Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Лекциялар, практикалық, зертханалық сабақтар, СӨЖ, ОСӨЖ



бет24/70
Дата05.02.2022
өлшемі1,87 Mb.
#12495
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70

Лекциялар, практикалық, зертханалық сабақтар, СӨЖ, ОСӨЖ


Семестр

3

Модульге жауапты

Арапов Б.Р,Әлібеков О.Б.

Доцент/оқытушы

Профессор, доцент

Жұмыс тілі

Қазақ тілі, орыс тілі

Оқу жоспарымен ара қатынасы

Міндетті компонент (МК)

Оқыту формасы, аакадемиялық сағат саны

Дәріс 15 сағат, практикалық – 15 сағат, зертханалық – 15 сағат, ОСӨЖ-45 сағат, СӨЖ- 45сағат.

Еңбек сыйымдылығы

135 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

ЕСТS 3

Модуль шеңберіндегі оқыту әдісінің шарттары

Курс переквизиттері: математика, физика, инженерлік графика, теориялық механика

Білім беру мақсаты/хабардарлылық

Курс мақсаты мен міндеттері
Курстың мақсаты: Машина бөлшектерін беріктікке, қатаңдыққа және орнықтылыққа есептеудің классикалық және қазіргі заманғы тәсілдерін үйретіп, болашак мамандыққа кажетті тәжірибе жинақтауларына ықпал жасау
Курстың міндеттері:
Студент а) білуі керек:
- пәнде қабылданатын негізгі жорамалдарды, принциптері мен ұйғарымдарды; пәннің басқа пәндермен байланысын; құрылым элементтеріне әсер етуші сыртқы күштерді анықтауды; денеде пайда болатын деформациялардың түрін ажыратуды;
- ішкі күштермен кернеулерді анықтап олардың эпюраларын тұрғызуды қауіпті нүктелердің орнын анықтау тәсілдерін;
- денелер әртүрлі деформацияланғанда оларды беріктікке және қатаңдыққа есептеудің негіздерін;
- материалдарға әсер ететін температуралар мен конструкцияларды қүрастыру кезінде пайда болатын кернеулерді анықтап оларды беріктікке есептеуде ескеруді;
ә) студент орындай алуы керек:
- қондырғылар бөлшектері мен қүрылыс конструкциясының элементтерінің, өз мамандығына сәйкес есептеу кескіндерін таңдауды және салуы;
- қарапайым беріктікке есептеулерді;
- статикалық анықталмаған есептерді шешуді.

