Ғ. Ақтаев атындағы №6 орта мектебінде 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай өткізілген іс-шаралары туралы ақпарат



Дата08.06.2018
өлшемі15,51 Kb.
#41400
Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінде

22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай

өткізілген іс-шаралары туралы ақпарат
Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінде 22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес 13.03.- 20.03.2017ж. күндері аралығында өткен «Наурыз – жыл басы» атты апталығы өтті. Қазақтың ұлттық киімін насихаттау мақсатында мектеп ұжымы кәжекей мен камзол киіп жүріп, ал оқушыларға бір апта бойы мектеп форманың орнына қазақтың ұлттық киімін киюге рұқсат берілді.
13.03.2017ж. күні апталықтың ашылуы туралы хабарланды. 14.03.2017ж. күні сағат 12.00-де 3- кластардың өнерпаз оқушыларының қатысуымен «Бақ берекем, құт мерекем – әз Наурыз!» тақырыпта танымдық-музыкалық сағаты өтті. Танымдық-музыкалық сағатының жүргізушілері көрісу күнінің шығу тарихын, маңыздылығын айта отырып, сұрақ – бізден, жауап – сізден аудиториямен жұмысты және ұлттық ойындарын өткізе білді. 3-кластар өнерпаз оқушылары билерін, әндерін ұсынып тамашалатты. Танымдық-музыкалық сағаты өз деңгейінде өтті.
13.03-18.03.2017ж. күндері аралығында «Наурыз-думан» атты жас суретші мен шеберлерінің байқауы өткізілді. Әр түрлі бағытта және әр түрлі жанрында оқушылар өз өнерлерін суреттер мен қолөнер бұйымдары арқылы жеткізе білді. Әділ-қазылар алқасының мүшелелері өз бағасын беріп, оқушыларды марапаттады.
14 наурыз көрісукүні өткен 5-6 кластар арасында «Қазақтың ұлттық ойындары» атты спорттық сайыстардың қорытындысы шығарылды.Әр кластан қазақша күрес (1 оқушы), арқан тартыс (5 оқушы), тоғызқұмалақ(1оқушы), асық ату (1 оқушы) ойындарын жақсы менгерген оқушылары қатысты. Басты әділ-қазылар алқасы: ДТІЖО Б.З.Матаева, дене шынықтыру бірлестігінің жетекшісі Р.Мыңжасаров, ұйымдастырушы-педагог Г.Кенесова. 20.03.2017ж. күні өткен мектепішілік апталық жаңалықтарына арналған жиында барлық оқушы марапатталды.
15.03.2017ж. және 18.03.2017ж. күндері І кезең үшін сағ. 07.50-де, ІІ кезең үшін 13.20.-да спорттық жаттығулардың орнына «Қара жорға» спорттық биі орындалды. Оқушылар белсенділікпен қатысты.
17.03.2017ж. мектеп оқушылары үшін «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» концерттік бағдарлама мен жалпы ұжымы үшін «Көктем шуағы» атты мерекелік іс-шара өтті. Вокал үйірмесінің өнерпаз оқушылары әндері мен күйлерімен паш етсе, жас суретшілері аквагримм, яғни бетке сурет салу және жас шеберлері өз өнерлерін дәстүрлі емес материалдан жасалған киім үлгілері арқылы көрсете білді.

18.03.2017ж. күні барлық кластарда «Армысың, Әз Наурыз!» тақырыпта ашық класс сағаттары өз деігейінде өтті. Класс жетекшілері наурыз мейрамының шығу тарихын, маңыздылығын түсіндіре отырып, қазақтың салт-дәстүрлерін құрметтеуге шақырды.


Жалпы «Наурыз жыл басы» атты апталық көтеріңкі көңіл-күйімен өз деңгейінде өтті.

Ұстаздар, ата-аналар, оқушылар өткізілген іс-шараларға шығармашылықпен қатынасып, жауапкершілік пен белсенділік танытты.

Барлық қатысқан оқушы мен ата-ана мектепішілік апталық жаңалықтарына арналған жиында хабарланып марапатталды.
Мұндай келелі істер күн тәртібінен түсірілмей, алдағы уақытта да жүйелі жалғасын таба береді.

Дайындаған ДТІЖО Б.З.Матаева



Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінде

22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай

өткізілген іс-шаралары туралы хабарлама




Мектеп атауы

Іс-шаралар тақырыбы

Қатысқан оқушылар саны

Қатысқан қонақтар

қай мекемеден

Жауаптылар

1

Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектеп

«Бақ берекем, құт мерекем – әз Наурыз!» тақырыпта танымдық-музыкалық сағаты

3-кластар

184 оқушы



Ата-аналар ұстаздар

Тәрбие бөлімі

Класс жетекшілер



2

Спорттық жаттығулардың орнына «Қара жорға» спорттық биі

1-11 кластар

1488 оқушы



Ата-аналар ұстаздар

Тәрбие бөлімі

Класс жетекшілер



3

«Наурыз-думан» атты жас суретші мен шеберлерінің байқауы

Даярлық топ, 1-7 кластар

68 оқушы


Ата-аналар ұстаздар

Тәрбие бөлімі

«Эстетика» бірлестігі



4

«Қазақтың ұлттық ойындары» атты спорттық сайыстар

5-6 кластар

96 оқушы


Ата-аналар ұстаздар

Тәрбие бөлімі

Дене шынықтыру бірлестігі Класс жетекшілер



5

«Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» концерттік бағдарлама

8-11 кластар

135 оқушы



Ата-аналар ұстаздар, оқушылар

Тәрбие бөлімі

«Жас Ұлан», еріктілер



6

Жалпы мектеп ұжымы үшін «Көктем шуағы» атты мерекелік іс-шара

Өнерпаз оқушылары

95 оқушы


Ата-аналар ұстаздар

Тәрбие бөлімі

«Эстетика» бірлестігі



7

«Армысың, Әз Наурыз!» тақырыпта ашық класс сағаттары

Даярлық топ, 1-11 кластар

1612 оқушы



Ұстаздар

Тәрбие бөлімі

Класс жетекшілер



Мектеп директоры: Ш.С.Жанғалиева
Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет