Ф-мк-003/048 «Тұлғаның психологиялық денсаулығы» пәні бойынша емтихан сұрақтары


Медициналық психологияның даму тарихын түсіндіріңіз



бет3/83
Дата23.05.2020
өлшемі186,17 Kb.
#70868
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
ТПД экзамен

Медициналық психологияның даму тарихын түсіндіріңіз.

Аурумен байланысты психика туралы примитивті ойлар. Адам аурумен күрес кезінде оның себептерін, онымен күресу жолдарын жетілдіріп келді. Бірақ соматикалық аурудың билігінде болған адамдар, психикалық ауру туралы ешқандай көріністері болмаған. Психикалық аурулар туралы көріністер фольклорда, аңыздарда, көне мифтік жырларда кездеседі. Олардың негізінде аурудың пайда болуы адам жанының жынмен басып алынуы себеп ретінде қарастырылған. Тарихи дамудың бастамасында қалған Азия, Африка елдеріндегі сиқыршы, шамандар аурудан айығу жолдарын мистикалық тұрғыдан түсіндіреді. Психика және психикалық аурулар табиғаты көне заман ғалымдары мен философтарын толғандырды. Алкмеон психикалық құбылыстарды мимен, Гиппократ психика мен дене бітімін гуморальды нышандармен байланыстырды. Бірақ көне заман ғалымдары жан ауруларын негізгі тенденциясын медицина облысында жеңе алмады.
Ортағасырлық медицина және психология. Ортағасырлық кезеңде жан ауруы демонологиялық түсініктерден шыға алмады. Астрология әсерімен жұлдыздардың ауру ағымына әсері бар деген түсінік пайда болды. Медицина монахтардың, аластаушылардың, білімсіз дәрігерлердің қолында болды. Көптеген психикалық аурумен ауыратын науқастар «экзорцизм» - дұғалармен емделді.

