Әзілхан Нұршайықов



Pdf көрінісі
бет17/31
Дата26.09.2024
өлшемі1,98 Mb.
#205160
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар

Ӛртенуші ем кӛрген сайын,
Сенің нұрлы жүзіңді. 
Сүюге де едім дайын
Басып кеткен ізіңді.
Бір сен үшін суға батып,
Отқа түсіп күюге, 
Әзір едім, аңдып жатып,
Аяғыңнан сүюге!.. 
Ал, мен, қымбаттым, «аңдып жатып, аяғымнан сҥймей-ақ», жігіттер 
саусағымнан сҥйіп отырса да, разы болар едім, – деп Зайкҥл кҿзін 
қҧйқылжытып, басын қиқаңдатты. 
Біз Никольск базарының қасына келіп, трамвайдан тҥстік. 
– Меңтайдың басы қатты жарылды ма? Зақым келген жоқ па? - дедім 
мен жатақханаға қарай бет ала беріп. 
– Алла-ай, немене, жаның ашып бара ма? Ол бҽрібір сенін қызың емес 
қой қазір. 
– Ҽңгіме онда емес қой, Зайкҥл. Жолдастың жайын сҧрап білуіме 
болмай ма менің? 
– Иҽ, жолдас деп жаның шығып бара жатқан шығар сенің. - Зайкҥлдің 
мінезі қызық болатын. Алдында қылжақтап тҧрса да, соңынан тҥзу жауабын 
бере салатын. Бҧл жолы да сҿйтті. - Қазір жарасы жазылып кетті. Шашының 
арасында пышақтың қырындай ғана ақ дақ қалған. Бірақ, білінбейді онысы.
Сҥйегі аман. Ал, тҥсті ме жҥрегің орнына? 
Зайкҥл екеуміз жатақхана алдында қоштастық. 
– Ал, кешке паркке келесің бе, Ербол? 
– Рақмет, Зайкҥл, – дедім мен. - Қарсы алғаныңа, айтқан ҽңгімелеріңе –
бҽріне рақмет. 
Бірақ мен бҥгін ешқайда тырп ете алмайтын шығармын. Қазір 
университетке баруым керек. Ертең – емтихан.
– Қойшы, сен емтиханды кҿзіңді жҧмып отырып тапсырасың ғой. Бҧрын 
да жақсы оқитынсың. Ал, мен кеттім онда. Айтпақшы, мен ертең 
Қарағандыға жҥремін, сондағы туыстарыма барып қайтамын. Кешеден бері 
жатақхана емес, апайдың ҥйінде жатырмын. - Осылай деп ол маған қолын 
берді. – Сен жаңағы менің айтқандарымның бҽрін шын екен деп қалып 
жҥрме, жігіттер жайындағы сҿзімді айтамын. Оның бҽрін жай, қалжың ҥшін, 
сен қайтер екен деп айтып жатырмын. 


Sauap.org
208 
– Оны тҥсінемін ғой, Зайкҥл. Ал, жолың болсын! 
Жазғы сессия біткен кҥннің ертеңінде мен Меңтайды іздеп, Бҥргенге 
бардым.
Сессияның арасында барып қайтсам ба деп талай рет оқталдым да. Бірақ 
шыдадым. 
Бҥргенге келіп автобустан тҥскен соң, алғашқы кездескен біреуден 
Абаеваның ҥйі қайсы деп сҧрадым. Маған ауылдың орта тҧсындағы кҿк 
терезелі, тоқал ҥйді нҧсқады. 
Қос қыз ҥйде оңаша отыр екен. Олар мені қуана қарсы алды. Ҽсіресе 
Майра жылап кҿріскендей болды. 
– Иҽ, иҽ, есенсіз бе, ағай? – деп кеудеме маңдайын тҿседі. Осы кезде 
оның кҿзінен жас та шығып кетті. Оған мен де босаңсып, кҿзім жыпылықтай 
жҿнелді. Тек Меңтай ғана сыр бермеуге тырысып, ернін тістеп, бір қызарып, 
бір бозарып, қолының ҧшын ғана берді де, ҥнсіз қалды. 
Амандасқаннан кейін қыздар мені есік алдындағы кҿлеңкелі жай - 
беседкаға алып барды. 
Онда, дҿңгелек ҥстел жанында салулы кҿрпе бар екен. Майра ҥкідей 
ҧшып, ҥйден екі жастық ҽкеп, жаныма қойды. 
– Иҽ, ағай, жастыққа жантая отырып, демалыңыз, - деді.
Жайғасып отырғаннан кейін мен қыздардың бетіне қарадым. 
Майра бҧрынғысынан сҽл тола тҥскенге ҧқсайды. Меңтай жҥзі 
шҥберектей боп, қатты жҥдеп қалыпты. 
– Ал, халдарың қалай, қыздар? – дедім мен. 
– Иҽ, не халды сҧрайсыз, - деді Майра тез жҽне ықыластана жауап беріп. 
– Сіз кеткеннен кейін талай сҧмдықты бастан кешірдік қой Меңтай екеуміз. 
Осылай деп ол Меңтайға қарады, содан соң сҿзін ҽрі қарай 
жалғастырмай, ҥнсіз отырып қалды. 
– Мен бҽрін де естідім, бҽрін де білемін, – дедім қыздар ол сҧмдық 
жайларды естеріне алып, тағы да қиналмасын деп. - Зайкҥл айтты. 
Тҧмажанды да кҿрдім. 
– Иҽ, Зайкҥл байғҧс бҽрін де айтып ҥлгірген екен, – деді Майра кҥліп. 
Меңтай басынан ҿткен бар ауыртпалықты ҿз қҧлағыммен естіп 
келгендіктен бе, мен ҿзімді оның алдында кінҽлідей танып, кібіртіктей берген 
едім. Осы тартқан азабына мені жазғырып, жазалайтындай кҿргемін. Бірақ 
Меңтай ҿйтпеді. Жылап-сықтап, мҧң да шақпады. 
– Мҧндай ҿкінішке ҧшыраймын деп ойламап едім, – деп бар ҿкініш, 
арызын, бір-ақ ауыз сҿзге тҥйіп, ҥндемей отырып қалды. Содан соң барып, 
сҽл ғана иегін кҿтерді. - Жігіттің де жігіті, майдангердің де майдангері бар 
екен ғой... 
– Иҽ, ол рас. Ал, ағай, ҿз жайыңызды айта отырыңыз, – деді Майра. 
Мен қос қызға жақсы ҽңгіме айтып, жандарын жадыратсам деп ойладым.
Бірақ, ондайда аузыңа тілеген ҽңгімең келіп тҥсе қоя ма? Мен алдымен 
облыстық газетте тілші боп қызмет істегенімді, ел аралағанымды айттым. 
Кҿп мақалалар жаздым дедім.


Sauap.org
209 
– Иҽ, бізден кеткеннен кейін басыңыздан кешкеннің бҽрін де айта 
беріңіз, –деді Майра. 
– Айтайын, – дедім мен аузыма қыздарды кҥлдіретін ешбір қызық ҽңгіме 
тҥспей сасқалақтап. 
– Тек кҿргеніңізді ғана айтыңыз, ағай, естігеніңізді емес, –деді Майра 
сҧқ саусағын шошайта кҥліп, профессор Ҽуеновтың баяғыда оқыған Алдар 
Кҿсе жайлы лекциясын еске тҥсіріп. 
Мен де кҥліп басымды изедім. Осы кезде Меңтай сҧрақ қойды. 
– Сҽлиманы кҿрдіңіз бе? – деді баяу ҥнмен. 
– Кҿрдім. 
– Иҽ, соны айтыңыз, – деді Майра. 
– Айтайын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет