Театралды этнографиялық ғылыми комиссия.
Комиссияның негізгі міндетіне Түркістан өлкесіне сахна өнерін дамыту, Ұлттық өнердің дамуына жол ашу және пъесаларға шығармалар жинақтау еді. 1922 жылы Халел Жәлелов Әулиеата уездінде әуесқой үйірмелер, сахна өнерінің қыр-сырын меңгеретін үйірмелер ашып қазақ ғылыми комиссиясымен бірлесе отырып Бекет батыр эпосына пъеса жазды. Комиссия 1921-24 жылдары Г.Зафаридің «Хич Ким Бильмосун» комедиясын «Чин Темир Батур» және «Аба Муслим» «Хон қызи» «Брокынди кипчак» сияқты пъесаларды басып шығарды.
Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің құрылуы Түркістан өлкесінде ғылымның дамуына жол ашты.Ұлттық ғылыми комиссиялармен қатар тұрлі бағыттағы комиссиялар Түркістан өлкесінде ғылымның алғашқы темірқазығын шегендеп,ұрпақ болашағына ғылымның сара жолын салып берді.Алайда ғылымның қалыптасу жолында түрлі кемшіліктерге бой алдыру байқалды.Оқу әдістемелік құралдарды жасау барысында көшіріп басумен қатар өзге ғылыми қоғамдардың еңбегін пайдалану да көрініс берді.Сондада Түркістан республикасында Білім беру,ағартушылық жұмыстарының жандануына,мектеп оқулықтарының жарық көруіне,Мемлекттік Ғылыми Кеңес теңізге құйған тамшыдай болсада өз үлесін қосып,Түркістан өлкесінде ғылымның қалыптасып жұмыс істеуне ,жаңа ғылыми орталықтардың ашлуына жол ашты.
Қорытынды
Міне, аласапыраны мол оқиғаларға толы, қарама – қайшылықтар мен қайталанбас айшықты құбылыстардан тұратын, кең арнасы қасіреттер мен болашаққа деген мол тынысты құлшыныстарға толы, асау ағыстар жиынтығы ХХ ғасырда өз мәресіне жетті.
Өзіндік ерекшеліктері көзге ұрып тұрған ХХ ғасыр тарихы зерттеушілердің әлі талай ұрпағын толғандыра берері күмәнсіз. Бір қуанатынымыз бұл дәуірдің қилы құжаттары мұрағаттарымызда қаттаулы.
Білім беру тарихы төл тарихымыздың бір саласы және тарих ғылымымен тығыз байланысты. Кеңес үкіметі орнағаннан соң алғашқы жылдары Түркістан өлкесінің халқының сауаттылығы туралы мәселе тарихымызда әлі толық анықтала қоймаған күрделі нәрсе. Мұның басты себебі, осыған байланысты ресми мәліметтердің өзара қайшылықты болуы дер едік.
Соңғы кезде Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты ұлтымыздың рухани құндылықтарын ұнамды түрде көрсетушілік орын алғаны әрине құптауға тұрарлы. Солай десек те ұлттық сезім жетегіне ілесіп тарихи шындықты бұрмалауға хақымыз жоқ.
Зерттелуі жұтаң, әйткенде өте көп бұрмалаушылыққа ұшыраған тарихы бар, Түркістан АКСР –де халыққа жалпылама білім беруді қалыптастыру және дамыту барысында біршама оңды жұмыстар атқарылды. Түркі халықтарының арман тілегінің жемісі болған Түркістан республикасын қазақтың өресі биік білімді азаматтары негізін қалады. Басшылық тізгінін қолға алған Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Қ.Қожақов т.б арыстар еңбегі ағарту саласына бағытталды, руханият, ғылым саласына өзгеше көңіл бөлді. Білім, ғылым, мәдениет, өнер барлық рухты тәрбиелейтін, жетілдіретін шараларды жан – жақты қарастырды.
Түркістан АКСР-і РКФСР құрамында болғандықтан халық ағарту комиссариатынынан бөлінген қаржылар негізінде бірнеше әлеуметтік тәрбие мекемелері мектеп, білім ордалары салынды. Зиялылардың басшылық етуімен 1918-24 жылдары 2290 мектеп 15-ке тарта оқы орындары, 18-ге тарта орта арнаулы оқу орындары, 8 ғылыми комиссия жұмыс істеді. Бұл жалпылама жұмыстардың бағыттары ғана.
Қазақ АКСР-ің құрамына кіргенге дейінгі Түркістан республикасындағы қазақ ұлтының, білім алуын ұйымдастыру рухани орталық Ташкент қаласы маңына жиналған кемеңгерлердің ерен еңбегі арқылы жүзеге асты.
1918 жылы Түркістан халқының білімін, сауаттылығын арты мақсатында мектептік білім беру жүйесін қалыптастыруға Түркістан АКСР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Ф.Колесов, В.Успенский, В.П.Билик, С.Әбдісаттаров, 1920 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарының, орта арнаулы оқу орындарының, мектеп жүйесінің, ғылымның дамуына анбай тер төккен исі түркі халқының мақтанышы, сол кездегі білімді азаматтары М.Әуезов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Е.Табынбаев, М.Тынышбаев, К.Досмұхамедов, С.Асфендияров, Қ.Қожықов, С.Қожанов т.б. арыстар Түркістан жастарының білімін жетілдіруге, арттыра түсуге өз үлестерін қосып бақты. Осындай білімпаз қаймақтардан білім алған Түркістан топырағының жастары, бойына жинаған білім қорымен түрлі салада жұмыс істеп, халыққа қызмет көрсете бастады. Бұл түркі халқының аға буын зиялылар еңбегінің жемісі еді.
1918 жылы құрамында Қазақстанның Оңтүстік облыстары бар Түркістан АКСР-нің құрылуы кешегі отар өлкенің мәдени- саяси өміріндегі ұлы бетбұрыс еді. Енді түбегейлі өзгерген ахуалды пайдалана отырып ғасырға жуық тыс мемлекетінсіз зар заманды бастан өткерген түркі халқы білім – ғылымда кеткен есесін қайтаруға құлшына кірісті.
Сауатсыздық мектеп ісіндегі олқылықтар, білікті маманның тапшылығы түптеп келгенде ұлттық мемлекеті, оның экономикасы мен руханиятын орнықтыруға қолбайлау екенін қоғамдық сана қапысыз ұқты. Орталық және жергілікті билік орындарына мектеп ашуды өтінген, тіпті талап еткен ұжымдық шешімдер, делегаттар үздіксіз келіп жатты.
Халықтың өзі білім адуға ұмтылуы 1918 жылы жаппай мектептер ашу ісі қолға алынды. Дей тұрғанмен экономикалық қиыншылықтар кәсіби білім беру жүйесін құруға кедергілер келтірді.
Алайда қиыншылықтарға, кедергілерге қарамастан мектептік білім беру жүйесі қалыптасып 1923-24 жылдары 1073 ұлттық мектептер, 1212 аралас мектептер болды.
1918 жылы 3873 оқушы білім алса, 1920 жылы 98656, 1921-1922 жылы 123756 оқушыны құрады, 1924 жылы республика халқының сауттылығы 63,71% құрады.
Орта арнаулы мамандар даярлау ісінде түрлі кәсіптік техникумдар, училищелер бой көтеріп мамандар даярлады.
Жоғарғы мектепті ашуға талпыныс 1918 жылдан басталып 1920 жылы Лениннің тікелей араласуымен бой көтерген. Орта Азия университеті, Шығыстану институты түрлі халық ағарту институттары мен мұсылман ағарту институттарында жоғары білікті мамандар даярланса 8 бағытта жұмыс жасаған Мемлекеттік ғылыми кеңес Түркістан өлкесінде ғылыми – интеллектуалды әлеует қалыптастырып Түркістанды білім мен ғылым ордасының алтын бесігіне айналдырды.
Түркістан республикасындағы білім, ғылым мәселесі туралы әдебиеттер ғылыми еңбектер аз. Көпшілік әдебиет кеңес үкіметі тұсында жазылғандықтан шынайылығынан айрылған. Негізгі дерек Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатының Өзбекстан республикасы орталық мемлекеттік мұрағатынан алынған іс – құжаттардан алынды.
Қорыта айтқанда Түркістан Республикасында білім, ғылым мәселелерінің жүйелі іске асуы Түркістан жұртының рухани өмірінде аса маңызды роль атқарды.Оқу білімді ұлықтаған Әл – Фарабидің, М.Қашқаридің заңды ұрпақтары сенімді нық қадаммен қиыншылыққа қарамастан ғылыми интеллектуалды әлеует қалыптастырды.
Сілтемелер тізімі
Аманжолов К. «Түркі халықтарының тарихы» 3 том А, 1999-239 б.
Аманжолов К. «Түркі халықтарының тарихы» 3 том А, 1999-240 б.
Культурное строительство в Туркестанской АССР» Ташкент 1973 І-том 54 б.
Бұл да сонда 55 б.
Бұл да сонда 8 б.
6.Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты Оңтүстік Қазақстан облысы тарихы туралы коллекциясы, 1169қор,2тізбе,2бет.Бұдан былай ОҚОММ. Деп аталады.
7.ОҚОММ 1169-қор,7 тізбе,2 іс,1бет.
8. ОҚОММ 1169-қор,4тізбе,9іс,13бет.
9. ОҚОММ 1169-қор,2тізбе,1іс,2бет.
10. ОҚОММ 1169-қор,10тізбе,1іс,1бет.
11. ОҚОММ 1169-қор,10тізбе,2іс,1бет.
12. ОҚОММ 1169-қор,4тізбе,9іс,3-6беттер.
13. ОҚОММ 1169-қор,4тізім,9іс18бет.
14. Қоңыратбаев О. Т.Рысқұлов қоғамдық
саяси және мемлекеттік қызметі Алматы,-1994,380бет
15 Культурное строительство в Туркестанской АССР» Ташкент, 1973 І-том 218бет.
16. Бұл да сонда.193бет.
17. Бұл да сонда 209бет.
18 Бұл да сонда 210-211беттер
19. Бұл да сонда ,227бет.
20. Бұл да сонда,223бет.
21 . Бұл да сонда,218бет.
22 ОҚОММ 1169-қор,2тізбе,1іс,4бет.
23.Культурное строительство в Туркестанской АССР» Ташкент, 1973 І-том,282бет.
24. Бұл да сонда 287бет.
25. Бұл да сонда,212бет.
26.А.Э.Шмидт.Туркестанский Восточный институт за первые четыре года своего существования.Наука и Просвещение.Ташкент 1922год,стр 112
27. Культурное строительство в Туркестанской АССР» Ташкент, 1973 І-том,236 бет.
28.Г.Рашидов.Первый университет в Средней Азий.Общественные науки Узбекистана.№4,1963 год,стр52
29.Г.Рашидов.Первый университет в Средней Азий.Общественные науки Узбекистана.№4, 1963 год,стр52
30.Г.Рашидов.Первый университет в Средней Азий.Общественные науки Узбекистана.№4, 1963 год,стр52
31.Г.Рашидов.Первый университет в Средней Азий.Общественные науки Узбекистана.№4, 1963 год,стр52
32.Г.Рашидов.Первый университет в Средней Азий.Общественные науки Узбекистана.№4, 1963 год,стр53
33. .Г.Рашидов.Первый университет в Средней Азий.Общественные науки Узбекистана.№4, 1963 год,стр53
34.Г.Н.Черданцев «К истории первых лет Туркестанского университета» «Наука и Просвещение» Ташкент 1922 № 2 октябрь-декабрь 92б.
35. Г.Н.Черданцев «К истории первых лет Туркестанского университета» «наука и Просвещение» Ташкент 1922 № 2 октябрь-декабрь 93 б.
36. .Г.Рашидов.Первый университет в Средней Азий.Общественные науки Узбекистана.№4, 1963 год,стр53
37. .Г.Рашидов.Первый университет в Средней Азий.Общественные науки Узбекистана.№4, 1963 год,стр54
38. .Г.Рашидов.Первый университет в Средней Азий.Общественные науки Узбекистана.№4, 1963 год,стр54
39. .Г.Рашидов.Первый университет в Средней Азий.Общественные науки Узбекистана.№4, 1963 год,стр54
40. .Г.Рашидов.Первый университет в Средней Азий.Общественные науки Узбекистана.№4, 1963 год,стр54
41 ОҚОММ 1169-қор,8тізбе,4іс,3бет
42. ОҚОММ 1169-қор, 8тізбе,4іс,4бет
43. Г.Н.Черданцев «К истории первых лет Туркестанского университета» «наука и Просвещение» Ташкент 1922 № 2 октябрь-декабрь 94 б.
44. . Культурное строительство в Туркестанской АССР» Ташкент 1973 І-том,211-212 беттер.
45. Бұл да сонда 212бет.
46. А.Э.Шмидт «Туркестенский Восточный Институт за первые четыре года существования» Наука и Просвещение, Ташкент 1922 № 2 октябрь-декабрь,стр112.
47. А.Э.Шмидт «Туркестенский Восточный Институт за первые четыре года существования» Наука и Просвещение, Ташкент 1922 № 2 октябрь-декабрь,стр 112.
48. ОҚОММ 1169қор,10тізбе,1іс,15бет
49. Қоңыратбаев О. «Т.Рысқұлов мемлекетік және қоғамдық саяси қызметі» А, 1994 379 бет.
50 Тілеуқұлов С. «Зиялылардың шығыстағы ордасы». Шымкент келбеті 2001жыл № 30.
51. Тілеуқұлов С. «Зиялылардың шығыстағы ордасы». Шымкент келбеті 2001жыл № 30.
52. Әбжанов Х. «Қазақстан: Тарих, Тіл, Ұлт» Астана, 2007 183 б.
53. С.Тілеуқұлов «Зиялылардың шығыстағы ордасы». Шымкент келбеті 2001жыл № 30.
54 С.Тілеуқұлов «Зиялылардың шығыстағы ордасы». Шымкент келбеті 2001жыл № 30.
55. С.Тілеуқұлов «Зиялылардың шығыстағы ордасы». Шымкент келбеті 2001жыл № 30.
56. . ОҚОММ 1169-қор,4тізбе,3іс,12бет
57. С.Тілеуқұлов «Зиялылардың шығыстағы ордасы». Шымкент келбеті 2001жыл № 30.
58. С.Тілеуқұлов «Зиялылардың шығыстағы ордасы». Шымкент келбеті 2001жыл № 30.
59. ОҚОММ 1169-қор,3тізбе,2іс,9бет
60. Е.А.Чернявский «История возникновение, структура и деятельность Г.У.С.а» «Наука и Просвещение» Ташкент 1922 № 2 стр165
61. Е.А.Чернявский «История возникновение, структура и деятельность Г.У.С.а» «Наука и Просвещение» Ташкент 1922 № 2 стр 167
62 Нүрпейісов Қ. «Х.Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы» А, 1996 -43 б.
63. Х.Досмұхамедов «Қазақ – Қырғыз ғылым комиссиясы жайында қысқаша баяндама» Шолпан журналы. Ташкент, 1922
64. ОҚОММ 1169-қор,8тізбе,4іс,14бет
65. Х.Досмұхамедов «Қазақ – Қырғыз ғылым комиссиясы жайында қысқаша баяндама» Шолпан журналы. Ташкент, 1922
66. Е.А.Чернявский «История возникновение, структура и деятельность Г.У.С.а» «Наука и Просвещение» Ташкент, 1922 № 2 стр 177-178
67. Х.Досмұхамедов «Қазақ – Қырғыз ғылым комиссиясы жайында қысқаша баяндама» Шолпан журналы. Ташкент 1922
68. Қоңыратбаев О. «Т.Рысқұлов мемлекетік және қоғамдық саяси қызметі» А, 1994 388 бет.
69. Қамзабекұлы Д. «Руханият» Алматы, 1997, 39 б.
70. Қамзабекұлы Д. «Руханият» Алматы, 1997, 43 б.
71. Қамзабекұлы Д. «Руханият» Алматы, 1997, 49 б.
72. Қоңыратбаев О. «Т.Рысқұлов мемлекетік және қоғамдық саяси қызметі» А, 1994 388 бет.
73. Е.А.Чернявский «История возникновение, структура и деятельность Г.У.С.а» «Наука и Просвещение» Ташкент, 1922 № 2 стр 171-172
74. Е.А.Чернявский «История возникновение, структура и деятельность Г.У.С.а» «Наука и Просвещение» Ташкент, 1922 № 2 стр 173
75. Е.А.Чернявский «История возникновение, структура и деятельность Г.У.С.а» «Наука и Просвещение» Ташкент, 1922 № 2 стр 181
76. Е.А.Чернявский «История возникновение, структура и деятельность Г.У.С.а» «Наука и Просвещение» Ташкент, 1922 № 2 стр 186-187
77. . Культурное строительство в Туркестанской АССР» Ташкент, 1973 І-том,419 бет.
78. Е.А.Чернявский «История возникновение, структура и деятельность Г.У.С.а» «Наука и Просвещение» Ташкент, 1922 № 2 стр 190
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Әбжанов Х.М. Қазақстан: Тарих. Тіл. Ұлт. Астана – 2007.
Қоңыратбаев О.Ә. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық – саяси және мемлекеттік қызметі. Алматы 1994.
Тілеуқұлов С. «Зиялылардың шығыстағы ордасы» шымкент келбеті. 2001. №30.
Досмұхамедов Х. «Қазақ – Қырғыз ғылым комиссиясы жайында қысқаша баяндама» Шолпан журналы. № 2 1922.
Әбжанов Х.М., Гуревич Л.Я.. Интеллигенция Казахстана: История, Теория, современность. Алматы, 1992.
Культурное строительство в Туркестанской АССР» (1917-1924) Сборник документов том І. Ташкент, 1973.
Нүрпейсов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы, 1995.
Пірманов Ә., Қапаева А. Қазақ интеллигенциясы. Алматы, 1997.
Гуревич Л.Я. Тоталитаризм против интеллигенций. Алматы, 1992.
Тілеуқұлов Г.С. Жазықсыз жазаланған тұлғалар. Ташкент, 2000.
Турсунов Ж. Национальная политика коммунистической партий в Туркестане. Ташкент, 1971.
Қазақ Совет энциклопедиясы. 11 том. Алматы, 1977.
Глинин Г. «Деятельность Отдела Профессионально – технического образования при Турнаркомпросе». «Наука и Просвещение»Ташкент 1922 № 2. октябрь-декабрь.
Черняевский Е. «Деятельность Государственного ученого совета» «Наука и Просвещение» Ташкент, 1922 № 2. октябрь-декабрь.
Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағлымы не дейді? Алматы, 1993.
Тілеуқұлов Г.С., Қосанбаева С.Қ. Алғашқы бастама жемістері.Ташкент, 2001.
Нүрпейісов К. Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы. Алматы, 1996.
Байтасов Ғ. «Ташкенттегі Қазақ-Қырғыз институты туралы» Шолпан журналы 1923 №2.
Бюллетень и постановление ХІ Все Туркестанского съезда совет от 2 по 6 декабря 1922 г. 1922 Бюллетень № 4.
Аманжолов К. «Түркі халықтарының тарихы» Алматы, 1999.
Қамзабекұлы Д. «Руханият» Алматы, 1997.
Малдыбекова М.А. Түркістан Республикасының межеленуі және Қазақ АКСР – нің территориясының тұтастығы мәселесі Автореферат. Түркістан, 2002
Қожекиев Т. Көк сенгірлер. Алматы, 1992.
Жүгенбаева Г.С. М.Тынышбаевтың өмірі мен қызметі (1879 – 1938) Автореферат. Алматы, 1999.
Зарубин И.И. Список народности Туркестанского края. Ленинград, 1925.
Қазыбек Н., Маймақов Ғ. Құпия кеңестер. Алматы, 1999.
Шілдебай С. Түркішілдік және Қазақстандағы Ұлт - азаттық қозғалыс. Алматы 2002.
Әлмашұлы Ж., Сұлтанбек Қожанов. Алматы, 2000
Баймырза Хайт Түркістан Ресей мен Қытай аралығында // Ақиқат №6 1999.
Қожакиев Т. Жыл құстары. Алматы, 1991.
Бексайын Қ. Арыстардың ақ жолы //Ақиқат №7 2000
Қойгелдиев М. Қазақ ұлт – азаттық қозғалыс 4 том. Астана 2007
Шоқай М. Таңдамалы 2 том. Алматы, 1999
Кәнкен А. Саяси қуғын – сүргін: Советтердің жазалауы қалай жүзеге асырылды? Түркістан, 1997
Қойшыбаев Б. Жіктеу //Жұлдыз №2 2008
Достарыңызбен бөлісу: |