Атығай жалпы орта білім беретін мектебінің
«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫ
аясында атқарылып, жатқан іс-шаралар бойынша ақпарат
Жол картасы аясында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру бағытында «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша жоспар жасақталып, сол жоспар негізінде мектеп кітапханасында төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Жобаның мақсаты оқырмандардың кітап оқуына басшылық жасау, қызығушылықтарын ояту, қазақ ертегілерін насихаттау арқылы оқырманның бойына рухани құндылықтарды ұялату. Оқушылардың санитарлық гигиеналық талаптарды сақтай отырып, үзілісте бір мезет ертегілер оқуын ұйымдастыру, сыныптарды аралап, кітаптарды үлестірілді. Бастауыш сынып оқушылары «Әжемнің ертегілері», «Шаруа мен аю», «Андерсен ертегілері» кітаптарды оқып, «Қуырмаш», «Аяз», «Аққу қаздар» тағы да басқа ертегілерді оқып, тіл байлығын, сөздік қорларын дамытуда. Нәтижесінде оқырмандар кітапхана қорындағы көркем әдебиеттермен танысып, оның ішінде ертегілер еліне саяхат жасайды.
Сонымен қатар, демалыс кезіндерінде оқырмандардың бос уақытын тиімді өткізу үшін бастауыш сыныптар арасында қашықтықтан «Ертегілер әлемінен сыр шертейік» тақырыбында сурет байқауы, «Әжемнің ертегілері» атты оқу марафоны ұйымдастырылуда. Басты мақсат оқырмандар түрлі тақырыптағы ертегілерді оқи отырып, оқыған ертегілерінің желісі бойынша, мазмұнын дәріптеп сурет салу.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 5-9 сыныптар арасында да «20 минут оқыда, 3 минут эссе жаз» кітап оқу акциясы ұйымдастырылуда. Нәтижесінде оқырмандар белсене қатысып, үздік эссе жазған оқушылар марапаттау мен қатар эссені Республикалық сайттарға жариялауда.
Сонымен бірге 7-11 сынып аралығында «Сен кітапты қалай оқисың?», «Мектепке кітап сыйға тарту» акциясы акция-эстафетасы, «Өзің оқып өзгеге ұсын» Readx book өткізілді. Оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, тіл байлығын, білім көкжиегін кеңейтті. Оқырмандар өздері оқып танысқан көркем шығарманы өзге оқырмандарға жарнамалап, шеберлікпен насихаттап, оқуға кеңес беріп ұсынды.
Ұйымдастырылған іс шараның барлығы әлеуметтік желілердегі парақшаларға жариялануда.
Алдағы уақытта да «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жоспар бойынша жұмыстар жалғасын табады.