Мазмұны

Дәріс мазмұны: 1.Кіріспе. Пәннің машина жасау саласында алатын орны, қысқаша даму жолы. Есептеу сүлбелерін құру. Сыртқы күштер түрлері. Негізгі болжамдар. Кернеу және деформациялар. Кернеулі және деформацияланған күилер.
2.Түзу сырықтардың созылуы және сығылуы. Ішкі күштер, олардың эпюрі, толық, тік және жанама кернеулер. Гук заңы. Бойлық деформациялар, потенциялды энергия. Жергілікті кернеулер. Сынақ түрлері.
3.Конструкциялық материалдардың созылу, сығылу кезіндегі механикалық сипаттамалары. Созылу диаграммасы, нақты созылу диаграммасы. Ығысу жолақтары, дислокация ұғымы. Материалдың пластикалық және морт күйлері. Беріктікке есептеу түрлері. 4. Кернеулі - деформацияланған күй теориялары. Басты кернеулер, кернеулер эллипсойды. Кернеулер инварианты, кернеулі күй диаграммасы. Нүкте айналасындағы деформацияланған күй, басты деформациялар, жалпыланған Гук заңы, көлемдік деформация. Меншікті потенциалды энергия.
5. Ығысу деформациясы. Ығысу жағдайындағы кернеулі күй. Жанама кернеулердің жұптық заңы. Ығысу кезіндегі тік кернеу, Гук заңы, модулі. Ығысу диаграммасы. Тойтарма шегелер мен пісіріп жалғанған қосылыстарды беріктікке есептеу.
6.Түзу біліктердің бұралуы. Бұраушы моменттердің эпюрлерін салу. Кернеулердің таралуы. Беріктікке есептеу. Тиімді қималар түрі. Бұралу бұрышының эпюрлерін салу. Қимасы дөңгелек емес қималардың бұралуы. Статикалық түрда анықталмаған біліктер. Оралған серіппелерді беріктікке есептеу. 7. Жазық қималардың геометриялық сипаттамалары. Орталық өстер, ауырлық орталық. Қиманың статикалық, өстік өрістік, орталықтан тепкіш инерция моменттері, олардың өстерді параллель қозғағанда және бұрғанда өзгеруі. Бас инерция моменттері, құрама қималар. 8.Түзу сырықтардың иілуі (арқалықтар). Ішкі күштерді анықтау, эпюрлерін тұрғызу. Арқалықтың қимасындағы тік кернеу, оның беріктікке есептеуі. Қиманың тиімді пішіндері. Жанама кернеу, Журавскийдің формуласы, арқалықты беріктікке толық тексеру.
9.Арқалықтардың деформация-ларын анықтау. Иілген өстің диференциалды теңдеулерін қолдану. Деформацияларды анықтауда деформацияның потенциалды энергиясын пайдалану. Мор интегралы, Верещагин тәсілі, Кастильяно теоремасы.
10.Пластикалық және беріктік теориялары (болжамдары). Беріктік теориялары. Эквивалентті кернеулер. Беріктік теорияларының қолдану шектері. 11.Күрделі қарсыласу. Қиғаш иілу, иіліп созылу әрі сығылу, иіліп бұралу. Бейтарап сызықтың және қауіпті нүктелердің орнын анықтау. Беріктікке есептеу. Кеңістік жүйелердегі ішкі күштерді анықтау, қауіпті қима орнын табу. 12.Статикалық түрде анықталмаған сырықтар жүйесі. Жүйенің еркіндік дәрежесі, сыртқы және ішкі байланыстар, негізгі және барабар жүйелер. Күштер тәсілі, көп тіректі сырықты есептеу ерекшелігі. 13. Деформацияланатын серпімді жүйелердің тепе-теңдік күйінің орнықтылығы. Тең орнықтылық, бекіту шарттары, дағдарыс күш, Эйлер және Ясинский формулалары. Орнықтылық шарты, орнықтылыққа есептеу тәсілі. 14.Жүйелерді пластикалық деформациялар жағдайында есептеу. Деформациялану диаграммаларын ықшамдау (үлгілеу). Сырықтардың серпімді–пластикалық иілуі және бұралуы. Шекті (межелік) июші және бұраушы моменттер. Беріктікке есептеу.
15.Динамикалық күштер әсеріне беріктікке есептеу, Даламбер принципі, инерция және соққы күштері, серпімді тербелістер. Дүркінді өзгеретін кернеулер жағдайындағы беріктік, қажу диаграммасы, төзімділік шегі. Машина бөлшектерінің төзімділігін арттыруға бағытталатын шаралар.
Практикалық сабақтардың мазмұны: Статикалық анықталған созылу мен сығылу есептері. Статикалық анықталмаған созылу мен сығылу есептері. Стерженнің бұралуы. Статикалық анықталған және анықталмаған есептері. Жазық қималардың геометриялық сипаттамалары. Арқалықтар мен рамалардың ішкі күш факторларын анықтау. Статикалық анықталмаған арқалықтарды есептеу. Арқалықтың бұрылу бұрышы мен майысуын анықтау. Қиғаш иілу мен иіліп сығылуға есептеу. Иіліп бұралу кезінде беріктікке есептеу. Жалпы жүктелу жағдайында беріктікке есептеу. Жұқа қабырғалы қабықшаларды беріктікке есептеу. Сығылған стержендерді орнықтылыққа есептеу. Соқы кезінде және инерция күштерін ескере отырып созылу мен сығылу Төзімділікке есептеу. Серпімді шегінен асуды есептеу.
Зертханалық сабақтардың мазмұны: Пластикалық және морт материалдардан жасалған үлгілерді созуға сынау. Созылу диаграммасын алу және өңдеу. Пластикалық және морт материалдардан жасалған үлгілерді сығуға сынау. Сығылу диаграммасын алу. Болаттың серпімділік модулі мен көлденең деформация еселігін (коэффициентін) анықтау. Пластикалық және морт материалдарды бұралуға сынау. Көлденең иілу кезіндегі сырық қимасындағы тік кернеудің таралу заңдылығын зерттеу. Оралған созылу - сығылу, бұралу серіппелерінің сипаттамаларын анықтау. Екі аралықтан тұратын арқалықтың ортаңғы тұғырының реакциясын анықтау. Қиғаш иілу кезіндегі сырықтағы кернеулер мен орын ауыстыруларды анықтау. Орталықтан тыс сығылу-сығылу кезіндегі сырықтардың қимасындағы кернеулердің таралу заңдылығын зерттеу. Бойлай сығылған жұқа сырықтардың орнықтылығын зерттеу. Дағдарыс күшінің шамасын анықтау. Орын ауыстырулардың өзара теңдігі жайындағы теореманы тәжрибе жүзінде зерттеу. Соққы кезіндегі динамикалық тұтқырлық еселігін анықтау. Қажуға төзімділікті зертеудің әдістемесімен танысу. Өлшенген деформациялар бойынша күштерді анықтау тәсілдерімен танысу. Қорытынды. Перспективалық жаңа сынақ түрлері мен қондырғылары туралы мағлұматтармен танысу.

Оқу-іс әрекетінің нәтижесі-қорытынды тексеру формасы

Пәнді оқу барысы және емтихан тапсыру процессінде студент конструкция элементтерінің және машина бөлшектерінің кернеулі күйлерінің негізгі түрлерін, және сонымен қатар, беріктікке, қатаңдыққа және орнықтылыққа есептеудің жобалық әдістерін білуі тиіс. / Үлгерімнің ағымдық бақылауы, қорытынды бақылау (емтихан).

Оқытудың электрондық және техникалық құралдары

Таратылатын материал – 15 дәрістер, плакаттар – 31 дана., слайдтар –. ...., компьютерлік бағдарламалар – ..... МВ, мультимедиа – ....... МВ, зертханалық әмбебап стол қондырғылары және стенділер – 18 дана .

Пайдаланатын әдебиеттер

Негізгі әдебиет:
1. М. Үркімбаев, С. Жүнісбеков «Материалдар кедергісі». Алматы. «Білім», 1994.
2. «Сопротивление материалов» Под общей редакцией А.Ф. Смирнова М., «Высшая школа», 1975.
3. Качурин В.К. «Сборник задач по сопротивлению материалов». Москва, «Наука», 1972.
4. А.В. Дарков, Т.С.Шпиро «Сопротивление материалов». М., «Высшая школа», 1975.
5. Н.М. Беляев ''Сопротивление материалов». М., «Наука», 1976.
6. Феодосьев В.И. Сопротивление материалов. М., МГТУ им. Н.Э.Баумана, 2000.-592с.
Қосымша әдебиет:
1. В.И. Самуль "Основы теории упругости и пластичности" Москва. "Высшая школв" 1982.
2. А.И. Айнабеков и другие «Учебное пособие к решению задач по сопротивлению материалов». РИК, Шымкент 1999.
3.А.И.Айнабеков, Б.Р.Арапов «Материалдар кедергісі», 1 – бөлім қарапайым деформациялар. Оқу құралы. ОҚМУ баспа орталығы, 2007, 108 б.
4. А.И.Айнабеков, Б.Р.Арапов «Материалдар кедергісі», ΙΙ – бөлім күрделі деформациялар. Оқу құралы. ОҚМУ баспа орталығы, 2008, 72 б.
5. А.И.Айнабеков, Б.Р.Арапов «Материалдар кедергісі» және «Инженерлік механика» пәндерінен зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. ОҚМУ баспа орталығы, 2008, 64 б.
6. А.И.Айнабеков, Б.Р.Арапов «Материалдар кедергісі» және «Инженерлік механика» пәндерінен лекциялар конспектілерінің жинағы. ОҚМУ баспа орталығы, 2008, 7. Кафедра ұжымының құрастырған оқу әдістемелік құралдары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет