5. Саясаттанудың функциялары: прагматикалық, түсіндірушілік, болжам жасаушылық, аксиологиялық, тәжірибелік, т.б. Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді атқарады. Саясаттану ғылымы да мынадай қызметтер атқарады:
Танымдық қызметі.Саясаттану қоғамдағы оқиғаларды танып білуге олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.
Бағалау қызметі. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс- әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Қоғамдағы саяси оқиға мен құбылыстарды бағалау арқылы көпшілік оны ақтайды немесе қаралайды.
Саяси әлеуметендіру қызметі. Демократиялық мемлекеттерде ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады. Қазіргі кезеңде азаматтарымыздың саяси құндылықтарында қайшылықтық тұстар байқалуда. Бұл саяси әлеуметтендіру жұмысын жетілдіруді қажет етеді.
Реттеушілік, басқарушылық қызметі. Бұл қызмет арқылы саясататну ғылымы адамдардың саяси өмірінде өзін- өзі ұстауын іс-әрекетін реттейді. Саяси дамудың бағдарын бақылай отырып саясаттану қоғамдағы оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәліметтер береді.
Саяси өмірді жетілдіру қызметі. Бұл ғылым саяси инситуттар мен қатынас-тарда, басқаруда реформалар жасап, оларды байта қарауда теориялық негід болады. Оның көмегімен заңшығарушы атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар, саяси басшылық шешімдер алдан- ала тексеріліп зерттеледі, қоғамда болып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан тал-данады.
Болжау қызметі. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін сол күйінде бейнелеумен тоқтамайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми болжаумен аяқталуы тиіс.
sБақылау сұрақтары: 1. Саясат дегеніміз не?
2. Саясаттану пәні нені оқытады
3. Саясаттану функцияларын ашып көрсету?
4. Саяси ғылым жүйесі қандай құрамдас бөліктерден тұрады?
5. Саясаттануды оқытуда қолданылатын қандай әдістерді білесіз?