Біркелкі уақытта басқа жерлерде Гиппократ, Гален және тағы басқа көне медицина классиктерінің ілімдері дами бастады. Басқа адамдарды психикалық аурумен ауыратын адамдардан сақтау үшін туыстары оны қадағалап және ол бүлдірген заттарға жауапты болды. Қауіп төндіретін науқастар түрмеге немесе соған ұқсас мекемеге отырғызылды. XV ғасыр әдебиетінде Д. Савонарол есімді адамның нұсқауы мынадай болды: « жан ауруымен ауыратын адамдарды қамшымен қан шыққанғанға дейін ұрып, инелермен шаңшылып, денелері қышақағазбен жабылуы тиіс. Күдіктілер қатаң азапқа тартылып, олардың жынмен байланысын мойындаттыру керек». 1571 жылы бір шіркеу адамы Францияда 300 мың сиқыршы мен мыстандар бар деп айтты. Тіптен XVI ғасырдың көрнекі дәрігерлері жынмен байлану туралы ықтималдылықтарды қолданды және онымен күресу қажеттілігіне сілтеді. Бірақ ол кезде демонологиялық идеялармен күрес басталды. XVI ғасырда Италия Орталық Европаға қарағанда демонологиялық түсініктен арылды. Жан ауруын олар мидың токсикалық заттардың әсерінен өзгеруі деп қарастырды. Меркуриал (1536-1606) меланхолия соматикалық себептермен қоса, бақытсыздықтың әсерімен де пайда болады деп айтқан. Сонымен қатар ол адам мінезінің ауырлығы бала кезіндегі дұрыс жағдайдың болмауы мен әдепсіз қарым-қатынас әсері деп белгіледі. Сол ғасырдағы танымал дәрігер және ғалым Платер психикалық бұзылыстарды тұқым қуалаушылық, эндогенді және экзогенді факторлар рөлін ескере отырып, этиологиялық сәттермен байланыстырып ең алғаш рет классификацияны бөліп шығарды. XVII ғасыр – Декарт ғасыры рефлекс туралы ұғымдардың, Гоббс философиясының материалистік бағыты, Локктың материалистік эмпиризмнің пайда болуымен мінезделеді. Ғылым негізіне көзқарас емес, тәжірибе қойылады. Детерминизм идеясы медицинаға ене бастайды. Лепуа истерияны ми қызметінің бұзылуымен және осы аурудың пайда болуы эмоцияның рөлімен түсіндірді. Ол истерия тек қана әйелдерде емес, ер адамдарда да кездеседі деп нақты көрсетті. Алайда ол кезде демонология әлі байқалса да, бірті-бірте жоғала бастады. Танымал дәрігер және химик Гепперт меланхолияның 7 формасын бөліп көрсетіп, кейбір формаларында жынның әсерімен басқа тілде сөйлеу пайда болады деп тқжырымдады. Ван Гельмонт жан ауруының дамуына катты шайқалыстардың рөлін көрсетті. Сонымен байланысты ол психоздарды емдеу үшін науқыстарды мұздай суға салу керек деді. Анатом Сильвий (Делебой 1614-1670) «ақыл-ой ауруын кім емдей алмаса, ол дәрігер деп есептелмейді» деген формуланы алға тартты. Ол жан ауруымен ауыратын адамдарды моральды әсер арқылы емдеу жағдайларының көптігі туралы мәлімдеді. Тағы бір танымал анатом Вилизия (1621-1675) прогрессивті параличтің айқын бейнесін көрсетті. Ол мидағы психикалық қызметтердің локализациясы теориясы мен психиатриядағы неврологиялық бағыттың негізін салушы. Бірінші патологоанатомиялық монография авторы Бонет жан ауруларын «диалектикамен» емдеу бағытының өкілі болды. Ол психология сұрақтарын да қарастырды. Сол уақыттағы жан ауруын емдеу құралы болып инсценировка пайдаланылды. Луситанус «Жандандыратын практика» кітабында сондай жағдайлардың мысалдарын жазды. Өзін кінәлі сезінетін науқасқа періште киімін киген адамды жіберіп, оның кінәлі емес екендігіне көзін жеткізді. Әрине, ондай амалдар медициналық психологияны төмен өнімділікке әкелді, бірақ дәрігерлердің ондай белсенділігі назар аударуға тұрарлық. XVII ғасырда жан-жақты ғалым Закхиас (1584-1659) еңбектерінде соттық психопатология мен экспертиза туындап, медициналық психологияға маңызды материал берді. XVIII ғасырдың Франциядағы психиатриялық көмектің ұлы реформаторы Пинель өзінің «Жан аурулары туралы трактатында» психологиялық ауруханада басшы болып: дәрігер, администратор және психолог, ал дәрігер мен психолог бір адам бойында жинақталса тіптен жақсы болатындығы туралы жазылған. Ал ертерек Англияда психиатриялық ауруханада жан ауруымен ауыратын адамдарға гуманды қарау принцип реформасы қабылданды. XIX және XX ғасыр басындағы медициналық психология. Медициналық психология тарихы медициналық ғылымның, бірінші орында психиатрияның, психологиялық зерттеулердің және ми туралы ілімдердің жинақталуымен тығыз байланысты. XIX ғасырда медициналық психологияның дербес ғылым ретінде пайда болуына негіз болған бірнеше еңбектер жарияланды. 1818 жылы танымал дәрігер және анатом Рейл «Жан ауруларын емдеуде психикалық методтар» атты зерттеуін жариялады. Бұл еңбектің медициналық психологиядағы негізгі мәні – психотерапия методтарын қолдану. «Медицина және тәрбиелеу» мәселесіне арналған жұмыстар да Рейлге жатады. 1834 жылы танымал невролог Фридрейч «Дәрігерлік және соттық психология әдебиеттеріне жүйелі нұсқау» еңбегін жариялады. Дәрігерлік психологияға арналған бөлімінде психология, психопатология, психиатрия және психотерапия мәселеріне арналған 3469 жұмыс тізімі бар. Медициналық психологияның дамуына медицинадағы идеалистік және материалистік бағыттардың күресі негіз салды. Бірінші бағыттың өкілдері «психик», ал екіншілері «соматиктер» деген атау алды. Психиктер мен соматиктер күресі медицинаның жалғыз негізі жаратылыстануды мойындаумен соматиктер жеңді. Бірақ ең алғаш рет бұл механистикалық материализмнің жеңісі болды. «Соматиктерге» қарағанда «психиктер» науқастың психикасына әсер етеді деген оймен терапия түрлерін ойлап тауып, оларды қолданды. Мұндай әсерлерге механотерапия жатады: керуетке байлап қойып, бетіне ағаштан жасалған маска кигізіп айналдыру немесе кенеттен ауруды биік жерден бассейнге лақтыру. Мұндай қатал процедуралар науқастың күйін одан сайын нашар етті. Осы екі бағыт қателеріне нақты нүкте қойған Грисингер. Ол психиатрияны медициналық ғылыммен бір ағымға қоюды ұсынып, психика органы ретінде миды физиологиялық түсінуге жақындады. Нормаға сәйкес, соматикалық және психикалық аурумен ауыратын адамдардың психикасына деген қызығушылық XIX ғасырда үздіксіз артады. Осы ғасырдың ортасында Лодзенің «Медициналық психология», 70-жылдары Тукенің «Психологиялық медицина» атты кітаптары жарық көреді. Бірақ бұл кітаптар медициналық психология емес, психиатрияның дамуына арналған авторлардың очерктерінен тұрады. XX ғасырда медициналық психология пәнін дұрыс көрсететін монографиялар жарияланады. 1908 жылы Пенсильвания университетінің профессоры Витмер «Психологиялық клиника» атты журналды шығара бастады.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы психотерапия бағыттарының дамуы медициналық психологияның дамуына септігін тигізді.

Гипнозға байланысты көп материал жиналып, неврология, физиология, психология дамуында қызықты және құнды мәліметтер адам нейрофизиологиясы мен медициналық психологияны түсінуде көмек көрсетті. Осы қатынасқа үлкен қызығушылық невроз және медициналық психологияға арналған Джанет жұмыстары, бейсаналы мәселесіне арналған Принс жұмыстары тудырады. Бұл жұмыстар неврозбен ауыратын адамдардың гипноз кезіндегі күйлерде алынған үлкен эксперименталды материалдарға сүйенеді. Джанет, сонымен қатар сананың екіленуі мен деперсонализация күйлерін анықтады. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде Брейер мен Фрейд жқмыстарына сүйенген арнайы бағыт дами бастады. Фрейд осы бағыттың басшысы және психоанализ ілімінің негізін салушы болды. Бұл ілім невроздар, невротикалық бастамалардың психологиялық анализі мен олардың психотерапиясына қатысты, содан соң сау адамды зерттеу жолдарына көше бастады. Фрейд идеясы көптеген ізін басушыларды жинады және капиталистік елдерде кең таралды. Бірақ психоанализ критикаға бой алдырды. Осындай жұмыстардың бірі Блондельге жатады. Философиялық диалектика материализмі мен жоғарғы нерв қызметінің дамуы арқасында психология мен медицинаның дамуы психоанализ қателерін тереңдей ашу мен оның ғылыми еместігін дәлелдеді. Фрейд ізін қуушылар арасында оның көзқарасымен келіспей кеткен оқышаларының бірі – Адлер. Ол Фрейдтің сексуалды теориясына қарсы болды. Фрейд оқушысы Юнг психоанализ айналасында «аналитикалық психология» негізін салды. Психоанализді жақтаушылар теоретикалық критика мен практикалық тәжірибе қысымымен өз позицияларын өзгертті. Сексуалды инстинкт пен бейсаналық теория рөлін анықтайтын фрейдтік түсініктен алыстаған неофрейдизм пайда болды. Бірақ олар антифрейдисттер позициясын ұстаған жоқ, себебі Фрейд түсінігі мен терминологиясын сақтап қалды. XX ғасырдың 20 жылдары ірі психиатр Кречмердің медико-психологиялық мәні бар «Медициналық психология» атты еңбегін жарыққа шығарды. Кречмер психиатрияда және медициналық психологияда конституционалды-биологиялық бағытты ұстанды. Материалистік медициналық психология дамуы. Жаратылыстану бағыты нейрофизиологияда табысты дамыды. Развитие естествознания сопровождалось значительными успехами в нейрофизиологии. Крупнейший физиолог второй поло¬вины XIX ғасырдың ірі физиологы И.М. Сеченов психикалық құбылыстарды рефлекторлық теория көзқарасымен түсіндіріп, отандық нейрофизиология негізін салушы қатарымен, материалистік психологияның да негізін салушы болып табылады. Аса танымал нейрофизиолог, невропатолог, психолог және психиатр В. М. Бехтерев И. М. Сеченовтің ілімдеріне сүйеніп, «объективті психологты» құрады. Рефлекторлы теория психикалық құбылыстардың патологиясы мен нормаға сай құбылыстарды түсінудің нақты негізі болды. И.П. Павловтың жоғарғы нерв қызметі туралы ілімі осы этапта маңызды болып табылды. Павлов еңбектері тек қана жоғарғы нерв қызметтерінің заңдылығын емес, сонымен қатар ми, оның морфологиясы, биохимиясы, электрофизиологиясын біріктіруге негіз болды. Ол медициналық психологияның ғылыми базасы ретінде көрініс тапты. Медициналық психологияның маңызды сәті ретінде клиникалық психоневрологиялық мекеме жаңында психологиялық эксперименталды лабораторияның ашылуы қарастырылады. Ресейдегі ең алғашқы эксперименталды-психологиялық лабораторияның психиатрия кафедрасында В. М. Бехтерев, С. С. Корсаков, Н. А. Бернштейнмен, невропатология кафедрасында Г. И. Россолимомен ашылды. Кеңестік заман кезіндегі медициналық психологияға А. П. Нечаев, П. П. Блонский, Л. С. Выготский еңбектері үлкен рөл атқарды. Медициналық психологияның дамуына тағы үлес қосқан бала психиатриясы мен дәрігерлік педагогика. Сонымен, медициналық психология көп даму тарихынан өтіп, әлі де даму үстінде. Ал осы ғасырға дейін үлес қосқан ғалымдар медициналық психологияның кемелденуіне үлкен негіз салды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет