2.2.Ғылым және ғылыми қоғамдардың қызметі.
ХХ ғасырдың бас кезінде ірі саяси орталыққа айналған қалалардың бірі – Ташкентте ұлтын ойлаған зиялы арыстардың қалыптасуы мен сол жерде шоғырлануы ерекше сезілді.
Көзі ашық санаулы зиялы қауым қараңғылық бұғауына шырмалған сауатсыз халқының көзін ашып білім, ғылым жолын салуға күш салды.
Ағарту ісін жүйелеу барысында Түркістан халық ағарту комиссариаты жанынан Түрік Халық ағарту ғылыми секциясы ашылды [60].
Қазақ жастары үшін оқулықтар, әдеби шығармалар, қазақ халқының көне тарихын, этнографиясын жинақтап шығаруға өз үлестерін қосқан қазақ оқымыстыларының ғылыми жұмыстары осы секциямен байланысты болды.
1920 жылдардың басында 15 ке тарта адам жұмыс жасайтын Түрік ағарту ғылыми секциясы Қазақ, Өзбек, Татар, Түркімен бөлімдеріне бөлініп, секцияның алдағы іс шараларының жаңа бағыты айқындала бастады. Алайда қаржылай қиындықтарға тап болған секция таратылып, оның орнына жаңа бағдарлама мен Мемлекеттік ғылыми кеңес құрылды [61].
Түркістан халық ағарту комиссариаты жанынан құрылған ғылыми кеңестің жаңа ережесіне сай педагогика, өнер, мұражай, мұрағат, кітапхаан ісі бағытын, сондай-ақ халықтық білім беру, әсіресе жергілікті ұлт халықтық білім беру, әсіресе жергілікті ұлт өкілдеріне білім беруді жақсарту көзделді.
Ғылыми кеңес жұмысы «сегіз негізгі комиссия» бойынша өрбіді. Олар: ғылыми педагогикалық ғылыми саяси, техникалық ғылыми, ғылыми көркемдік, мұражай, мұрағат, кітапхана ісі және қазақ, өзбек, түркімен халықтарының ұлттық комиссарлары.
Ғылыми кеңес өзінің пленумы арқылы РКФСР Академиялық Орталығының Түркістан АКСР-гі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізетін жетекші органы, секциялар арқылы Түркістан халық ағарту комиссариатының ережелерін, бағдарламаларын талқылайтын және ғылыми сараптама жүргізе алатын, ұлттық комиссиялары арқылы жергілікті ұлт өкілдерінің өмір сүру жағдайларын қадағалайтын орган бола алды. Сонымен қатар бұл ережеде тұңғыш рет мемлекеттік баспахана мен байланыса отырып ғылыми шығармалар мен оқулықтарды басып шығару ісі де қаралды.
Айына бір рет болып тұратын ғылыми кеңестің пленумында өлкелік ғылыми зерттеу ұйымдарының экспедициялардың ғылыми бағыты мен есептері тыңдалынды. Пленумға өлкедегі ескерткіштерді қорғау, өнерді табиғатты қорғау және орталық мұрағаттың, Шығыстану институты, Түркістан университетінің барлық факультетінен, сондай-ақ басқа да өлкелік шеңберде ғылыми зерттеу жұмысын жүргізетін жетекші мекемелерден бір – бір адам қасытас алды.
Ғылыми кеңестің бір бөлімі болған ұлттық комиссиялар өз ұлтының әдебиетін, ғылыми атауларын тексеру және ана тілінде оқулықтар шығару, өз ұлтының бар өнерін, салт – дәстүрін ұлттық мерекелерін жаңғыртуға міндетті болды .
Мемлекеттік ғылыми Кеңестің бір тармағы білімді орыстардың ордасы қазақ ғылыми комиссиясы Түрік ағарту секциясы жанынан 1918 жылдың басында құрылғанымен, шын мәнінде 1921 жылдың басында өз алдына отау тігіп оңды жұмыстар атқара бастады.
1922 жылы Ташкентте жарық көрген «Шолпан» жорналында жарияланған комиссия жетекшісі Х. Досмухамедовтің «Қазақ – қырғыз білім комиссиясы жайынан қысқаша» атты мақаласында бұл комиссия жөнінде «Комиссия мақсаты қазақ-қырғыз мектептері үшін оқу кітаптарын даярлау, қазақ әдебиетін жинау, білім әдебиетін кеңейту сол секілді мәдениет жұмысы ұлғайту болды деп комиссия қызметіне тоқталды. Қазақ ұлты үшін қызмет еткен қазақ ғылыми комиссиясын көрнекті ғалым, доктор Халел Досмухамедов 1921-1923 жылдары жетекшілік етті [62].
Алғашқы жылдары әр түрлі себептермен комиссия өз міндетін толық атқара алмады. Бұл жөнінде Х.Досмухамедов өз мақаласында «Түзілсімен комиссия мектептер үшін оқу кітаптарын жазмыз деп уәде берген, ғалымдардың тұрмысын түзетуге, тіршілік бейнетін жеңілдетуге түрлі шарттар қойып қаулылар шығарған. Бұл қаулылар орындалмаған, жазамыз дегендердің жалғыз жарымы болмаса көбінің уәдесі деәйексіз кеткен, жазылған кітап жарытып болмаған» дейді [63]. Бұл әрине оқулық шығарудағы тұрақсыздық емес материалдық жағдайдың жетіспеушілігінен туындаса керек.
Мемлекеттік ғылыми кеңестің құрылуына байланысты Қазақ ғылыми комиссиясы құрамы қайта жасақталып ғылыми кеңестің ережелеріне сай комиссия бағдарламалары да өзгерді. Комиссия қазақ тілінде қол жазба күйінде қалып қойған оқу құралдарын, халық арасынан жиналған этнографиялық материалдарды басып шығару ісін өз міндеткерлігіне алды Оқу білім, көркем әдебиет, тарих этнография, саясат, үндеу, библиография салалары бойынша бес бөлімге тарауланған комиссия жұмысы ұлғая түсті. Комиссия кеңесі, жұмысшылары анықталды. Қазақ Халық ағарту институтының (К.Маркс көшесі, 41 үй) бір бөлмесіне жайғасқан қазақ ғылыми комиссиясының жұмысына институт оқытушылары көмектесіп оларға жалақы дайындалды.
1923 жылы қазақ ғылыми комиссиясымен бірлесе жұмыс жасаған институт оқу бөлімінің меңгерушісі Файзулла Ғалымжанов, 1924 жылы Қазақ халық ағарту институтының уақытша директоры қызметіндегі Әділов жұмыстан босатылып қазақ ғылыми комиссия жұмысына тағайындалды.
Осы тұста оқу – ағарту, ғылыми жұмыстары жандана түсті. Мектеп мәселелері жақсартылды, оқулықтар мен көмекші құралдар әзірлеу ұйымдастырылып, қамқорлық етілді. Анық материалдарға жүгінсек, 1923 жылы М.Жұмабаевтың өлеңдер жинағын, М.Әуезовтың «Бәйбіше тоқал» атты 4 перделі драмасын баспаға бергізді. Жетекші мектептер үшін ана тілі бағдарламасын «Қыз Жібек», «Кенесары-Наурызбай», «Ер Тарғын» поэмалары оқулығын Х.Досмұхамедовтың «Геометрия» С.Қожановтың «Арифметика» 1 бөлімін қазақ ғылыми оқу комиссиясының басып шығаруы көп еңбектердің арқасында жүзеге асты.
Халел Досмухамедов жетекшілік еткен құрамында Мағжан Жұмабаев, Кәрім Жәленов, Иса Тоқтыбаев, Мұхамеджан Тынышбаев, Мұхтар Әуезов бар комиссия мектептерге оқулық дайындауда біршама игі істер жасады [64].
«Шолпан» журналында жарияланған Халел Досмухамедовтың мақаласында комиссиясының алғашқы жемісті жұмыстары айтылды, комиссия құрылғаннан бастап төмендегі кітаптарды баспадан шығарғанын айтты.
- А.Байтұрсынов: - Тіл құралы – 1-ші, Тіл құралы 2-ші бөлім басылып шықты.
М.Дулатов: Есеп құралы 1-ші, 2-ші бөлім, кеспе әліппесі: 1-ші бөлім басылып шықты.
И.Тоқтыбаев: Жағрафия сөзі, Түркістан карталарымен 1-ші сатылы мектеп оқулығы.
Ф.Балығарин: - Күн күркіреу мен найзағай не нәрсе? Ғылыми танымдық очерк.
Х. Досмұхамедов: Табиғаттану, Жануартану: 1-ші, 2-ші бөлім.
Ф.Ғалымжанов: 1922 жылдың қазақша календары.
Ә.Диваевтың: 1) Қарақыпшақ Қобыланды: 2) Нәрік Оғлы Шора: 3) Бекет батыр: 4) Қамбар батыр.5) Шора батыр: 6) Мырза едіге батыр: 7) Алпамыс батыр. Батырлардың жеті кітабы да басылып шықты.
А.Құнанбаевтың таңдамалы өлеңдер жинағы да шапшаңдықпен басылды. [65].
Оқулық даярлау барысында біршама жетістіктерге жетуге Х. Досмухамедовтың мемлекеттік баспахананың Шығыс бөлімшесін басқарып тұрған кезде үлкен қарқын алды.
Комиссия үшін орасан еңбегі себеп болса керек 1922 жылдың аяғы мен 1923 жылдың басында комиссия мына кітаптарды баспаға басуға берді.
С.Қожанов: Арифметиканың 1-ші бөлімі.
К.Жәленов: Арифметиканың 2-ші бөлімі.
А.Таныбаев: Педагогика
Ф.Ғалымжанов: Арифметика әдістері.
Х.Досмухамедов: Жануарлар жайынан, Адам анатомиясы мен физиологиясы.
С.Оспановтың: Қазақ тіліндегі сөздерді түзу.
М.Жұмабаев: Қазақ тілі мен әдебиетінің теориясы.
Шығарып жатқан оқулықтар азда болса, қазақ оқу ордаларына таратылып жатты.
1924 жылы Қазақ ғылыми комиссиясының мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінен институт студенттеріне арналған оқулықтар мен әдеби шығармалар басылып шықты. Осы оқу жылында жоғарыда айтылған оқу құралдарымен қатар мына оқулықтар да оқушылар игілігіне берілді: «Этимология» 2-ші бөлімі (2 дана)» «Зоология» 1,2 –ші бөлімі (10 дана), «Бастапқы география» (5 дана), «Су туралы әңгіме» (2 дана), «Дене туралы әңгіме» (2 дана), «VIII –ші съезд қарарлары (5 дана), «Физикалық география (2 дана), «Жануарлар туралы» (2 дана), «Жер туралы (2 дана), «Әсемдік туралы әңгіме» (2 дана), «Геология» (2 дана), «Тарту хрестоматиясы» (3 дана), «Түркістан картасы» (5 дана), «Еуропа картасы» (5 дана), «Нұржан» пъесасы (10 дана), «Сана» жорналы (50 дана), «Оқушы гигиенасы» (300 дана) бас аяғы 200 рубльді құрайтын 43 оқу әдістемелік әдеби оқулықтары Қазақ Халық ағарту институтына берілді [66].
Қазақ халқының салт – дәстүрін, әдебиетін, көне рухани мұраларын жетік зерттеген көрнекті ғалым, этнограф Әбубәкір Диваевтың жинаған материалдары комиссияда тіркеліп, түстелді. Көшіріліп алынған материалдардың көбі қаралып, баспаға даярланды. Сонымен қатар, Жетісу өмірінен жиналған материалдар да комиссияның ғылыми қорын байыта түсті. Жиналған материалдардың өңделген бөліктері Халық ағарту комиссариаты жанынан жарық көрген «Наука и просвещение» деген жорналдың бірінші нөмірінде басылып, көпшілікке ұсынылды [67].
Республикада сауатсыздықты жою, мәдениетті өркендету, жалпы оқу-ағарту жұмысын өркендету үшін, осы салаларға тікелец басшылық жасап көмектесетін ұйымдар мен мекемелердің үйлесімді құрылымын жасау - өмір талабына айналды. Түркістан Республикасы Халық Комиссарлары Кеңесінің Үлкен Кеңесінде осындай ұйым құрудың қажеттігіне тоқтайды.
1922 жылдың желтоқсанында Т.Рысқұловтың арнайы бөлдірткен қаржысымен ескі мәдениет жұрнақтарын жинап, бастыртпақ болып, білімге шөліркеген қазақ шәкірттеріне ұлттық негізі бар оқулық нұсқаларын жасауға әзірлеуге қам жасап, профессор Х.Досмұхамедовтың жетекшілігімен Түркістан автономиялы республикасында «Талап» атты мәдениетті көркейтушілер қауымы жұмысына кірісті [68].
Доктор Халел Досмұхамедов, профессор Александр Эдуардович Шмидт, этнограф Әбубәкір Диваев, ақын Мағжан Жұмабаев, білімпаздары әріп Жаленов пен Николай Архангельский құрастырған «Талап» қауымының Жарғысы қабылданған соң, 1922 жылы 4-ші желтоқсанда қауымның бірінші жиналысы болды. Жиылыс қауымы басқармасын, басқарманың төрағасын, басқарма мүшелерін сайлайды. Қауымның төрағасы болып басқарма мүшелерін сайлайды. Қауымның төрағасы болып – Халел Досмұхамедов басқарма мүшелері болып – А.Э.Шмидт, И.Тоқтыбаев, М.Есболов, М.Тынышбаев, М.Әуезов, Қ.Тынысжанов бірауыздан сайланды да, білім кеңесінің құзырымен аталған орындарға бекітілді. «Талап» қауымының тұрағы да: Ташкент қаласы, Карл Маркс көшесінің бойындағы нөмірі 41-ші үйде орналасқан Қазақ – Қырғыз институтының 35-ші бөлмесі болатыны осы жиналыста көпшілікке мәшһүр етіледі [69]. Қазақ ғылыми комиссиясымен бір кезеңде дерлік дүниеге келген «Талап» қоғамы да қазақ зиялыларының қоғамдық-ғылыми жұмыстарынан туындады.
Институт оқытушылары түзген «Талап» қауымының Жарғысының толығырақ тоқталсақ: Жарғы 1923 жылы «Түркістан баспасөз тарату мекемесі» баспасында жарық көрген.
а) Қазақ – қырғыз халқының әдеби тілін ғылыми атауларын емілесі һәм басқа мәселелерді тексеру.
ә) Ұлт өнерін тәртіптеу.
б) Қазақ – қырғыз халқының тарихын һәм салтын тексеріп, қарастыру.
в) Қазақ-қырғыз мектептеріндегі оқыту мәселесін реттеп жөнге салу.
Жоғарыда көрсетілген мәслелерді жүзеге асыру үшін:
а) тақы, дәріс, баяндамалар жасауға
ә) білімге керекті мағлұматтар жию үшін, оқушылардың білімін арттыру үшін керуендер, қыдырыстар түзеуге
б) көрмелер ашуға
в) уақытша һәм белгілі мезгілмен шығып тұратын баспасөздер бастыруға
г) кітаптар, қолжазбалар, өнердің үлгілерін, ескіліктің тамтықтарын жинауына
ғ) білім, өнер жөнінде сіңген еңбектерді жарысқа, сынға салып, бәйге тігіп жүлде беруге
д) қазақ-қырғыз халқын ағарту жолында керекті мамандар шеберлер даярлау үшін курстар ашуға
е) қазақта жауапты аудармашылар, харіп түзушілер, уақытша һәм белгілі мезгілмен шығып тұратын баспасөздерге жазушылар басқа да қызметкерлер ұйымдарын ашуға
ж) қауымның көздеген мақсаттарын жүзеге шығару үшін өкімет мекемелерінен, әлеумет ұйымдарынан көмек қарастыруға қауым ерікті [70].
Қауым Жарғысының мұнан кейінгі 25-ші бабында оның құрылымы, құрылысы, қаражаты, мүшелері жиылыстары жөнінде сөз болады, Жарғы бойынша қауымның бөлек губерния, уездерде бөлімшелері ашылуға тиісті болды. Қауымға түсетін қаржының төрт көзі бар:
1) мүшелік жарна, 2) жәрдемдер, 3) өкімет пен ұйымдар тарапынан көмек, 4) қауым ұйымдастырған баспасөз сату, дәріс оқу қойлымдардан түскен қаржы.
Ташкенттен шығып тұрған «Ақ жол» газеті сол жылы 253 – нөмірінде «Бізде алға басудамыз» атты мақаласында «Тана» деп қол қойған тілші былай деп жазады «Талап қауымының ұстаған жолы қазақ жұртының мәдениетін ілгері бастыру. Мұның үшін оқу жолына белсеніп кірісу, әдебиетін жинау, газет жорналға айқын көзбен қарап шығысын жиілетіп, бағытын елге желікті қылу, қазақтың ескі өнерлерін тексеру т.б. «Ақ жол» газеті сол жылы 262 –нөмірінде «Талап» қауымының жол-жобасы, көздеген мақсаты турасында таныстыру мақаласын жариялайды. Ташкенттегі «Талап» қауымы өзінің алғашқы бет алыстарын қомақты тарихи орны бар тақырыптарды ашудан бастайды. Айталық 1923 жылдың 29 наурызында «Ақ жол» газеті Ташкентте «Талап» төңірегінде деп аталатын редакциялық мақаласында төмендегі жаңалықты хабарлайды. «Талап қауымына соңғы өткен екі жұмада екі лекция болып өтті. Бұның бірі Мырзағасының баяндамасы «Алтынсарин өмірі һәм істеген істерінің жайынан» екінші лекция Мағжандікі - Абай өлеңдері туралы». Баяндамашылардың екеуі де алған мәселелерін жете тексеріп толық мағлұмат жинағандықтан, жиылған жұртқа ескі қазан заманының екі ардақты адамы – Алтынсарин мен Абай жайынан бірталай жаңа сөздерді айтып берді. Мұнан кейін газет редакциясы баяндамалардың мазмұнына аз – кем кідіріп, дәрісшілердің сүбелі ойларын келтірді.
Мәселен, Мырзағазы тыңдаушылар Ыбырайды толық білмейтінін ескеріп, өмірі мен шығармаларын толық құлақтанды етеді. Ал Мағжан баяндамасы, газет қызметкерлерінің пікірінше: бұл күнге шейін Абай жайанан сөйленіп жүрген сөздердің ең толығы болды. Мағжан Абайдың өлеңдегі жетістігінің сырына ақындық қуаты күшейіп кеткен уақытта қандайлын басқышқа жеткендігіне дана ақынның пікіріне тоқталып, жиналғанды тәнті еткен көрінеді [71].
Тарихи қазба мұралар мен жазу мұраларын қолжазбаларды жинау барысында түрліше талқы, дәріс, баяндамалар жасап ғылымилығы арта түскен «Талап» қоғамы кейінірек ұлтшылдық деген айыппен жабылып қалды [72].
Ұлты үшін қызмет еткен көзі ашық азаматтар Түркістан республикасындағы жалғыз қазақ халқының жоғарғы білім ордасы Қазақ Халық Ағарту институтының материалдық білім базасын күшейту мақсатында, қазақ оқушыларының зайырлы өмірін тануға көмектесетін оқу –құралдарды республикадағы Мемлекеттік Ғылыми Кеңес жанынан құрылған Қазақ Ғылыми Комиссиясының қолдауымен біраз рухани құндылықтарды шығарды. Бұл әрекет Х.Досмұхамедовтың мемлекеттік баспаханасың Шығыс бөлімін басқарып тұрған кезде үлкен қарқын алды. Әрине алғашқы кезінде шығарылған дүиниелер саны аз болса да, сол кезеңнің үлкен жетістігі еді.
Өзбек ғылыми комиссиясы
1918 жылы Түрік секциясының құрамында жұмыс жасаған өзбек ұлтының ғалымдары 1920 жылдыңт басында Мемлекеттік ғылыми кеңесінің Өзбек ғылыми комиссиясы болып жұмыс жасай бастады.
Өзбек ғылыми комиссиясы ел қолында жүрген құнды қолжазбаларды ғылыми айналымға енгізу мақсатында Бұқара қаласына арнаулы комиссия жіберіп Аляма – Замахтар сөздігін, Мирзамның «Тухфан – Шахи», Мухамед Чкубтың «Гульшанул Мулк» өзбек хаық әндерінің қолжазбаларын зерттеуге алдыртты.
Өзбек ғылыми комиссиясы «Балалар әлемі» ғылыми танымдық журналын шығарды. Кейіннен «Шығыс гүлі» деп аталған ғылыми журнал қаржылай қиындықтарға байланысты 3-і номерінен кейін үзіліп қалды. Этнографиялық материалдар жинауға Ферғана облысына комиссияның ғылыми қызметкері Гулям Зафариді 1921 жылы 14 наурызда арнайы жіберді.
Өзбек ғылыми комиссиясы бар күш жігерін оқу құралдарын шығаруға жұмсады. өзбек тіліндегі оқу танымдық құралдарының жоқтығы комиссия жұмысының жұмысын жедел оқулықтар шығаруға жұмсауға тура келді.
Жедел жұмыстардың арқасында өзбек ғылыми комиссиясы мынадай оқу құралдарын шығарды. «Геометрия» (бастауыш мектеп үшін) «Езу-Юлари» (орфография сұрақтары) «Узбекчи Укуш» (3 том) «Педагогика» (татар тілінен аударма) «Узбек элиппесі» «Түркістан Географиясы (Орыс тілінен аударма) «Алгебра оқулығы» «Физика және Химия (татар тілінен аударма) және де өзбек ақындарының қолжазбасы негізінде баспадан мына кітаптар жарық көрді.
Чулпан ақынның жыр жинағы.
«Ұйғаныш» «Ильбек’ а» «Козчи» балаларға арналған тақпақтар жинағы.
«Осломиат отаги» пъесасы
«Ескі мектеп өмірі» романы [73].
Ғылыми комиссия Өзбек халық ағарту институты мен және ғылыми педагогикалық комиссия қызметкерлерімен бірге отырып Өзбек мектептерінің бүгінгі жағдайында оқулықтар шығару жайында көптеген жиындар өткізіп, пікір алмасып отырды.
1921 жылы Өзбек ғылыми комиссиясы өзбек мәдени, ағартушылық саласының қызметкерлерінің съезін шақырып онда ағарту мәселесіндегі орфография, терминология, әдеби оқулықтар жайының төңірегінде ауқымды мәселелер көтерілді. Бұл съезге ғылыми кеңес төрағасы И.Ходжаев, профессор А.Э.Шмидт, профессор Е.Д.Поливанова, Халық ағарту комиссарының орынбасары Т.Аликов қатысты.
Съезде талқыланған мәселелер бойынша съезге қтысушылар мынандай қарар қабылдады.
Оқу және жазуды оңтайландыру мақсатында өзбек тілінің орфографиясын реформалау.
Өзбек тілін латын алфавитіне көшіруді қарастырғанға дейін араб алфавитінде қалу.
Өзбек тіліне енген шет ел тілдерін өзбек тілінің орфографиясымен жазу.
Өзбек мәдени ағарту саласы қызметкерлерінің съезді Өзбек ғылыми комиссиясының алға жылжуына көп септігін тигізді.
Ғылыми комиссия ғылыми танымдық оқулықтар шығаруды ары қарай кірісіп этнографиялық деректерді ғылыми айналымға енгізуге кірісті. 1922 жылы өзбек ғылыми комиссиясына төраға болып машрых Юнус мүшелері болып Шакирджан Рахими, Ғази Юнусов тағайындалды.
Ғазы Юнусовтың басшылығымен 1923-1924 жылы көшпелі өзбек ұлтының тұрмысын зерттеу үшін екі рет ғылыми экспедициялар ұйымдастырып, өзбек ұлтының көшпелі мәдениетін ғылыми зерттеуге жол ашылды. Ғылыми қызметкерлердің жетіспеуі Өзбек ғылыми комиссиясы үшін өте қиын болды. Мәдениет, руханият саласының кейбір жұмыстары мүлдем тоқтап қалған. 1918 жылдың басында Түрік секциясының негізінде құрылған Өзбек ғылыми комиссиясы қоғамда ғылыми танымның алға жылжуына қоғамда ғылыми танымның алға жылжуына көп үлес қосты. Комиссияның жұмысының арқасында түрлі оқулықтар шығарылып, білім ғылыммен ұштасты.
Түркімен ғылыми комиссиясы.
1918 жылы Түрік секциясының бөлімі болып жұмыс жасаған Түркімен ғылыми комиссиясы 1922 жылдың мамыр айынан бастап Мемлекеттік ғылыми кеңестің ғылыми ұлттық бөлімі ретінде жұмысын бастаған болатын, мәдени ағартушылық жұмыстарының Түркімен өлкесінде мардымсыз болуы ғылыми комиссия жұмысын қиындатты. Комиссия төрағалығына И.Бориев мүшелігіне, Гелдиев, Қарақұлов сайланды. Профессор Е.Д.Поливанованың нұсқауымен Мемлекеттік ғылыми Кеңес комиссия жұмысының жандануына көп көңіл бөлді.
Осының арқасында түркімен тілінде мынадай оқу құралдары шыға бастады.
Н.Н.Иомудскийдің «Иомудтардың дүниетанымы мен табиғаты (түркімен халқының тұрмысы жайлы)
- Педагогикадан жетекші құрал.
- Анатомия 4 том, арифметика, география, геометрия (орыс тілінен аударма) [74].
Түркімен халқының этнографиясын ғылыми айналымға енгізу үшін экспедициялар ұйымдастырылып комиссия мүшесі Қарақұлов түркімен халық ауыз әдебиетін қағазға түсірді.
Түрлі экспедициялар мен зерттеу жұмыстары
Түркімен фольклорының дамыуна септігін тигізді
Мемлекеттік ғылыми кеңес Түркімен ғылыми комиссиясының өте баяу әлсіз жұмысын ескере отырып 1923-24 жалдары Түркістан мемлекеттік университетінің оқытушыларымен бірлесіп жұмыс істеуіне жағдай жасайды. 1922 -24 жылдары Түркістан ғылыми комиссиясы ғылыми қызметкерлер жетімсіздігіне қарамастан 1921 жылы қойылған мақсатты орындап Түркімен ұлтының ғылым жолын игеруге септігін тигізіп ғылымның дамуына, ұлттық ғылымның серпін алуына айтарлықтай жұмыс жасады.
Ғылыми комиссияныңауыр жүгін арқалаған Түркімен ұлтының зиялы азаматтары Гельдиев, Караханов, Бориев сынды тұлғалар ұлт келешегінің жолын ғылыммен ұштастыра білді.
Тәжік ғылыми комиссиясы.
Түркістан өлкесінің ең көне халықтары Тәжік ұлттары арасындағы мәдени –ағарту жұмыстары тым жұтаң ұлттық комиссия деген атауы болмаса комиссияда тәжік ұлты жоқ комиссия жұмысын 1920-24 жылдары еуропалық ұлт өкілдері жүргізген мемлекеттік ғылыми кеңес, ғылыми – педагогикалық комиссияның қызметкерлері бірлесіп жұмыс жасау барысында тәжік халқының ғылыми танымын көтеру мақсатында тәжік мәдениетіне жақын иран оқымыстыларын шақыруға мемлекеттік ғылыми кеңес 1922 жылы 18 шілдеде арнайы шешім қабылдады [75].
Ғылыми – педагогикалық комиссиямен бірлесе отырып бірнеше оқу құралдары жасалды.
Арифметика
География және хрестоматия
Тәжік халқының тұрмысы
Этнографиялық – ғылыми комиссиямен бірлее отырып тәжік этнографиясын зерделеу қолға алынды.
Тәжік ғылымының кенжелеп қалуы ғылымға деген ұмтылыстың жоқтығы Тәжік халқының ғылымға кешеуілдеп қалуына себепші болды.
Ғылыми – этнографиялық комиссия.
Түркі халықтарының тұрмыс жағдайын, мәдениетін руханиятын ғылыми танымға енгізуді мақсат тұтқан комиссия жұмысына профессор Шмидт профессорлар Кун, Андреев, этнограф Ә.Диваев профессор Фалев қатысып, жыл сайын жұмыс зерттеу қортындысын Ғылым Академиясына баяндап тұрды. Акалемик В.Бартольдтің келуі Ғылым Академиясының комиссияға барлық жағдай жасауы жұмыстарды алға жылжытты. 1921 жылы Сырдария мен Самарқанд облысына экспедициялар жіберілді.
Сырдария экспедициясына этнограф Ә.Диваев жетекшілік етіп үш апта бойы Қазалы уездінде Қазақ халқының тұрмысын зерттеп тарихи – географиялық атаулар жинағын жинақтап ежелгі қазақ ұлтының ерекшліктерін ғылыми танымға негіздеді.
Самарқанд экпедициясына профессор М. Андреев жетекшліік етіп, Қаты – Қорған, Жызақ өлкесін зерттеді [76]. Алайда қаржы тапшылығынан экпедиция жұмыстары тоқтап қалды.
1922 жылы Ташкент, Шымкент, Түркістан уездеріне түрлі экпедициялар ұйымдастырылды [77].
1923 жылы Әулие ата, Ақмешіт, Мырзашөл уездерінде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қазақ, өзбек халықтарының тұрмысы, көшпелі мәдениеттері араб мәдениетінің ықпалдары, ежелгі дәстүр қалдықтары түркі халықтарының мәдени ұқсастықтарының ерекшеліктері зерттелді [78].
Түркі халықтарының тұрмысын, салтын, әдеп-ғұрпын, көшпелі мәдениетін ғылыми зерттеу арқылы комиссия өте бай зерттеу жұмыстарының жиынтығын жасады. Түркі халықтарының өмір сүру ерекшеліктерін, түркі халықтарының этнографиясын әлем халықтарының этнографиясына енуіне зор үлес қосты.
Ғылыми – педагогикалық комиссия.
Оқу құралдарын жасау – комиссияның маңызды мақсаттарының бірі болды. Оқу құралдарының жоқтығы ұлттық мектептерде ғана емес еуропалық мектептерде де сезілді. 1921 жылы жұмыс жасай бастаған ұлттық комиссиялармен бірлесе отырып оқу құралдарының ғылыми маңызын, білім берудегі ерекшеліктерін комиссия ерекше бақылап отырды. Түркістан өлкесіндегі мектептерге арнап шығарылатын оқу құралдарының сапасын, ғылымилығын бақылау, орфография, терминология құрудағы жоспарларды комиссия барлық ғылыми комиссиялармен бірлесе отырып шешті.
Комиссия әдістемелік құралдар жасап шығара отыры, білім сапасын артуын да бақылап отырды. Түркістан тарихын оқытудың әдістемелік құралын шығарып мұғалімдерге жаңа әдістемелермен оқыту тәсілдерін жасады. Жалпы мектептерде оқушыларды оқу – тәрбие жұмыстарының жүргізудің эксперименталды психологиялық зерттеу жолымен шешіп мектептердегі білім сапасының артуы үлкен қосты комиссия педагогиканың жаңа жаңалықтарын мектептік жұмыс ендіріп отырды.
Музыка этнографиялық ғылыми комиссия.
Түркі халықтарының музыка мәдениетін зерттеуге негізделген комиссия жұмысы 1921 жылдан қарқынды жұмыс істеді.
Комиссия жұмысының зерттеу бағыттарының негіздері:
Халық әуендерінің сөзін, фольклорды зерттеу.
Түркі халықтарының музыкасының ритмін еуропа музыкасының ритмімен салыстыра зерттеу.
Жыр дастандардың айтылуын зерттеу
Түркі халықтарының ақын, жырау, әншілерінің өмірбаянын құру.
Ұлттық аспаптарды зерттеу
Ұлттардың, халық әуендердің тарихын ғылыми зерттеу
Ұлт аспаптарын жинау
Шығыс әуендеріне қатысты деректер жинақтау
Шығыс биін зерттеу
1921-24 жылдары комиссия 29 қазақ әндерін 5 өзбек әндерін 2 башқұрт, 5 дәстүрлі әндерді 25 ұлттық аспаптарды зерттеді.
Комиссия Шығыс музыка мәдениетін ғылыми зерттеп, Шығыс өнерінің әлем өнеріндегі ең бір қайталанбас ерекшеліктерімен ойып орын алатындығын дәлелдеді.
Достарыңызбен бөлісу: |