Ф 11-19 Турекулова Ж. Е



бет8/98
Дата02.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#116903
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   98
Байланысты:
Ф 11-19 Турекулова Ж. Е

Әрбір институт:

белгілі бір қызмет аясын;

белгіленген құқықтар мен міндеттер негізінде қоғамдық, ұйымдық немесе басқару функцияларын орындауға өкілетті адамдар тобын;

ресми тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың ұйымдық нормалары мен принциптерін;

қойылған міндеттерді шешуге қажетті материалдық құралдарды (қоғамдық ғимараттар, құрал-жабдықтар және т.б.) қамтиды.

Қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастарды тәртіпке келтіру, ресмилендіру және стандарттау процесі институционалдандыру деп аталады. Қоғамның белгілі бір байланыстардың әлеуметтік ұйымдастыруға қажеттілігін ұғынуы барысында сол қажеттілікті қанағаттандыра алатын әлеуметтік нормалар, ережелер, мәртебелер мен рөлдер бекиді. Әлеуметтік институттың қызмет атқаруына жәрдемдесетін жалпы мақсаттар, топтар және ұйымдар қалыптасады, институттың барлық мүшелерін қамтитын нормалар мен санкцияларды қолдану рәсімдері, мәртебелер мен рөлдер жүйелері құрылады.

Неғұрлым маңызды қажеттіліктерді қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың бес негізгі түрі бар:

бала туу, өсуі (отбасы және неке институты);

қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп (саяси институттар, мемлекет);

тұрмыстық құрал-жабдықтар өндіру (экономикалық институттар, өндіріс);

білім беру, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлар даярлау (білім беру, ғылыми және мәдени институттар);

рухани мәселелер, тіршілік мағынасын шешетін қажеттіліктер (дін институты).

Әлеуметтанудағы институционалдық мектеп өкілдері (С.Липсет, Д.Ландберг және т.б.) берген институттардың жіктелуі назар аударарлық. Олардың пікірінше, әлеуметтік институттар төрт негізгі функцияны орындайды: қоғам мүшелерінің өсіп-өркендеуі; әлеуметтендіру; өндіріс пен бөлініс; басқару мен бақылау.

Экономикалық институттар (меншік, алмасу, ақша, банктер, шаруашылық ұйымдар) қоғамдық байлық өндірісін және бөлінісін қамтамасыз етеді, экономикалық өмірді басқа әлеуметтік салалармен біріктіреді. Саяси институттар (мемлекет, партия, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақтар) саяси биліктің белгілі бір нысандарын орнатуға және ұстап тұруға бағытталған. Әлеуметтік мәдени және тәрбие институттары мәдени және әлеуметтік құндылықтарды ұдайы өндіруді, жеке адамдардың әлеуметтік мәдени стандарттарды меңгеруін қамтамасыз етеді. Нормативтік-бағдарлаушы институттар жеке адамдардың мінез-құлқын моральдық нормативтер негізінде реттейді. Нормативтік-санкциялаушы институттар жеке адамдар мен топтардың белгілі бір мінез-құлқын заң актілерінде бекітілген нормалар, ережелер мен санкциялар негізінде алдын ала ұйғарып отырады. Рәсімдік-символикалық және жағдайлық-конвенционалдық институттар топтық және ұзақ байланысулар барысында жасалған нормалар мен ұйғарымдарды қамтиды.

Институттардың мойындалған мақсаттары ретінде оңай танылатын айқын функциялары, сондай-ақ әдейі емес немесе жасырын жүзеге асырылатын латентті функциялары болады.

Өзінің базалық қоғамдық функциясын жүзеге асыру үшін әрбір әлеуметтік институт қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатымен адамдардың бірлескен қызметін қамтамасыз ететін функцияларды атқарады. Ең алдымен, институт қоғамдық қатынастарды бекітеді және ұдайы өндіреді. Бұл институттың әрбір мүшесінің қызмет ететін шеңберлерін белгілейтін мінез-құлықтың ережелері мен стандарттық нормалары жүйесінің арқасында мүмкін болады. Әлеуметтік институттардың жұмыс істеуі қоғам мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынасты рөлдік талап ету-күту арқылы реттеуді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік бақылау қоғамда белгіленген және қабылдайтын мінез-құлық үлгісін сақтауды қамтамасыз етеді.

Институттардың ықпалдастық қызметі де маңызды болып табылады. Институттандырылған нормалардың әсерімен әлеуметтік топтар мүшелері бірігуінің, өзара тәуелділіктері мен жауапкершіліктерінің, өздерінің мақсаттарын салыстыруының әлеуметтік процестері табысты жүреді.

Әлеуметтік институттың трансляциялаушы қызметі қоғамда жинақталған әлеуметтік тәжірибе беруді қамтамасыз етеді. Жеке адамды әлеуметтендіру, тәрбиелеу және дамыту процестері арқылы алдыңғы ұрпақтың нормативтік-құндылық элементтері, тыныс-тіршілігінің тәжірибесі игеріледі.

Институттардың коммуникативтік мүмкіндіктері арқылы олардың ішінде туындаған ақпарат оның құрамына енген жеке адамдар мен топтар арасында да, институттар арасында да таралады.

Әлеуметтік институттардың айқын функциялары күтілетін және қажетті болып табылады. Егер де институт оларды игере алмаса, онда ол сөзсіз таратылады және өзгерістерге ұшырайды. Алайда, әлеуметтік институттардың іс-әрекеттерінің жоспарланған нәтижелерімен қатар жасырын, түсініксіз не болмаса алдын ала жоспарланған нәтижелер де болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет