап 


Sauap.org
32 
жорықта келе жатқандай боп гимнастеркамның жеңімен самайымды, 
маңдайымды сипай бердім. Қоңырау соғылғанда, басы-кҿзін тер жауып, 
болдырған зеңбірек атындай сенделектеп, сҥмірейіп, сҥйретіліп, орнымнан 
ҽрең тҧрдым. 


Sauap.org
33 

Сҿйтіп менің студенттік дҽуірімнің алғашқы кҥндері ҿте бастады.
Университетке, оның биік-биік аудиторияларына бойым ҥйреніп, 
оқытушылардың аты-жҿнін біліп, қай сабақтың қай жерде ҿтетінін адаспай 
табатын болып, біртіндеп кҿшелі студент санатына қосылып келе жаттым.
Бҧрынғыдай біреу бетіме қараса ыржиып қоя бермейтін болдым. 
Мастықтан айыққандай ҿзімді ҿзім тежеп ҧстауға машықтана бастадым.
Соғыста жеңіл нҽрсе, жҧмсақ зат ҧстап кҿрмегендіктен аудиторияда 
қолыма ілінгеннің бҽрі жеп-жеңіл кҿрініп, не қҧлатып, не қиратып алатын 
ҽдетімнен де айыға тҥстім. 
Ҿзіміздің курстың қыздарына да ептеп кҿзім қанып, оларды аудиторияда 
ғана емес, кҿшеде де танып, бас изесетін халге келдім. Аш ауызға ерінге 
тигеннің бҽрі май тҽрізді боп таныла ма, кім білсін, ҽйтеуір, бірінші кҿргенде 
курстағы қыздардың бҽрі бірдей сҧлу, сымбатты, бірінен бірі ҿткен ҽсем, 
бейіштің тҿріндегі хор қызындай бірінен-бірі айырғысыз сияқтанып еді.
Алғашында балықтың уылдырығындай ҧқсас, шетінен жҧмыртқадай ақ 
боп кҿрінген қыздар бірте-бірте пішін-тҧлғалары бірінен-бірі бҿлектеніп, 
мінез-қҧлықтары ерекшелене, екшеле тҥсті. Олардың ішінен ептеп қара торы 
қыз да, қара қыз да, шҧбар қыз да шыға бастады. Дегенмен, кҿпшілігі сол 
бірінші жҥздескендегімдей жылы шырайлы, уыздай уылжыған ҽсем, ҽдемі 
кҥйінде қалды. 
Ал солардың бҽрінен де мен ҥшін алғашқы кҿргенімдегіден де сҧлу, 
сымбатты, одан да сезімтал һҽм инабатты болып Меңтай ғана жеке дара 
шықты. 
Жігіттің қызды жақсы кҿруінің себептері кҿп қой. Бірақ оның бҽрін ауыз 
шіркін айтып жеткізе ала ма? Тек жҥрек байғҧс қана қыз жақсылығын 
қылдай тізіп, кҿкіректе сақтап жҥреді емес пе. Мен соғыстан қайтып келген 
кҥндері кҿрген қыздарымның бҽріне ғашық едім. Жігіт ҿзін самғап жҥрген 
сҧңқармын деп есептесе, қыздың кҿркі сол сҧңқар шырмалар тор емес пе?
Сҧлу емес қыздың ҿзі саған жалт етіп бір кҿз тастаса, сорлы жҥрегің 
қолға тҥскен ҧрыдай қалтырап қоя бермей ме? Ал мен болсам, самғап келіп 
бір курста мҿлдіреп отырған отыз қызға тап болдым – отыз торға 
шырмалдым.
Бірақ ҿңді қыздың бҽрі жҿнді қыз бола бермейді. Қыздың кҿркі тор 
болса, оның жайдары кҿңіл, жақсы мінез, назды қылықтарын неге теңеуге 
болады?
Асау тҧлпардың аяғына салған болат кісеннен кем емес-ау деймін жақсы 
қыздың қылығы. Алғашқы кҥнгі мен партаға қҧлатып алған кішкентай 
сауыттың ҽлсіз сылдыры бірте-бірте сол кісен шынжырының шылдырына 
айналған тҽрізденді. Осы оқиға, сҧлу ҽйелдің бетіндегі мен мҧндалап, 
мҿлдіреп тҧратын меңдей болып, ҿмір бойы кҿкейімде, кҿз алдымда қалды.
Меңтайды шын жақсы кҿруімнің шеті осы оқиғадан басталды-ау деймін. 


Sauap.org
34 
Бҧл оқиғаны мен де, курстың басқа қыздары да бірнеше кҥнге дейін 
естен шығара алмадық. Мен ҧялғанымнан ҧмытпаймын, қыздар қылжақ ҥшін 
естеріне алады. Ҽсіресе 
Қанипа мен Зайкҥл деген қыз қоян қуған тазыдай тақымдап, есімді 
шығарды.
Меңтай алғашында бірнеше кҥн сабаққа мен сия тҿккен свитерін киіп 
келіп жҥрді. Тегі оны ауыстырып киерлік лайықты басқа кеуде киімі 
болмады-ау деймін. Аппақ свитердің етегіндегі кҿк сияны кҿргенде менің 
бетімнен отым шығып, оған қарамауға тырысамын, кҿзімді басқа жаққа бҧра 
бастаймын.
Менің дҽл сол сҽтімді андып тҧрғандай Қанипа сҿз бастайды. 
– Меңтай, немене, ҿзің кҿк бҥйрек боп кеткенсің бе? – дейді оның 
бҥйіріне ҥңіліп. 
_ Тҥ-ҥ-у, қыздар-ай, – дейді Меңтай дауысын соза сҿйлеп, сҽл 
кҥлімсіреп қойып. -Кірлемейтін киім болушы ма еді, қойсаңдаршы. 
Осы кезде Зайкҥл кҥлімдеп, басын қиқаңдатады. 
– Кҿк бҥйрегің не, Қанипа-ау, бҧл – Меңтайға ағасының басып берген 
кҿк мҿрі емес пе? – дейді. 
Басқа қыздар мырс ете қалады. Менің маңдайымнан тер бҧрқ ете тҥседі.
Сасқалақтап, жан-жағыма қараймын. Қыздар тҥк болмағансып, тҿмен 
қарайды. 
Меңтай сабырмен отырып, қҧрбысының ҽзіліне шындап жауап береді. 
– Қыздар-ау, баяғыда бір сауыт сия тҿгіліп еді деп, ағайды кҥн сайын 
қинай бермесеңдерші, - дейді ол достарына мҿлдірей қарап. – Орнықсыз 
кішкентай сауыттың қҧлап кеткеніне ағай кінҽлі ма екен? Қараңдаршы 
ҿздерің: біріміздің жҿні бҥтін сия сауытымыз жоққой алдымызда. Біріміз 
ҽтірдің сауытына, біріміз дҽрі-дҽрмек шишасына сия қҧйып жазамыз. Ал 
бҧған шын кінҽліні іздесек – соғыс қой ол. Соның салдары емес пе бҽрімізге 
қағаз, қарындаш, портфельге дейін қат болып кеткені. – Осылай деп Меңтай, 
лықсып кеп қалған қалың суды бҿтен арнаға аударғандай қыздардың кҥлкі 
кернеп келе жатқан кҿңілдерін басқа жаққа бҧрып жіберді. – Қайта сол сияны 
тҿгіп алғаны ҥшін ағайға рақмет айтуымыз жҿн емес пе? Ағай бізге 
қысылғанынан ҧшталмаған сия қарындашын берді. Міне бҥгінге дейін 
отырған бҽріміз сол қарындаштың сиясымен жазып келеміз. 
– Оның рас, – деді Зайкҥл. – Сенің сияң тҿгілмесе, бҧл кісі бізге 
ҧшталмаған қарындашын бермес еді ғой. – Зайкҥл «ҧшталмаған» деген сҿзді 
сықылықтай айтты. 
Осы кезде артқы партада жалғыз отырған Қанипа саңқ етіп Зайкҥлге 
сҧрақ қойды. 
– Бҧл ағайдың басқа ҧшталмаған ештеңесі жоқ па екен? 
Оны естіген екі-ҥш қыз біреу желкелерінен тҥйіп қалғандай тілдерін 
салаң еткізіп, тҿмен бҧқты. Біреулер ҥн шығармай мырс-мырс кҥлді. Менің 
қасымдағы Меңтайдан басқа қыздардың бҽрінің иықтары діріл қақты. Қатты 


Sauap.org
35 
кҥліп тоқтап, екі беті қып-қызыл боп кеткен Майра ғана сҽлден соң басын 
кҿтеріп: 
– Иҽ, Қанипа, саған не боп кеткен, - деп қҧрбысын кінҽлаған сияқтанып. 
Қазақтың сҿзі қызық қой, шіркін! Дҧрыс айтылған сҿзді кҥлкі ҥшін, 
бҧрып тҥсінуге де болады. Бҧрып айтқан сҿзден «жоқ, мен былай ойлап 
едім» деп бҧлтара салуға жҽне оңтайлы. Қуанышы мен бақытын кҥміс 
кҥлкінің сыңғырымен ҿлшейтін, ҽр сҿзін астарлап ҽзілмен айтып, ҽрқашан: 
«осы кҥлкіден айырмасын» деп тілейтін ғазиз жҥрегі қамқорлық пен 
қалжыңға бірдей толы жаны жайдары қазақ ҥшін дҥниеде бҧдан тамаша тіл 
бар ма, сірҽ? 
– Жолдастар! – Қанипа екі кҿзі жалтылдап орнынан тҧрды. Бетінде 
ешбір кҥлкі жоқ.
Жиналыстарда мінбеден сҿз сҿйлейтін шешендей, екі қолын партаның 
екі жақ ернеуіне тіреп алыпты. – Жолдастар, мені дҧрыс тҥсінулеріңізді 
сҧраймын. Мен басқа мҽселеге байланыссыз, тек қарындаш тҧрғысында ғана 
айттым. 
Бҧған қыздар тегіс ду кҥлді. Оның алғашқы сҿзін естімеген сияқтанып, 
кҥлместен, жымимастан қалған Меңтай да бҧл жолы мырс етіп, езу тартты. 
– Ҽй, Қанипа, сенің тілің-ай, осы, – деп қойды ақырын ғана. Меңтайдың 
ҥнінен маған қыз жҥрегінде кінҽлау емес, қҧрбысына деген сонша бір нҽзік 
мейірбандық жатқаны аңғарылды. 
Арада жексенбі ҿткен келесі бір дҥйсенбіде Меңтай аудиторияға кҿк 
свитер киіп келді. 
Оны есіктен кҿре сала Зайкҥл: 
– Ҽу, Меңтай, жаңа свитер сатып алғаннан саумысың ҿзің? – деп жҥгіріп 
жанына жетіп барды. Меңтай сызыла аяндап партаға жеткенше ҧршықша 
иірілген Зайкҥл оның алдына бір шығып, артына бір шығып қарап ҥлгірді де, 
«жарасымды екен» деп ҿз бағасын айтты. 
Содан кейін ҽлденеге мҧңайғандай боп, сҽл кҥрсініп алды. 
– Жҧртқа осындай жақсы нҽрселер кездесе кетеді. 
Меңтай парта жанына жеткеннен кейін аудиторияға ертерек келіп 
отырған бҽрімізбен бас изеп амандасты да, кҥле тҥсіп, ҥйіріліп қасынан 
кетпей жҥрген
Зайкҥлге бҧрылды. 
– Бҧл менің бҧрынғы свитерім ғой, Зайкҥл-ау, – деді. 
– Қойшы, – деді Зайкҥл оған сенбей. – Анадағы ағай сия тҿгіп тастаған 
свитер ме?
– Иҽ, сол свитер. Сонда ағайдың қолы сия сауытты қағып кеткені жақсы 
болды, – деді 
Меңтай маған балаша еркелей бір қарап қойып. – Ағайға рақмет, ҽйтпесе 
мен жалқау мҧны қай уақытта бояп аларымды кім білсін. – Осылай деп ол 
менің ҥстіне сия тҿккеніме шын қуанғандай кҥй танытты. 
– Осындай ҽп-ҽдемі ғып ҿзін боядың ба, ей, Меңтай?,– деп Зайкҥл кҿк 
свитерге қайтадан ҥңілді. – Қой, ҿзің емес шығарсың. 


Sauap.org
36 
Меңтай тағы кҥлді. 
– Ҿзім, – деді тағы да Меңтай басын изеп. – Бҧл свитерді тоқыған да 
ҿзім. 
– Не дейді, қашан тоқып жҥрсің? 
– Биыл, жазғы каникул кезінде. 
– Жіпті кім иіріп берді саған? 
– Ҿзім, - деді тағы да Меңтай басын изеп. 
– Былай, битіп пе? – деді Зайкҥл сол қолын жоғары кҿтеріп, 
шынашағына іліп алған шҥйкенің шумақтаулы жҥнін сҧқ саусағы мен бармақ 
арасында қыса ҧстап тҧрып, оң қолымен тҿмендегі кҿзге кҿрінбейтін 
ҧршықтың сабын ширатып кеп қалғандай белгі жасап. Қыздар ду кҥліп 
жіберді. 
– Иҽ, –деп Меңтай да еріксіз кҥлді. - Оған несіне таңданасың, ҧршық 
біздің бабаларымыздан келе жатқан жҥн иіру фабрикасы емес пе? 
– Алла-ай, ішің неғып жарылып кетпеген, – деп Зайкҥл Меңтайды 
аяғандай боп басын шайқады. – Осыдан кейін сен де жалқаумын дейсің-ау 
ҿзіңді.
Мына мені айтсаңшы ештеңе істей алмайтын.
– Дегенмен, он сегізге келген қыздың ҿз киімін ҿзі тігіп, тоқып кие 
алғаны жҿн ғой, – деді Меңтай қҧрбысының кҿңіліне келіп қалмасын деген 
сақтықпен жайлап қана. – Біз енді бала емеспіз ғой, Зайкҥл-ау. 
– Мен отыз сегізге келсем де ҿйте алмайтын шығармын. Ештеңеге 
мойным жар бермейді осы, – деп қайта мҧңайды Зайкҥл. - Осы сабағы 
тҥскірді де емтихан тҧсында оқымас едім, қайтесің, баға керек. 
Сырттан Қанипа келіп кірді. 
– Алла-ай, – деді ол Зайкҥлдің дауысына салып. – Осы сен неғып 
кҿбелек боп ҧшып кетпей жҥрсің аспанға? 
– Ей, рас соған ҿзімнің де таңым бар, – деді ол дҿңгелек кҿздерін одан 
сайын бақырайта тҥсіп. 
– Онда, ҧшып кетпей тҧрғанында орныңа отыр тез. – деді Қанипа 
Зайкҥлді иығынан басып. – Оқытушы келе жатыр. 
Ҽрине, ол оқытушы келді. Оны басқа оқытушы жҽне алмастырды. Кҥн 
сайын ҿстіп ҥш- тҿрт адамнан лекция тыңдаймыз. Оқытушыларымыз да 
ҽртҥрлі, алуан мінезді адамдар. 
Мҽселен, біреуі биязы, білімдар, басы артық сҿзге жоқ кісі. Біреуі 
байсалды, маңғаз, енді біреуі жеңілтек деген сияқты. Ал тағы бір 
оқытушымыздың ҽдеті қыздардың шашын, иегін сипау болатын. Ол кісі 
келерде басқа қыздар артқы партаға қарай қашып, алға қасқиып Зайкҥл мен 
Қанипа ғана шығатын.
Оқытушы орнынан тҧрып бҧлардың қасына келгенде біреуі сипауға 
ҥйренген мысықтай боп шашын, біреуі енесі ҽукесін жалаған бҧзаудай 
сҥйсініп, бҧғатын тосып тҧрады. Ҽрине, оқытушылар жайында уақыт алып 
сізге айтып жатуымның қажеті жоқ. Бҧл арада тек айта кетейін дегенім 
Меңтайдың сол оқытушыларды алаламай бҽрін бірдей жақсы кҿретіндігі еді. 


Sauap.org
37 
Біз, басқамыз ҽр оқытушының ҿзімізше кемшілігін тауып, мінеп жатамыз. 
Сонда оларды жақтап жалғыз Меңтай ғана шығады. 
– Қыздар-ау, қойсаңдаршы. Оқытушыларымыздың бҽрі жақсы адамдар 
ғой.
Тек кейбіреулердің сҥйекке сіңген ҽдеті болады. Адамды ол ҥшін 
кінҽлауға болмайды ғой, – деп жалынғандай жай танытады. 
– Ендеше ол кісіге ҿзің неге шашыңнан сипатпайсың? – дейді Меңтайға 
қарсы дау айтып қыздардың бірі. 
Бҧған Меңтай жауап бере алмай қысылады да, шынын айтады. 
– Мен ҧяламын, қыздар, менің шашымды шешемнен басқа ешкім 
сипаған жоқ қой, – дейді. 
Қыздар оған дҥрсе қоя береді. 
– Біздің басымызды шешемізден басқа кім сипапты? 
– О не дегенің, Меңтай? – десіп, бҧртиысып қалады. 
– Сендердің ҽкелерің бар, ҽкелерің сипаған шығар дегенім ғой, - дейді
Меңтай достарын ҿкпелетіп алдым ба дегендей, ҽрқайсысына бір 
жаутаңдай қарап. - Ал оқытушы-ағай бҽрімізге ҽке қҧралпас кісі емес пе, 
сондықтан айтамын... Мен ҽкемнен ерте, ес білмеген шағымда айрылдым ғой. 
Жҥзі қандай ақ болса, жанының да сондай пҽктігіне кҿзім жетті ме, 
ҽйтеуір, аузынан шыққан осындай ҽр сҿзі мен ҽр қылығы мені елтітіп 
елжіретіп, кҥн сайын Меңтайды іштей жақсы кҿруім артып, оған бар 
ықыласыммен беріліп қҧлап бара жаттым. Енді оқытушыларды қойып, мен 
сізге соны айтайын. 
Соғыстан кейінгі бейбіт бірінші жаңа жыл келе жатты. Жаңа жыл 
қарсаңында жҧрт туған- туыс, жора-жолдастарына алдын ала ашық хаттар 
жолдасып, асығыс телеграммалар жҿнелтісіп, қҧттықтаулар қабылдасып, 
мҽз-мҽйрам болыса бастады. Осы кезде ауылдары астанаға жақын студенттер 
деканаттан жалынып жҥріп рҧқсат алысып ҥйді-ҥйлеріне кетісіп жатты. 
Жаңа жыл қарсаңындағы соңғы лекциялардың аралығында Меңтай 
менен: 
– Ағай, ертең Жаңа жыл ғой, сіз елге қайтпайсыз ба? – деп сҧрады. 
Мен басымды шайқадым. 
– Неге? Ҿзіңіз соғыстан келдіңіз, ҿзге бармаса да сіздің баруыңыз керек 
ғой, ағай. Ҽке не шеше, тіпті болмаса, туыстарыңыз бар шығар. Не басқа бір 
жақын адамдарыңыз болар. -Соңғы сҿйлемін Меңтай ойланыңқырап айтып 
еді. Тегі, мен соны сезіп қалмасын деді ме екен, ҽйтеуір, одан кейінгі сҿздерін 
сҽл шапшаңдатыңқырап жіберді. – Ал менің шешем тірі болса, мҧнда бір 
сағат та тҧрмастан ҥйге осы қазір-ақ жҥріп кетер едім. Бірақ, шешем былтыр 
қайтыс болды. 
– Неден? – деппін мен ҿлген адамның неден қайтыс болғанын білсем, 
бейне бір тірілтіп жіберетіндей-ақ. 
– Неден деріңіз бар ма, бҽрі соғыстың ҽлегі ғой, ағай, – дей салды қыз 
шешесінің неден ҿлгенін ежіктеп тҥсіндіріп жатқысы келмегендей. 
– Біздің де ҥйде ешкім жоқ, – дедім мен. 


Sauap.org
38 
– Жалғыз екенсіз ғой. 
– Жоқ, қарындасым бар. 
– А, қарындасыңыз бар ма? – Меңтай кҿзі мҿлдірей тҥсіп сҽл ойланып 
қалды.
– Соғыстан ағасы аман келген қарындастан бақытты адам бола ма екен, 
шіркін! – Ол маған қайтадан сҧрақ қойды. – Ал сіз қарындасыңызға неге 
бармайсыз? Ол жалғыз ҿзі сізді қашан кҿремін деп сарғая кҥтіп отыр емес пе? 
– Жоқ, жалғыз емес, тҧрмысқа шыққан! 
– Сіз соғыста жҥргенде шықты ма? 
– Иҽ. 
– Сіздің рҧқсатыңызбен бе? 
– Жоқ, менен рҧқсат сҧраған жоқ, - дедім кҥліп. 
Қыз: «Бҽлҽй, неге рҧқсат сҧрамады екен?» дегендей, басын шайқады да, 
одан соң біраз ҥнсіз отырды. 
– Егер ешқайда бармасаңыз, – деді қыз маған қайта бҧрылып, – ертең 
біздің бҿлмеге келуіңізді сҧраймын, ағай.Қасымдағы қыздардың бҽрі кетіп 
қалды.
Кҥні бойы елегізіп, бір бҿлмеде бір кісінің отыруы қиын сияқты. 
– Жарайды, – дедім мен ҽлденеге жҥрегім дір ете қалып. – Бірақ мен 
сіздердің мекендеріңізді білмеймін ғой. 
– Ҽ, солай ма еді? Сіз жатақханаға ҽлі бір рет барып кҿрген жоқсыз ба? 
– Жоқ. 
– Ендеше сізге қалай тҥсіндірсем екен, – Меңтай ернін тістеп, сҽл 
ойланып алды.
-Университеттің екі жатақханасы бар: бірі Калинин кҿшесінде, бірі 
Виноградов кҿшесінде. Бірақ екеуі бір жерде, қатар. Виноградов, 62 - біздің 
жатақхана. Соның 62 бҿлмесі.
Ҧқтыңыз ба? Алпыс екі - алпыс екі, - деді қыз мен ҧғып алсын дегендей 
ҽр сҿзін соза айтып. – Екі рет алпыс екі. 
Мен сҽл ойланыңқырап барып, басымды изедім. Ойланғаным: Калинин 
кҿшесіндегі жатақханаға майданнан бірнеше хат жолдағаным есіме тҥсті.
Менің бҿгеліп бас изегенімді шала ҧққандығымнан деп білді ме, ҽлде 
айтқанын ҧқсам да ҧмытып қалар деп ойлады ма, білмеймін, Меңтай дереу 
дҽптерінің арт жағынан бір бетін жыртып алды да, ҽдірісін жаза бастады.
Мен оның айтқанын ҧқсам да, ҧмытпайтынымды білсем де, жазбай-ақ
қойыңыз демедім. Маған қыздың ҿз қолымен жазып берген қағазы 
қымбат кҿрінді. 
– Ҿзіңіз қайда тҧрасыз, ағай? - деп сҧрады Меңтай ҽдіріс жазған қағазды 
бҥктеп менің қолыма ҧстатып жатып. 
– Дзержинский кҿшесінде, бір жолдасымның ҽкесінің ҥйінде пҽтердемін. 
– Тҧрған ҥйіңіз Виноградов кҿшесінен тҿмен бе, жоғары ма? 
– Тҿмен. 
– Онда біздің жатақхананы былай табасыз. Ҥйден шыққан бетіңізде


Sauap.org
39 
Дзержинский кҿшесімен ҿрлеп, жоғары Виноградовқа дейін кҿтерілесіз. 
Оң жақ бҧрышта драма театрының ҥйі тҧр, оны білетін шығарсыз. Театрдан 
оңға қарай бҧрылсаңыз, бір он минуттан кейін Никольский базарына жетесіз. 
Сол жағыңыздан бір ҥлкен шіркеудің дҥңкиіп тҧрған, – Меңтай «дҥңкиіп» 
деген сҿзді балаша созып айтты, – сары ала кҥмбезін кҿрсеңіз - сол 
Никольский базары. Базардың қарсысындағы екі этажды жалпақтау сары 
ҥйсіз іздеген жатақхана болады да шығады. Енді табасыз ғой? 
– Табамын. 
– Келесіз ғой?
– Келемін. 
Кешке лекциядан қайтқан маған Меңтай берген ҽдіріс қағазы молда 
жазып берген бойтҧмардан кем кҿрінбеді. Жоғалтып алған жоқпын ба деп 
сасқалақтап, ҥйге жеткенше гимнастеркамның омырау қалтасын ҽлденеше 
рет сипалағаным бар. Ҥйге келе сала бітірген бірінші жҧмысым Меңтай 
берген қағазды тезірек ашу болды. Онда қыздың жаңа ҿз аузынан айтқан 
ҽдірісі ғана барын білсем де, соны оқып шыққанша тағатым қалмады. 
Меңтай ҽдірісті былай деп ҧзын етіп бір-ақ жолға жазыпты: 
«Виноградов кҿшесі, 62 ҥй, 62 бҿлме, Меңтай» 
Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» поэмасының 
арқандай шҧбатылған ҧзын жолдарына ҧқсас бҧл сҿздер маған бҥтін бір 
поэмадан кем ҽсер еткен жоқ. «Бҧл қыз мені неге шақырды? Ҽлде мені жақсы 
кҿре ме екен? Ҥндемей жҥріп ол да мені ішінен ҧната ма екен, сҥйе ме екен? 
Ҽрине, солай болуға тиіс. Сҥймесе мені оңаша бҿлмеге шақырар ма еді? 
Жалынғандай боп, қайта-қайта ҿтініп, ҿз қолымен ҽдірісін жазып берер ме 
еді? Ҽттең, шіркін, Меңтайдай ҽсем, ақылды қыз мені сҥйіп, мҽңгілік жарым 
болса – ҿмірде ешбір арманым болмас еді!» 
Осылай ойлап, тҿсекте шалқамнан жатқан менің есіме бала кҥнімде 
естіген бір шумақ халық ҿлеңі тҥсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет