Ф 11-18 Жошыбаева Д. А



бет24/45
Дата16.02.2023
өлшемі1,49 Mb.
#169075
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
Қазақстан Республикасының Үкіметі қорды басқару кезінде мына өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) есептемені жасау ережелерін, ақшаны қорға есепке алу және оны пайдалану тәртібін әзірлеп, бекітеді;
2) Ұлттық банкпен бірлесіп ақпараттық материалдардың және қорды басқарумен байланысты қызмет бойынша қаржылық есептеменің графигін жасап, бекітеді;
3) Президентке қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы есепті және Парламентке қорды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді;
4) қордың жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізуді қамтамасыз етеді;
5) қорды қалыптастыру мен пайдаланудың бухгалтерлік есебін қамтамасыз етеді;
6) қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қорды сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалынған сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады:
1) Қорды оның бір бөлігін сыртқы басқарушыны басқаруға беруді қоса дербес инвестициялау;
2) инвестициялық операцияларды жүзеге асырудың ережелерін әзірлеп, бекіту;
3) Үкіметке қорды сенімгерлік басқарудың нәтижелері туралы есепті ұсыну;
4) сенімгерлік басқару туралы ережелер мен шартта қарастырылған өзге өкілеттіктер.
Қорды тиімді сенімгерлік басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банктің шешімімен арнаулы лауазымды тұлғаны (Ұлттық банк төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) — өкілетті өкілді анықтайды, оның өкілеттігіне Ұлттық банктің атынан қорды сенімгерлік басқару жөнінде шешімдерді оперативті қабылдау кіреді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банк қорды басқару мәселелері бойынша болжамды іс-әрекеттер мен қол жеткен нәтижелер туралы бір-біріне ақпарат беріп отыруға міндетті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржылық активтерге және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастыру жөнінде ұсыныстар талдап-жасайтын консультациялық - кеңесші орган болып табылады.
Кеңестің негізгі міндеті қорды пайдалану мәселелері бойынша Президентке жәрдемдесу және ұсыныстар жасау болып табылады. Кеңестің мәжілістері Президенттің немесе оның тапсыруы бойынша Кеңес мүшелерінің бірінің төрағалық етуімен жүргізіледі және хаттамамен ресімделеді. Кеңес шешімі Кеңес мүшелерінің жалпы санының жай кеп даусымен қабылданады және заңнамамен бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен іске асырылады. Кеңестің құрамына мыналар кіреді: Қазақстан Республикасының Президенті, Премьер-министрі, Сенаттың төрағасы, Парламент мәжілісінің төрағасы, Президент Әкімшілігінің басшысы, Ұлттық банктің төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы.
Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің функциялары:
1) Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;
2) қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау және талдап-жасау;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржы активтерін және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесі жөнінде ұсыныстар талдап-жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Президент бекітеді.
Жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1-сәуіріне дейін Ұлттық банкпен бірлесіп қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1-сәуірінен кешіктірмей Президентке бекітуге табыс етеді.
Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.
Қордың қалыптастырылуы және пайдаланьшуы туралы жылдық есеп мыналарды кіріктіруі тиіс:
1) Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;
3) Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге де мәліметтер. Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды немесе аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде және Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нөтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.
Ұлттық қор қызметі туралы 2003 жылғы есеп бойынша қордың таза активтерінің есімі 2002 жылғы 57,5%-дың орнына еткен жылы 76,6% құрды. Ұлттық қордың жалпы рыноктық құны жыл ішінде 1919 миллионан 3662,7миллионға өсті. Активтер өсімінің негізгі үлесі экономиканың шикізат секторы кәсіпорындарының нормативтен тыс пайдасынан алынған кірістерге тиеді. Мұндай конъюнктура мұнайға жоғары әлемдік бағаның арқасында қалыптасып отыр.
Қор активтерінің орташа пайдалылығы оның қызметінің барлық жылдары ішінде 4,23%-ға бағаланады.
2003 жылы Ұлттық қор активтерінің пайдалылығы 8,69% құрды, өткен жылы 222,8 миллион доллар мөлшеріңце инвестициялық кіріс алынды. Сонымен бірге тұрақтандырушы портфелдің пайдалылығы 1,87%-ға тең болды, ал қордың негізгі бөлігін құрайтын жинақтаушы портфель 11,98% пайдальшық берді.
Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның қалыптасуының тұрақтылығы шындап күман тудырмай қоймайды. Қор табысының толымдылығы көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктурамен, ұзақ уақыт бағаның мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр.
Бюджет кодексіне сәйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері республикалық бюджеттен түсетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10%), сондай-ақ шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсу көлемі болып табылады. Сөйтіп қорды қалыптастыру көздері жеткілікті сияқты болғанымен бірақ бұл оның түрақты толымдылығына кепілдік бермейді.
Инвестициялық кірістердің бірде болуы, бірде болмай қалуы мүмкін, сондықтан қордың инвестициялық кірістері оған түсетін түсімдердің тұрақты көзі ретінде қарастырылмайды.
Мемлекеттік бюджеттен берілетін трансферттер сияқты көзіне келетін болсақ мұнай мен металдарға бағаның ұзақ уақыт төмендеуі кезінде олар едәуір қысқарады. Бұл жағдайда, керісінше, Ұлттық қордың қаражатынан бюджеттің ысыраптарын өтеуге тура келеді. Мемлекеттік меншікті жекешелендіруден түсетін кірістер мен бонустар біржолғы болып табылады, оларды да қорды қалыптастырудың тұрақты көзі деп атауға болмайды.
Сараптаушылардың көзқарастары бойынша тап табиғи рента ғана қор кірістерінің негізгі көзі болуға тиіс және де оны алу кен өндіруші сектор кәсіпорындарының салық ауыртпалығын арттырмайды: табиғи рентаны алу кен-геологиялық жағдайлары әр түрлі кәсіпорындар қызметінің жағдайларын теңестіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет