Әзілхан Нұршайықов



Pdf көрінісі
бет6/31
Дата26.09.2024
өлшемі1,98 Mb.
#205160
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар

Заманым, қиын тиді-ау осы жолың, 
Үйренген жалғыз қозым жастан қолым. 
Сен барда алдымнан ай, артымнан күн,
Толысып тұр екен ғой оң мен солым, 
Онда мен бар да екенмін, бай да екенмін. 
Бір мұңсыз ӛте жақсы жайда екенмін. 
Белге соққан жыландай енді болдым, 
Біле алмай сол жалғыздың қайда екенін. 
Жанымның жарық, таңы атып тұрған, 
Егінім, жаңа дәнін татып тұрған. 
Аузым аққа тигенде алып қойып, 
Қабағым сол емес пе қатып тұрған. 
Не керек, үңірейіп қала берді. 
Орныңнан айналайын жатып тұрған. 
Алды-артында қарайған қалмап еді. 
Жаныма сол жерің ғой батып тұрған. 
Кӛзіме тереземен шам да күңгірт, 
Олар күңгірт емес қой, мен ғой ымырт. 
Тӛр үйдің тӛрін қанаты құлазып тұр, 
Кеткендігін білдіріп иесі сырт. 
Ӛзің аман келген соң орнамаса, 
Базар тарқап кеткендей болдым жым-жырт. 
Ағаруға айналды сақал мен мұрт.
Кӛздің жасы кӛл болып, суалды ұрт. 
Жалғызға қандай уақыт кез болды деп, 
Кеудені жеп жатыр ғой қарабас құрт. 
Қайтейін жалғыз ғана мен емес қой, 
Мен сықылды мұңды ғой бүкіл ел-жұрт. 
Тағдырдың сонда мені жеткізгені, 
Тілегім: кӛз жасымды ӛзің кеп сүрт. 
Баруға құс боп ұшып қанатым жоқ. 
Ойымнан кеткен жоқсың қалатын боп. 
Сағынып менің жаным жүдеді ғой, 
Жүрегім ауық-ауық жанатын боп. 
Су болсамшы алысқа ағатын боп, 
Жел болсамшы жер түбін табатын боп. 
Арқар, құлан сықылды аң болсамшы, 
Аңшылықты алты аттап шабатын боп. 
Ол емес екі аяқты жан болған соң, 
Отырмын ойдың отын жағатын боп. 
Ӛзіңнің сәлем жазған хаттарыңды 
Бойыма бойтұмар ғып тағатын боп. 
Ұзын сӛздің қысқасы, сені тағдыр
Сақтасын жанған оттан қағатын боп. 


Sauap.org
107 
Тәңірім, соның дәмін халқынан жаз. 
Ӛз кӛліне келгендей үйрек пен қаз. 
Кӛпті сақта, кӛппенен бірге сақта. 
Сӛйлейтін сонан басқа сӛзіміз аз. 
Тана бҧл бірінші ҿлеңді айтып болып тоқтап, кҿзінің жасын сҥртті. 
Жалғыз Тана емес, ҥй ішіндегілердің барлығы егіліп, жылап кеткен еді. 
Шалдардың кҿздерінен аққан жас тарам- тарам болып, сақалдарын жуды. 
Кемпірлер жаулықтарының ҧшымен беттерін басып, иықтары селкілдеп, 
бҧршақ соққан егіндей жапырылып, тҿмен салбыраған бастарын кҿтере 
алмай қалды.
Ҽркімнің кҿз алдына ҿз жалғыздары елестеді. Ақын ҿлеңі барлық ата-
ана жҥрегінің қылын шертіп, олардың ҿз жҥректерінің мҧңын ағытты. Ҽлден 
уақытта шалдардың бірі бас кҿтерді. 
– Сапакеңнің қалай ҿлгенін білесің бе, қарағым, – деді Танаға. 
– Білемін, – деп бас изеді Тана. – «Қара қағаз» келгеннен кейін ақын ата 
нҽр сызбай жатып алды. Бҧрынғыдай ел де араламады, ҿлең де айтпады. 
Кҥндіз-тҥні тҿсегінен тҧрмады. Бір кҥні тҥсте мені шақыртты. «Отыр, 
қарағым» деп қасына отырғызды да, ең соңғы ҿлеңін жаздырды. Біздің ҥй 
ақын атаның ҥйімен кҿрші болатын. Ақын атам баласына арнаған бар хатын 
маған жаздыратын. Ҿзінің жаңа шығарған бар ҿлеңін маған кҿшіртетін. Осы 
ҿлеңін айтып жаздырғаннан кейін ақын ата ҥш кҥннен кейін дҥние салды. 
– Е, жарықтық-ай. 
– Байғҧс-ай, жалғызымен бірге кетейін деген де.
– Қайтсін, ет жҥрегі қан боп езіліп кеткен ғой сорлының, - десіп қарттар 
бірінің сҿзін бірі қҧптады. 
Сапекеңді соғыстан бҧрын менің де кҿргенім бар еді. Заманның қонағы 
боп жатып, ақынның бірсыпыра ҿлеңдерін тыңдағанмын. Шоқша қара сақалы 
бар ҽр сҿзін сабырмен айтатын кесек тҧлғалы қара қоңыр кісі еді. 
– Шырақтарым, екеуің дос болыпсыңдар, – деп еді Сапекең мен ауылға 
қайтарымда Заман екеумізді екі жағына алып отырып. – Достық қарызы –
ауыр жҥк. Адал жар азбайды, адал дос алдамайды. Екеуің де бір-бір ҥйдің 
жалғызы екенсіңдер. Біріңе бірің ақ дос, айнымас серік боп ҿтіңдер.
Ҽрқашанда адал болыңдар. «Адалдың арқаны ҧзын» деген сҿз шын сҿз. 
Осыны естеріңнен шығармаңдар! 
Бҧдан кейін мен қарт ақынды кҿргенім жоқ. Заман маған хат жазған 
сайын «ҽкемнен сҽлем» деген сҿздерді жиі қосатын. Ол Сапекеңді «ҽке» 
дейтін.
Ҿйткені Заман ҽкесінің егделеніп қалған кезінде, қырықтан асқанда 
кҿрген жалғыз баласы еді. Жаңа, Тана ҿлеңді ҽндете айтқан кезде менің кҿз 
алдыма ақынның Ақжал тауының іргесіндегі аласа ҥйі елестеді. «Тҿр ҥйдің 
тҿрт қанаты қҧлазып тҧр» деген жол сол ҥйдің тҿргі бҿлмесінде отырып 
ақынның бізге айтқан мҽслихатын есіме тҥсірді. 
– Айт, қарағым. Енді ақынның екінші ҿлеңін айт, – деп қарттардың бірі 
Тананы қайтадан қолқалады. 


Sauap.org
108 
Тана домбыраның қҧлағын қайтадан бҧрап, жаңағы ырғақтан ҿзге, басқа 
бір мҧңды ҥнмен ҽндете жҿнелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет