Ф-об-007/017 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ



бет2/4
Дата12.04.2017
өлшемі2,4 Mb.
#13702
1   2   3   4


3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ

ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Курстың мақсаты: Қазақстан тарихындағы ХҮІІ ғасырдың ортасынан 1917 жылға дейінгі болған негізгі оқиғалармен, құбылыстармен танысу оларды оқып білу және тағылым алу.

Міндеттері:

1. Отан тарихында маңызды орын алатын Қазақ халқының өз Отанын жерін басқыншылардан қорғау жолындағы отан соғысы болып табылатын Қазақ-жоңғар соғысын бүгінгі күн тұрғысынан әділ зерделеп оқып үйрену;

2. Ресейдің Қазақстанды қол астына кіргізуін, жаулап алуын, отарлауын және отарлаудың түрлі жолдарын, әдістерін, кезең-кезеңдерін, жалпы барысын толық оқып біліп, оны күрделі бір тұтас тарихи процесс ретінде санамызға сіңіру. Жалпы Ресейдің Қазақстанды қосып алу және отарлау тарихын бұрынғы кеңестік әдіснамаға бой ұрмай, бүгінгі күн тұрғысынан объективті, әділ бағалау;

3. Қазақ халқының ХҮІІІ ғасырдың соңынан ХХ ғасырлар басына дейінгі Ресей империясының отарлауына қарсы тәуелсіздік жолындағы болған барлық ұлт-азаттық күрсетерін, олардың себептерін, сипатын, қозғаушы күштерін, барысын және тарихи маңызын бұрынғы кеңестік идеологияға тар таптық көзқарастан бас тартып, бүгінгі қалыптасу үстіндегі ұлттық идеологиямен, тәуелсіздік идеясымен байланыстырып үйрену;

4. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуін, өнеркәсіптің, сауданың, қалалрдың дамуын, қазақ халқының әлеуметтік құрылысының өзгеруін болмай қоймайтын тарихи құбылыс, тарихи даму ретінде әлемдік тарихпен байланыстыра оқып білу;

5. ”Қазақ мәдениетінің алтын ғасыры”, “Қазақ мәдениетінің ренесансы” атанған ХІХ ғасырдағы Қазақ мәдениетін, оның көрнекті өкілдерін европацентристік көзқарастан бас тартып, шындық тұрғыдан ұлттық сезім, халықтар достығы сезімі тұрғысында оқып үйрену;

6. ХХ ғасыр басындғы Қазақ халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, ұлттық мүддені ту еткен Алаш қозғалысының, Алаш партиясының тарихын бұрынғы кеңестік таптық идеологиядан толық бас тартып, бүгінгі ұлттық, Отаншылдық тұрғыда зерделеп, шыншыл да объективті түрде оқып үйрену.



4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ


Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

Кафедра

Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні


1

Қазақстанның орта ғасырлар тарихы


Қазақстанның қазіргі заман тарихы


Отан және шетел тарихы кафедрасы

№ хаттама



5. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ




Кредит саны


Курс

Жалпы сағат саны

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар


Қорытынды бақылау


лекция


Прак/сем


сем

лабор

ОБСӨЖ

СӨЖ




3

3

135

30




8







97

Емтихан


6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.



7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :

Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ




Тараулар атауы,

реті

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

лекция

прак

сем

лабор

ОБСӨЖ

СӨЖ

1

Кіріспе

1













2

2

XVІІ – XVІІІ ғ. басындағы қазақ-жоңғар қатынастары.

1













3

3

Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы

1




1







4

4

XVIIIғ. бсындағы Қазақстан мен Ресей.

Қазақстанды Ресейге қосып алудың баталуы



1




1







4

5

ХVІІІ ғ. орта кезіндегі Қазақстанның саяси-экономинкалық жағдайы.

1













3

6

XVIII-XIXғ. I-жартысындағы Қазақ қоғамы.

1













3

7

Абылай ханнның Отанды жаудан азат ету жолындағы күресті ұйымдастыру.

1




1







4

8

Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты

1













3

9

Қазақтардың Е.И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісне қатысуы.

1













3

10

Кіші жүздегі С.Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

1




1







4

11

XVIIIғ.Қазақстанның мәдениеті.

1













3

12

Қазақстанға Ресей әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі.

1













3

13

Қазақстанның оңтүстігіндегі Орта Азия хандарының саясаты. Қазақ халқының азаттық күрестері

1













3

14

Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

1




1







4

15

Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

1













3

16

К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

1




1







4

17

К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

1













3

18

Қазақ халқының ХІХ ғ. 50 ж.ж. ұлт-азаттық көтерілістері.

1













3

19

Қазақ халқының ХІХ ғ. 50 ж.ж. ұлт-азаттық көтерілістері.

1













3

20

ХІХ ғ. 60-90жж.Қазақстанға жаңа әкімшілік-саяси басқару жүйесінің енгізілуі.

1




1







3

21

ХІХ ғ. 60-70 ж.ж. реформаның отаршылдық мәніне қарсы қазақ халқының азаттық кө

терілістері.



1













3

22

Патшалық Ресейдің Қазақстанға қоныс аудару саясаты.

1













3

23

XIXғ.II-жартысындағы Қазақстан экономикасы

1













4

24

XIXғ.-Қазақ мәдениетінің алтын ғасыры.

1













3

25

Қазақ халқының ұлы ағартушылары

1













3

26

ХХ ғ басындағы Қазақстанның саяси өмірі.

1













3

27

ХХ ғ басындағы Қазақстанның саяси өмірі.

1













3

28

І-дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстандағы 1916 ж. көтерілістің себептері.

1




1







4

29

Қазақстандағы 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс.

1













3

30

Қазақстандағы 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс.

1













3

Барлығы

30




8







97






  1. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ




  1. - лекция. Тақырыбы:

Кіріспе

Жоспары:

1.Жаңа замандағы Қазақстан тарихы пәні .

2. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы пәнін оқып үйретудің мақсат, міндеттері

Лекция мақсаты: Студенттерді жаңа замандағы Қазақстан тарихы пәнімен, оның ерекшеліктерімен және пәнді оқып үйретудің мақсат, міндеттерімен таныстыру.

Лекция мәтіні

1.Жаңа замандағы Қазақстан тарихы пәні

Дүние жүзіндегі барлық өркениетті мемлекеттер сияқты біздің елімізде де бүгінгі таңда Отан тарихын оқытудағы ерекше көңіл бөлініп отыр. Әсіресе, тәуелсіздік алғаннан кейін Отанымыздың тарихына деген қоғамдық сұраныс өлшеусіз өсе түсті. Қазіргі кезде өз Отанының тарихын оқып білу, еліміздің әрбір саналы азаматтарының борышы мен міндеті болып отыр. Бұл – толық заңды табиғи құбылыс, өйткені тамырсыз ағаш болмайтыны сияқты, тарихсыз ел, мемлекет болмайды. Туған ана тіліміз сияқты, туған ата тарихымыз да әрбір саналы адамның ажырамас табиғи, рухани тірегі.

Екіншіден, тарихымызды біліп, одан тағылым, сабақ алып бүгінімізді бағамдап, болашағымызды бағдарлап, дұрыс жолға түсіп дамуымыз үшін, тарих бізге адам баласына ауадай қажет. Егер өткен тарих сол күйінде ұмытылып қала берсе, одан ешқандай тағылым, сабақ алынбаса, адамзат қоғамы ешуақытта прогрессивтік жолмен дами алмас еді. “Тарихты білмей, өткені қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын” дейді ұлы ғұлама Әбу Насір Әл-Фараби.

Үшіншіден, “Егер өткениетке жеткізетін ғылым дейтін болсақ, соның бірде-бір саласы дәл тарихтай жас ұрпақты отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, әділеттілікке тәрбиелей алмайды” деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, жастарды патриотизмге, өз ұлтын сүюге, өзге ұлттармен тату болуға, елдікке, бірлікке, ерлік пен батырлыққа, демократияға адалдыққа тәрбиелеуге, олардың ұлттық рухын дамытуға тарихтың маңызы зор.

Ал, біз өткелі отырған жаңа замандағы Қазақстан тарихы осы Отан тарихының бір бөлігі болып табылады. Қазақстан тарихы дүниежүзілік адамзат тарихының бір бөлігі екенін ескерсек, онда бұл пән де жаңа замандағы дүние жүзі тарихының бір бөлігі болып табылады. Пәннің қарастыратын кезеңі жаңа заман, яғни капиталистік дәуір. Хронологиялық шектері ХҮІІ ғасырдың ортасынан - ХХ ғасырдың басына дейін немесе (1640-1917 жж.) аралығын қамтиды. Бұл кезең дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерінде капиталистік қатынастарының дамуымен және орнауымен буржуазиялық революциямен, империалистердің жер шарын бөлісіп, отарлар иеленумен, сол арқылы шексіз байлыққа ұмтылумен, ал отар елдердің оған қарсы ұлт-азаттық күрестерімен т.б. ерекшеленетіндігі белгілі. Бұл тарихи үрдістен метрополия ретінде Ресей империясы да, ал оның отары ретінде Қазақ елі де тыс қалған жоқ.

Сондықтан бұл кезең Қазақстан тарихы үшін Ресейдің Қазақстанды өз қол астына кіргізумен және оны кең көлемде отарлауымен, отарлаудың түрлі жолдары, әдістері және кезеңдері, оған қарсы Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы тынымсыз ұлт-азаттық күрестерімен, ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс шаруаларының қоныстануымен бірге Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуімен, өнеркәсіптің, сауданың, қалардың дамып, ауылдың әлеуметтік құрылымының өзгеруімен, сондай-ақ тарихымызға «қазақ мәдениетінің алтын ғасыры» деген атпен енген мәдени өрлеуімен ерекшеленді.



2. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы пәнін оқып үйретудің мақсат, міндеттері.

Сонымен, пәнді оқытудың мақсаты - ХҮІІ ғасырдың ортасынан 1917 жылға дейінгі Қазақстанда болған негізгі оқиғалармен, құбылыстармен танысу, оларды оқып білу және тағылым алу.

Міндеттері:

1. Отан тарихында маңызды орын алатын Қазақ халқының өз Отанын, жерін басқыншылардан қорғау жолындағы Отан соғысы болып табылатын Қазақ-жоңғар соғысын бүгінгі күн тұрғысынан әділ зерделеп оқып үйрену;

2. Ресейдің Қазақстанды қол астына кіргізуін, жаулап алуын, отарлауын және отарлаудың түрлі жолдарын, әдістерін, кезең-кезеңдерін, жалпы барысын толық оқып біліп, оны күрделі, біртұтас тарихи процесс ретінде санамызға сіңіру. Жалпы, Ресейдің Қазақстанды қосып алу және отарлау тарихын бұрынғы кеңестік әдіснамаға бой ұрмай, бүгінгі күн тұрғысынан объективті, әділ бағалау;

3. Қазақ халқының ХҮІІІ ғасырдың соңынан ХХ ғасырлар басына дейінгі Ресей империясының отарлауына қарсы тәуелсіздік жолындағы болған барлық ұлт-азаттық күрсетерін, олардың себептерін, сипатын, қозғаушы күштерін, барысын және тарихи маңызын бұрынғы кеңестік идеологиядан, тар таптық көзқарастан бас тартып, бүгінгі қалыптасу үстіндегі ұлттық идеологиямен, тәуелсіздік идеясымен байланыстыра оқып үйрену;

4. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуін, өнеркәсіптің, сауданың, қалалрдың дамуын, қазақ халқының әлеуметтік құрылымының өзгеруін болмай қоймайтын тарихи құбылыс, тарихи даму ретінде әлемдік тарихпен байланыстыра оқып білу;

5. ”Қазақ мәдениетінің алтын ғасыры”, “Қазақ мәдениетінің ренесансы” атанған ХІХ ғасырдағы Қазақ мәдениетін, оның көрнекті өкілдерін европацентристік көзқарастан бас тартып, шындық тұрғыдан, ұлттық сезім, халықтар достығы сезімі тұрғысында оқып үйрену;

6. ХХ ғасыр басындағы Қазақ халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, ұлттық мүддені ту еткен Алаш қозғалысының, Алаш партиясының тарихын бұрынғы кеңестік таптық идеологиядан толық бас тартып, бүгінгі ұлттық, Отаншылдық тұрғыда зерделеп, шыншыл да объективтік түрде оқып үйрену.
Бақылау сұрақтары:

1. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы пәні, оның оқу процесіндегі алар орны мен маңызы.

2. Пәнді оқытудың мақсаты.

3. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы пәнін оқытудың міндеттері.

4. Пәннің хронологиялық шектері.

5. Жаңа замандағы Қазақстанның тарихи дамуының заңдылықтары мен ерекшеліктері.

6. XVIII–XX ғасыр басындағы Қазақстан тарихы проблемаларының Отандық зерттеушілердің еңбегінде зерттелуі.

7. XVIII ғасыр басындағы Қазақ-жоңғар, қазақ-башқұрт, қазақ-орыс қатынастары жөніндегі жаңаша көзқарастар.

8. Қазақстанның Ресейге қосылу жөніндегі жаңаша көзқарастар.

9. Қазақ халқының отаршылдық өзгеге қарсы ұлт-азаттық күрестеріннің зерттелу мәселесі.

10. 1916-1917 жж. ұлт-азаттық қозғалысының проблемалары.

11. Алаш қозғалысы, оның зерттелуі.

12. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы проблемалары шетелдік тарих беттерінде.

13. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы шежіре мен аңыздарда, ақын-жыраулар туындыларында және жазба дерек көздерінде.

2 лекция



І. ХҮІІІ ғ. 1-жартысындағы Қазақстан.

Тақырыбы: ХҮІ-ХҮІІ ғасырдың бас кезіндегі қазақ-жоңғар қатынастары.

Жоспары:

1. Ойратар (жоңғарлар), олардың Қазақ хандығымен ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы қарым-қатынастары.

2. ХҮІІІ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”
Лекция мақсаты: Ойратардың (жоңғарлар) Қазақ хандығымен ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы қарым-қатынастарын, ХҮІІІ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайын, “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасын студенттерге таныстыру.

Лекция мәтіні

1. Ойратар (жоңғарлар), олардың Қазақ хандығымен ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы қарым-қатынастары.

Қазақ-жоңғар соғыстары - сипаты жағынан Қазақ халқының өз Отанын, елін, атамекен жерін басқыншылардан қорғау жолындағы Отан соғысы болып табылады. Ұзақ уақытқа созылған бұл соғыста қазақ халқы небір қанды қырғын шайқастарды басынан өткеріп, жанқиярлық ерліктер көрсетіп, өз Отанын, жерін қорғап қалды. Демек, бұл бүгінгі және болашақ ұрпаққа тағылымы мол, ұлы тарихи оқиға.

Бұл соғыс уақыты жағынан өте ұзаққа созылған соғыс. Оның хронологиялық шегі туралы зерттеушілер арасында түрлі пікірлер бар : 1635-1758 жж.; ХҮІғ. 20 жж.-1758 жж.; ХҮІ ғ. 20 жж.- 1771 жж.

Жоңғарлар дегеніміз – тарихтағы батыс монғолдар деп аталатын ойрат тайпалық одағының кейінгі аты еді. 1206 жылы Шыңғыс хан әскерінің сол қанатын құрағандықтан жоңғар (сол қанат) деп аталған.. Қытайлар оларды “елүйіттер” деп атаса, ал қазақтар т.б. ортаазиялық халықтар оларды “қалмақтар” деп те атаған.

ХҮІ ғасырдың аяғында ойраттар – торғауыт, дүрбіт, хошеут, шорыс деп аталатын 4 ірі бірлестіктерден тұрған.

Ойраттардың қазақ жерінде алғаш көрінуі –1457 жыл, яғни Қазақ хандығының құрылар қарсаңы. Бұл жылы Үз-Темір тайшы бастаған ойраттар көшпелі өзбектер мемлекетінің ханы Әбілқайырдың әскерін талқандайды. Бұдан кейінгі жылдары да ойраттардың Моғолстанға жиі-жиі шабуылдар жасап тұрғаны белгілі. Ал олардың қазақ хандығымен соғысының басталған кезі - ХҮІ ғасырдың 20 жылдары: бұл кезде қазақтың ұлы ханы Қасым бүкіл қазақ жерлерін Қазақ хандығына біріктіреді. Сонымен Қазақ хандығының аумағы ұлғайып, қазіргі деңгейіне жақындады. Міне осы кезде Моғолстан тарих сахнасынан кетті. Қазақ пен ойраттың шекарасы түйісті. Соғыстар басталды.

Орыс, қытай деректеріне және қазақ батырлар жырларына қарағанда Хақназар, Тәуекел, Есім хандар тұсында қазақтар үнемі жеңіске жетіп отырған. Себебі, ол кезде қазақтар біріккен, ал жоңғарлар бытыраңқы болатын. Мысалы, 1536 ж. орыс мемлекетінің Ноғай Ордасына жіберген елшісі Данила Губин Москваға қазақтардың күштілігі, олардың ойраттарды бағындырғаны жөнінде хабарлаған. 1549 ж. Тәуекел хан Москваға жіберген грамотасында өзін “қазақтар мен қалмақтардың патшасымен” деп атайды. Есім хан да ойраттарға бірнеше рет ойсырата соққылар берген. Оның соққыларының күшті болғаны соншалық, 1627 ж. ойрат одағы ыдырайы: Хо -Өрлек тайшы бастаған торғауыттар батысқа ауады, олар ХҮІІ ғ. 30 жылдары Еділдің сағасына келіп, қалмақ хандығын құрады. Хошеуттер Тибетке жер ауып, шорыстар Жоңғарияда қалады. ХҮІІ ғ. 20 жж. соңы 30 жж. басында шорыс тайпасының басшысы Харахулай бытыраңқы ойрат тайпаларын біріктіріп, жағдайын оңалта бастайды. Ал оның ұлы Эрденэ Батур қонтайшы (1635-1653 жж.) Жоңғария мемлекетін құрады. 1640 ж. құрылтайда мемлекеттің Ұлы заңын – “Цаадин бишикті ” (дала ережесін) қабылдайды.

Жоңғария 1 млн астам халқы бар, соғыс кезінде 100 мың әскер жасақтай алатын күшті әскери феодалдық мемлекет еді. Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі – қонтайшы деп аталды және ол барлық мемлекеттегі барлық ел мен жердің қожасы болып есептелді. Сондай-ақ, мемлекетті басқаруда – тайшылар, нояндар, жайсаңдар деп аталатын әскери феодал-шонжарларға сүйенді. Ал қарапайым шаруалар “араттар” деп аталды. Мемлекет орталығы – Құлжа қаласы болды.

Қазақ – жоңғар соғысының себептері мыналар еді:

1. Ресей, Қытай сияқты алып империялардың ығыстыруымен көшпелі елдердің көшіп- қонатын мал жайылым жерлері қысқарды. Әсіресе, Қытай империясы ығыстыра бастаған жоңғарлар жерден тапшылық көрді. Сонымен олар қазақтың бай жайылымды жерлерін басып алуға ұмтылды.

2-ден жоңғар билеушілерін, әсіресе, Қазақстанның оңтүстігі қатты қызықтырды. Бұл аймақты басып алса жаңа алымдардың түсуімен қатар, аса маңызды сауда-экономикалық аймаққа да ие болатын еді.

3-ден кейбір деректерге қарағанда, жоңғар мемлекетін қазақ еліне қарсы отаршылдық мақсатты көздеген Ресей мен Қытай айдап салып отырған.

Батур қонтайшы басқарған кезде жоңғарлар қазақ жеріне үш рет – 1635,1643-1644 және 1652 жылдары жорық жасайды. Алғашқы 1635 жылғы шайқас туралы мәлімет жоқ. Қай жеңгені белгісіз. 1643-1644 жж. Орбұлақ шайқасында қазақ жасағының жанқиярлық ерлігінің, Салқам Жәңгір ханның соғыс тактикасын өте шебер қолдана білуінің және шайқастың соңында Самарқан билеушісі, Кіші жүз - алшын Жалаңтөс Баһадүрдің 20 мың қолмен көмекке келуінің арқасында қазақтар зор жеңіске жетті. Осы жолы жоңғарлар 10 мыңнан аса адамынан айырылды. Тарихшы ғалым Б. Ермұханов бұл ұлы жеңісті грек-парсы соғысындағы 300 спарталық жауынгердің Фермопиль шатқалында парсының 30 мың әскерінен қорғауына теңейді.

Ал 3-ші соғыста 1652 ж. әбден дайындалып, Сібірге орыс қамалдарынан қару-жарақтар сатып алып шабуылдаған жоңғарлар жеңіске жетеді. Осы жылы Салқам Жәңгір хан қаза тапты.



2. ХҮІІІ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”.

ХҮІІІ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы өте ауыр болды. Шығыстан – жоңғарлар, батыстан – Еділ қалмақтары, башқұрттар, Жайық казактары, солтүстіктен – Сібір казактары, оңтүстіктен – Орта Азия хандықтары т.б. жан-жақтан қазақ ауылдарына ойран салды. Олардан қорғанған күннің өзінде, оның ар жағында екі алып империя – Ресей мен Қытай тұрды. Олардың саясаты қазақ пен жоңғар қалмақтарын бір-бірімен әдейі соғыстырып, әлсірету, одан соң оларды өздеріне отар ету еді. Бұл саясат 1722 ж. Қытай императоры Канси өлгеннен кейінгі жасалған орыс-қытай келісімінде айқын байқалды. Осының артынша жоңғар-қытай келісімі жасалып, онда қытай шекараға ешқандай дауы жоқ екендігін, жоңғармен достық қатынас орнатуға мүдделі екендігін айтып, қазақпен соғысуға жол ашатындай емеурін танытты.

1723 ж. ерте көктемде жоңғарлар қазақ елін онсыз да ауыр жұт жайлаған ауыр кезеңде 70 мыңнан (кей деректе 100мың) аса әскермен басып кірді. Жоңғарлар елді аямай, кемпір-шал, бала-шағаға қарамай қырып-жойды. Аман қалғандар атамекенін, мал-мүлкін тастап қашуға мәжбүр болды. «Елім-ай» әні, «елім-айлаған» дауыстар бүкіл қазақ даласында күңіреніп жатты. Қазақ халқы өз тарихындағы ең ауыр апат – «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» ұшырады. Ақтабан шұбырындының зардабы 1727 ж. дейін жалғасты. Ш. Құдайбердіұлының айтуынша осы апаттан қазақ халқының үштен екісі қырылған, ал қазіргі зерттеушілердің айтуынша үштен бірі опат болған.

Бақылау сұрақтары:

1. Жоңғария мемлекеті қашан құрылуы.

2. Орбұлақ шайқасы. Салқам Жәңгір хан.

3. Қарақұм жиыны .

4. Аягөз шайқасы.

5. Аягөз шайқасында қазақтардың жеңіліп қалуының басты себебі?

6. Әз-Тәуеке хан.

7ХҮІІІ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы

8. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасы.

9. Жоңғарлардың 1723 ж. Қазақтарды ойсырата жеңіп “Ақтабан шұбырындыға”

ұшыратуының себептері?

10. Белгілі тарихшы А. Левшин Ұлы қазақ хандарының бірі туралы „осы кісінің аты аталғанда кез келген қырғыз қайсақтың жүрегі аса зор құрмет және алғысқа толады бұл Ликург, бұл қазақ ордаларының айдақары” деп жазған болатын ол кім туралы жазған?

11. “Жеті Жарғы” заңы қай ханның кезінде жасалды.?

12. “XVIII ғ. алғашқы онжылдығы қазақ халқының өміріндегі сұмдық уақыт болды.Олардың ұлыстарын жоңғарлар, еділ қалмақтары, жайық қазақтары және балқұрттар әр жақтан талқандады, малын айдап әкетіп, тұтас әулеттерді тұтқын етіп алып кетті ”.Бұл кімнің сөзі ?



3-лекция. Тақырыбы:

Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы.

Жоспары:

1. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы. Ұлы жеңістер.

2. Отан қорғауда ерлік көкөрсеткен қазақ батырлары .

Лекция мақсаты: Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы, Ұлы жеңістерді, Отан қорғауда ерлік көрсеткен қазақ батырларын студенттерге таныстыру .

Лекция мәтіні

1.Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы. Ұлы жеңістер.

Қазақ халқының басына ауыр күн туып келе жатты. ХҮІІІ ғ. алғашқы ширегінде елінің халықаралық жағдайы да өте ауыр болды. Жоңғарлардан өзге батыстан – еділ қалмақтары, башқұрттар, жайық казактары, Солтүстік Сібір казактар жиі-жиі шабуылдар жасап тұрды. Оңтүстіктен Орта Азия хандықтары да көз алартумен болды. Қазақ елінің 4 құбыласы түгел жау болып, осылардың бәрімен соғысып отыруға тура келді. Бұлардан қорғанған күннің өзінде, Ресей мен Қытай тұрды. Деректерге қарағанда, Ресей империясы өз қоластындағы халықтарды өзінің араласуынсыз-ақ бағындырып ұстап отыру үшін және болашақта отарлайтын елін әлсірете түсу үшін қазақ, қалмақ, башқұрт халықтарын әдейілеп бір-бірімен соғыстырып отырған. Ресей де, Қытай да қазақ пен жоңғарды өз қол астына бағындыру үшін, олардың бір-бірімен соғысып әлсірей беруіне мүдделі болды. 1722 ж. Қытай императоры Канси өлген соң, Ресей мен Қытай келісім шарты жасалды. Онда екі империя да Жоңғарияға қауіп туғызбайтынын мәлімдей отырып, оны қазақпен соғысуға жол ашатындай емеурін танытты. 1723 ж. жоңғар-қытай бітімі жасалды. Ол бойынша шығыстағы шекарасын қауіпсіздендіріп алған Жоңғария , қазақпен соғысуға бар күшін сала дйындала бастады.

1723 ж. ерте көктемде жоңғарлар 70 мыңнан астам отты қарулармен кеңінен қаруланған әскермен қазақ еліне басып кірді. Қазақ халқы өз тарихындағы ең ауыр апат -“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға” ұшырады.

“Ақтабан шұбырындының ” зардабы өте ауыр болды. Ш. Құдайбердіұлының айтуынша “Ақтабан шұбырындыдан ” қазақтың үштен екісі қырылған. Қазіргі демограф ғалымдарымыздың айтуынша үштен бірі қаза тапқан. (3 млн. 330 мыңнан – 2 млн. 222 мың қалған (1726 ж.) 2-3 жыл ішінде 1 млн. 108 мың қазақ қаза тапқан ) .

Жоңғарлар қазақ халқының өр рухын басып тастай алған жоқ.. Ел ес жия бастады. Жоңғар басқыншыларынан Отанды азат ету соғысы (1724 ж.өзінде-ақ) басталды. Осы (1724 ж.) жылы Әбілқайыр хан Түркістан қаласын 32 ұлысымен қайтарып алды. Бірақ 1725 жылы Түркістан мен Ташкент қайта жаулап алынды. 1725 ж. Алакөлде Қабанбай батыр жасағы басқыншы жауға күшті соққы берілді. Осы жылы Шұбаркөлде Шақшақ Жәнібек батыр жасағы да жауға күйрете соққы берді. Енді осы қазақ батырларының жекелеген жеңістерн біріктіріп, ірі жеңіске жету, сөйтіп Отанды жаудан толық азат ету мәселесі ең басты орында болды.

Осы мақсатта 1726 ж. маусымда Түркістанның, оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Ордабасы тауында бүкілқазақ құрылтайы өтті. Бытыраңқылықтан бірлікке бастаған бұл ұлы жиындағы Ұлы мақсат - Отанымызды басқыншы жаудан толық азат ету болды. Осы ұлы мақсат үшін Ордабысыда үш жүздің баласы бір бәтуаға келіп, ата жауға бірігіп аттануға ант беріседі. Қазыбек бидің ұсынысымен бүкіл қазақ әскерінің бас қолбасшысы болып кіші жүз ханы Әбілқайыр сайланды. Қарадан Қанжығалы Бөгенбай батыр сайланды. “Алаш ” ұранды қазақ қай жерде жүрсек те, ел басына күн туғанда осы төбе басына үйілген топырақтай бірігейік, жиылайық” деген тамаша ұлттық, отаншылдық идеямен әрбір қазақ жауынгері өз туған жерінің топырағын әкеліп, Ордабасының басына үйеді.

Сонымен, Ордабсында бір мәмілеге келген қазақтар халық азаттық күресті күшейтті. Алғашқы қақтығыс Бадамның Арысқа құяр сағасынан сәл жоғарыда Қараспан төбе деген жерде болды. Қазақтардан ә дегеннен мұндай тегеурінді күш күтпеген жоңғарлар шегінуге мәжбүр болады. Мұндай жоңғарларды тас-талқан етіп, қашуға мәжбүр еткен шайқастар Боралдай мен Қошқар ата өзендерінің түйіскен жерінде Үлкен Тұран бойындағы Садырқамал деген жерде, Теректі алқабында Бөген бойындағы, Тарақтықамал, Қаржасқамал, Ұзынбұлақ, Сарытау, Сарыкемер деген жерлерде болып өтті.

Қазақ-жоңғар соғыстарындағы аса ірі шайқастың бірі 1726 ж. (кейде 1728,1726 жж.) Шұбартеңіз көлі маңы Бұланты, Білеуті өзендерінің бойында, “Қарасиыр” деген жерде болып өтті. Қазақ жасағы жоңғарларды тас-талқан етіп жеңді. Соғыс болған жер кейін “Қалмаққырылған” деп аталып кетті. Бұл соғыста Әбілқайырдың жалпы басшылығымен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Тама Есім, Бәсентиін Малайсары, Тайлақ, Саурық т.б. батырлар ерекше көзге түсті. Осы жеңістің нәтижесінде Ұлытау аймағы, Кіші жүз бен Орта жүздің біраз жерлері жаудан азат етілді. Бұл жеңіс қазақ халқының рухын көтерді.

1730 ж. көктемде қазақ-жоңғар соғысының аса ұлы шайқасы – Аңырақай шайқасы болып өтті. Бұл шайқас Балқаш көлінің оңтүстік-шығысына қарай 120 шақырым жердегі Итішпес көлінің маңында болды. Бұл жолы да бірлескен Қазақ жасағы жоңғарларды тас-талқан етіп жеңді. Жау ондаған мың адамынан өлідей айырылды. Ал жаралы болғандары бірнеше күн бойы аңырап, даланы басына көтеріп жатқан. Сондықтан бұл шайқас тарихқа “Аңырақай шайқасы” деген атпен енген. Мағынасы: жоңғарлардың аңыраған, еңіреген жері” деген сөзден қалған екен. Бұл шайқасты Әбілқайыр хан басқарған. Ал, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек, Малайсары, Олжабай, Райымбек т.б. батырлар қаһамандық пен ерліктің тамаша үлгілерін көрсетті.

2. Отан қорғауда ерлік көрсеткен қазақ батырлары .

Қазақ халқынан өз отанын басқыншылардан қорғау, азат ету жолындағы ұзаққа созылған соғыстарда талай-талай даңқты қайраткерлер, қаһарман батырлар шықты. Аса ірі мемлекет қайраткерлері: Салқам Жәңгір хан (ХҮІІ ғ. 1- жарт), Әз-Тәуке хан (1635-38-1718 жж.), Әбілқайыр хан (1697-1748 жж.), Абылай хан (1711-1781 жж.) .

Қолбасы батырлары: Қоңырат Алатау, Шапырашты Қарасай, Арғын Ағынтай (ХҮІІ ғ. 1 жарт.), Жалаңтөс Баһадүр (1576-1656 жж) .

ХҮІІІ ғасырдың батырлары: Қанжығалы Бөгенбай (1680-1778 жж.), Қаракерей Қабанбай (1691-1769 жж.), Шапырашты Наурызбай (1706-1781 жж.), Шапшақ Жәнібек, Тама Есет, Бәсентиін Малайсары, Тарақтылы Байғозы, Көкжал Барақ, Албан Райымбек, Сүйіндік Олжабай, Керей Жәнібек, Керей Жанатай, Шанышқылы Бердіқожа, Сіргелі Қаратілеуке, Қазыбекұлы Қасқары, Өтеген Өтеғұлұлы, Қыпшақ Дербісәлі, Маңдай батырлар, Теке Сатай, Бөлек батырлар, Беріш Ағатай, Балтакерей Тұрсынбай, Бесентиін Жасыбай, Сергілі Елшібек, т.б.

Батыр аналар: Гауһар (Қабанбай батырдың жары, Малайсары батырдың қарындасы, батыр), Назым (Қабанбай мен Гауһардың қызы, әкесімен бірге жорыққа қатысқан батыр қыз), Есенбике (Олжабай батырдың анасы, Үйсін Қаратай батырдың қызы), Қызданбике, Нұрбике, Айбике (соғыс кезінде ел-жұртына ақыл-парасатымен танылған аналар, шаншар руынан), Айбике (Бұланбай батырдың жары, барлаушы топтың жетекшісі, Алтай, Ертіс, Тарбағатайдағы жоңғар әскерлері, олардың орналасуы туралы ағасы Қабанбай батырға құпия мәліметтер жеткізіп тұрған ержүрек қыз) т.б.
Бақылау сұрақтары:

1. Отан қорғау жолындағы күрестің басталуы.

2. Ордабасы жиыны.

3. Әз-Тәуке хан дүниеден өтіп, Абылай өз шыңына көтерілгенше Қазақ елінің тарих сахнасында басты роль атқарған мемлекет қайраткері?

4. Әбілқайыр хан: ұлы қолбасшы батыр, мемлекет қайраткері.

5. Бұланты шайқасы.

6. Ұлы Аңырақай шайқасы.

7. Төле би Әлібекұлы.

9. Қаз дауысты Қазыбек би Келдібекұлы.

10. Әйтеке би Бәйбекұлы.



11.ХҮІІ ғ. Жоңғар басқыншылығынан Отан қорғаған қазақ батырлары.

12. Қанжығалы Бөгенбай батыр.

13. Қаракерей Қабанбай батыр.

14. Шапырашты Наурызбай батыр.

15. Шақшақ Жәнібек батыр.

16. Тама Есет, Бәсентиін Малайсары, Уақ Баян батырлар.

17. Райымбек батыр.

4- лекция.

Тақырыбы: ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақстан мен Ресей. Қазақстанды Ресей құрамына қосып алудың бастауы.

Жоспары:

1.Ресей империясының ХҮІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан жөнінде ұстанған саясаты.

2.Кіші Жүздің және Орта Жүздің бір бөлігінің Ресей бодандығын қабылдауы

Лекция мақсаты: Ресей империясының ХҮІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан жөнінде ұстанған саясатын, Кіші Жүздің және Орта Жүздің бір бөлігінің Ресей бодандығын қабылдауы мәселелерін студенттерге таныстыру.

Лекция мәтіні

1.Ресей империясының ХҮІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан жөнінде ұстанған саясаты.

Қазақтың қазақ болғаннан бергі яғни ХҮ ғ. ортасынан бергі тарихына көз жіберсек, ол өзінің саналы ғұмырының тең жартысын 260 жылын отаршылдық дәуірінде, тәуелділік, бодандық бұғауында өткізгенін көреміз. Қазақ елі 1731 жылдан 1917 ж. дейін 200 жылға жуық патшалық Ресей империясының, ал 1917 ж. – 1991 ж. дейін Кеңес империясының отары болып келді. Тарихтың ащы сабағы осы. Осы отаршылдық дәуірдің басталуы, яғни Қазақстанның Ресей империясының қол астына кіре бастауы, яғни Қазақстанның, дұрысы Кіші жүздің Ресей қол астына кіруі кездейсоқтық емес. Ол ең алдымен 18 ғ. басындағы Ресей империясының экспансиялық–отаршылдық саясатымен, халықаралық жағдайымен тікелей байланысты өрбіді.

ХҮІІІ ғ. алғашқы ширегінде Ресейдің солтүстік батыс жағында Балтық теңізі мен Қара теңіз арқылы Еуропаға терезе ашумен қатар Сібірді қосып алу және Шығыс елдерімен белсенді сауда жасау жолдарын іздестірді. Бұл мақсатқа қазақ даласы сәйкес келді. 1 Петр Қазақ жерін “Азияның кілті мен құлпы” деп санады. Ол қазақ елі жөнінде былай деген: “Қазақ Ордасы бүкіл азиаттық елдермен жерлердің кілті мен қақпасы, сонымен ол Орда біздің қарауымызда болуға тиіс. Бұл жолда миллиондаған шығынға қарамай, ол елді өзімізге бағындыру қажет”.

Қазақ жері арқылы Орта Азия хандықтарына, Ауғаныстан, Персия, Қытай, Үндістан және т.б. Шығыс елдеріне керуен жолдары өтетін. Қазақстан мен Түркістан патша әкімшілігіне ең алдымен әскери-стратегиялық база ретінде керек болды. Мұнда орнығып алған соң орыс патшаларының асыл арманы болған аса бай Үндістанға жолашылады деп санады.



2.Кіші Жүздің және Орта Жүздің бір бөлігінің Ресей бодандығын қабылдауы

Бұрынғы Кеңес дәуіріндегі көзқарас бойынша Әбілқайыр өз еркімен Ресейге бодан кірді делінді. Шындығында да оның мұндай шешімге келуіне мәжбүр еткен Ресей мемлекетінің, осы бағытта жүргізген сан жылдар бойғы агрессивті саясаты болды. Батыс Жайық казактары қолдаған Еділ қалмақтары дүркін-дүркін шапқыншылықтар жасады, Ресейге сүйенген башқұрттар да шауып, тыныштық бермеді. 2-ден, жоңғар шапқыншылығының күшті қаупі сейілмеді. 3-ден, Аңырақай шайқасынан кейін билікке таласып, шайқас даласын тастап кеткен Әбілқайыр Ресей империясының көмегімен үш жүздің ханы болғысы келді. Осы себептер оны Ресей бодандығына кіруге итермеледі. 1730 ж. 8-қыркүйекте Әбілқайыр Петербургке - орыс әйел императоры Анна Иоановнаға өздерінің бодандыққа және қорғаушылыққа алуды сұраған өтінішпен хат жолдап, әрі ауызша айтуды тапсырып Сейтқұл Қойдағұлов пен Құтлымбет Қоштаев бастаған елшілік жіберді. 1731ж. 19 ақпанда Анна Иоановна Кіші жүзді Ресейдің бодандығына қабылданатыны жөніндегі сенім грамотасына қол қойды. Ол туралы қазақтарға хабарлау және тиісті ант қабылдату үшін Әбілқайырға Сыртқы істер компаниясының тілмашы А.И. Тевкелеев бастаған елшілік жіберілді. Бірақ қазақ билеушілерінің бірталайы Ресей қол астына кіруге қарсы болды. Тевкелевке, Әбілқайыр жақтастарына қарсы жақты көндіру оңайға түспеді. Осы кезде Тевкелев Ресей үкіметі атынан, оның шексіз құқықтары мен уәкілдерін пайдаланып, көнбеген ру басыларына аямай тартулар берді. Сый-құрмет көрсетті, белсенді үгіт жұмыстарын жүргізу тобын Бөгенбай батыр сияқты атақты адамдардың көмегін пайдаланды. Нәтижесінде 1731 ж. 10 қазан күні Әбілқайыр мен оның саясатын қолдаған Кіші жүздің 29 ағаманы Ресей қол астына кіруге ант берді. Орта жүз ханы Сәмеке 1731 ж. соңында Ресей қол астына кіруге келісім бергенімен, оны орындамай Ресейге қарасты башқұрттарға жорықтар жасайды. Бірақ кейін ол райынан қайтып, Ресей қоластына кіруге өтініш жасайды. 1734 ж. 10 маусымда Анна Иоановна Сәмеке мен оның жақтастарының өтінішін қанағаттандыру грамотасына қол қояды. Кіші жүз бен Орта жүздің солтүстік батыс бөлігінің Ресей азаматтығына өтуі 1740 ж. Орынборда өткен съезде бекітілді.



Бақылау сұрақтары:

1. Қойбағар Көбеков бастаған елшілік Ресейге қашан жіберілді?

2. Әбілқайыр ханның Ресей қоластына кіру жөніндегі С.Қойдағұлов пен Қ.Қоштаев бастаған елшілігі Петербургке қашан жіберілді?

3. Ресей императрицасы Анна Иоановна Кіші жүзді Ресей қоластына қабылдайтыны туралы жарлыққа қашан қол қойды?

4. Қазақ жерлерінің Ресей империясының қол астына кіруі қандай шарттар негізінде құжаттарда белгіленген?

5. А.И.Тевкелеевтің Қазақстандағы дипломатилық миссиясы қашан өтті?

6. Кіші жүз ханы Әбілқайыр өзін қолдайтын ағамандармен бірге Ресей қоластына кіруі туралы қашан ант берді?

7. Әбілқайыр бастап Ресейдің қол астына қарау жөніндегі актіге қол қойған қазақ ағамандарының тобы неше адамнен тұрды?

8. “Қазақ Ордасы бүкіл азиаттық елдер мен жерлердің кілті мен қақпасы, сондықтан ол Орда біздің қарауымызда болуға тиіс Бұл жолда миллиондаған шығынға қарамай ол елді өзімізге бағындыру қажет”. Бұл кімнің сөзі?

9. Әбілхайыр ханның Ресей қоластына кіру себептері.

10. Анна Иоановна Сәмеке хан мен оның жақтастарының Ресей қоластына кіру туралы өтінішін қашан қанағаттандырды?

11. Анна Иоановнаның 1734ж. 10 маусымдағы жарлығымен Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдағанмен, іс жүзінде ұлы жүз неге Ресей құрамына кірмеді?

Семей қаласы қашан салынды?

13. Өскемен қаласы қашан салынды?

14. 1716 ж. қай қала салынды

15. Подполковник И.Бухгольцтің Шығыс Қазақстан мен Алтайға әскери-барлау экспедициясы қашан шығарылды ?

16. Унковский бастаған Ресей елшілігі Жоңғарияға қашан жіберілді ?

17. Қазақтардың Ресей қоластына кіруіне қарсы болған топты басқарған Әділқайырдың саяси бақталасы ?

18. XVIII ғ. бірінші жартысында Ресей үшін Қазақстанның қандай маңызы болды?

19. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың басшылығымен Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген және оны сәтті аяқтаған елшілер?

20. 1731 ж. Қазақтардан ант қабылдануға Ресейден орыс елшілігін кім басқарып келді

21. Әбілқайыр хан екінші рет Ресейге бодандығын мойындап , қай жылдары өткен сьездерде ант берді

22. Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресей билігін мойындап, қай жылы және қай жерде ант берді
5 лекция.

Тақырыбы: ХҮІІІ ғасырдың орта кезіндегі Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы.

Жоспары:

1. Әскери бекініс шептерінің салынуы.

2.Патшалы Ресейдің жер мәселесінедегі отаршыл саясаты.

Лекция мақсаты: Ресей империясының қазақ жеріне әскери бекініс шептерін салуы, жер мәселесінедегі отаршыл саясаты, қазақ-орыс сауда байланыстарын ашып көрсету.

Лекция мәтіні

1. Әскери бекініс шептерінің салынуы.

Байлыққа толы Қазақ жерін отарлауды басты орынға қойған Ресей патша үкіметі бір жағынан Қазақстанның байлығын иелену арқылы өзінің экономикалық мүдделерін қорғау, 2-ші жағынан Қазақстанның тәуелділігін күшейту мақсатымен ХҮІІІ ғ. ортасында Қазақстанның Ресеймен шектесетін бүкіл батыс, солтүстік өңірлерін, солтүстік-шығысын әскери бекініс шептерін салып құрсаулап қоршай бастады. Бұл бекіністерді салу барысында патша өкіметі қазақтың ең жақсы, шұрайлы жер-суын тартып ала отырып, ол жерлерге ойып, топырлата бекіністер салып, сығымдай қоршады.

ХҮІІІ ғ. ортасынан патша үкіметі Жайық өзенін бойлай Жайық казактарының күшімен 14 қамал: Переволовцк, Чернорегенск, Татищев, Нижнеозерная, Рассыпная, Елек қалашығы, Жайық қалашығы, Сахарная, Калмыковск, Көш-Жайық, Кулагина, Тополев, Бақсай, Гурьев қамалдары салынып, бұл бекіністер тізбегі Жайық шебі деп аталды.

1734 ж. Жоғарғы Жайық қамалы салынған кезден бастап, Жоғарғы Жайық шебінің негізі қаланы бастады. Бұл Жайық қалашығынан Жоғарғы Жайық қамалына дейінгі бекіністерден тұрды.

ХҮІІІ ғ. 30-40 жж. Жоғарғы Жайық қамалынан Зверноголовск қамалына дейін 770 шақырымға созылған Үй шебін құру аяқталды . Ол Қарағай, Қаракөл, Усть-Уйск қамалдарынан тұрды. 1752 ж. Ново-Ишим шебі салынып бітті. Бұл шеп 540 шақырымға созылып, Үй шебін Ертіс шебімен жалғастырды. Бұған Зверноголовск, Покровск, Кабанья, Пресногорков қамалдары кірді. Осы кезде Красногорск дистанциясы мен Орск шебі кірді.

ХҮІІІ ғ. 50 жылдары ұзындығы (1684) 930 шақырымға созылған Ертіс шебін салу аяқталды. Оған Омбы, Железинск, Петропавл, Семей, Өскемен, Коряков, Ямышев т.б. қамалдар кірді.



2. Патшалы Ресейдің жер мәселесінедегі отаршыл саясаты.

Қамалдар салу мен отарлау қазақтардың дәстүрлі көші-қон жерлерінің бір бөлігін тартып алуға, олардың көлемін қысқартуға әкеліп соқтырды. Патша үкіметі жер мәселесінде отаршылдық шараларды біртіндеп жүзеге асырды.

1734 ж. патша үкіметі қазақтардың Жайықтың оң жағалауына өтуіне тыйым салу туралы мәселені тұңғыш рет қойды. 1742 ж. 19 қазанда Жайық өзені маңында, Жайық қалашығы мен салынып жатқан қамалдар маңында қазақтардың көшіп қонуына тыйым салатын жарлық шығарылды.

Жайық пен Еділ аралығында көшіп-қонып жүрген Қазақ ауылдарын Жайықтың сол жағалауына көшіруге бұйрық берілді. Бұл үшін Жайық атты казак әскерлерінен күшті әскер жасақтау, тіпті қазақтарға қарсы қалмақтардың әскери отрядтарын пайдалану бұйырылды, әрі қалмақтардың түсірген олжаларының өздеріне берілетінін айтып алдын-ала дәлелдендірілді. Қазақтардың Жайықтың оң жағалауына мал айдап өтпеу үшін патша үкіметі тіпті сорақылықпен 1747 ж. күзде Каспийге дейінгі Жайықтың бір беткейіндегі далаларға өрт қойды. Бірақ бұл шаралардың бәрі қазақтардың жерге деген ұмтылысын Жайықтың оң жақ бетіне өтуін тоқтата алмады. Жарлық жүзеге аспай қалды, үкімет амалсыздан қазақтардың Жайықтан өтуіне рұқсат беруге мәжбүр болды.

Бірақ 1756 ж. 2 қыркүйекте қазақтардың Жайық жағасына малын жаюға алғаш рет ресми түрде шек қойылды. Ал1757 ж. 24 желтоқсанда Кіші жүз ханы Нұралыға тапсырған орыс үкіметінің шешімдеріне қазақтардың Жайық өзенінен мал айдап өтуіне тыйым салу расталды.

Бақылау сұрақтары:

1. И. Кириллов бастаған Орынбор экспедициясы өз қызметін қашан бастады?

2. Патша өкіметі қазақтарға Жайық өзені маңында, Жайық қалашығы мен басқа да салынып жатқан қамалдар маңында көшіп қонуына тиым салған жарлығы қашан шықты?

3. Патша өкіметі қазақтардың Жайықтың оң жағалауында мал айдап өтпеуі үшін Каспийге дейінгі Жайықтың бір беткейіндегі далаларға қашан өрт қойды?

4. Петропавл бекінісі қашан салынды?

5. Барақ пен оның сыбайластары Әбілхайыр ханды қашан өлтірген?

6. XVIII ғ. ортасында Ресей Қазақстанды отарлауды неден бастады?

7. Сәмеке хан (Шахмұхаммед) қай жылдары ел биледі?

9. Әбілқайырдың өлімінен кейін, 1749 ж. Кіші жүзде екі дербес хан сайланды. Қай ханды қазақтар қолдап, Ресей қолдамады?

10.Орыс өкіметі қай жылы Кіші жүздің жасақтарын башқұрттардың көтерілісін басуға пайдаланды ?

11. Кіші жүз ханы Нұралының билік қурған жылдары?

12. 1737ж. сәуірде И. Кириллев қайтыс болған соң Орынбор өлкесінің губернаторы болып тағайындалған Ресейдің көрнекті мемелекет қайраткері, әрі тарихшысы кім?


6 лекция.

Тақырыбы: ХҮІІІ-ХІХ ғғ. біріші жартысындағы қазақ қоғамы.

Жоспары:

1. Экономикалық жағдай.

2. Сыртқы сауда.

3. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрамының өзгеруі.



Лекция мақсаты: ХҮІІІ-ХІХ ғғ. біріші жартысындағы қазақ қоғамы: экономикалық жағдайы, сыртқы сауда, қазақ қоғамының әлеуметтік құрамының өзгеруі туралы студенттерге түсіндіру.

Лекция мәтіні

1. Экономикалық жағдай.

ХҮІІІ-ХІХ ғ. 1-жартысындағы қазақ қоғамының шаруашылық қызметін бір мағынада бағалау мүмкін емес. Экономикалық кәсіптердің сипатын қатаң бір формуламен және белгілі бір типологиялық шеңбермен байланыстыруға болмайды. Онда елеулі өзгерістер болғанына қарамастан, оның түрлері сан алуан болды. ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың 1-жартысындағы экономиканың жай-күйін сипаттайтын материалдар соның алдындағы дәуірлердің деректерімен салыстырған кезде шаруашылықтың дамуы көп жағынан физикалық (географиялық орта, қуаңшылық және т.б.) факторларға да, саяси (саяси бағдардың ауысуы, көршілердің шабуыл жасауы, әр түрлі соғыстар т.б.) факторларға да тәуелді болғанын көрсетеді.

ХҮІІІ-ХІХ ғ. 1-жартысындағы шаруашылық дамуының барысы сауда көлемінің біртіндеп өсе түсуімен және сайып келгенде рынокқа тәуелділікпен анықталады. Осы кезеңдегі қазақтардың шаруашылығында болған елеулі өзгерістер – солтүстіктегі көршінің неғұрлым дамыған экономикасы ықпалының нәтижесімен жүзеге асты.

2. Сыртқы сауда. Қазақ жерлерін Ресейге қосуды тездетуге байланысты статегиялық міндеттерді шешу, Кіші жүздің солтүстік-батыс аудандары мен Ұлы жүздің бір бөлігін империяның шаруашылық даму жүйесіне біртіндеп тарту, Ресей мануфактуралық өндірісінің өнімін өткізетін арзан, қолайлы, жақын рыноктар іздеу ішкі және сыртқы сауданың дамуы үшін қолайлы жағдай қалыптастырды.

Әскери-тірек пункттері ретінде құрылған Орск, Орынбор, Петропавл,Семей, Өскемен т.б. бекіністер мен қоныстар, көшпелі қазақ халқы мен казак қоныстарының тұрғындары арасында шаруашылық қатынастардың орнатылуына қарай Ресейдің Қазақстанмен, Орта Азия иеліктерімен, Цин империясымен және Орталық Азияның басқа да елдерімен сауда байланыстарын кеңейтуде барған сайын маңызды рөл атқара бастады.

Сол кездегі Қазақстанның тарихи-географиялық жағдайлары себепті екі сауда орталығы: бір жағынан солтүстік-батыста Орск, Орынбор; екінші жағынан Семей, Өскемен, Омбы, Ямышевск, Железинск және басқалары құрылып, шектес елдермен сауда да солар арқылы жүргізілді. Сондықтан аталған орталықтар арқылы алыс елдермен сауда дамуының кезеңдерін, мөлшерін мән-жайларын аймақтағы халықаралық қатынастардың ықпалымен өзгерістерге ұшыраған сауда мәмілелерінің жағдайлары мен ауқымын анықтау, салыстыру тұрғысынан қарастыру әбден дұрыс тәрізді.

3. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрамының өзгеруі.

Қоғамдық еңбек бөлінісі мен қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық жіктелу барысы қоғамдық міндеттерді жүзеге асырудағы одан әрі мамандандыруды туғызды және соның салдары ретінде көшпелілердің әлеуметтік қатынастары құрылымында ерекше институттардың қалыптасу үрдісіне әкеліп соқты. Бұл орайда қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық құрылымы мен әлеуметтік топтарға бөлінуі сәйкес келмеді, ал кейде бір-біріне тіпті қайшы келіп отырды. Адамның әлеуметтік мәртебесі әсте де барлық уақытта бірдей оның экономикалық әл-ауқатымен анықталған емес, ал соңғысы өз кезегінде, барлық уақытта бірдей оның биік мәртебесіне тәуелді бола бермейді. Қазақ қоғамының әлеуметтік бөлінуіне тән ерекшелік индивидтердің «ақсүйек» және «қарасүйек» саралануы болды. Бірінші әлеуметтік топ оның әлеуметтік оқшаулығы және қоғамдық қатынастар құрылымындағы мәнінің зор болуы себепті ешкімді өткізбейтін индивидтердің мәртебесі жабық корпорациясы болды. Оған аристократиялық екі сословие – төрелер мен қожалар жатты.

Ақсүйектерден айырмашылығы «қарасүйектердің» сословиелік- корпорациялық топтарының мәртебесі ашық болды, оған жеке қасиеттері мен мүліктік жағдайына қарай кез келген индивид қол жеткізе алатын.Оларға билер, тархандар, батырлар, ақсақалдар санаттары жатты. Алайда қазақ қоғамының еркін қауымдастар деп анықталатын көпшілік бөлігі сословиелік белгілері бойынша сараланған емес, қазақтардың үстем тобынан оның айырмашылығы осы болатын.
Бақылау сұрақтары


  1. ХVІІІ – ХІХғ. 1-жартысындағы қазақ қоғамының ерекшеліктері.

  2. ХVІІІ – ХІХғ. 1-жартысындағы қазақ қоғамындағы экономикалық өзгерістер.

  3. Қазақ қоғамындағы экономикалық өзгерістердің себептері.

  4. Қазақ-Ресей сауда қатынасы.

  5. Қазақ – орыс сауда қатынасының ірі орталықтары.

  6. Қазақ – Қытай сауда қатынасы.

  7. Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен сауда байланыстары.

  8. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрамындағы өзгерістердің себептері

  9. Қазақ қоғамындағы «ақсүйектер», оған кіретін сословиелер.

  10. Қазақ қоғамындағы «қарасүйектер», оған кіретін сословиелер



7 лекция.

ІІ. ХҮІІІ ғ. 50 жж. – ХІХ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстандағы саяси үрдістер.

Тақырыбы: Абылай ханның Отанды жаудан азат ету жолындағы күресті ұйымдастыруы.

Жоспары:

1.Абылай тегі, жастық өмірі.

2. Абылай хан –ұлы қолбасшы батыр, азаттық күресті басты ұйымдастырушы

Лекция мақсаты: Абылай ханның тегі, жастық өмірін, оның азаттық күресті басты ұйымдастырушы ретіндегі ролін ашып көрсету.

Лекция мәтіні

1.Абылай тегі, жастық өмірі.

Қазақ халқының Ақтабан шұбырындыдан соң қайта оңалуы, кемеліне келіп, біртұтас мемлекет ретінде қалпына келуі –Абылай хан есімімен байланысты. Абылай (шын аты Әбілмансұр ) 1713 ж. (кей деректерде 1711 ж.) Түркістан билеушісі Уәли сұлтанның шаңырағында дүниеге келген.

Абылайдың 13 жасында ауылын жау шауып, әке-шеше, туыстарынан айрылған ол, қызметшісінің көмегімен қашып құтылған. Осы кезден-ақ Абылайдың бойынан ірі қайраткерге тән қасиеттер байқала бастаған. Ақылымен, ержүректігімен, табандылығымен ерекше көзге түскен. Қашып жүргенде аты-жөнін жасырып, «Сабалақ» атанған Абылай әкесімен ағайындас Орта жүз ханы Әбілмәмбет сарайындағы ақсүйектерге қосылады. 15 жасынан бастап жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске белсене араласады.

Абылай хан – ХҮІІІ ғасырда тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Абылайдың дара тұлғасы, қолбасшылық таланты мен саяси көрегендігі қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығы мен Ресей, Қытай империясының көз алартушыларға қарсы күресіне байланысты қалыптасқан күрделі тарихи кезеңде көзге түсті. Абылай қазақ халқының тағдыры қыл үстінде , қылыш жүзінде тұрғанда ел бірлігін ұйымдастырып, үш жүздің басын қосып, жауға тойтарыс берді. Сол арқылы қазақтың келешегі жасалды.



2. Абылай хан –ұлы қолбасшы батыр, азаттық күресті басты ұйымдастырушы

Жас Абылайдың ел тізгініне жеткен кезі-ежелгі біртұтас қазақ мемлекеті құлап, жеке биліктерге ыдырағанына жиырма жылдай болып қалған. Ақтабан шұбырындыға ұшырап , қырылып –жойылған халық енді қайтып бас көтерместей, ешқашан ес жимастай көрінген өте ауыр кезең еді. Қазақтарды ығыстырып, қырғынға ұшыратып, Жетісуды, бүкіл оңтүстік өңірді жаулап алған, Жоңғар хандығы біздің ата жұртымызға біржолата орнығуға ниет еткен.

Орталық Азиядағы ахуалды, әскери іс пен саяси жағдайды анық байыпталған Абылай Отанды қорғау, қалмақ басқыншылығынан құтылу мәселесін 1- ші кезекке қояды.

Діні бір, тілі бір, Орта Азия хандықтары қазақтарға қол ұшын бермейді, қайта әлсіреген Қазақ хандығының жақсы жерлерін алып қалуға тырысады. Ал Ресей болса да көмектеспейді. Оның саясаты белгілі. Сондықтан Абылай туған халқының қажыр-қайратына ғана сенеді. Елді жауға қарсы жұмылдырып, Қазақ Ордасының әскери қуатын арттырады. Үш жүзді біріктіріп, Отанды қорғауда азаттық күреске бастайды. 1739 ж. күзде Қалдан-Сереннің таңдаулы әскербасы Серден 30 мың әскермен Сары-Арқаға басып кірді . Бейқам болмаса да, дәл осы кезде шабуыл күтпеген қазқтар ығысы соғысқанымен, жаудың бетін қайтарады.

Бірақ көп ұзамай Қалдан-Сереннің тағы бір қолбасы Сары–Мәнжі бастаған қалың қол шығады. Абылайдың басшылығындағы қазақтардың көп шығынға ұшыраған қорғаныс соғыстары бүкіл қыс бойына созылады.

1740 ж. күзде Септен бастаған ойрат әскері қайтадан Сары-Арқаға қарай шабуылдады. Бұл жолы жауды күтіп сақ отырған Абылай қарсы шабуылға көшеді бірнеше үлкен-кішілі ұрыста қалмақты ойсыраған шығынға ұшыратады, бетін қайырып, ел іргесін бекітеді.Алайда, қыс ортасында 1741 ж. ақпан айында Септен мен Қалдан Сереннің үлкен ұлы Лама Доржы бастаған 30 мыңдық ойрат әскері жолындағының бәрін жайпаған жаңа жорыққа шығады. Бұл жолға қанды шайқастар қыстан озып, жазға ұласады. Қысқы майданда Есілге, Тобылға дейін ығыса ұрысқан қазақтар жазға қарай қайтадан күш алады. Абылай үлкен майдан ашып, шешуші бір ұрыста жоңғар қолын талқандайды, тарихи деректердің айтуынша, бұл ұлыста қалмақ әскерінің оң қанаты түгелге жуық қырылыпты.

1741 ж. Бүкіл жаз бойына созылған аумалы–төкпелі күрес үстінде екі жақ та көп шығынға ұшырайды, екі жақта алға қойған мақсаттарына жете алмайды . Бірақ жоңғардың заманы бірте-бірте өте бастағаны, ал әлсіреген қазақ елінің күш-қуаты толыса бастағаны айқын көрінеді.

Міне осы кезде, яғни 1741 ж. жазда небәрі 200 адаммен ғана жолдғынға шыққан Абылай тұтқиылдан қалың әскерге кездесіп, қоршауда қалады, арпалыса соғысқан шағын жасақ түгелге жуық қырғын тауып, сұлтанның өзі тұтқынға алады. Содан 1743 ж. қыркүйекте босатылғанға дейін тұтқында болады. Қалдан Серен өз тұтқыны Абылаймен 1743 ж. қазақ-жоңғар арасында бейбіт келісім жөнінде шарт жасасады. 1745 ж. Қалдан Церен қайтыс болғаннан кейін нояндар арасында таққа таластық өрістеді. Құдіретті әміршінің өзінің өсиетіне орай, қалмақ нояндары Қалдан цереннің 2-ші ұлы Цедан Доржыны қонтайшы сайлады. Оның билігі ұзаққа бармайды, көп ұзамай оны таққа таласқан ағасы Лама Доржы өлтіреді, өзі қонтайшы болып сайланады. Лама Доржының қарсыластары таққа таласушылар - Дауаци мен Әмірсана 1751 ж. күзде қазақ Ордасына - Абылай ханға қашып келіп бас сауғалайды. Жоңғар билеушісі Дауаци мен Әмірсананы дереу қайтаруды талап етеді. 1752 ж. күзінде Абылай Ұлытауда үш жүздің басшы өкілдерін жиып, кеңес ашты. Біраз ел басылары оның ішінде Әбілмамбет хан да бар қонтажының қаһрынан қорқып, қашқындарды ұстап беруді ұсынады. Абылай ойрат елшілеріне: “Дауаци мен Әмірсана өз аяқтарымен келді, ата дәстүрімізде пана сұрап келген мейманды жауға бермейді” деп мәлімдейді. Лама Доржы 1752 ж. қыркүйекте Сайын –Белек, Батұр-Үбашы дейтін қолбасылары бастаған 20 мың әскерімен елшетіне тиеді. Осы қырғын соғыста қалмақ әскерін тас талқан етіп жеңеді. Жоңғар мемлекетінің іріп-тозу кезеңіне бет алғанын анық аңдып, уақыт ұтуға тырысады, жауын жеңе тұра бітім туралы ұсыныстарымен елшілік аттандырады. Ал, Лама Доржы бітімге көнбейді. Осы кезде Абылай Дауаци мен Әмірсананың 150 нөкеріне таңдаулы 500 сарбаз қосып, қиғаш жолмен Жоңғарға ,Лама Доржы ордасына аттандырады. Бар әскері майданға кеткен, қорғаусыз қалған хан ордасын шауып, Лама Доржыны өлтіреді. (1753 ж. 12 қаңтар ) Енді Дауаци билікке келіп, Абылаймен келісім бойынша қзақ жеріндегі соғысып жатқан әскерлерін елге қайтарып алады.

1753-1754 жж. Бөгенбай, Қабанбай, Керей Жәнібек, Жанатай, т.б. батырлар бастаған қазақ жасақтары қысы жазы демей әлденеше рет Жоңғарды шауып қайтты. Ауыр жеңілістерге ұшыраған, жаны қысылған Дауаци тіпті орыс үкіметінен көмек сұрайды. Дауаци мен Әмірсана арасындағы ақырғы шешуші бір соғыста ойсырай жеңілген Әмірсана Қытайға қашады. Бірақ Абылай тоқтамайды. Дауаци 1754 ж. күзде біржолата талқандалады. Күзгі жеңіс қысқы майданға ұласады. Сөйтіп, ешбір халықтың тарихында болмаған 150 жылдық, тіпті кейбір деректер бойынша 200 жылдық қазақ-ойрат соғысында қазақтар түпкілікті жеңіске жетеді.

. Бақылау сұрақтары

1. Абылай ханның шығу тегі.

2. Абылай ханның өмір сүрген жылдары?

3. Абылай хан неше жасында өзінің тұңғыш тарихи ерлігін жасады?

4. Абылай ханның шын есімі?

5. Жоңғар агрессиясына байланысты Абылай ханның ұстанымы, оның Әбілхайыр,Сәмеке т.б. хандардан айырмашылығы қандай болды?

6. Абылай хан қай жылдары Қалдан Цереннің тұтқыны болды?

7. Абылай ханның және барлық қазақ хандарының тегі шыңғыс ханның Жошыдан туған қай ұрпағынан тараған

8. Абылай жас күнінде “Сабалақ” деген атпен кімнің түйесін бақты?

9. Абылайдан пана сұрап, Орта жүзге қашып келген Жоңғар тағына таласушылардың бірі?

10. Абылай хан 1741-1743 жж. қай елдің тұтқыны болды?

8 лекция.

Тақырыбы: Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.

Жоспары:

1. Абылай ханның ішкі саясаты, оның реформалары.

2. Абылай ханның сыртқы саясаты.

Лекция мақсаты: . Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатын, оның жүргізген реформаларын студенттерге түсіндіру.

Лекция мәтіні

1. Абылай ханның ішкі саясаты, оның реформалары.

ХҮІІІ ғ. 70 жж. басында Қазақстанда жалпы қазақ ханын сайлауға барлық жағдайлар қалыптасты. Бірден-бір лайықты кандидатура ықпалы Абылай болатын, қазақ даласының ең беделді әміршісі болған еді. 1757 ж. Цинь билеушілерімен жазысқан хаттарында ол өзін хан деп атаған. Сондықтан Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін 1771 ж. үш жүздің игі жақсылықтары Түркістанда Абылайды ақ киізге көтеріп, үш жүздің ханы етіп жариялады.

Бүкілхалықтық мойындауға және үш жүздің ханы атағына қарамастан, Абылайдың билігі шексіз болған жоқ. Сұлтандардың біраз бөлігі, әсіресе Барақ пен Әбілмәмбет ханның ұрпақтары Абылайды тақты заңсыз иеленді деп санады. Түркістан мен Сырдарияның ортаңғы ағысында билікті бөліскен Сәмекенің баласы Есім мен Әбілмәмбеттің баласы Болат өздерін хан деп атай берді. Хан билігіне наразы кейбір ру басылары оны тіпті әскери күшпен құлатуға да тырысты. Дағдылы құқықпен шектеулі Абылай сұлтандар мен рубасылардың бетімен кетуін ауыздықтауға ұмтылды. Абылайдың орсан зор беделі қазақтарды ханға бағынышты ұстады. Осындай кезеңде Абылай қазақ хандығының саяси жүйесін көбірек орталықтандыру жағына қарай өзгерту қажет екенін өте жақсы түсінді. Бұған жету үшін хан бірнеше бағытта әрекет жасады.

Біріншіден, Абылай биліктің орталықтандырылуын нығайтуға ұмтылды. Ол жүздер мен үлкен бірлестіктерді басқаруға дәстүрлі қазақы кісілік рухы негізінде бір орталық буындары элементтерін енгізуге ұмтылды. Ханның көптеген балалары осындай билеушілер рөліне кірісті. 1774 ж. Әділ сұлтан Ұлы жүздің бір бөлігінің билеушісі болып тағайындалды. Солтүстік-шығыс Жетісуда оның басқа бір баласы Сүйік, Орталық Қазақстанда Қасым билік етті.

Орталық билікті күшейту үшін Абылай қолданған шаралардың екінші кешені – бір тұлғаның қызметіне және оның тұлға ретіндегі қасиеттеріне сүйену. Мәселен, дағдылы құқықтың дәстүрлі түсініктеріне қарамастан, Абылай хан қылмыскерлерді өлім жазасына кесуге үкім шығару құқығын өзі алды. Бұл міндет бұрын билер қазылығында ғана болатын.

2. Абылай ханның сыртқы саясаты.

Абылай ханның сыртқы саясаты. Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымырашылдығымен сипатталады. Оның Ресей мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен қатынастарының Орталық Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан, Ресей протекторатынан бас тартпай, екінші жағынан, өз иеліктерінде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділік танытуға тырысты. «Қазақтар әуел бастан-ақ екі жақтылықты ұстанды, - деді цин императоры өзінің 1779 ж. жарлығында, - ...Абылай бізге бағынған кезде Ресей Абылайдың өз боданы екенін, сондықтан біздің оны өз бодандығымызға қабылдамауымыз керек екенін мәлімдеп, наразылық жіберді. Біз сонда былай деп жауап қайтардық: «Сіздер Абылайды өз адамымыз дейсіздер. Егер сіздер оны жақсылап басқарсаңыздар, ол ешбір жағдайда бізге бағынуға өтпеген болар еді... Ал сіздер, орыстар, бұған қалай кедергі жасай аласыздар?.. Егер болашақта мұндай оқиға бола қалса, сақтық жасау керек». Абылай қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Ресей сарайына әлдеқайда ынталылықпен... ал қытай ханымен хат жазысуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті. Хан өз иеліктерін агрессияшыл көршілерінен осылайша қайіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты.

Абылайдың оңтүстіктегі көршілерімен қатынастары басқаша болды. Абылайдың күш салуы арқасында қайтадан қазақ аймағына айналған Жетісуда қырғыздармен қақтығыстары жалғаса берді және Абылай оларға қарсы ара-тұра жорықтар жасап тұрды. 1774 және 1779 жылдары сондай жорықтар жасалды. Соңғысы қырғыз руларының бір бөлігінің Қазақ хандығына бағынуына жеткізді. Ташкентпен және Ходжентпен соғыста Шымкент, Сайрам, Созақ және Ташкент қазақтарға қайтарылды. Сонымен, Абылай ханның ХҮІІІ ғ. 70 жж. Сыртқы саяси қызметі Қазақ мемлекетінің бірлігін қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайынның нығаюына жеткізді.
Бақылау сұрақтары:


  1. Абылайдың билікке келуі.

  2. Абылай ханның билікті орталықтандыру жолындағы әрекеті.

  3. Абылайдың қазақ елінің әр аймағында билік құрған ұрпақтары.

  4. Абылай ханның сот жүйесіне енгізген реформалары.

  5. Абылай ханның сыртқы саясатының сипаты мен ерекшеліктері.

  6. Абылай ханның Ресей мен Қытай империялары арасында ұстанған саясаты.

  7. Абылай ханның Ресеймен қатынасы.

  8. Абылай ханның Қытаймен қатынасы

  9. Абылай ханның тұсындағы қазақ-қырғыз қатынасы.

  10. Абылайдың оңтүстік өңірді қазақ хандығына біріктіруі.

  11. Абылай ханның қазақ мемлекеттін нығайтады және қазақ халқының болашағына жол ашудағы тарихи орны мен ролі.



9 лекция.

ІІІ. ХҮІІІ ғ. аяғы ХІХ ғ. басындағы отаршылдыққа қарсы күрес.

Тақырыбы: Қазақтардың Е.И.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы.

Жоспары:

1. Көтерілістің себептері мен алғы шарттары.

2. Көтерілістің барысы.

3. Жеңілу себептері және тарихи маңызы.



Лекция мақсаты: Е.И. Пугачев бастаған көтерілістің себептері мен алғышарттарын, көтерілістің барысын, жеңілу себептері мен тарихи маңызын ашып көрсету.

Лекция мәтіні

1. Көтерілістің себептері мен алғы шарттары:

а) Каспий және Жайық бойындағы шұрайлы жерлерді қазақтардан тартып алып, ол жерлерді орыс помещиктеріне бөліп беру;

ә) Патша жазалаушы отрядтарының шабуылдары;

б) Жайық бойында патша үкіметінің бекіністерді көптеп салуы.

1773 ж. 20 қыркүйекте Пугачев қазақтарға арнайы үндеу таратты. Үндеуінде ол қазақтарға жер мен суын және тәуелсізігін қайтарамын деп уәде етті.

1773 ж. қарашаның 17-нен 18-не қараған түні – Нұралының өкілі Зәбір молда Усиха өзені маңында Пугачевке жолықты. Нұралы хан сондай-ақ Досалы, Ералы, Айшуақ сұлтандар көтерілісті қолдады.

Ал қарапайым қазақ шаруалары басты арманы Пугачев уәде еткен жер мен тәуелсіздік болғандықтан, олар да көтеріліске белсене қатысты.

2. Көтерілістің барысы.

Көтеріліске негізінен Кіші жүз және Орта жүз қазақтары қатысты. 1773 ж. қазанның басында Кіші жүз қазақтары Жоғарғы және Төменгі Жайық бекініс шептеріне, ондағы барлық бекініс қамалдарға шабуылдар жасады. Қазақтар Жайық бекінісін қоршауға қатысты. Кулагин бекінісін басып алды. Орынборда қоршауға 2000 қазақ белсене қатысты. Қазақ жасақтары Татищев бекінісінің маңында Устимовтың отрядын, Елек қалашығының қасында Кузьминнің отрядын, Кендірлі маңында Темныйдың отрядтарын талқандады.

Орта жүз қазақтары де белсене қатысты:

1. 1773 ж. қазанда Пресногорьковск бекінісіне, Троицк, Гагаревск редуттарына шабуыл жасады.

2. 1773 ж. желтоқсанда 600 дей жасақ Озерная мен Губерминская бекіністерін қоршады.

1774 ж. күзде қарауыл, қыпшақ, керей т.б. рулардан құрылған топтар Пресногорковск, Петропавл, Верхнеозерная бекіністеріне шабуылдады.



3. Жеңілу себептері және тарихи маңызы.

Пугачев көтерілісі жеңіліп, 1775 ж. 10 қаңтарда оның басшылары дарға асылса да, Қазақстандағы көтеріліс 2 жылға дейін тоқтаған жоқ.. Батыс Қазақстанда Байбақты,Тама, Табын руларынан құралған жасақтар қажырлықпен күресті. Солардың бір бөлігін ағайынды Жанболат пен Тасболат Айбасовтар басқарды. Сырым батыр да ерлігімен ерекше көзге түсті. Соңына таман Сапура деген қазақ әйелі де көтерілісшілерді бастап ерлікпен күресті.

1776 ж. аяғына қарай көтеріліс тоқтатылды. Қазақ жасақтарының жөнді қару-жарақтары болмады. Қозғалық жақсы ұйымдастырылмады. Сонымен жақсы қаруланған патша әскерлеріне қарсы тұра алмады. Көтеріліс жеңілді.1773-1775 жылдардағы шаруалар көтерілісінің қазақ халқы үшін маңызы зор болды. Оған қазақ елінің бірталай бөлігінің қатысуы және оның елеулі күшке айналуы патша өкіметінің отарлу саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысының алғашқы бастуы, болашақ күрестерге негіз болды.
Бақылау сұрақтары

1. XVIII – XIX ғ.ғ. ұлт-азаттық көтерілістердің негізгі шығу себептері

2. 1773 – 1775. ж.ж Е.И Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қай жүздері қатысты?

3. Кай көтерілісте қазақ жасақтары Татищев бекінісінің маңында Устимовтың отрядын, Елек қалашығының қасында Кузьминның отрядын, Кендірлі маңында Темныйдің отрядын талқандады

4. Нұралы ханның Пугачевпен келіссөз жүргізуі.

5. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне белсен қатысқан қазақ сұлтандары.

6. Пугачев көтерілісне Кіші жүз қазақтарының қатысу себебі

7. Пугачев көтерілісі кезінде Кіші жүз қазақтары қандай ұрыстарға қатысты.

8. Қазақ халқына үндеу жариялаған және ол үндеулерінде қазақтарға адалынан жер мен су азық-түлік, жем шөп, еркіндік беретіннін айтқан көтеріліс басшысы

9. Орта жүз қазақтарының Пугачев көтерілісіне қатысуы.

10. Көтерілістің жеңілу себептері.

11. Көтерілістің тарихи маңызы.




10 - лекция. Тақырыбы:

Кіші жүздегі С. Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

Жоспары:

  1. Көтерілістің себептері мен алғышарттары, сипаты және қозғаушы күштері.

  2. Көтерілістің басталуы және алғашқы барысы.

  3. Игельстром реформасы

  4. Көтерілістің ХҮІІІ ғ. 90 жылдарындағы жаңа кезеңі, жеңілу себептері және тарихи маңызы.

Лекция мақсаты: Студенттерге көтерілістің себептері мен алғышарттарын, сипаты және қозғаушы күштерін, көтерілістің басталуы және алғашқы барысын, Игельстром реформасын, көтерілістің ХҮІІІ ғ. 90 жылдарындағы жаңа кезеңі және жеңілу себептері мен тарихи маңызын ашып көрсету.

Лекция мәтіні

1. Көтерілістің себептері мен алғышарттары:

1. Жер мәселесі. Еділ мен Жайық бойындағы шұрайлы жерлерді патша өкіметінің тартып алып, ол жерлерге қаптата бекіністер салынуы. Нәтижесінде қазақтардың жері тарылып, көшіп қону жүйесінің бұзылуы.

2. Орал казак әскерлерінің қазақ ауылдарына шабуылдар жасап, адамдарын өлтіріп, тұтқындап, малдарын айдап әкетіп отырды.

3. Нұралы хан оның айналасындағылардың қарапайым халыққа озбырлығы болды.

Көтерілістің мақсаты:

1. Патша өкіметі тартып алған шұрайлы жерлерді қайтарып алу, көшіп–қону жүйесін қалпына келтіру.

2. Орал казак әскерлерінің қазақ ауылдарына шабуылдарын озбырлықтарын тоқтату.

3. Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлығы тоқтату.

Көтерілістің сипаты: отаршылдыққа қарсы бағытталды.

Көтерілістің басты қозғаушы күші : көшпенді қазақ шаруалары болды.

Көтеріліс аумағы: Еділден Арал теңізіне дейінгі Кіші жүз аумағын қамтиды.

Ұлт-азаттық көтерілісті Байбақты руынан старшыны, әрі батыр, әрі би, шешен Сырым Датұлы (1742-1802 жж.) басқарды. Сырым 1775 ж. Пугачев көтерілісіне белсене қатысқан еді. Ол туралы орыстың атақты қолбасшысы Суворовтың граф Папинге жазған хатында айтылған.



2.Көтерілістің басталуы және алғашқы барысы.

1778 ж. Орал казактарымен қақтығыста Сырымның балаларының қайтыс болуы оны қатты ашындырды.

1783 ж. күзінде Сырымның Орал казак әскерімен ашық түрде қарсыласу басталды.

1783 ж. желтоқсанда Сырымды оралдық казактар тұтқынға алды. Бірақ 1784 ж. көктемде оны Сырымның қарындасына үйленген Нұралы хан тұтқыннан босатады.

1784 ж. маусымда – Сырымның Орал казак әскерлерімен нағыз кескілескен күресі басталды. Қазақтар төменгі Жайық шебі мен Ор бекінісі аймақтарына шабуылдар жасады. Сырымның тобы Сағыз өзені бойына топтасып, 1000 адамға жетті.

1785 ж. 17 ақпанда көтерілісті басу үшін генерал-майор Смирновтың, ал 15 наурызда әскери старшиналар – Калпаков пен Пономеревтың отрядтары шықты.

1785 ж. Сырым Сахарная бекінісіне, Антонов корпусына шабуыл жасады. Бірақ қамалдағылар дайын отырып, зеңбіректермен атқылап, Сырым оларды ала алмады.

3. Игельстром реформасы.

Кіші жүздегі жағдайға Ресей патшасы қанық болды. Ол халықтың тек өзіне ғана емес, сонымен бірге ханға да қарсы болып отырғанын түсінді. Сөйтіп Орынбор өлкесінің билеушісі Игельстром арқ.ылы(старшиналармен) хандық тәртіпті жоюды ұйғарды. Сырым бұл шараны қолдады. Бұл жерде әрқайсысының өз ішкі есебі болды: патша өкіметі хандық тәртіпті жойып, басқару ісін Россияның жүйеге сәйкестеп, отаршылдық жүйені күшейте түскісі келсе, Сырым хандықты жойып, басқару ісін халық қолына халықтың өз ортасынан шыққан би-старшиналарға беруді, сол арқылы ел билеуді демократиялық жолмен шешуді көздеді.

1786 ж. 3 маусымда Екатерина ІІ Нұралыны өз халқына сенімін жоғалты және Ресейге нашар қызмет істеді деп хандықтан тайдырды. Оны алдымен Орынборға шақырып кейін Уфаға жөнелті. Игельстром реформасы бойынша кіші жүзде хандық билік жойылып, қазақтрарды билеу Шекаралық соттың қолына берді. Шекаралық сот патша шенеуліктеріне және жергілікті шонжарлар өкілдерін құралды және тікелей генерал губернаторға бағынды. Мұны Сырым тіпті қолдаған жоқ. Сырымды алдап-сулап бауырына тартуды көздеген патша әкімдері оны 12 ата Байұлы руларының аға старшины етіп тағайындады. Сырым осы жұмыста болған кез халық үшін жақсы, жайлы жылдар болды . Әділдік пен адалдықты жақтаған Сырым халықтың қал жағдайын біліп, олардың мұң-мұқтажымен үнемі санасып отырды. Ол жыл сайын сьезд мәслихат өткізіп, онда халық мүддесіне қатысы бар мәселелерді талқылады. Бірақ ұзамай патша өкіметті ұзқ жылдар бойы өзін сүйеніш болып келген хандық билікті жойып, қате жасағанын түсінді, сөйтіп қайтадан хандық билікті қалпына келтіруге тырысты.

4. Көтерілістің ХҮІІІ ғ. 90 жылдарындағы жаңа кезеңі, жеңілу себептері және тарихи маңызы.

Көтерілістің қайта өрлеуіне Орал казак әскерлерінің қазақтарға шабуылдары түрткі болды. Оның кеңейе түсуіне 1790 ж. тамызда Уфада Нұралы ханның қайтыс болуына байланысты патша өкіметінің 1791 ж. халық жек көретін оның інісі Ералыны Кіші жүзге хан сайлауы әсер етті. 1792 ж. Сырым бастаған көтерілісшілер Елек қалашығына шабуыл жасады. Бірақ ала алмады. 1794 ж. жазда Ералы хан қайтыс болды. 1796 ж. қазанда Нұралының ұлы Есім хан болып жарияланды. 1796 ж. қысында қатты жұт болды, мал жаппай қырылып, ашаршылық болды. Осындай ел басына күн туған ауыр жағдайға қарамай Есім хан қарапайым халықты аямай қанады. Халық 1797 ж. наурыздың 26 нан- 27 не қараған түні хан ауылына шабуыл жасап Есімді өлтіреді. 1797 ж қазанда хан етіп Айшуақты бекітті. Ол жасы келген қария адам болатын, ру басы старшындар мұны дұрыс көрді. Сырым 1797 ж. Хиуа хандығына өтіп кетті.1802 ж. белгісіз себептермен қайтыс болды.


Бақылау сұрақтары

1. Хандық биліктің орнына “Халық кеңесін” енгізіп, барлық мәселені демакратиялық, әділетті жолмен шешуге тырысқан реформатор, ұлт-азаттық көтерілісті бастаушысы.

2. Кіші жүздегі С. Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің ерекшеліктері.

3. С. Датұлы бастаған көтерілістің себептері.

4. С Датұлы көтерілісінің барысындағы оқиғалар.

5. Кіші жүздегі ішкі күрес.

6. Игельстром реформасы.

7. Көтерілістің 90 жж. қайта жалғасуы, оның себептері.

8 . Айшуақ хан қай жылдары кіші жүзде билік құрды

9. С. Датұлы бастаған көтерілістің басты нәтижесі

10. С. Датұлы қай жерде қайтыс болды

11. 1797 ж. наурыздың 26-нан 27-не қараған түні Сырым бастаған көтерілісшілер қай ханның ауылын шауып, ханның өзін өлтірді?

12. Көтерілістің жуңілу себептері.

13. Көтерілістің тарихи маңызы.


11 - лекция. Тақырыбы:

ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті.

Жоспары:

1. Ауыз әдебиеті. Жыраулар шығармашылығы.

2. Орыс және шетел зерттеушілері мен ғалымдарының Қазақстан туралы жазбалары мен зерттеулері.

Лекция мақсаты: ХҮІІІ ғ. қазақ ауыз әдебиеті, жыраулар шығармашылығы, орыс зерттеушілері мен ғалымдарының Қазақстан туралы жазбалары мен зерттеулері және туралы студенттерге түсіндіру.

Лекция мәтіні

1. Ауыз әдебиеті. Жыраулар шығармашылығы. Қазақ мәдениетінің тарихында ХҮІІІ ғ. ерекше орын алады. Қазақ-жоңғар қақтығыстары, шетел басқыншыларына қарсы азаттық күресі дала өлкесінің байырғы өз ерекшелігі бар рулық-патриархаттық өмір салты, өткен дәуірдің материалдық-рухани мұрасы – мәдениеттің дәстүрлі саласының бірі әдебиеттің дамуына да ерекше ықпал етті.

ХҮІІІ ғ. халық ауыз әдебиеті шығармашылығының көрнекті өкілдерінің бірі – Ақтамберді жырау (1675-1768 жж.) Замандастарының айтуына қарағанда, ол жас кезінен-ақ ақындар айтысына қатысып, күшін сынап, шеберлігін арттырған. Ақын өз заманының жаршысы болды, жас ұрпақты табандылық пен ерлікке шақырды. Ерлікке, жауынгерлік ержүректікке үндеу, жаудан қаймықпай, батыл қарсы шабуға, оның алдында ешқашан шегінбеуге үндеу – Ақтамбердінің бүкіл шығармасының арқауы.

Қазақ әдебиетінде аса көрнекті орын алатын тұлғалардың бірі – Бұхар жырау Қалқаманұлы (1668-1781 жж.) Ол тәуелсіздікті сақтау және нығайту идеясын білдірген көптеген дидактикалық өлең-толғаулар шығарған. Абылай ханды қолдап, кейбір жағдайларда Абылайға оның жүздерді басқару жөніндегі істеріне, оның әр түрлі таластар мен дау-шарларды талқылауы кезінде елеулі ықпал етіп отырған. Бұқар шығармаларының өзекті тақырыптарының бірі – Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтжандылық. Ол қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресін жырлады, халықты бірлікке, ерлікке шақырды, бұл күрестің қаһармандары – Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек батырларды жырлады.

Сонымен бірге, Үмбетей, Тәтіқара, Шал, Көтеш жыраулардың жырлары халық жадында үзік-үзік сақталған. Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту жыры – жоқтауы белгілі. Онда ақын батырдың жоңғарларға қарсы шайқастардағы ерліктерін дәріптейді.



2. Орыс және шетел зерттеушілері мен ғалымдарының Қазақстан туралы жазбалары мен зерттеулері.

Ресей ықпалына біртіндеп өтуі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне өзгерістер әкелді. Дала өлкесін отарлау, империяның құрамына енгізілуі Қазақстанның рухани, мәдени өзгерістерін де тереңдете түсті. Қазақстанды орыс және шетел ғалымдары зерттей бастады.

Князь Бекович-Черкасскийдің экспедициясы Батыс Қазақстан аумағын игеруде алғашқы ғылыми жағынан маңызды болды. Подполковник И.Д. Бухгольцтің әскери экспедициясы құрамында болған картографтар, тұтқынға түскен швед офицері әрі картографы И.Г. Ренат қазақ жүздерінің орналасуы туралы қызықты мағлұматтар жинаған. И.Г. Ренат жасаған «Жоңғария картасы» ерекше назар аудартады. Капитан В. Урусов, майор И.М. Лихарев және т.б. жазбаларында сол кездегі Қазақстан туралы бағалы мағлұматтар бар. Г.Ф. Миллердің академиялық экспедициясы Қазақ хандығы туралы мағлұматтарды зерттеп, «Сібір тарихы» деген бағалы еңбек жазды. Оның әсіресе, Орта жүз қазақтары туралы жазғаны күні бүгінге дейін маңызын жоғалтқан емес.

Қазақ тарихын зерттеуде П.И. Рычковтың еңбегі зор. Тағдыр айдауымен алыс қазақ даласында болған ол өлкенің этнографиясы туралы терең ғылыми мұра қалдырды. «Орынбор өлкесінің топографиясы», «Орынбор тарихы (1730-1750 жж.)» атты тамаша зерттеу еңбектерінде қазақ тарихының даму кезеңдері мен көптеген қиыншылықтарын атап өтті. Оның баласы капитан Н.П. Рычков та Орынборда әскери қызмет ете жүріп, 1771 ж. «Қырғыз-қайсақ даласы туралы күнделік жазбалар» атты қызықты еңбек қалдырған.

Қазақстанды зерттеуде сүбелі еңбек сіңірген, осы өлкеде болған шетел саяхатшылары: П.С Паллас, И. Фальк, И. Георги және т.б. еңбектері мәліметтерінің молдығымен, тарихи мазмұнымен қазірге дейін ерекше орын алып отыр.


Бақылау сұрақтары

1. Қазақ мәдениетінің тарихында ХҮІІІ ғ. алар орыны және ерекшеліктері.

2. Ақтамберді жырау (1675-1768 жж.) шығармашылығы.

3. Бұхар жырау Қалқаманұлы (1668-1781 жж.) шығармашылығы.

4. Үмбетей жырау шығармашылығы.

5. Тәтіқара ақын.

6. Көтеш ақын.

7. Жанкісі ақын.

8. Шал ақын.



9. Орыс экспедицияларының Қазақстанды зерттеуі (Князь Бекович-Черкасский, подполковник И.Д. Бухгольц)

10. Швед офицері әрі картографы И.Г. Ренат қазақ жүздерінің орналасуы туралы жазбалары.

11. Г.Ф. Миллердің қазақ тарихына қатысты зерттеуі, оның маңызы.

12. Қазақ тарихын зерттеуде П.И. Рычковтың еңбегі.

13. Н. П. Рычковтың қазақ тарихына қатысты жазбалары.



14. П.С Паллас, И. Фальк, И. Георгидің Қазақстанды зерттеудегі үлесі.

12 - лекция. Тақырыбы:

Қазақстанға Ресей әкімшілік жүйесінің енгізілуі.

Жоспары:

1. 1822 ж. Сібір қырғыздары туралы Жарғы: Орта жүзде хандық биліктің жойылуы.

2. 1824 ж. Орынбор қырғыздары туралы Жарғы: Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.

Лекция мақсаты: Студенттерге 1822 ж. Сібір қырғыздары туралы Жарғы: Орта жүзде хандық биліктің жойылуы және 1824 ж. Орынбор қырғыздары туралы Жарғы: Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы жөнінде таныстыру.

Лекция мәтіні

1.1822 ж. Сібір қырғыздары туралы Жарғы: Орта жүзде хандық биліктің жойылуы.

Қазақтардың 1773-1775 жылдары Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы және Сырым батыр бастаған көтеріліс Қазақстанда хандық биліктің әлсірей бастағанын көрсетті. Халық арасында ықпалы кеміген хан патша өкіметінің Қазақстанда хандық билікті жоюды, оны тікелей өз әкімшіліктеріне бағындыруды көздеді.

1781 ж. Абылай хан қайтыс болған соң, оның үлкен ұлы Уәли Орта Жүзге хан болған еді. Бірақ патша өкіметі Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, 1815 ж. Орта Жүзге екінші хан етіп, Бөкейді тағайындады. 1817 ж. Бөкей, 1819 ж. Уәли хан қайтыс болды. Бұдан соң, Орта жүзге жаңа хан тағайындалмады. Патша өкіметі хандық билікті жоюға тырысты. 1822 ж. Сібір генерал-губернаторы Спенарский, кейін декабрист болған Батеньковтың көмегімен “Сібір қырғыздары туралы жарғыны” жасады. Бұл Сперанский реформасы бойынша бүкіл Сібір екі бөлікке бөлінді: 1.Шығыс Сібір, орталығы Иркутск, 2. Батыс Сібір, орталығы – алғашында Тобыл, кейіннен Омбы. Батыс Сібірге Томск және Омбы облыстарымен бірге “Сібір қырғыздарының облысы” да кірді. “Сібір қырғыздарының облысы” округтарға, округтар - болыстарға, болыстар - ауылдарға бөлінді. 1 округқа – 15-20 болыс кірді, 1 болысқа – 10-12 ауыл, ал ауыл - 50-70 шаңырақтан тұрды. Округтарды басқару округтік приказдарға жүктіліп, ол тікелей Омбы облыстық басқармасына бағынды. Ал округты билеу аға сұлтанның қолында болды. Бірақ аға сұлтан билігі сөз жүзінде ғана еді. Іс жүзінде ол бар болғаны Омбы облыстық басқармасының сойылын соғатын құралға айналды. Аға сұлтандарды сайлауда бұрынғы хан сайлағандай ақ киізге көтеру әдеті қолданды. Аға сұлтандар үш жылға сайланды және оларды халық емес, тек сұлтандар өз араларынан біреуін сайлады. Аға сұлтандыққа таласқан шонжарлар арасында өзара қақтығыс, алдау, сатып алу, пара т.б. үйреншікті құбылысқа айналды.

Болыстарды – болыс сұлтандары басқарды. Болыс сұлтандарын сайлау мерзімі өмірлік болды және болыстық билік мұрагерлікпен берілді. Ауылдарды - ауыл старшиндары басқарды. Олар да аға сұлтан сияқты үш жылға сайланды.

Реформа сот жүйесіне де өзгеріс енгізді. Оның мақсаты - Қазақстанға жалпы империялық заңдарды енгізу еді. Енді бұрынғы дәстүрлі билер соты тек ру іші, руаралық және ауылдар деңгейде ғана қолданылды. Ал негізгі қылмыстық істердің бәрі, мысалы, мемлекетке опасыздық, кісі өлтіру, тонау, өкіметке бағынбау т.б. империялық заңдар негізінде сотталды.

2. 1824 ж. Орынбор қырғыздары туралы Жарғы: Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.

1824 ж. Ресей үкіметі “Орынбор қырғыздары туралы Жарғыны ” қабылдап бекітті. Ол жарғыны жасаған Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен болды. Жарғы бойынша Кіші жүзде хандық билік жойылды. Кіші жүзді басқару үшін Шекаралық комиссия деген құрылды. Кіші жүз 3 бөлікке: шығыс, орта, батыс бөлікке бөлініп басқарылды. Әр бөлікті Орынбор губернаторы тағайындаған сұлтандар басқарды. Олар іс жүзінде шекаралық комиссияның чиновниктері болды.

1831 ж. дейін үш бөліктің қазақтары шартты түрде бекініс шебіне жақын жердің қазақтары және қырдың қазақтары деп бөлінді.

1831 ж. бастап бекініс шебі мен шекара өңіріне жақын жатқан халықтың арасында дистанциялар деп талатын екі қамал арасындағы әкімшілік учаскелер ұйымдастырылды. ХІХ ғасырдың ортасына дейін 54 дистанция ашылды.

Осылайша 1822 ж. Орта жүзде, 1824 ж. Кіші жүзде хандық билік жойылды. Тек Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы 1801 ж. құрылған Ішкі Орда немесе Бөкей хандығы ғана 1845 жылға дейін сақталған.
Бақылау сұрақтар

1. Қазақстанда хандық билік қашан жойылды?

2. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша қай жүзде хандық билік жойылды?

3.”Сібір қырғыздары туралы Жарғыны» кім жасады?

4. «Сібір қырғыздарының жарғысы» бойынша Орта жүздің басқару жүйесінің буындары.

5. «Сібір қырғыздарының жарғысы» бойынша аға сұлтан неше жылға сайланды?

6. Аға сұлтанды (Сібір қырғыздарының жарғысы бойынша) кімдер сайлады?

7. Кіші жүзде хандық билік қашан жойылды?

8. «Орынбор қырғыздары туралы Жарғыға» сай Кіші жүз қалай бөлінді?

9. «Сібір қырғыздарының Жарғысы» бойынша болыс сұлтаны неше жылға сайланды?
10. Кіші жүзде дистанциялық жүйе қашан енгізілді?

11. Көкшетау және Қарқаралы қалалары қашан салынды?

12. 1822 ж. “Сібір қазақтарының Ережесі” бойынша Сібір қазақтарының облысы қай генерал-губернаторлықтың құрамына енді ?

13. 1824 ж. “Орынбор қазақтарының Жаршысы” бойынша Кіші жүздің жері қай губернаторлықтың құрамына енді ?

14. 1822 ж. реформа бойынша Орта жүздің ( “Сібір қазақтарының облысы”) орталығы

15. 1824 ж. реформа бойынша Кіші жүздің әкімшілік орталығы қай қала болды ?

16. 1822 ж. “Ереже ”бойынша неше буынды басқару жүйесі енгізілді ?

17. 1822 ж. “Сібір қазақтарының Жарғысы” бойынша әкімшіліктің ең төменгі буыны ауыл болып саналды. Ауылға қанша шаңырақ кірді ?

18. “Сібір қазақтарының ережесі” бойынша болысқа қанша ауыл кірді?

19. “Сібір қазақтарының Жарғысы” бойынша округке қанша болыс кірді ?

20. “Сібір қазақтарының Жарғысы” бойынша мұрагерлік билік кімге брілді ?

21. Ақмола бекінісі қашан салынды?

13 - лекция. Тақырыбы:

Қазақстанның оңтүстігіндегі Орта Азия хандарының саясаты.

Жоспары:

1. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы Қоқан және Хиуа билеушілерінің басқыншылығы мен езгісі

2. Қазақ халқының Орта Азия хандарының езгісіне қарсы күрестері.

Лекция мақсаты: Студенттерге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы Қоқан және Хиуа билеушілерінің басқыншылығы мен езгісі және Қазақ халқының Орта Азия хандарының езгісіне қарсы күрестері жөнінде таныстыру.

Лекция мәтіні

1. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы Қоқан және Хиуа билеушілерінің басқыншылығы мен езгісі.

ХҮІІІ ғ. аяғы – ХІХ ғ. басындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдай оның қалған бөліктеріндегі жағдайдан ерекше болды. Оңтүстік Қазақстан ортаазиялық феодалдық мемлекеттер – Хиуа, Бұхара және ең үлкен дәрежеде – Қоқан экспанциясының оьбектісіне айналды. Қазақстанның оңтүстігіндегі олардың үстемдік ету кезеңі біршама аз уақыт аралығын (шамамен 1810-1866 жж.) алса да, бұл кезең – аймақтың Ресей империясына қосылуының тікелей алдында болған кезең. Оңтүстік Қазақстан өзін қазақтардың басқа облыстарынан ерекшелендіретін сипатты белгілерге нақ сол кезде ие болған еді.

1798 ж. Қоқан тағына Әлім бек (1773-1806) көтерілді. Қоқан хандығы тонаушылық жорықтар мен кең көлемді басқыншылықтар жолына түсті. 1805 ж. Ходжент жаулап алынды. 1806 ж. Ұратөбені жаулап алып, Жызақты қоршады. Осы жылы Әлім бек хан атағын қабылдады, ол Хиуаның билеушісі, өзбектің қоңырат бірлестігінен шыққан Елтүзердің хан атануымен бір мезгілде болды. Қоқан экспанциясының келесі нысаны Ташкент болды.

Бастапқыда жағдай Қоқан үшін сәтсіз болды. Оның Ферғананың өзіндегі діни жетекшілік және оқшауланушылық сарындарымен қиын күрес жүргізуіне тура келді. 1799 ж. Әлім бек Ташкентке қоқан бектерінің әйелдер жағынан туысы, Ходжент билеушісі Ханқожаны жіберді. Қоқан күштері Ташкентке жақындап келіп, Қарасу деген жерге аялдаған еді. Осы жерде оларға Жүнісқожа сырт жағынан келіп тиісті. Қоқандықтар қашты. Алайда 1803 ж. Сырдария жағасында болған шайқаста ташкендіктер қоқан әскерлерінен жеңіледі. Әлім бек 1809 ж. Ташкентті толық бағындырады. Ташкентті бағындыру Қоқанның Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуы басталғанын көрсетті. Мұндағы жағдай Әлім бектің ой-ниетіне қолайлы болды. Қазақ билушілері арасында бірлік болмады.

1810 ж. Әлім хан Сайрамды, Шымкентті және Түркістанды бағындыру үшін 12 мыңдық «жаңа әскер» жіберді. Осы жорықтың барысында қоқандықтарды басқарған тәжік Зухур дуанбегі Сайрамды қоршады, Шымкент қыстағына бекініс салып, онда мылтықтары мен екі зеңбірегі бар 200 жаяу және 400 салт атты атқыштарды қалдырды. Содан соң ол Әулиеатаға келіп, бекініс салды және онда тәжіктер Абдоллах пен Шахбек датқалар бастаған 1000 жауынгер қалдырды. 1813-1814 жж. Қоқандықтар Түркістан маңындағы мекен Қарнақты алды. Қоқандықтардың Түркістанды алуы жөніндегі мәліметтер әр түрлі. 1813-14 жж. Қоқанда болып қайтқан Ф. Назаровтың айтуынша, бүл 1814 ж., барон Е. Миддендорфтың пайымдауы бойынша 1815 ж. Бірақ Қоқан шежірешісі басқа уақытты көрсетеді (1816 ж.).

2. Қазақ халқының Орта Азия хандарының езгісіне қарсы күрестері.

Қоқандықтарға қарсы көтерілісті Шыңғыс ұрпағы Тентек төре ұйымдастырды. Көтерңліске шыққан саны 12 мыңға жуық адам Сайрамға, ескі бекініске шоғырланды. Қоқан ханы Омар хан көтерілісті басу міндетін өзінің уәзірі және туысы Әбілқасым аталыққа жүктеді. Бұған сондай-ақ Хушвақт құшбегі, Лашқар құшбегі, Мұхаммед Шәріп парванашы, Ханқожа мир-асад және басқа да тәжірибелі әскербасылар тартылды. Көтеріліске шыққандар бетпе-бет шайқаста талқандалып, шегінді де, екі жасаққа бөлінді. Бірі Сайрамдағыдан неғұрлым мықты Шымкент бекінісіне тығылды. Екіншісі Сайрам бекінісін қорғай бастады. Қоқандықтар Шымкентті қоршауға алды, онда қазақтарды Рүстем басқарды. Кескілескен қоршаудан және қазақтардың түн жамылып жасаған шабуылы сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Шымкент алынды. Сонан соң Қоқан әскерлерінің қызыл және ақ тулары Сайрамда да көтерілді. Оны қоршау кезінде қоқандықтар зеңбірек пен мылтықты кеңінен қолданды. Қоршаудағылардың күш пен қаражаты сарқылғаннан кейін Тентектөре берілуге, Қоқанға жыл сайын баж (жол үшін төленетін алым) және зекет төлеп тұруға келісіп, Омар ханның сарайына өзінің ұлынан сый-сияпат жіберуге мәжбүр болды.

Көтеріліс басындағылардың негізгі малшылар бұқарасы арасында беделінің жеткіліксіз болуы, бой көрсетулердің бытыраңқылығы, іс-қимылдың үйлесімсіздігі және көтеріліске шыққандар арасында бірліктің болмауы, Бұқараның көмегіне сүйену әрекеттері (осының өзі-ақ тайпаластарының бұқарасыны көтеріліс басшылары ықпалының әлсіз болғанын көрсетеді), ақырында, рулық-тайпалық жасақтарға күресте оқ ататын қол мылтығымен және артиллериямен қаруланған «жаңа әскер» мен атты әскердің іс-қимылын ұштастырған қоқандықтардың әскери басымдығы – осының бәрі Қазақстандағы қоқандықтарға қарсы бой көрсетулердің сәтсіздікке ұшырауына себеп болды. Қозғалыстарды Шыңғыс ұрпақтары – сұлтандардың басқару фактісі оған қатысушылар идеологиясының Шыңғыс хан енгізген Дешті-Қыпшақтағы Жошы ұрпақтарының хан билігі институтының 600 жылдық дәстүрін қорғаған ескі салт пен көненің көзін көксегенін дәлелдейді.
Бақылау сұрақтары
1. ХҮІІІ ғ. аяғы – ХІХ ғ. басындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдайдың ерекшеліктері.

2. Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі қазақ хандары билігінің әлсіз болуының себептері.

3. Әлім бектің билікке келуі. Қоқан хандығының құрылуы.

4. Қоқанның экспанциялық саясатының басталуы және оның ерекшеліктері.

5. Қоқанның Ташкентті жаулап алу кезеңдері.

6. Қоқанның қазақ даласын жаулап алуының себептері.

7. Қоқанның Сайрамды және Шымкентті басып алуы.

8. Қоқанның Түркістанды жаулап алуы.

9. Қоқанға қарсы Тоқай төренің күресі, оның салдары.

10. Тентек төре бастаған көтерілістің себептері.

11. Тентек төре көтерілісінің барысы.

12. Тентек төре көтерілісінің жеңілу себептері және маңызы.



14 - лекция. Тақырыбы:

Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс.

Жоспары:

1. Бөкей Ордасының құрылуы.

2. Көтерілістің себептері мен мақсаттары.

Лекция мақсаты: Студенттерге Бөкей Ордасының құрылуы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері мен мақсаттарын таныстыру.

Лекция мәтіні

1.Бөкей Ордасының құрылуы.

1801 жылы 11 наурызда Ресей императоры Павел 1 – дің жарлығымен Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында Ішкі немесе Бөкей Ордасы құрылды. Ондағы мақсаты - Ресей патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы Кіші жүздегі тұрақты сипат алған азаттық күресті бәсеңдету еді және бұрынғы рулық бөліністің орнына, Ресейге толық бағынышты аумақтық құрылымдар құрмақ болды. Қазақтардың бұл араға қоныстануын Нұрлының ұлы Бөкей сұлтан басқарды. Соның атымен хандық та Бөкей хандығы немесе Ордасы деп аталды.

Бастапқыда Жайықтың оң жағасына бес мыңдай отбасы өтті. Одан кейінгі жылдарды хандық халқы Жайықтың арғы бетінен ағылып көшу есебінен өсе берді. Орынбор шекаралық комиссиясының есептеуі бойынша, 1828 жылы Бөкей хандығының хлқы 10 225 шаңырақ болған. Деректемелер бойынша, 1845 жылы мұнда 30 мыңнан астам шаңыраққа жеткен, 1860 жылы оның 26 209 шаңырақтан тұрған.

Ішкі Орда қазақтары өмірінің жекелеген жақтарын суреттеген революцияға дейінгі тарихшылардың көпшілігі оның пайда болуын Бөкей ханның жеке басымен, Кіші жүзде болған өзара қырқыстарымен және «аласапыранмен» байланыстырған.

Қазақтардың Еділ мен Жайық өзендерінің аралығына көшуімен жайылым мәселесі де шешілген жоқ, жер қатынастарының күрделігі бұл жерде Кіші жүздегіден кем болмаған күйінде қалды. Топырақ-климаттық және өзге де табиғи-географиялық жағдайлары бойынша Бөкей хандығының аумағы қоныстанушылардың көшіп келген жағындағы аумаққа қарағанда нашар болмаса, жақсы емес еді. Малшылық өмірлік цикылында қаншалықты айқындаушы маңызы болса да, қоныстанудың сол бір нақты жағдайларында жайылымдар туралы мәселе ең бірініш орынға қойылған жоқ.

Хандық құрылуның негізіг себебі отаршылдық саясаттың күшеюі салдарынан көптеген көшпелі қауымдардың бұрынғы көшіп жүретін орындарында қалуының мүмкін еместігі деп есептеуі керек.



2.Көтерілістің себептері мен мақсаттары.

Өзге де ұлт-заттық көтерілістер сияқты бұл көтерілістің де басты себебі – жер мәселесі еді. Бүкіл Бөкей Ордасы жерінің ⅔ бөлігі, әрі ең жақсы жерлері орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың және қазақ феодалдарының жеке меншік иелігінде болды. Мысалы, Жәңгір хан өзі ең жақсы 400 мың, буыры Меңдігерей Бөкейхановқа 400 мың, қайын атасы Қарауыл қожа Бабажановқа 700 мың десятина т.б. құнарлы жерлерді үлестіріп берді. 2-ші себеп – алым-салықтың аса ауырлығы. Мысалы, жыл сайын Ноғай руы – 30000, Байбақты - 40 000, Беріш - 60 000, Алшын - 40000 сом т.б. ақшалай салық төлеуі тиіс болды. Сонымен қатар, күзде әрбір шаңырақ хан сарайы мұқтаждығына құны кем дегенде 70 сомнан кем түспейтін бір жылқыдан беруге міндеттенді. Ата-бабаларының жерінде көшіп-қонғаны, шөп шапқаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып кеткені үшін де арнайы салықтар төлеген қазақтардың жағдайы тіпті қиындады. 3-ден Жәңгір хан мен оның туысқандарының әсіресе халық жек көретін – Қарауылқожаның бассыздығы, озбырлығы, қарапайым халықты аяусыз езіп –жаншып, қанауы болды.

Көтерілістің себептерін, мақсаттары жыр құдіреті Махамбеттің Баймағамбетке айтқан – “Еді үшін егістік ” , “Еділ мен Жайық жер қалды-ау ” , “Мен мен едім” т.б. жырларынан көруге болады. Көтерілістің басшылары – беріш руының ағаманы, атақты батыр – Исатай Тайманұлы (1791-1838 жж.) мен көтерілістің жалынды жыршысы, рухани көсемі, дауылпаз ақын әрі батыр Махмбет Өтемісұлы (1804-1846 жж.) болды.

Бақылау сұрақтар

1. Бөкей Ордасы қашан және қай жерде құрылған?

2. Бөкей Ордасының құрудағы патша үкіметінің мақсаттары.

3. Көтерілістің басты себептері мен алғышарттары.

4. Махамбеттің қандай өлеңінен көтерілістің себептері мен мақсаттарын көре аламыз?

5. Бөкей ордасындағы И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс қай жылдары болды?

7. Қазақ балаларына арнап тұңғыш азаматтық мектеп ашқан, Қазан университетінің Ғылыми Кеңесінің құрметті мүшесі болған қазақ ханы кім?

8. Сырым, Исатай – Махамбет, Кеңесары т.б. бастаған ұлт- азаттық көтерілістердің негізгі қозғаушы күштері кімдер болды?

9. Бөкей Ордасының аумағы.

10. Бөкей Ордасының қай жерінде және қашан хан ордасы салынды?

11. Бөкей Ордасында Жәңгір хан қай жылдары билік құрды?

12. Бөкей Ордасындағы 1836-1838 жж. көтерілістің рухани көсемі, ақын әрі батыр.

13. Исатай мен Махамбеттің руы
15 - лекция. Тақырыбы:

Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс.

Жоспары:

1. Көтерілістің басталуы және барысы.

2. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы.

Лекция мақсаты: Студенттерге И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің басталуы және барысын, оның жеңілу себептері және тарихи маңызын түсіндіру.

Лекция мәтіні

1.Көтерілістің басталуы және барысы.

1836 жылы ақпанда көтерілісшілердің Жәңгір ханға қарсы ашық күресі басталды. Бұған Исатайдың хан Ордасына шақыртылуы түрткі болды. Ол оған барудан бас тартып, көтерілісшілердің үлкен қосынын жинайды. Исатай мен Махамбетті ұстап әкелуге 1836 жылы 4 сәуірде Манаш қыстауына ханның Қарауылқожа Бабажанов бастаған жасағы келді. Исатай мен Махамбет 200 қарулы жігітпен қарсы шықты. Қантөгіс болмау үшін Исатай ежелгі қазақ дәстүрімен Қарауылқожаны жекпе-жекке шақырды. Бірақ батырмен жекпе-жекке қожа да, оның отрядынан да ешкім шықпады. Хан әскері қайтқан соң, Исатайдың атағы жайыла түсті, көтерілісшілер ханның жіберген жасақтарын табысты тойтарумен болды. 1837 жылдың жазы мен күзінде көтерілісшілердің ірі байлардың ауылдарына белсенді шабуылдары басталды. 1837 жылы 16 қыркүйекте 200-ге жуық көтерілісші Қарауылқожа Бабажановтың ауылдарын тас-талқан етті. Қазан айының аяғына қарай көтерілісшілер Жасқұстағы хан ордасын қоршап алады. Ханның әскер күші аз еді. Оны Исатай сарбаздары бір шабуылдың өзінде-ақ талқандап кететін еді. Жәңгір хан келіссөз сұрап бәйек болды. Исатай біріншіден, оған сеніп, екіншіден ханға қантөгіссіз дегенін істетпек болып, бірнеше күнді басқа өткізді. Хан көтерілісшілер келе жатқанын естігенде патша үкіметінен көмек сұраған. Соны асыға күтуде еді. Көтерілісті басуға Орынбордан падполковник Геке шығып, тез арада 1000-нан астам адам, ханның төрт жүздік жасағы, 300 астрахандық казактар, Жайық казактарының 2 зеңбірегі бар бірнеше отрядын шоғырландырды.

1837 жылы 15 қарашада Тастөбе деген жерде көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында кескілескен шайқас болды. Бастапқыда Исатай сарбаздары басым түскенімен, зеңбіректердің іске қосылуы соғыс тағдырын шешті: көтерілісшілер шегінді . Исатайдың басына 500 сом, тірідей 1000 сом ақша тігілді.

1837 жылы 13 желтоқсанда Исатай жасағы Жаманқала күзет орны маңынан Жайықтан Кіші жүзге қарай өтіп кетті. Қос батыр онда жаңа шайқастарға дайындалады. Алайда, 1838 жылы 12 шілдеде шағын жасағымен барлауға шыққан Исатай мен Махамбет Ақбұлақ пен Қиыл өзендерінің аралығында Геке басқарған біріккен ірі жазалаушы отрядпен кездесіп қалды. Кескілескен соғыста Исатай қаза тапты. Махамбет бірнеше серіктерімен ұрыс шебін бұзып шығады.

Исатай қаза болғаннан кейін көтеріліс жасына кеміп кетті. Ұзамай басылды. Оған қатысқандар қатал жазаланды. Дүние мүлкі тартып алынып, шыбықпен дүреленіп, каторгалық жұмыстарға айдалды. Махамбеттің де соңына түскендер 1846 жылы оны өлтірді: ақын Қараой даген жерде өз үйінде Ықылас Төлеев деген сатқынның қолынан қаза тапты.

2. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы

Көтерілістің жеңілу себептері мыналар еді: Біріншіден, ұлт-азаттық көтеріліс өршіп кетер деп қорыққан Ресей өкіметі жергілікті хан билігімен көтерілісшілерге қарсы одақтасты. Жәңгір ханның озбырлығына қарсы болған үстем тап өкілдері көтеріліс жеңіле бастағаннан хан жағына шығып кетті. Екіншіден, көтеріліс стихиялы, нақты бағдарламасы жоқ болды және үшіншіден, көтерілістің қазақ елінің басқа аймақтарындағы азаттық көтерілісімен, мысалы, Кенесары Қасымұлы көтерілісімен байланысы болмады. Төртіншіден, көтерілісшілердің қару-жарақтары нашар болды.

Дегенімен, Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің қазақ халқының тарихында маңызы зор. Хан тарапынан алым-салықтың одан әрімен өршітілуі біршама азайды, патша үкіметі жергілікті халықтың мақсат-мүддесімен де белгілі мөлшерде санасуына тура келді. Көтерілісшілер Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы, саяси әлеуметтік бостандық үшін, әлеуметтік езгіге қарсы күрес туын кейінгі ұрпақтарға беріп кетті. Ұлы дауылпаз ақын – Махамбеттің мәңгі өшпес жырлары арқылы қазақ халқына мәңгілік азық болып қаларлық өшпес, өршіл, асқақ рух мұраға қалды.
Бақылау сұрақтары

1. Исатайдың хан Ордасына шақыртылуы. Көтерілістің басталуы.

2. Көтерілісшілердің Қарауылқожа Бабажановтың ауылдарын ойрандауы.

3. Көтерілісшілердің Балқы бидің ауылын ойрандауы.

4. Жасқұстағы хан ордасын қоршау және оның салдары.

5. Тастөбе шайқасы.

6. Исатай мен Махамбеттің Жайықтан Кіші жүзге қарай өтуі.

7. Ақбұлақ шайқасы.

8. Исатай батырдың қаза табуы.

9. Патша үкіметінің көтерілісшілерді жазалауы.

10. Махамбеттің қазасы.

11. Құраманғазының “Кішкентай” деп аталатын алғашқы шығармасы қай көтеріліске арналған?

12. Патша үкіметінің Исатай-Махамбет көтерілісін тездетіп басуға әсер еткен жағдай.

13. Көтерілістің жеңілу себептері.

14. Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық күресінің тарихи маңызы.

16 - лекция. Тақырыбы:

Ж. Тіленшіұлы және С. Қасымұлы бастаған азаттық көтерілістер.

Жоспары:


  1. Ж.. Тіленшіұлы бастаған азаттық көтеріліс.

  2. С. Қасымұлы бастаған азаттық көтеріліс.

Лекция мақсаты: Студенттерге Ж.. Тіленшіұлы және С. Қасымұлы бастаған азаттық көтерілістер, олардың себептері, сипаты, барысы және тарихи маңызын түсіндіру.

Лекция мәтіні

1. Ж.. Тіленшіұлы бастаған азаттық көтеріліс

Патша өкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясатының күшеюіне қарсы халық бұқарасының наразылығы, қарсылығы Кенесары көтерілісіне дейін-ақ басталған болатын. Ол - ХІХ ғ. 20-30 жылдары болған С. Қасымұлы мен Ж. Тіленшіұлы қозғалыстары еді. Бұл қозғалыстар – Кенесары көтерілісінің алғашқы хабаршысы еді, бейнелеп айтсақ, жақындап келе жатқан дауылдың алғашқы белгілері еді.

Батыр Ж..Тіленшіұлы Кіші жүз қазақтары көтерілісінің басшысы болған. ХІХ ғ. 20 жылдары Табын руы мекендеген жайылымға, өзенді, тұзды жерлерге бай Жаңа Елек ауданын патша өкіметі тартып алған кезде-ақ өз руын бастап көтеріліске шығады.

Патша үкіметі ХІХ ғ. 10-12 жылдары Елек өзенін бойлай Жаңа Елек бекініс шебін құрады. Жаңа Елек бекініс шебі 29 бекіністен тұрды. Қазақтар Орал, Елек, Берден, Құрат өзендері бойындағы жерлердің ең жақсы 7 мың десятинасынан айырылып қалды. Патша үкіметі бұл жерлерге орыс-казактарды қоныстандырды. Ал қазақтар өз жерлерінен ығыстырылды. Осы басып алушылық Жоламан көтерілісіне себеп болды.

Жоламан алғашында қазақтардың құқығын бейбіт жолмен шешуге тырысып, 1822-1823 жж. патша әкімшілігіне бірнеше рет хаттар жазды. Онда Жоламан Елек пен Жайық өзендері аралығындағы жерлерді қазақтарға қайтаруды, онда бекіністер салуды тоқтатуды талап етті. Бірақ,, хаттарға жауап болмады. Сонымен, Жоламан қарулы күрес жолына түсуге мәжбүр болды. Оның отрядтары бекініс қамалдарына, билеуші сұлтандар қоныстана шабуылдар жасады. Жоламанды ұстау үшін патша өкіметі далаға қайта-қайта жазалау отрядтарын жіберіп отырды. Бірақ, ержүрек батыр өз жігіттерімен қуғыннан жеңіл құтылып кетіп, кейде дұшпанға елеулі соққылар да беріп отырды. Жоламан көтерілісінің кең қанат жайған кезі 1835 жыл болды. Осы тұста Жағалыбайлы, Алшын, Жаппас, Арғын, Қыпшақ рулары да күреске шыға бастады . Көтерілістер қозғалысы 1838 жылы да ерекше өрлей түсті. Көтерілісті басу үшін патша үкіметі полковник Мансуров (Орскіден ), Падуров (Орынбордан ) және Геке (Електен) басқарған жазалаушы отрядтар шығарды. Бірақ бұлардың әрекеті сәтсіз аяқталды . Жоламан құтылып кетті. Ол осы кезде күшейе түскен Кенесары көтерілісіне қосылуға асыққан еді.

2. С. Қасымұлы бастаған азаттық көтеріліс.

Жоламан көтерілісімен бір мезетте Орта жүзде Саржан сұлтан Қасымұлы бастаған көтеріліс те етек алды. Саржан көтерілісінің де басты мазмұны – жер үшін, жоғалтқан жайылым үшін күрес болды. Сонымен бірге, оның қозғалысында Жоламан көтерілісіне тән емес себеп те күшті еді. Ол – Абылай хан ұрпақтарының басшылығымен қазақ хандығын қайта өрлету сияқты саяси мақсат . Саржан қозғалысына түрткі болған 1822 ж. “Сібір қазақтары туралы Жарғының” енгізілуі еді. Нәтижесінде хандық билік жойылып, екі жылдан соң 1824 ж. Қарқаралы және Көкшетау приказдары құрылды. Оны құруға жергілікті халық қарсы болып, күреске шықты. Оны Кенесарының ағасы Саржан сұлтан басқарды. Саржан 1824-1836 жылдары қажымай күрес жүргізді. Ол приказдарды жоюды, қазақ даласынан орыс-казак әскерлерін әкетуді және қазақтардың бұрынғы еркіндігін қайтаруды талап етті.

Саржан 1825 ж. және 1826 жылдары Қарқаралы приказына шабуылдар жасады. Саржан көтерілісінің ең күшейген кезі - 1832 жыл болды. Осы жылы ол белсенді белсенді қимылдарымен ерекшеленді. Көтерілісті басу үшін жіберген Потанин отрядымен Саржан сарбаздары арасында 1832 ж. Сұлукөл деген жерде қатты шайқас болды. Алайда, Саржан отряды шегінуге мәжбүр болды.

Осы сәтсіздіктен соң, Саржан патша үкіметіне қарсы бірігіп күресу үшін Ташкент құсбегісімен одақтасты. Бірақ, Саржан мен Ташкент құсбегісінің осы 1832 ж. біріккен әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Бірақ осы сәтсіздіктерге қарамастан, Саржан 1833 ж. күресті тоқтатқан жоқ.. 1834 ж. Ташкент құсбегі Саржанмен бірге Ұлытауға келіп, “Қорған” деп аталатын бекініс салып, бекінді. Оған қарсы патша өкіметі генерал-майор Броневский бастаған зеңбіректері бар күшті әскер шығарады. Құсбегі Бетпақдалаға қарай қашты. Қорған Броневскийге берілді.

Осыдан соң, Ташкент құсбегі Ресейге қарсы шыққан жоқ.. Ал Саржан тағы да Қоқан хандығының қолдауына үміттеніп, оңтүстікке келді. Мұнда ол оңтүстік қазақтарды патша отаршылдығына қарсы күреске біріктіруге тырысты. Бірақ хан тұқымы бастаған қазақтар бірігіп күшейіп, өзіне бағынбай қоя ма деп қорыққан құсбегі Саржан мен оның ұлдарын 1836 ж. жазда айуандықпен өлтірді.

Бақылау сұрақтары

1. Саржан Қасымұлы, Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілістер қашан болды?

2. Ж. Тіленшіұлы бастаған көтерілістің себептері.

3. Жоламан көтерілісінің сипаты мен қозғаушы күштері.

4. Жоламанның патша әкімшілігіне жазған хаттары және оның нәтижесі.

5. Ж. Тіленшіұлы және ол бастаған азаттық көтерілске қатысқан қазақтар негізінен қай рудан еді?

6. Ж.. Тіленшіұлы бастаған азаттық көтерілістің барысы.

7. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы.

8. Саржан Қасымұлы көтерілісінің себептері.

9. Саржан көтерілісінің сипаты мен қозғаушы күштері.

10. Саржан көтерілісінің барысы.

11. Саржанның Ташкент құшбегісімен одақтасуы және оның салдары.

12. Саржан көтерілісінің жеңілу себептері және тарихи маңызы.

17 - лекция. Тақырыбы:

К. Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
Жоспары:


  1. 1. Көтерілістің себептері, сипаты және қозғаушы күштері.

  2. 2. Көтерілістің барысы.

5. Кенесары хандығының ішкі құрылысы.

6. Қырғызстанға басып кіру. Хан Кененің каза табуы.



Лекция мақсаты: К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, сипаты, қозғаушы күштері, барысы және тарихи маңызы туралы студенттерге түсіндіру.

Лекция мәтіні

1. Көтерілістің себептері, сипаты және қозғаушы күштері.

Қазақ тарихының отаршылдық дәуірінде, қазақ халқының Тәуелсіздік жолындағы күресі бір сәт те тоқтаған емес. Соның бірегейі 1837-1847 жж. Кенесары хан Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрес. Қазақтың үш жүзі де қатысқан, ХІХ ғ. азаттық күрестердің ең ірісі болған бұл көтеріліс – Отан тарихының төрінен орын алатын даңқты оқиға. Ұлы Абылайдың ұрпағы Кенесарының қолға қару алып, атқа мінгендігі ұлы мұраты - Қазақ елінің тәуелсіздігі, оның болашағы еді.

Ресей империясы ХІХ ғ. басында Қазақстанды отарлауды 3 бағытта жүзеге асыра бастады:

1. Гарнизондарды қаптата отырып, тізілте бекіністер салуды жеделдетуден және осы бекіністерге жапсырластыра казактардың тұрақты елді мекендерін орнатудан көрінген әскери тұрғыда орнығып алу бағыты;

2. Ең әдемі округтер мен округтік приказдар құрып, әкімшілік басқару реформаларын жасап, нәтижесінде казактардың саяси құқықтары күрт шектелетін, басқарудың дистанциялық бөліктік жүйесін енгізуден көрінген саяси тұрғыда орнығып алу бағыты;

3. Қазақтардың жерін жаппай басып алудн, салық салуды және әр-түрлі монополияларды (балық аулауға, ағаш кесуге т.б. монополия алу секілді) енгізуден көрінген экономикалық тұрғыда бекініп алу бағыты, яғни экономикалық отарлау.

Ресей үкіметі ХІХ ғ. бірінші жартысында Қазақстанда осы бағытта отарлау шараларының кең көлемде жүргізе білді. Қазақтардың шұрайлы жерлері көптеп тартып алынып, қазақтардың өздері құнарсыз, шөлейтті аймақтарға ығыстырыла берді. Көшіп-қону жүйесі тарылды. Тартып алынған жерлерге қаптатып әскери–бекініс қамалдарын, орыс-казак қоныстарын салды. Осы шұрайлы жерлердегі мықты бекініс, қоныстарға орнығып алған казактар қазақ ауылдарына жиі-жиі шабуылдар тыныштық бермеді, адамдарын өлтіріп, тұтқындап, мал-мүлкін тонап, айдап кетіп отырды.

Қазақ халқы саяси дербестіктен де толық айырылды: 1822-1824 жылдары патша үкіметі хандық басқаруды жойып, қазақ жерін округтерге, дистанцияларға бөлшектеп, әр бөлікте өзіне бағынышты шонжарларды басқартып, оларды өзара қырқыстырып қойды.

Қазақтарға отаршылдық салық жүйесі де өте ауыр тиді: құны 1 сом 50 тиын болып келетін шаңырақ салығы мемлекеттік салық еді. Сонымен бірге шаруалар Ясак деп аталатын заттай салық төледі.

Солтүстіктен Ресей отарласа, оңтүстікті Қоқан, Хиуа хандықтары жаулап алып, олар да аяусыз отарлау саясатын жүргізді. Олар да қазақтарға түрлі салықтар салды, түрлі міндеткерліктер атқартты.

Осылайша қазақ елі солтүстіктен Ресей, оңтүстіктен Қоқан, Хиуа хандықтарының ауыр езгісіне ұшырап, ел болудан, саяси дербестіктен біржолата айырылу қаупі төнді. К. Қасымұлы көтерілісі бүкіл Қазақстанды қамтыды. Ұлы, Орта, Кіші жүздердің негізгі рулары оған белсене қатысты. Сипаты отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық сипатта болды. Басты қозғаушы күші: қарапайым қазақ шаруалары болды. Көтеріліске сондай-ақ орыс, өзбек, қырғыз, түрікмен т.б. ұлт өкілдері қатысты. Кенесары қозғалысына қазақ қоғамының әлеуметтік жоғарғы тобының өкілдері - сұлтандар мен ру шонжарлары да қатысты. Олардың бір бөлігі Кенеге басынан аяғына дейін адал болды. Бұлар негізінен Кенесарының жақын туыстары еді. Олар: Кенесарының інісі Наурызбай батыр, әпкесі –Бопай ханша, туыстары Ержан, Құдайменді, Сейілхан, Ораз, Басалқа т.б. болды.


  1. 2. Көтерілістің барысы.

Саржанның өлімі көтерілісті тоқтатқан жоқ.. Ұзамай 1837 ж. жазында қазақ даласының үлкен бөлігін басқарған аса ірі көтеріліс болды. Бұл көтерілістің басшысы - қозғалысқа бұрын-соңды болып көрмеген ауқым берген Саржанның інісі Кенесары Қасымұлы болды. Кенесары 1802 ж. Көкшетауда дүниеге келген.

1837 ж. көктемде Кенесары Ақмола округіне келді. Сол-ақ екен, амалсыздан іштен тынып жүрген қазақтар Кенесары туы астына топ-топ болып жинала бастады. Көтерілісшілер бекеттерге шабуыл жасап, шенеуніктер мен саудагерлерді тұтқынға ала бастады. Оларға қарсы Чириков бастаған қарулы орыс отряды жіберілді. Бірақ оның отряды көтерілісшілерге төтеп бере алмады. Арада болған шайқаста бірталай адамдары мен қару-жарақтарынан айырылған Чириков кері қайтуға мәжбүр болды. Осы 1837 ж. қарашада Кенесары Ақтау бекінісі казактарына шабуыл жасап, Рытовтың отрядын талқандады.

Кенесарының қол астына басқа округтердің де адамдары ағылып келіп қосыла бастады. 1837-1838 жж. Орта Жүзде орын алған патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы бытыраңқы күрестер біртіндеп бір арнаға түсіп, біртұтас қозғалысқа біріге бастады. Кенесары әскерлері 1838 ж. Ақтау мен Ақмола арасындағы бекетке шабуыл жасап, ондағы Смирновтың отрядын талқандады.

1838 ж. күзінде Кенесары сарбаздары патша жазалаушы әскерлерімен бірнеше рет қарулы күреске түсті. Солардың ішінде айырықша кескілескен айқас аса мықты бекіністерінің бірі - Ақмола үшін болды. Оны аға сұлтан полковник Қоңырқұлжа Құдаймендин әскерлері мен әскер старшина Карбышев басқарған жақсы қаруланған гарнизон қорғайтын. 7 тамыз күні Кене сарбаздары қамалды қоршап, таң сәріде жан-жақтан оқты боратып, шабуылға шықты. Кескілескен соғыспен көтерілісшілер қалаға басып кірді. Ұрыс әрбір үй үшін жүрді. Нәтижесінде Кене жасағы қамалды талқандап басып алды.

Бұдан кейін Кенесары патша үкіметінің бекіністеріне, бекеттеріне, үкіметке қызмет еткен бай шонжарлардың ауылдарына дүркін-дүркін шабуылдар жасап, талқандап отырды. Кенесарының аты, айбыны бүкіл қазақ елінің түпкір-түпкіріне жетіп жатты. Жәбір көрген адамдар көптеп келіп жатты. Әсіресе бекініс салынған Ақтау, Ортау, Ақмола, Көкшетау, Қарқаралы жерлерінде атамекенінен айырылғандар Кенесарының сабына келіп қосылып жатты. 1838 ж. жазы мен күзінде Орта жүз қазақтарының негізгі бөлігі Кене туы астына шоғырланды.

1838 ж. аяғына қарай Кенесары Ырғыз бен Торғай жаққа көшті. Енді Кіші жүз қазақтары көтеріліске қатыса бастады. Көп ұзамай Кенеге Ж..Тіленшіұлы қосылды. Кенесары көшіп келген Кіші жүз жері Орынбор губернаторына қарайтын. Оның губернаторы Перовский еді. Ол Сібір губернаторы Горчаковтай емес, істі бейбіт жолмен шешуге тырысты.

1840 ж. Кенесары мен Перовский уақытша келісімге келді. Ол бойынша Перовский Кенесарыға көмектеспек болса, ал Кенесары шекара шебіне шабуыл жасамауға уәде берді. Бұл тыныштық 1824 ж. дейін созылды. Дегенмен, бұл кезде батыс Сібір отрядтарымен қарулы қықтығыстар тоқтаған жоқ.

3. Кенесары хандығының ішкі құрылысы.

Көшпенді феодалдық мемлекеттік құрылысында жалпы Қазақстандағы хандық биліктен бір қатар өзіндік ерекшеліктері болды. Хандық кеңестің құрамы Кенесарының жақын туыстарынан, би, батыр және сұлтандардан тұрды. Әбілхайыр хан кезіндегі ақсақалдар кеңесінен бір өзгешілігі - биліктің тізгіні Кенесарының өз қолында болды. Хандық кеңеске негізінде азаттық күрестің мақсаттарына терең берілген, ұрыста ерлік немесе димломатикалық қасиеттерін көрсете білген өкілдер кірді. Көшпенді өмір мен жазалаушы күштерлің тұрақты қысымы жағдайында халықты басқару жолға қою қиын еді.

1841 жылы тамыз айында хандық билікті қалпына келтірген Кенесары қазақ қауымында белгілі билер сотын жойып, оның орнына хандық сотты кіргізді. Арнайы топ қаржы мәселесімен айналысты. Сауда керуіндерінен жиналатын баж салығы мен алым-салықты ретке келтіріп отыратын арнайы қызметкерлер тобы болды. Сонымен қатар көтерісшілерді қолдаған ірі феодалдардан алынған мал, дүние мүліктерін бөлу немесе оны басқару ісімен Кенесарының көмекшілері айналысты.

4. Қырғызстанға басып кіру. Хан Кененің каза табуы

Кенесары ауылдарының оңтүстікке қоныс аударуы Қоқан хандығымен қақтығысқа әкелетіні көрініп-ақ тұрды. 1845 жылдың қазан және қараша айларында көтерісшілердің Созақ, Жүлік, Жаңақорған бекіністерін алуы, Кенесары күшінің екінші бөлігінің Түркістан, Ташкентке бет бұруы Қоқан билеушілерінің үйірін ұшырды. Бұхар мен Қоқан хандықтарының көтеріліске қарсы күресу жөніндегі келісімдері Кенесарының жағдайын қиындатты. Балқаш көлі мен Іле бойына бет алған Кенесары әскерін Жетісу бойындағы қазақтардың бәрі бірдей қабылдай алмады.

Қырғыздардың бір бөлігі де Қоқан ханының тепкісінде еді. Алайда Ресей мен Қоқан бектерінің арасында екі жүзді саясат ұстаған беделді қырғыз манаптары Кенесарының Қоқан хандығына қарсы бірігіп күресу жөніндегі ұсынысын жауапсыз қалдырды. Патша үкіметінің өкілдері қырғыздар мен Алатау өңіріндегі қазақтарды бір-біріне айдап салды, олардың арасындағы жер мәселесіндегі, басқа да ескі алауыздықтарды мейлінше өршітті.

Осындай жағдайда 1847 жылдың басында Кенесары қырғыз жеріне басып кірді. Көтерілістің отаршыялдық езгіге қарсы бастапқы сипаты өзгере бастады. Кенесары әскерінің жергілікті халыққа қысымы, жазықсыз қырғыз ауылдарына шабуылдарды оған қарсы өшпенділік туғызды. 1847 жылы қазіргі Тоқмаққа жақын Майтөбе /Кекілік сеңгір/ деген жерде қырғыз манаптарының әскерімен шайқаста Кенесары қолы жеңіліс тапты. Рүстем сұлтан мен Сыпатай бидің ұрыс қарсаңында жауынгерлерімен Кенесарыдан бөлініп кетуі қазақ жасағының жеңілісіне әсер етті.



Бақылау сұрақтары

1. К. Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің алғышарттары.

2. К. Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, оның ерекшеліктері.

3. К. Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің сипаты.

4. К. Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің қозғаушы күштері.

5. Хан Кене көтерілісіне қатысқан қазақтың үш жүзінің даңқты батырлары.

6. Наурызбай батыр, Бопай ханша.

7. Ақтау бекінісін алу.

8. Кенесарының аса үлкен жеңісі - Ақмола бекінісін тіке шабуылмен басып алуы.

9. К. Қасымұлының Кіші жүзге - Торғай өзенің маңына қоныс аударуы.

10. Торғай облысындағы көтерілістер.

11. Кенесары мен Первскийдің келісімі.

12. Кенесарының Қазақстанның оңтүстік өңірін қоқандықтардан азат етуі.

13. К. Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің ауқымы?

14. Кенесарының әкесі Қасым төре, бауыры Саржан сұлтан т.б, кімдердің қолынан қаза тапты?

15. 1843 ж. шайқастар.

16. 1844 ж. Кенесарының жетістіктері. А. Жантөрин отрядын талқандау.

17. 1845 ж. Долгов пен Гернның елшілігі.

18. Хан Кененің оңтүстікке – Жетісуға қоныс аударуы, оның себептері.

19. Кенесары хандығының мемлекеттік құрылысының ерекшеліктері.

20. Кенесарының сот жүйесіне енгізген реформасы.

21. Кенесарының қырғыз манаптарымен қатынасы.

22. Кенесарының Қырғызстанға басып кіруі. Майтөбедегі шайқас.

23. Хан Кененің және Наурызбайдың қазасы.

24. К. Қасымұлы көтерілісінің жеңілу себептері.

25. К. Қасымұлы көтерілісінің тарихи маңызы.

26. Негізгі бөлігі К.Қасымұлы бастаған қозғалысқа арналған «Қазақстан ХІХғ. 20-40жж.» атты еңбектің авторы кім?
18 - лекция. Тақырыбы:

Қазақ халқының ХІХ ғ. 50 жж. ұлт-азаттық көтерілістері.

Жоспары:


  1. 1. Жанқожа батыр бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісі.

  2. 2. Есет батыр бастаған көтеріліс.

  3. 3. Оңтүстік Қазақстан қазақтарының Қоқан хандығының езгісіне қарсы күресі.

Лекция мақсаты: Студенттерге Жанқожа, Есет батырлар бастаған және Оңтүстік Қазақстан қазақтарының Қоқан хандығының езгісіне қарсы күрестерін, олардың себептерін, сипатын, барысын, тарихи маңызын түсіндіру.

Лекция мәтіні

1. Жанқожа батыр бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісі.

Ресей империясының экспансиялық ұмтылысының, отарлауының күшеюі, сондай-ақ Хиуа хандығының агрессивтік саясаты Сырдария бойы қазақтарының Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басшылығымен күреске шығуының негізгі себебі болды. Шекті руының басшысы Жанқожа батыр халық арасында беделді, әрі мақсаткер батыр ретінде даңққа бөлінді.

Сыр қазақтарына Хиуа хандығының өктемділік орнатуға тырысуы, салық жинау үшін әскери күш жіберіп, тонап отыруы, мұнда өзі бекіністерін салуға Арал өңірі қазақтарын зорлап қатыстыруы халықтың ашу-ызасын тудырды. Жанқожаның бастауымен төменгі Сыр қазақтары 1843 жылы қоқандықтардың Қуаңдария бойындағы бекіністерін талқандады. 1845 жылы көктемде сол бекіністі қалпына келтіруге жіберген хиуалықтардың 2000 қарулы әскерін күл талқан етіп жеңді. Осылайша батыр Сырдарияның төменгі ағысы маңын хиуалықтардан тазартты.

1853 жылы Ресей әскерлері Ақмешітті басып алды. Сырдария әскери шебі құрылды. Жергілікті халықтан алым-салықтар алынып, олар да неше түрлі міндеткерліктер атқартты. Оларға көпірлер салдырды, бөгеттерді жөндетті, жер қаздырды, көлік пен малын ақысыз алды. Бекіністер салу кезінде жақсы өңделген жерлерінен қуып, 3 мың қазақты Сырдың арғы бетіне күштеп көшірді. Олардың орнына орыс-казактарды орналастырды. Осы себептерге байланысты енді Жанқожа батыр 1856-1857 жылдары Ресей отарлауына қарсы азаттық күресті басқарды. 1856 жылдың соңында көтеріліс Қазалы ауданын толық қамтыды. Жанқожаның 1500-дей сарбазы болды. Олар Қазалы фортын қоршап алып, Солдат қыстақ қалашығын талқнадады. 1857 жылы қаңтарда Ақмешіттен Фитингоф басқарған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 3 зеңбірек, 3 ракеталық қондырғысы бар жазалаушы әскерлер шығады. 1857 жылы 9 қаңтарда Арықбалық деген жерде шайқас болды. Қарулы күшті әскерден Жанқожа сарбаздары жеңіліс тапты.



2. Есет батыр бастаған көтеріліс.

Әлеуметтік және ұлттық езгіге, отаршылдыққа қарсы күрес Батыс Қазақстанда да өріс алды. ХІХ ғ. 40 жылдарында-ақ қазақтар Есет батырдың және басқалардың бастауымен орынборлық жазалау отрядына белсеніп қарсы шықты. 1847 жылы 18 шілдеде Есет Ембіде Орынбор жазалаушы әскеріне шабуыл жасады. Есеттің азаттық күресінің күшейген кезі - 1855-1858 жылдар болды. 1855 жылдың жазында үкімет Есетті бағындыру үшін билеуші сұлтан Арслан Жантөринді үлкен отряд беріп аттандырды. Есет оларға күтпеген жерден шабуыл жасап, талқандайды. Бұдан соң патша үкіметі Есетпен күресті күшейтті. Есет батыр 1858 жылдың күзіне дейін көтерілісті тоқтатпады. Одан бұл көтеріліс басылды.



3. Оңтүстік Қазақстан қазақтарының Қоқан хандығының езгісіне қарсы күресі.

ХІХ ғ. орта шеніне Қазақстанда Сырдарияның орта ағысынн Ақмешітке дейінгі және Ташкенттен Жетісуға дейінгі бір бөлігі Қоқан хандығының езгісінде болды. Ол қазақтарды аяусыз қанады, ауыр салықтар салды. Бұл халықтың наразылығы мен қарсылығын туғызды. Шымкент, Түркістан, Арыс, Мерке, Сайрам, Шолаққорған, Жаңақорған аудандарында тұратын қазақтар қолдарына қару алып, Қоқан деспотизіміне қарсы көтерілді. 1858 жылы көктемде көтерілісшілер Әулиеата , Тоқмаш, Шымкент және басқа елді мекендердегі Қоқан гарнизонын қоршап алды. Қоқан-қырғыз халқы тізе қосып күресті. Ташкенттен көмекке жіберілген Қоқан әскерлері кері қуылып соққы беріп, зор шығынға ұшыратты. Көтерілісшілер Созақ, Мерке, Шолаққорған қамалдарын алып, Жаңақорған мен Түркістанды қоршады. Бірақ, еңбекшілердің азаттық күресінен қорыққан жеке қазақ феодалдары Қоқан билеушілерімен ымыраға келіп, 1858 жылы көтерілісті басты. Оңтүстік Қазақстандағы көтерілістің стихиялылығы, қазақ феодалдарының сатқындығы, оның Қоқан хандығынан келісімге келуі көтерілістің жеңуіне себеп болды.



Бақылау сұрақтары

1. Ж. Нұрмұхаммедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қашан болды?

2. Есет батыр бастаған азаттық көтеріліс қашан болды?

3. Ж. Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, оның ерекшеліктері.

4. Жанқожа батыр Қоқандықтардың Қуандария бойындағы бекіністерін қашан талқандады?

5. Торғай бекінісі қашан салынды?

6. Орыс әскерлері Ақмешіт бекінісін қашан басып алды?

7. Ақмешіт бекінісін орыс әскерлері басып алғаннан кейін қалай аталынатын болды?

8. Арықбалық шайқасы қашан болды?

9. ХІХ ғ. 50 жж. Болған көтерілістердің сипаты қандай болды?

10. Жанқожа батыр қай жылы Қуандария бойындағы бекіністерді қалпына келтіруге жіберілген Хиуалықтардың 2000-дай сарбазын күл –талқан етіп жеңді ?

11. Есет батыр бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, оның ерекшеліктері.

12. Есет батырдың А. Жантөрин отрядын талқандауы.

13. Жанқожа және Есет батырлар көтерілісінің жеңілу себептері.

14. Оңтүстік Қазақстандағы Қоқан және Хиуа хандықтарының езгісі.

15. Оңтүстік қазақстандықтардың Қоқан және Хиуа хандықтарының езгісіне қарсы көтерілісінің барысы.

16. Оңтүстік Қазақстандағы Қоқан және Хиуа хандықтарының езгісіне қарсы көтерілістің жеңілу себептері.




19лекция. Тақырыбы:

Қазақ жерлерін Ресейге қосудың аяқталуы.

Жоспары:

1. Ұлы жүздің Ресейге қосыла бастауы. Верный бекінісінің салынуы.

2. Ресейдің әскери қимылдары. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.

Лекция мақсаты: Студенттерге Ұлы жүздің Ресейге қосыла бастауы, Верный бекінісінің салынуы және Ресейдің әскери қимылдары мен Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы туралы түсіндіру.

Лекция мәтіні

1. Ұлы жүздің Ресейге қосыла бастауы. Верный бекінісінің салынуы.

ХҮІІІ ғ. аяғы – ХІХ ғ. басында Кіші жүз бен Орта жүз аймағының негізгі бөлігінің Ресей құрамына өтуі аяқталғанымен, Оңтүстік Қазақстан аймағы Орта Азия хандықтарының қол астында болды. Жетісудың Іле өзеніне дейінгі бір бөлігі мен Әулиеата, Ақмешітке дейінгі Оңтүстік Қазақстан аймағы Қоқан хандығының, ал Сырдың төменгі ағысы мен Арал маңы Хиуа хандығының қоластында болды. Бұлар қазақ ауылдарына жиі-жиі шапқыншылықтар жасап, ауыр салықтар (харадж, зекет, егін, кеден салығы, т.б.) салып, түрлі міндеткерліктер (қамалдар салу, шөп шабу, отын жинау, егінді күтіп-баптау, т.б.) атқартып, аяусыз қанады. Сондықтан сол кезде қазақ қоғамында екі жол тұрған еді: 1. Қоқан, Хиуаның қол астында қалу; 2. Ресей құрамына өту. Негізінен феодал, үстем тап өкілдері Орта Азия хандықтарымен біріксе, ал олардың езгісін көріп отырған қарапайым еңбекші халықтың көбі Ресей билігіне өткенді дұрыс көрді.

1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханов басқарған жалайыр руының 66 мың адамы қоныстанған аймақ Ресейге қарады. Ал 1825 жылы Жетісудың 50 мың адамдық үйсін болысы Ресейге қарады. ХіХ ғ. ортасына таман енді Ресейге кірмеген тек Қоқан иелігіндегі Ташкенттен Шуға, Сырдың орта ағысынан Ақмешітке дейінгі жерлер қалды. ХІХ ғ. ортасына таман Ресей империясы енді Қазақстанның оңтүстік бөлігіне бекініс шептерін салуға кірісті. 1847 жылы Алатау, Қапал бекіністері, 1855 жылы Сергиополь (Аягөз), Лепсі бекіністері салынды. 1848 жылы 10 қаңтарда Ұлы жүзді басқару үшін Ресейлік пристав тағайындалды. Оның резиденциясы Қапалда болды. 1851 жылы 7 шілдеде подполковник Карбышев бастаған орыс әскерлері қоқандықтардың бекінісі Таушүбекті басып алды. Таушүбекті алуда оны Тайнеке би Досетұлы бастаған қазақ жігіттері қолдады.

Ал, Сыр бойында 1847 жылы Райым, 1848 жылы Қазалы фортын салған Ресей, 1853 жылы Ақмешітті басып алды. Сөйтіп Сырдария әскери шебін құрды. Осымен бір мезгілде Жетісуда майор Перемышельскийдің отряды 1853 жылы Іле бекетін тұрғызса, ал 1854 жылы ежелгі Алматы қаласының орнына Верный бекінісін салды. 1855 жылы Қапалдағы Ұлы жүз резиденциясы Верныйға ауыстырылды. Бүкіл Жетісудың орталығына айналған Верный тез өсе бастады. Оған Ресейдің орталық губернияларынан қоныс аударушылар көптеп келіп жатты. Верный бекінісінің салынуы ХІХ ғ. 50 жылдары Қазақ елінің оңтүстік аудандары мен Қырғыз жерінің Ресейге қосылуын тездетті.



2. Ресейдің әскери қимылдары. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.

1859 жылы Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Ресейдің әскери тірегі саналып, Қоқанның шабуылына тосқауыл болды. 1860 жылы осы бекіністен полковник Циммерман бастаған орыс әскерлері шабуылға шықты. Оның әскерлері осы жылы 22 тамызда Тоқмақты, ал 4 қыркүйекте 5 күндік қоршаудан кейін Қоқанның Жетісудағы басты тірегі –Пішпекті басып алды. Жеңілгеніне қарамастан Қоқан ханы Верныйға қарай 22 мыңдық әскер жіберді. 1860 жылы 19-21 қазан күндері Ұзынағаш деген жерде Алатау округінің билеушісі Г.А. Колпаковский бастаған орыс әскерлері мен қоқандықтар арасында үш күндік шайқас болды. Кенесарының ұлы Сыздық сұлтан бастаған қазақтар Қоқан жағында Ресейге қарсы шықса, ал өзге қазақтардың дені орыстар жағында қоқандықтарға қарсы табандылықпен соғысты. Нәтижесінде қоқандықтар талқандалды. Қоқандықтар – 400, ал орыстар бар болғаны – 2 адамынан айырылды. Бұл шайқас Жетісудың Қоқан озбырлығынан түбегейлі құтылуына зор ықпал етті. 1863 жылы Ресей құрамына 4 мың шаңырақ қоңырат , 5 мың шаңырақ Ұлы жүздің бестаңбалы рулары кірді.

1864 жылы көктемінен бастап Ресей империясы әскери қимылын күшейтті. Верныйдан полковник Черняев бастаған, ал Ақмешіттен подполковник Веревкин басқарған орыс әскерлері шабуылға шықты. Черняевтың әскерлері Мерке, Әулиеата, Созақ, Шымкентті, ал Веревкин Жаңақорған мен Түркістанды басып алды. Түркістанды алуда орыс әскерлері тіпті варварлық әрекеттерге барды: түркі халықтары үшін қасиетті, “Екінші Мекке ” атанған Қожа Ахмет Ясауи кесенесін он бір жерінен атқылады. 1865 жылы 17 маусымда орыс әскерлері бүкіл Орта Азияның орталығы – Ташкент қаласын үш күндік көше ұрыстарынан кейін басып алды. 1866 жылы көктемде орыс әскерлері Бұхар әмірлігінің жеріне кірді. Оны бірнеше шайқастарда жеңіп, 1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына қосып алды. 1868 жылы Қоқан хандығы, ал 1873 жылы Хиуа хандығы да Ресей империясы құрамына қосылып алынды. Сонымен, Қазақстанның Ресейге қосылу процесі ХҮІІІ ғ. 30 жж. Бастап ХІХ ғ. 60 жж. Екінші жартысына дейін 1,5 ғасырға жуық уақытқа созылды.
Бақылау сұрақтары

1. ХҮІІІ ғ. аяғы – ХІХ ғ. басындағы қазақ елінің саяси жағдайы.

2. Оңтүстік Қазақстандағы Қоқан хандығының езгісі.

3. Оңтүстік Қазақстандағы Қоқан хандығының езгісі.

4. ХІХ ғ. ортасындағы қазақ қоғамындағы саяси бағыттар.

5. Сұлтан Сүйік Абылайханов бастаған жалайыр руының Ресей құрамына өтуі.

6. Үйсін болысының Ресейге қосылуы.

7. Алатау, Қапал, Сергиополь (Аягөз), Лепсі бекіністері салынуы.

8. Орыс әскерлерінің Таушүбек бекінісін басып алуы.

9. Орыс әскерлерінің Ақмешіт бекінісін басып алуы.

10. Сырдария әскери шебінің құрылуы.

11. Верный бекінісінің маңызы және оның маңызы.

12. Қастек бекінісінің маңызы.

13. Орыс әскерлерінің Тоқмақ және Пішпек бекінісін басып алуы.

14. Ұзынағаш және оның маңызы.

15. Ресей әскерлерінің 1864 жылғы әскери қимылдары. Оңтүстік түгелдей Ресей билігіне өтуі.

16. Ресейдің Бұхар, Қоқан және Хиуа хандықтарын жаулап алуы.

.

20 - лекция. Тақырыбы:



ХІХ ғ. 2 жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-саяси реформалар.

Жоспары:

1. 1867-1868 жж. реформа және оның отаршылдық мәні.

2. 1886-1891 жж. реформадағы ерекшеліктер.

Лекция мақсаты: Патшалық Ресейдің Қазақстандағы ХІХ ғ. 2 жартысында жүргізген әкімшілік-саяси реформалары (1867-1868 жж. және 1886-1891 жж. реформа) және оның отаршылдық мәнін, реформадағы ерекшеліктерді студенттерге түсіндіру.

Лекция мәтіні

1. 1867-1868 жж. реформа және оның отаршылдық мәні.

Ресейде капиталистік құқық жойылғаннан кейін капиталистік өнеркәсіптің тез дамуы Қазақстанның өнім өткізетін аса бай рынок және арзан шикізат көзі ретіндегі ролін күшейте түсті. Жаңадан қосылған өлкенің байлығын игеру үшін оны саяси жағынан патша әкімшілігіне толық бағындыру қажет болды. Ол үшін Қазақ даласында тікелей Ресейге қарайтын бірыңғай басқару жүйесін енгізу қажет еді. Осы мақсатта патша үкіметі ХІХ ғ. 60 жж. басында арнаулы комиссия құрды. Комиссия қазақ даласын Батыс және Шығыс облыстарға бөлуді ұсынды. Бірақ бұл ұсыныс қабылданбады. 1865 ж. ІІ Александрдың бұйрығымен қазақ даласын басқару туралы Ережесінің жобасын әзірлеу үшін “Дала комиссиясы” деген құрылып, ол қазақ даласына зерттеу жүргізді.

Нәтижесінде 1867 ж. 11 шілдеде “Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Ереже”, ал 1868 ж. 21 қазанда “Орынбор және Батыс Сібір губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару туралы Ереже” қабылданды.

Реформа бойынша бүкіл Қазақ жері 3 генерал-губернаторлыққа бөлінді:

1. Түркістан генерал-губернаторлығы. Орталығы – Ташкент қаласы

2. Орынбор генерал-губернаторлығы. Орталығы – Орынбор қаласы

3. Батыс Сібір генерал-губернаторлығы. Орталығы – Омбы қаласы.

Бүкіл әскери және азаматтық өкімет билігі түгелдей генерал-губернатордың қолын шоғырланды. Ал, Түркістан генерал-губернаторына тіпті, Иранмен және Қытаймен де дипломатиялық қатынастар жасауға құқық берілді.

Әрбір генерал-губернаторлық облыстардан құралды. Орынбор генерал-губернаторлығына Орал және Торғай облыстары, Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Ақмола және Семей облыстары, Түркістан генерал-губернаторлығына Сырдария және Жетісу облыстары кірді. Бұрынғы Бөкей хандығының жері 1872 ж. Астрахань губерниясына қосылды, ал Маңғыстау өлкесі 1870 ж. Кавказ әскери округінің қарауына , кейін ұзамай Закаспий облысына енгізілді.

Облыстарды әскери және азаматтық өкімет билігі түгелдей қолына берілген әскери губернаторлар басқарды. Әскери губернаторлар жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылды. Ол үш бөлімнен тұрды: 1.Шаруашылық; 2.Сот; 3. Жарлықты іске асыру .

Облыстар уездерге бөлінді: Жетісу облысына – Сергиополь, Қапал, Верный, Ыстықкөл, Тоқмақ , Жаркент уездері кірді.

Сырдария облысына – Қазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ташкент, Ходжент, Жыззақ уездері кірді.

Орал облысына – Орал, Гурьев, Калмыков, Ембі (Темір) уездері кірді.

Торғай облысына – Елек (Ақтөбе), Николаевск (Қостанай), Ырғыз және Торғай уездері кірді.

Ақмола облысына – Ақмола, Көкшетау, Омбы және Петропавл уездері кірді. (кейіннен 1869 ж. Сарысу уезі кірді.)

Семей облысына – Көкпекті, Зайсан, Баянауыл, Қарқаралы уездері кірді. (Кейіннен Өскемен уезі қосылды) .

Уездерді офицерлерен тағайындалатын – уездік бастықтар басқарды. Уезд бастығының екі – аға және кіші көмекшісі болды. Кіші көмекші жергілікті шонжар таптың өкілдерінен алынды. Уездегі билік азаматтық билік те, әскери билік те уезд бастығының қолында болды.

Уездер рулық емес, территориялық принцп бойынша құрылған болыстарға бөлінді. Болыстар шамамен 2000 (кейде 3000) шаңырақтан тұрды. Болысты болыс басқарушылары басқарды. Ол әр үш жыл сайын сайланып отырды. Болыс болу үшін шонжарлар арасында пара беру, сый-құрмет көрсету, жоғарыға жағымпаздану, қорқытып-үркіту т.б. келеңсіз құбылыстар етек алды.

Болыстар шамамен 100-200 шаңырақтан құралған ауылдарға бөлінді. Ауылды ауыл ағамандары басқарды. Олар да үш жылға сайланды.

Реформа бойынша Қазақстандағы сот ісі бірнеше сатыдан тұрды. Бұрынғы дәстүрлі шариғат негізіндегі билер соты мен қазылар соты сақталды. Бірақ олар тек ауылдар деңгейінде ғана қолданылды. Ресейдің империялық әскери және уездік соттары құрылып, олар жалпы империялық заңдар негізінде жұмыс істеді және олар мемлекетке опасыздық, үкіметке қарсылық, мемлекет мүлкіне қол сұғушылық, қызмет адамын өлтіру т.б. негізгі ірі қылмыстық істерді қарады.

Реформа бойынша әрбір шаңыраққа Түркістан генерал-губернаторлығында жылына 2 сом 75 тиын, ал Орынбор мен Батыс Сібір генерал-губернаторлығында 3 сом болып белгіленген түтін салығы салынды.

1867-1868 жж. реформа патша үкіметінің Қазақстанды отарлауын, отарлық басқаруымен нығайтты. Реформаның ең ауыр салдары – Ресей империясының Қазақстан жерін өзінің мемлекеттік меншігі етіп жариялауы болды. Әуімшілік–территориялық бөлініс арқылы қазақ халқының ғасырлар бойғы дәстүрлі көшіп–қону, жер пайдалану жүйесі бұзылды.



2. 1886-1891 жж. реформадағы ерекшеліктер.

1886 ж. 2 маусымда “Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже”, ал 1891 ж. 25 наурызда “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы Ереже ” қабылданды. Бұл ережелер бойынша Қазақстан жері бұрынғыдай 3 емес, 2 генерал –губернаторлықтан тұрды.

1. Түркістан генерал–губернаторлығы. Орталығы – Ташкент. Оған Ферғана, Самарқан, Сырдария облыстары кірді.

2. Дала генерал–губернаторлығы. Орталы – Омбы қаласы. Оған Ақмола, Семей, Жетісу (1897 ж. қайтадан Түркістан губерниясына қарады), Орал, Торғай облыстары кірді. Облыстардың уездерге бөлінісі бұрынығысынша сақталды. Енді генерал–губернаторлардың құзіреті бұрынғысынан да күшейтіліп, оларға шексіз билік берілді. Облыс орталықтарында полицейлік басқармалар құрылып, полицейлік бақылау күшейтілді.

Шаңырақ салығы 4 сомға дейін өсті, ал жалпы салықтар мен міндеткерліктер үй басына жылына 10 сомға дейін жетті. Бүкіл жер мемлекетінің меншігіне жатты. Сот құрылысы 1867-1868 жж. Ереже бойынша қалдырды. Тек бұрынғы төменгі сот буыны билер соты мен қазылар сотының орнына “халық соттары” деген құрылды. Ол да бұрынғысынша ең төменгі сот буыны болып қала берді. Жергілікті халық соттарына нұқсан келтіріп, империялық соттарды одан әрі күшейту заң жүзінде бекітілді.

Қысқасы , бұл 1886-1891 жж. реформа да Қазақ жерін елін отарлауға өз “үлесін” қосты.


Бақылау сұрақтары

1. «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы ереже» қашан қабылданды?

2. 1867-1868 жж. реформа бойынша бүкіл қазақ жері неше облысқа бөлінді?

3. 1867-1868 жж. реформа бойынша бүкіл қазақ жері неше генерал-губернаторлыққа бөлінді?

4. Түркістан генерал-губернаторлығына қандай облыстар кірді ?

5. Батыс Сібір губернаторлығына қандай облыстар кірді ?


6. Орынбор губернаторлығына қандай облыстар кірді ?

7. 1867-1868 жж. реформаның ең ауыр салдары неде?

8. 1867-1868 жж. реформа бойынша Қазақстанға неше буынды басқару жүйесі енгізілді?

9. 1867-1868 жж. реформа бойынша Қазақстандағы облыстарды басқаруға кімдер тағайындалды?

10. 1867-1868 жж. реформа бойынша Маңғыстау өлкесі қай облыстың құрамына енгізілді?

11. 1867-1868 жж. реформадан соң Бөкей хандығының жері қай генерал-губернаторлық құрамына енді?

12. 1867-1868 жж. реформа бойынша Қазақстандағы сот жүйесінің ең төменгі буыны қалай деп аталады?

13. 1867-1868 жж. реформа бойынша кімдер салықтан босатылды?

14. Ресей үкіметі қазақ даласын басқару туралы Ереженің үлгісін жасау үшін Дала комиссиясын қашан құрды?

15. 1868 ж. 21-қазанда қандай «Ереже» қабылданды?

16. 1886 ж. 2-мауысымдағы «Туркестан өлкесін басқару туралы ережеге» байланысты оның құрамына қандай облыстар кірді?

17. 1891ж. ережеге сай құрылған губернаторлық.

18. 1886 -1891жж. Ережеге сай құрылған жергілікті мұсылман тұрғындарының ісін қарайтын ең төменгі сот буыны қалай аталды?



19. Дала генерал – губернаторлығының орталығы қай қала болды?

20. Түркістан генерал – губернаторлығының орталығы.


21 - лекция. Тақырыбы:

ХІХ ғ. 60-70 жж. реформаның отаршылдық мәніне қарсы қазақ халқының азаттық көтерілістері.

Жоспары:

1. 1868-1869 жж. Орал, Торғай облыстарындағы азаттық көтеріліс.

2. 1870 ж. Маңғыстаудағы азаттық көтеріліс.

Лекция мақсаты:

Студенттерге 1868-1869 жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстаудағы азаттық көтеріліс туралы түсіндіру.



Лекция мәтіні

1. 1868-1869 жж. Орал, Торғай облыстарындағы азаттық көтеріліс.

1867-1868 жж. реформаның қабылдануымен қазақ даласындағы отаршылдық езгі одан әрі тереңдей түсті. Кіші жүзде жер қатынастары бұрынғыдан бетер шиеленісті. Жаңа бекіністер салуға, орыс-казактар қонысына қазақтардың шұрайлы жерлері көптеп тартып алынды. Қазақтарға отарлық салық жүйесі де ауыр тиді: Жетісу мен Сырдария облыстарында 2 сом 75 тиын, ал қалған далалық облыстарында 3 сом болып келетін шаңырақ салығы мемлекеттік салық еді. Земство салығын қосқанда 3 сом 50 тиын, шекара маңында 4 сомға жеткен салық қазақ шаруаларын ауыр жағдайға душар етті. Бұл аздай қой басына –15 тиын, ірі қараға-18, жылқыға –23, түйеге-38 тиыннан ақы алынды.

1868 ж. желтоқсанда “Уақытша Ережені ” жүзеге асыру үшін жер-жерлерге ұйымдастыру комиссиялары шығарылды. Олар жұртты ауыл-ауылға бөліп, оларды басқаратын ауыл старшындарын, болыстарды сайлауға, әр үйден көбейтілген жаңа мөлшерде салықтар жинауға тиіс болатын. Қазақтар “Уақытша Ережеге” үзілді–кесілді қарсы шықты, бұрынғыдай көшіп-қонудың сақталуын жақтады, жаңа салықтардан, уезд бастықтарының тағайындалуынан құтқаруды, жер сатуды жоюды т.б. талап етті. Жайылымдарды жаңа әкімшілік арқылы пайдалану баяғыдан келе жатқан тәртіпке қайшы келді. Мұндай жағдайда ата-бабасынан келе жатқан жайлау, қыстаулар басқа болыс, уездерге ауысып кететін болды. Мұның бәріне халық ашық қарсы болып, оны қабылдамады.

1868 ж. желтоқсанда басталған көтеріліс 1869 ж. наурызда бүкіл Орал облысын, Торғай облысының батысы мен оңтүстігін түгел қамтыды. Бұл көтерілісті Сейіл Түркебаев пен Беркін Оспанов басқарды. Көтерілісшілер найза, қылыш соқты, қару-жарақ, оқ-дәрілер іздестіріп тапты. Ембі өзенінен оңтүстік пен солтүстікке қарайғы бүкіл өңір көтерілісшілердің бақылауында болды. Ресей соғыс министрі Милютин Орынбор губернаторы Н.А. Крыжановскийге көтерісті бсып–жаншуға шұғыл және батыл түрде кірісуді талап етті. 1869 ж. наурыз-мамырда Мәскеуден, Петербургтен, Харьков, Қазаннан 57 офицер, 510 атқыш әкелініп, бұған қосы 5300 қарулы әскер мен 20 зеңбірек шығарылды.

Көтерілісшілер Ойыл өзенінен 20 шақырым жердегі Жамансай көлі маңында подполковник фон Штемпельдің отрядымен шайқасқа түседі. 20 мыңдай көтерілісші оларды 7 күн бойы қоршауда ұстап, бірнеше рет шабуылдайды. Азық тиеген 13 көлігінен айрылып, 3 әскері өліп, 5 адамы жараланған фон Штемпель ақырында Калмыков бекінісіне қашып барып тығылады. Көтерілісшілердің екінші тобы майор Пироговтың отрядын өкшелей қуып, Ащыбұлақ өзені бойында бірнеше рет шабуылдайды. Подполковник Рукиннің, Юрковскийдің отряды да шегінуге мәжбүр болады. Көтеріліс қарқыны патша үкіметін қатты шошытты. Оны басып жаншу үшін 1700–ден астам қарулы әскері, көптеген зеңбіректері бар ірі жазалаушы отрядтары Орал облысының әскери губернаторы Веревкиннің өзі басқарып шықты. Сөйтіп, ұйымдасу жағы төмен, нашар қаруланған, түпкі мақсаттарына жете түсінбей стихиялы басталған көтеріліс ақырында жеңіліс тапты.

2. 1870 ж. Маңғыстаудағы азаттық көтеріліс.

Маңғыстаудағы көтеріліс те Орал, Торғайдағы сияқты 1867–1868 жж. реформаның енгізілуіне байланысты болды. Маңғыстаудағы толқудың негізгі себептерінің бірі - патша өкіметінің жер жөніндегі саясаты, соның ішінде адайларға өз жайлауларын пайдалануға тыйым салу болды. Сонымен қатар, патша үкіметінің жаңа алым-слық жүйесін енгізудегі зорлық-зомбылығы да адайларды қатты ашындырды.

1870 ж. 15 наурызда Маңғыстау өлкесінің приставы подполковник Рукин қарамағында 4 офицер, 36 казак, би Майұлы, тілмәш Бекметұлы және 60 адамы бар топпен адайларға “Ережені” қабылдатып, салық төлету үшін жорыққа шықты.

Досан батыр Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы бастаған 400-ден астам көтерілісші 1870 ж. 24 наурызда ертемен Үшауыз деген жерде Рукин отрядын қоршады. Қатты шайқас болып, нәтижесінде Рукиннің отряды талқандалды. Рукин өзін-өзі атты. Бұл жеңіс қазақтарды рухтандырды. Көтеріліске балықшылар мен жұмысшылар да қосылып, көтерілісшілердің жалпы саны 10 мыңға дейін жетті. Азаттық көтеріліс бүкіл Маңғыстауды шарпыды. Көтерілісшілер балық өнеркәсібіндегі қайықтар мен кемелерді басып алып, өзінше «флотилия» да ұйымдастырды.

Сандары көбейтіп, жұрттың қолдануын тапқан көтерілісшілер Сарытастағы казактар жайлаған балықшылар қонысына шабуыл жасап, оны талқандап, Форт-Александровскийге қарай бет алды. 2-сәуірде олар Николаевск станциясын қоршап, оны толыққа жақын талқандайды. Үйлер мен кеңселерді өртеп, көптеген әскери адамарды өлтіріп, тұтқындайды. 5-сәуірде Досанның жасағы Форт-Александровск бекінісін қоршауға алады. Бірақ әскери техникамен жақсы қаруланған оқ боратып, алдырмайды. Көтерілісшілер шегінді. Бұл көтеріліс патша әкімшілігіне үлкен Маңғыстауға 7 ротадан артық жаяу әскер, 6 атты әскер жүздігі, 4 зеңбірегі бар екі взвод жинады. Соғыс министрі Милютиннің “бұларды келістіріп жазалау керек” деген нұсқауына сай жазалаушылар үш ай бойы Маңғыстаудан кетпей, көтерілісшілерді аяусыз басып-жаншып жазалады. Көтеріліс басшылары Досан Тәжіұлы, Иса Тіленшібайұлы 3000 дай шаңыраққа бас болып, 1870 ж. желтоқстанда Хиуа хандығына өтіп кетті. Адайлардан соғыс шығыны ретінде 90 мың қой өндіріліп алынды.

Сонымен, ХІХ ғ. 60-70 жж. Орал, Торғай облыстарында және Маңғыстауда болған азаттық көтерілістер қазақ халқының патша үкіметінің отарлық езгісіне қарсы азаттық жолындағы ірі бас көтерулерінің бірі болып табылады.



Бақылау сұрақтары

1. 1867-1868 жж. реформаның қабылдануымен қазақ даласындағы отаршылдық езгі одан әрі тереңдеуі.

2. 1868-69 жж. Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістің себептері.

3. Көтерілісшілердің қойған талаптары.

4. 1868-69 жж.Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістің сипаты және қозғаушы күштері.

5. Көтерілісшілердің басшылары.

6. Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістің барысы.

7. Жамансай көлі маңындағы шайқас.

8. Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістің жеңілу себептері.

9. Маңғыстаудағы адайлар көтерілісінің себептері.

10. Маңғыстаудағы адайлар көтерілісінің сипаты және қозғаушы күштері.

11. Маңғыстау көтерілісінің басшылары.

12. Подполковник Рукиннің отрядын талқандау.

13. Маңғыстау көтерілісінің барысы.

14. Патша үкіметінің Маңғыстау көтерілісін жазалауы.

15. Көтерілісшілердің бір бөлігінің Хиуаға көшуі.

16. Маңғыстау көтерілісінің жеңілу себептері.

17. Орал, Торғай облыстарындағы және Маңғыстаудағы азаттық көтерілістердің тарихи маңызы.



22 - лекция. Тақырыбы:

Патшалық Ресейдің Қазақстанға қоныс аудару саясаты.

Жоспары:

1. Патша үкіметінің аграрлық саясатының отаршылдық мәні.

2. Шаруаларды қоныс аударту туралы “Уақытша Ережелер”

3. Қоныс аудару қозғалысы.



Лекция мақсаты: Студенттерге патша үкіметінің аграрлық саясатының отаршылдық мәнін, орыс шаруаларын қоныс аударту туралы “Уақытша Ережелер” және қоныс аудару қозғалысының барысы туралы түсіндіру.

Лекция мәтіні

1. Патша үкіметінің аграрлық саясатының отаршылдық мәні.

Патша өкіметі ХІХ ғ. екінші жартысында өзінің аграрлық саясатының ажырамас бөлігі болып табылатын қоныс аударту мәселесіне баса назар аударды. Ресейде 1861 ж. крепостниктік құқының жойылуы ондағы аграрлық мәселені шеше алмады. Елде шаруалардың толқулары жалғаса берді. Сондықтан патша үкіметі, біріншіден, шаруалардың революциялық толқуларын әлсірету үшін, екіншіден, ішкі Ресейдегі жетіспей жатқан жер мәселесін шешу үшін және үшіншіден, болашақта Қазақ елін кең көлемде отарлай түсуде онда өзіне тірек жасау үшін орыс шаруаларын Қазақстан сияқты шет аймақтарға қоныс аудартуды ұйғарды.

Алғашқы кезде патша өкіметінің қазақ өлкесін әскери казак-орыс отарлауымен шектелген болса, енді ХІХ ғ. 60 жж. ортасынан бастап Қазақстанға орталық Ресейден орыс шаруаларын да қоныс аудартуды бастады. Мұндай қоныс аударту ХІХ ғ. 70-80 жж. жаппай сипат алды.

Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандыру Батыс Сібір Бас басқармасының 1866 ж. 20-қазандағы қаулысынан алғаш көрінеді, онда былай делінді: “Адамгершілік қасиеттері мен материалдық қаражаттары өздерінің сенімділігіне жеткілікті дәрежеде кепілдік бола алатын орыс жұмысшы семьяларына Қырғыз даласына қоныстандыруға рұқсат етілді”. Жергілікті әкімшілік те дәл сондай позиция ұстанды. Мысалы, Алатау округі бастығының баяндамасында “өлкені орыстардың ойдағыдай отарлауы үшін колонистердің шаруашылық және адамгершілік жағынан қамтамасыз етілген адам құрамы қажет” делінген.

Қысқасы, патша үкіметі Қазақ өлкесін кеңінен отарлап, ондағы отаршыл әскерлерді толықтыру үшін және қазақтар арасында орыстандыру саясатын жүргізу үшін орыс шаруаларын Қазақ өлкесіне қоныстандыруға ерекше мән берді. Бұған 1867-1868 жж. реформа бойынша бүкіл Қазақ жерінің Ресейдің мемлекеттік меншігі болып жариялануы заңдық негіз болды.

2. Шаруаларды қоныс аударту туралы “Уақытша Ережелер”

Патша үкіметі өзінің Қазақстандағы аграрлық саясатының мақсаттарын белгілеп алғаннан кейін оларды жүзеге асыруға кірісті. Жетісу өлкесінің губернаторы Г.А. Колпаковский бірінші боп ұсыныс көтеріп, өзінің басшылығымен 1868 ж. “Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы Уақытша ережелер ” қабылдады. 1883 ж. дейін күшін сақтаған бұл ережелерге сәйкес жан басына 30 десятина мөлшерде жер берілді, қоныстанушылар 15 жыл мерзімге салықтардан және алуан түрлі міндеткерліктерден босатылды. Тіпті, мұқтаж жанұяларға 100 сомға дейін қарыз ақша да берілді.

1883 ж. Жетісу облысының Дала генерал-губернаторлығына қарауына байланысты жергілікті әкімшілік “Облыстың отырықшы халқын жерге орналастыру туралы Ереже” , яғни байырғы тұрғындарды, жаңадан келушілерді, сондай-ақ Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендерді орналастыру туралы Ереже шығарды. Ол бойынша жан басына берілетін жер мөлшері 10 десятина болып белгіленді. Қоныстанушылар салықтар мен міндеткерліктерден 3 жылға босатылды.

1889 ж. 13-шілдеде “Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардың бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыруы жөнінде Ереже ” қабылданды. Бұл “Ережеге” сәйкес жан басына берілетін жер мөлшері 15 десятина болып белгіленді. Тобыл, Том губерниялары шаруалардың қоныс аударатын басты аймақтары ретінде белгіленді.



3. Қоныс аудару қозғалысы.

Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныстандыруда 1892 ж. құрылған Сібір темір жол комитеті маңызды роль атқарды. 1893 ж. “Уақытша Комиссиялар” құрылды. Олар қоныс аударатын жерлерді белгілеп, артық жерлерді анықтаумен айналысты.

ХІХ ғ. 90 жж. орта шетінен Сібір мен Қазақстанға шаруалардың қоныс аударуы үдей түсті. Сондықтан 1894-1895 жж. өзінде-ақ қазақ өлкесінің басы артық жерлерін анықтап, оны “қоныс аудару қорына ” қосу үшін барлық жерді зерттеу қажеттігі туралы мәселе қойылды. Осыған байланысты 1896-1902 жж. белгілі зерттеуші Ф.Шербина бастаған экспедиция қазақ өлкесін зерттеді. Қоныстандыру саясатының нәтижесінде 1897 ж. қазақтардың жалпы халыққа шаққандағы үлес салмағы 67,7 пайызға төмендеді.
Бақылау сұрақтары

1. Патша үкіметінің орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аударуының себептері .

2. «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережені» кім және қашан қабылдады?

3. Ресейден Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аударту қашан басталды?

4. «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы ережелерге» сәйкес жан басына қанша мөлшерде жер берілді?

5. «Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардың бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын құрастыруы жөніндегі Ереже» қашан қабылданды?

6. «Жетісу облысында жаңадан келушілерді, сондай-ақ Шығыс Түркістанан қоныс тепкен ұйғырлар мен дүнгендерді орналастыру туралы Ереже» қашан қабылданды?

7. Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендер қашан көшіп келді?

8. «Жетісу облысында Шығыс Түркістаннан көшіп келген ұйғырлар мен дүнгендерді орналастыру туралы Ережеге» сәйкес жан басына берілетін жер мөлшері қанша десятина

болып белгіленді?

9. « Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардың бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын құрастыруы жөніндегі Ережеге» сәйкес жан басына берілетін жер мөлшері қанша десятина болып белгіленді?»

10. « Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардың бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыруы

жөніндегі Ереже» бойынша Қазақстанның қай облыстары басты қоныс аударатын аймақтар болып белгіленді?


  1. Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аудартуда Сібір темір жолының маңызы.

  2. Щербина экспедициясы.

14.1897 ж. санақ бойынша қоныс аударту нәтижесінде қалыптасқан демографиялық ахуал.

23 - лекция. Тақырыбы:

ХІХ ғ. 2- жартысындағы Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік дамуы.

Жоспары:

1. Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі. Өнеркәсіптің, сауданың және қалалардың дамуы.

2. Қазақ ауылының әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер.

Лекция мақсаты: ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі, өнеркәсіптің, сауданың, қалалардың дамуы және қазақ ауылының әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерді студенттерге түсіндіру.

Лекция мәтіні

1. Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі. Өнеркәсіптің, сауданың және қалалардың дамуы.

ХІХ ғ. 2 - жартысында Қазақстанға капиталистік қатынастар ене бастады. Қазақстанға Ресей капиталы тартылды. Ол әсіресе пайдалы қазбаларды шығару және өңдеуге, ауылшаруашылығы шикізаттарын өңдеу өнеркәсібіне және саудаға салынды. Ресей капиталы үшін мұнда аса тиімді, қолайлы жайлар көп еді: жер қойнауының қазба байлықтардың аса молдығы, жердің өте арзандығы, шикізаттың арзандығы, жұмыс күшінің арзандығы т.б.

Кен өндіру өнеркәсібі өлкенің өнеркәсіп өндірісінің маңызды саласы болды. Тау-кен өнеркәсібі зауыттары негізінен Ақмола, Семей облыстарының Баян Ауыл, Қарқаралы, Ақмола және Алтай уездерінде болды. Мұнда мыс, күміс-қорғасын рудниктері мен зауыттары, көмір, алтын өндірісі болды. 1896 ж. бір ғана Қарқаралы уезінде 70-ке жуық шағын мыс, 170 күміс-қорғсын, 3 темір т.б. рудниктер болды. Ұсақ, орта өнеркәсіп кәсіпорындарымен бірге жұмысшы саны 300-ден 500-ге дейін жететін Спасск мыс зауыты, Успен руднигі, Қарағанды көмірі кәсіпшілігі, Екібастұз және Риддер өнеркәсіпорындары сияқты ірілері жұмыс істеді. Күннен күнге күшейе түскен капиталистік қатынастар сауданың қатты дами түсуіне себепші болды. Империя мен отар өлке арасындағы тауар алмасу мен айырбас кеңейді. Ресейден Қазақстанға түрлі маталар, металл бұйымдар, самауыр, қазан, орақ, шалғы, балта т.б. заттар әкелінді. Орта Азия хандықтарынан да қазақтарға түрлі тауарлар келіп жатты. Ал қазақтар сыртқа негізінен мал мен мал шикізатын, астық шығарды. Қазақ-орыс сауда байланыстарын дамытуда жәрмеңкелер ерекше орын алды. Қазақстандағы тұңғыш жәрмеңке 1832 ж. Бөкей Ордасында ашылды. Жәрмеңке саудасы әсіресе Ақмола облысында күшті дамыды. Онда Тайыншакөл (Петропавл), Констанинов (Ақмола), Петров (Атбасар), Қоянды (Қарқаралы уезі) сияқты аса ірі жәрмеңкелер және 50- ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. Бұдан өзге Семей облысында Шар жәрмеңкесі, Жетісуда – Қарқара, Сырдария облысында - Әулиеата, Орал облысында - Ойыл, Темір сияқты ірі жәрмеңкелер жұмыс істеді. Олардың әрқайсысының тауар айналымы миллион сомға жетті.

1897 ж. бүкіл халықтық халық санағы бойынша ірі қалалар мыналар еді: Орал-36446 адам, Верный - 22744, Семей - 20216, Петропавл - 19688, Жаркент - 16094, Қостанай -14275, Әулиеата - 11722, Ақмола - 9688, Гурьев - 9322, Өскемен - 8721, Павлодар - 7738, Перовск - 5058, Көкшетау - 4962, Қарқаралы - 4451, т.б. Қалалардың дворяндар, офицерлер, көпес-саудагерлер, әр саладағы интеллигенция өкілдері, қызметкерлер, жұмысшылар, т.б. тұрды.



2. Қазақ ауылының әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер.

ХІХ ғ. ортасынан бастап Қазақ жеріне капиталистік қатынастрының тарала бастауы қазақ ауылының шаруашылық өміріне, әлеуметтік топтарының жағдайына әсерін тигізбей қоймады. Дәстүрлі көшпелі мал шаруашылығы Маңғыстауда, Бетпақдалада, Орталық Қазақстанда, Сырдария, Семей, Ақмола облыстарының далалы аудандарында сақталды. Брақ мұның өзінде мадың құрамы, жерді иелену сипаты бұрынғы көшпелі шаруашылыққа көп ұқсай бермейтін еді. Жылқы санының азайып, сиыр санының көбеюі де біртіндеп ауыл өміріне ене бастаған капитализмнің көрінісі еді. Капиталистік қатынастарының етек алуы және Қазақстанға орыс, украин шаруаларын қоныс аударту отырықшы егіншіліктің кең тарауына себепші болды.

ХІХ ғ. 70-80 жж. бастап кедейленген қазақтар күнкөріс көзін табу мақсатымен тау-кен орындарына, қалалы жерлердегі ірілі-ұсақты кәсіпорындарға кетіп, сонда жалданып жұмыс істей бастады. Оларды жатақтар деп атады. Олар ауылдық пролетариаттың әлі қалыптасып үлгермеген тобына жататын еді.

Өнеркәсіптің дамуымен жергілікті жұмысшы табы қалыптаса бастады. Жұмысшылардың дені Ресейден қоныс аударылғандар еді. Қазақтар көбіне ең ауыр, жалақысы аз жұмыстарға салынды. Кейбір кәсіпорындарда қазақтар 60-70 пайызға жетті. Әйелдер мен балалар еңбегі де кеңінен қолданылды. Ересек ер кісілерге қарағанда бұлардың еңбегі едәуір арзан болды. Мысалы, ХІХ ғ. соңында кен орындарында 16 жасқа дейінгі балалардың үлесі 14 пайызға жетті. Қазақстан өнеркәсіптеріндегі орташа айлық жалақы Ресейдегімен салыстырғанда 2-3 есе аз болды.


Бақылау сұрақтары:

1. Ресей капиталы үшін Қазақстанның маңызы

2. Қазақстанға Ресейден капиталистік қатыныстардың ене бастауы

3. Қазақстандағы капиталистік қатынастардың ерекшеліктері

4. Қазақстандағы тау кен өнеркәсібінің дамуы

5. Өнеркәсіп жұмысшыларының қалыптасуы

6. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы

7. Қазақстандағы өнеркәсіптің құрылымы

8. Қазақстандағы сауданың дамуы

9. Қазақстандағы жәрмеңкелер

10. Қоянды жәрмеңкесі

11. Жәрмеңкелердегі сауда айналымы



12. Қазақ – орыс сауда байланыстары

13. Қазақ – Қытай сауда байланыстары

14. Қазақстандағы ірі сауда орталықтары

15. Қазақстандағы темір жолдардың салыны бастауы

16. XIXғ. Қазақстан қалалырының дамуы. Ірі қалалар

17. Қала халқының әлеуметтік құрамы

18. Қазақ ауылына капиталистік қатынастардың тартыла бастауы.

19. Капиталистік қатынастардың тартыла бастауымен қазақ ауылының әлеуметтік құрамының өзгеруі.

20. Жатақтар тобы, олардың ерекшеліктері.



24-лекция. Тақырыбы:

ХІХ ғ. Қазақстан мәдениеті.

Жоспары:

1. ХІХ ғ. қазақ әдебиеті. Ақын-жыраулар творчествосы.

2. Халыққа білім беру ісінің дамуы.

3. Қазақстанды орыс ғалымдары мен зерттеушілерінің зерттей бастауы.



Лекция мақсаты: ХІХ ғ. қазақ әдебиеті, ақын-жыраулар творчествосы, халыққа білім беру ісінің дамуы, Қазақстанды орыс ғалымдары мен зерттеушілерінің зерттей бастауы туралы студенттерге таныстыру.

Лекция мәтіні

1. ХІХ ғ. қазақ әдебиеті. Ақын-жыраулар творчествосы.

ХІХ ғ. 1-жартысында қазақ әдебиетінде 2 идеялық ағым: еңбекші халық бұқара мүддесін білдірген ақындар, суырып салма жыршылар мен ірі феодал–ақсүйектердің мүдделерін жақтаған ақындар қалыптасты. Ақындық өнері халық арасында кеңінен таралғандар ішінде Шернияз, Орынбай, Шөже, Сүйінбай, т.б. ерекше із қалдырды.

ХІХ ғ. көрнекті қазақ ақыны Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) болды. Ол езілген елдің жоғын жақтап, ар намысын қорғаған күрескер ақын. Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар қозғалысына бастан аяқ қатысқан, сол қозғалыстың ең бір табанды сарбазы, жалынды үгітшісі, өз кезеңінің ірі қоғам қайраткері. Еліне, халқына шын беріліп, сол үшін шыбын жанын пида еткен ақын, асыл ер. Қалың бұқара мақсатын жоғары ұстай білген азамат ақын.

Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867 жж.) қазіргі Ақтөбе облысы Ойыл ауданында туған. Шешендік өнерге, ауыз әдебиетіне жасынан құмар болған оның ақындық талабы ерте оянды. Исатай, Махамбет бастаған көтеріліске қатысты. ХІХ ғ. 1-жартысына тән халық мәдениетінде айшықты із қалдырған Шернияздың әдебиет саласына қосқан бір жаңалығы дәстүрлі сурып-салма ақындық өнерін одан әрі жетілдірді.

Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895 жж.) Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Жастай екі көзінен бірдей айырылған Шөже қобыз тартып, өлең айтуға машықтанды. Ақындық өнері күн көрудің көзі болды. Шөже даңқы жұртқа тараған айтыс ақыны. Шөже – ірі эпик ақын. Әйгілі “Қозы-Көрпеш Баян сұлу” жырының ең көркем нұсқасы осы Шөженің айтуымен таралды.

Сүйінбай Аронұлы (1822-1895 жж.) – қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Қарақәстек деген жерінде дүниеге келген. Тапқыр, тілге жүйрік Сүйінбай 14-15 жасынан-ақ ақындық өнерге машықтана бастады.

Халықтың сүйікті ақыны Сүйінбай өз өлеңдерінде өмір шындығын,қазақ еңбекшілерінің ой-арманын жырлап өткен.

2. Халыққа білім беру ісінің дамуы.

ХІХ ғ. басында Қазақстанда оқыту негізінен шәкірттерге “Шариғат ұл-иман” (мұсылман дінінің ережелері): “Әпитек ” (құранның 7 ден 1 бөлігі) сияқты діни бағыттағы кітаптарды, ислам дінінің қағидаларын үйретуге бағытталды. Білімін жалғастыру үшін ауқатты ата-аналар балаларын Бұқар, Самарқанд, Хиуа, Ташкентке жіберіп отырды. Олар мұнда араб тілін, араб философиясын т.б. оқып үйренді.

Қазақстанның Ресейге қосылуы мұнда орысша білім берудің дамуына да жағдай тудырды, ол Омбыда, Орынборда, Оралда, Семейде және басқа қалаларда құрылған орыс мектептерінен басталды.

Қазақтар арасында орысша білім берудің өрістеуіне 1789 ж. қазақ халқының дәулетті топтары ішінен тілмаштар мен писарлар даярлайтын “азиялық мектептің” ашылуы көмектесті. Мектеп түлектері орыс тіліне қоса араб, парсы, түрік, қытай т.б. шығыстық тілдерді меңгерді, топографиялық және жер өлшеу ісін білді. 1813 ж. Омбыда, 1825 ж. Орынборда ашылған әскери училищелер ресейлік билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер даярлаумен айналысты. Осындай орысша және татарша сауат ашатын мектептердің бірін ұйымдастырған Бөкей Ордасының ханы Жәңгір болды. 1841 ж. Ордада ұйымдастырған бұл мектепте сабақ татар және орыс тілдерінде жүргізілді. 1850 ж. Орынбор шекаралық комиссиясы жанынан қазақтарға орысша білім беретін бірнеше мектептер ашылды.



3. Қазақстанды орыс ғалымдары мен зерттеушілерінің зерттей бастауы.

ХІХ ғ. 20-40 жж. Қазақстанды зерттеуде жаңа кезең басталды. 1848-1849 жж. С. Карелиннің Каспий теңізіне және капитан-лейтенант Бутаковтың Арал теңізіне жасаған экспедициялары маңызды роль атқарды. Олар Сырдария өзінінің жағалауын суретке түсіріп, Арал теңізі мен оған құйып жатқан Сырдарияның тереңдігін анықтады, олардың дәлме-дәл карталарын жасады.

ХІХ ғ. орта шенінде Қазақстанда болған ірі-ірі экспедицияларды Ковалевский, Северцов, Васильев, Данилевский, Небольсин т.б. басқарды. Олар Қазақстанның табиғатын, халқының мәдениеті мен тұрмысын зерттеді. Қазақ жерін топографиялық картаға түсірумен шұғылданды, табиғи байлықтарын зерттеді.

Қазақстанды зерттеуде 1845 ж. құралған Орыс географиялық қоғамы зор роль атқарды. Шын мәнінде бұл қоғам Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының тұңғыш базасы болды.

Қазақстанның тарихын, этнографиясы мен географиясын зерттеуде А. Левшиннің “Қырғыз –қазақ немесе қырғыз –қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы” деген 3 томдық еңбегінің зор маңызы болды.

Қазақ халқының өмірі мен тарихына, шығармашылығына көңіл бөлген орыс мәдениетінің тамаша өкілдері ішінен В.И. Дальдің есімі көрнекті орын алады. Ол 1833-1841 жж. Орынбор әскери губернаторының жанында ерекше тапсырмалар орындайтын чиновник қызметін атқара жүріп, 8 жыл ішінде түркі тілдес халықтарының жазбаларын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырды, әңгімелер т.б. шығармалар жазды. Ол 1836-1838 жж. азаттық көтеріліс басшылары Исатай мен Махамбетке жанашырлық білдірді.” Бөкей мен Мәулен” повесін жазып, онда қазақтардың тұрмыс жағдайын сипаттап жазды.

Орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкин шығармасының бір тармағы Орынбор өлкесімен, 1773-1775 жж. Жайық жағасында басталған Пугачев көтерілісімен байланысты. 1833 ж. осы көтеріліс туралы мәлімет жинауға келген А.С. Пушкин Орынбор өлкесіне 1 аптадан артық қазақтардың өмірін өз көзімен көрді. Нәтижесінде ол “Пугачев бүлігінің тарихын” жазды. Онда ол қазақтардың көтеріліске қатысқанын және бұл соғыстың мақсаттары қазақтар мүддесіне жақын болғанын көрсететін фактілер келтірілген. Пушкин Оралда “Қозы көрпеш –Баян сұлу ” поэмасын жазып алды.

Бақылау сұрақтары:

1. ХІХ ғ. 1-жартысында қазақ әдебиетіндегі идеялық ағымдар.

2. ХІХ ғ. ақындық өнерімен халық арасында терең із қалдырған ақындар.

3. Махамбет Өтемісұлы (1803-1846 жж.)

4. Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867 жж.)

5. Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895 жж.)

6. Сүйінбай Аронұлы (1822-1895 жж.)

7. Жанақ Сағындықұлы (1770-1846 жж.)

8. Дулат Бабатайұлы (1802-1874 жж.)

9. Шортанбай Қанайұлы (1819-1881 жж.)

10. Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906 жж.)

11. ХІХ ғ. басында Қазақстандағы оқыту-ағарту жүйесінің ерекшеліктері.

12. Азиялық мектептің ашылуы.

13. Омбы мен Орынбордағы әскери училищелердің ашылуы.

14. Жәңгір хан ашқан қазақ балаларына арналған мектеп.

15. Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектептің ашылуы.

16. Карелиннің және Бутаковтың экспедициялары.

17. Қазақстанды зерттеудегі 1845 ж. құралған Орыс географиялық қоғамының маңызы.

18. А. Левшиннің қазақ тарихын зерттеудегі ролі.

19. В.И. Дальдің шығармашылығы.

20. Орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкин шығармашылығының бір тармағының Қазақстанмен байланысы.
25 - лекция. Тақырыбы:

ХІХ ғ. - қазақ мәдениетінің алтын ғасыры. Қазақ халқының ұлы ағартушылары.

Жоспары:

1. Ш. Уалиханов – қазақтың тұңғыш ұлы ағартушы ғалымы.

2. Ы. Алтынсарин – ұлы ағартушы педагог.

3. А. Құнанбаев – қазақтың ұлы ағартушы ақыны.



Лекция мақсаты: Қазақ халқының ұлы ағартушылары – Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев жөнінде, олардың ағартушылық, шығармашылық мұралары туралы студенттерге түсіндіру.

Лекция мәтіні

1. Ш. Уалиханов – қазақтың тұңғыш ұлы ағартушы ғалымы

Ш.Ш. Уәлиханов 1835 ж. қарашада Құсмұрын қамалында туған. Шоқан алғаш Құсмұрындағы жеке қазақ мектебінде арабша хат танып, қарындашпен сурет салуды үйренді. Шығыс ақындарының өлеңдерін жаттады. Шоқанның ғылымға ден қоюына оның әкесі Шыңғыстың ауылында академик Шренк, декабристер Семенов, Штенгель, Басаргин сияқты аса білімді адамдар, Қазан университетінің студенттері Сотников, Костылецкий және Сейфуллин болып тұратын.

1847 ж. күзде 12 жасар Шоқан Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түсті. Шоқан алғаш орыс тілін білмейтін еді, бірақ ерекше қабілеті арқасында бұл қиыншылықты тез жеңіп шықты. Үздік оқыды. Шоқан оқуды 1853 ж. “корнет” деген офицерлік атақ алып бітіріп шықты.

1855 ж. ол генерал Г.Х. Гасфорттың саяхатына қатысып, Жетісу, Тарбағатай, Орталық Қазақстан, Іле өңірінде болып, тарихи аңыздарды, өлеңдерді т.б. жинай жүреді. 1856 ж. Шоқан Ыстықкөлдің көлемін топографиялық , картографиялық тұрғыдан сипаттады.1857 ж. Алатау қырғыздарына сапарында ол қырғыздың тамаша эпосы – «Манас» шығармасына көңіл аударды.

1858-1859 жж. Шоқан өзін әлемге әйгілі еткен Қашқария саяхатына барып қайтты. Марко поло мен Гоестен кейін бұл елге алғаш барған Шоқан еді. Нәтижесінде ол “Алтышардың немесе Қытайдың Нан-лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы” деген күрделі зерттеу еңбек жазды. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, географиясына, әлеуметтік құрылысына арналған тұңғыш ғылыми еңбек еді.

1859 ж. аяғында Ш.Уалиханов Петурбугке келді. Бұл оның өмірінің жарқын беттерінің бірі болды. Мұнда ол алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясымен араласты. Олардың ішінде әсіресе оның ең жақын досы Достоевский де болды.

1861 ж. көктемде ауыр науқас болған ол Петербургтен кетуге мәжбүр болды. 1865 ж. сәуірде Көшен тоғаны деген жерде Тезек төренің ауылында қайтыс болды.

2. Ы.Алтынсарин – ұлы ағартушы педагог.

Аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысында дүниеге келді. 1850 жылы ол Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепке түсіп, оны алтын медальмен бітіріп шықты.

Мектепті бітіргеннен кейін Ы. Алтынсарин үш жылдай (1857-1860) атасының қол астында кеңсе қызметкері, содан соң 1859 жылдың 1 тамызынан бастап Орынбор басқармасында тілмаш болып қызмет етті. 1860 жылы облыстық басқарма оған Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырды да, өзін сол мектепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады.

Оның өміріндегі ең маңызды оқиға – оның 1864 жылы 8 қаңтарда қазақ балаларын оқытуға арналған өзінің тұңғыш мектебін ашуы болды.

1868 жылы Алтынсарин Торғай уездік басақармасына іс жүргізуші ретінде қызметке орналасып, содан соң уезд бастығының аға көмекшісі және уақытша уездік судья міндеттерін қатар атқарды. Қызмет бабымен ол ауылдарда жиі болып, басқарушыларымен ауыл старшындарының сайлауына қатысып жүрді. Сайлау кезінде ол әділ шешім шығарылуы үшін, дауысты сатып алудың, парақорлық пен қиянат жасаушылықтың орын алуына жол бермеуге тырысты.

Ы. Алтынсарин қарапайым халықтың қамын ойлады. Мәселен, ол 1864 жылғы 14 сәуірдегі хатында былай деп жазған: «Қызмет бабы бойынша мен қазақтармен жиі қақтығысып қаламын, олардың ішінде осындағы өз туыстарымда бар. Маған іштей жамандық ойлайтындар Ордадағы лауазымды адамдар арасында да бар. Олар қорғансыз кедейлерді арсыздықпен талап-тонауда......».

Ы. Алтынсарин патша өкіметінің жүгенсіз саясатына қарсы болды. Мұны оның 1880 жылы «Оренбургский листок» газетінде жарияланған мақалаларды дәлелдейді.

1879 жылы Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды.



3. А.Құнанбаев – қазақтың ұлы ағартушы ақыны.

Қазақтың ұлы классик ақыны ұлы ағартушы ойшылы Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы, Шыңғыс тауында туды. Абайдың әкесі Құнанбай тобықты руының старшыны болды. Алғашында ауыл молдасынан сабақ алған Абайды әкесі Семейдегі имам Ахмет-Риза медресесіне оқуға жіберді. Алайда Абайдың қаладағы оқуын бітіртпей, әкесі оны қайтадан ауылға шақыртып алып, бірте-бірте дау-шарды тексеріп төрелік айтуға, келешектегі рубасының әкімшілік қызметіне үйрете бастады. Абай табиғат өзіне молынан сыйлаған қабілеттілігінің арқасында шешендік өнерінің түрлі тәсілдерін шебер меңгереді. Сот ісі қазақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан дағдылы құқығы негізінде жүргізілді. Ру тартысына еріксіз араласқан Абай даулы мәселелерді шешу барысында жөнсіздікке, әділетсіздікке және қатыгездікке, билеуші топ пайдасын көздеген талап, мүддеге қарсылық білідіріп отырды. Ол патша сотының заң ережелерімен жақынырақ танысып, патша самодержавиесінің әкімшілік-шенеуніктік аппаратының заңсыз іс-әрекеттеріне куә болды. Дүниетанымы қалыптасып, рухани толысқан Абай он-жиырма жыл ішінде халықтың поэтикалық шығармашылығын, шығыс ақындары мен орыстың классикалық әдебиетін терең зерделейді. 1886 жыл Абайдың өміріне үлкен өзгеріс әкелген жыл болды. Ол алғаш рет өлеңіне («Жаз») өз атын қойып, көркем шығармашылыққа толығымен ден қояды.

Абай қаламынан өлеңдермен қатар, қара сөзөбен жазылған ғибраттар, «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дастандары дүниеге келді. Абайдың мол әдеби мұрасында аудармалары елеулі орын алады.

Абайдың өзі туып - өскен ортадан шоқтығы биік тұрды. Адамды «ақыл, қайрат, ғылым» асқақтататын қоғамның прогресті дамуына ұмтылу Абайдың бүкіл шығармашылығының басты бағыттарының бірі болып табылады.



Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ мәдениетінің өрлеу кезеңі

2. Ш.Уалихановтың тегі, жастық өмірі

3. Ш.Уалихановтың Сібір кадет корпусында оқыған кезеңі

4. Ш. Уалихановтың Жетісуға Орталық Қазақстанға саяхаттары мен зерттеулері

5. Ш.Уалихановтың Алатау қырғыздарына саяхаты

6. Ш. Уалихановтың Құлжаға сапары

7. Ш. Уалихановтың Қашқарияға сапары



8. Ш. Уалихановтың Черняев экспедициясына қатысуы және онымен қатынасы

9. Уалихановтың С.-Петербургтегі өткізген жылдары

10. Ш. Уалихановтың орыс зиялыларымен достығы

11. Ш. Уалихановтың шығармалары



12. Ы. Алтынсаринның тегі, жастық өмірі

13. Ы. Алтынсаринның педагогтық қызметі

14. Алтынсарин – Торғай облысының оқу инспекторы

15. Ы. Алтынсаринның шығармалары



16. А. Құнанбаевтың тегі, жастық өмірі

17. А. Құнанбаевтың қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі

18. А. Құнанбаевтың шығармалары
26 - лекция. Тақырыбы:

ХХ ғ. басындағы Қазақстанның саяси өмірі.

Жоспары:

1. Қазақстанның ХХ ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы.

2. Қазақстан 1905-1907 жж. революция кезеңінде.

Лекция мақсаты: Қазақстанның ХХ ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық дамуын және Қазақстандағы 1905-1907 жж. революцияның алғышарттары мен себептерін, сипатын, барысын, жеңілу себептері мен тарихи маңызын студенттерге түсіндіру.

Лекция мәтіні

1. Қазақстанның ХХ ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы.

ХХ ғ. басы Ресей империясында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуімен, оның Қазақстандағы отаршылдық саясатының тереңдеуімен ерекшеленді. Өлкеге орыс шаруаларын қоныстандыру одан әрі күшейе түсті. Қоныстандыру басқармалары құрылып, олар қоныстанушы жер қорларын “құрау” үшін “артық” жерлерді анықтаумен айналысты. Әрбір қазақ жанұясы пайдалануға 15 десятинадан ғана жер алды, ал қалған барлық жерлер мемлекеттік мүлік министрлігіне бағынатын қоғамдық жер қорларына жатты. Бұл әрине көшпенді шаруашылықты күйзеліп, қиратты.

Ал шын мәнінде мал шаруашылығын дамыту үшін, сол кезде анықталғандай, мысалы Сырдария аймағында - 145 десятина, Жетісуда –110 десятина жер керек еді. Сонымен бірге Қазақстан жерінде Сібірлік, Оралдық, Орынборлық, Жетісулық казак әскерлері орналасты. ХХ ғ. басында олардың саны 1 миллион 11 мың адам болды және 15,6 миллион десятинадан астам құнарлы жерлерді иеленді.

Қоныстандырудың жаңа кезеңі 1906 ж. премьер–министр болып тағайындалған Столыпиннің реформасымен тікелей байланысты болды. Ол орталық деревняларда жер мәселесін шешіп, аграрлық буржуазияны қалыптастыру үшін орыс шаруаларын шет аймақтарға, соның ішінде астыққа бай Қазақстанға жаппай қоныстандыруға ерекше мән берді. Қоныстандыру қозғалысы күшейді. Егер 1895 жылдан 1905 жылға дейін Қазақстанның далалық облыстарында 294296 адам қоныстанса, ал 1906 жылдан 1910 жылға дейін 770 мыңнан асты. 1897 жылғы санақ бойынша далалық облыстарда орыс халқы 20 пайыз болса, 1917 жылы 1 қаңтарда 42 пайызға жетті . Қазақтардан 1893-1905 жылдары 4 млн. десятина, ал 1906-1912 жылдары 17 млн. десятинадан астам жер тартып алынды. Ал, 1917 жылы тартып алынған жалпы жер 45 млн. десятинадан асып түсті.



2. Қазақстан 1905-1907 жылдардағы революция кезеңінде.

Қазақстанға орыс шаруаларының қоныстандырылуымен бірге саяси, революциялық қайраткерлер де жер аударылып отырды. Олар өлкеде ағартушылық, ұйымдастырушылық-революциялық маңызды роль атқарды. Қазақстанға ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басында марксизм идеялары тарай бастады. Қазақстанда 1896 жылы Атбасар қаласында жер аударылған жұмысшы Ушановтың ұйымдастыруымен тұңғыш марксистік үйірме құрылды. ХХ ғ. басында мұндай марксистік ұйымдар Ақмолада, Петропавлда, Оралда, Қостанайда, Семейде, Верныйда, т.б. құрылды.

Революцияның бастауына себеп болған – 1905 жылғы 9 қаңтардағы «қанды жексенбі» оқиғасы болды. Қазақстан қалаларында өткен жұмысшылар жиналыстарында Петербургтегі қарусыз жұмысшыларды атқылауға наразылық білдірілді. Қалалар мен темір жолдарда наразылық ереуілдері болды. 1905 жылы ақпанда Перовскіде, Түркістанда, Қостанайда, Павлодарда, Петропавлда, Оралда т.б. қалаларда ереуілдер болды. Бұлар: «патша самодержавиесі жойылсын!», «Бостандық жасасын!» деген ұрандармен өтті.

1905 ж. қарашада Мәскеу мен Петроградта өткен байланыс қызметкерлерінің талабын қолдап, Семей, Верный, Пішпек т.б. қалалардың почта-телеграф қызметкерлері ереуіл жасады.

Осы 1-орыс революциясы кезіндегі ең ірі интернационалдық сипаттағы бас көтеру 1905 ж. 11 желтоқсанда Успен кенішінде болды. Оның барысында орыс жұмысшысы Топорнин мен қазақ Байшағыров басқарған «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы» құрылды. Олар 2 желтоқсан күні өздерінің жиналысында жоғарыға талаптар қойып, оны «петиция» ретінде рудник басшысы Фелльге тапсырды. Ондағы басты талаптар: жалақыны көтеру, азық-түлік бағасын арзандату, тұрмыс жағдайды жақсарту, т.б. еді. Бұл талаптар қабылданбағандықтан, кеніште үлкен ереуіл болды.

1905-1907 жж. революция соңында жеңіліс тапты. Оның себептері: 1-ден, жұмысшы табының, әсіресе қазақ жұмысшыларының аздығы еді; 2-ден, қазақ ауылының қалалық орталықтарда болып жатқан оқиғалардан тыс қалуы; 3-ден, қозғалыстың ұйымдаспағандығы, т.б. еді.



Бақылау сұрақтары:

1. ХХ ғ. басындағы Ресей империясының Қазақстандағы отаршылдық саясатының тереңдеуі.

2. Қоныстандыру басқармаларының құрылуы және олардың іс-әрекетінің салдары.

3. ХХ ғ. басындағы Қазақсандағы берілген жер үлесі қазақтың мал шаруашылығын дамытуына тиімді болды ма?

4. ХХ ғ. басындағы Қазақсандағы казак әскерлері және олардың жер иеліктері.

5. Столыпин реформасы және оның мәні.

6. ХХ ғ. басындағы Қазақсандағы қоныстандыру қозғалысының қарқыны.

7. ХХ ғ. басындағы Қазақсандағы қоныстандыру саясатының нәтижесінде қалыптасқан демографиялық ахуал.

8. Революцияға дейінгі әр кезеңдегі қазақтардан тартып алынған жерлер көлемі.

9. Орынбор – Ташкент темір жолының салынуы.

10. ХХ ғ. басындағы Қазақсандағы жұмысшылардың саны мен құрамы.

11. ХХ ғ. басындағы Қазақсандағы жұмысшылардың жағдайы.

12. 1905-1907 жж. революцияның алғышарттары.

13. Қазақстанға марксизм идеяларының тарала бастауы.

14. 1905-1907 жж. революцияның себептері, сипаты және қозғаушы күштері.

15. Қазақстандағы 1905 ж. ақпан-мамырдағы революциялық толқулар.

16. Почта-телеграф қызметкерлерінің ереуілі.

17. Успен кенішіндегі ереуіл.

18. 1905-1907 жж. революцияның жеңілу себептері.

19. 1905-1907 жж. революцияның тарихи маңызы.

27 - лекция. Тақырыбы:

ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті.

Жоспары:

1. Оқу-ағарту ісі.

2. Қазақстанның мерзімдік баспасөзі.

3. ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті.



Лекция мақсаты: Қазақстандағы ХХ ғ. басындағы оқу-ағарту ісі, мерзімдік баспасөзі, ғасыр басындағы қазақ әдебиеті туралы студенттерге түсіндіру.

Лекция мәтіні

1. Оқу-ағарту ісі.

ХІХ ғасыр аяғы – ХХ ғасырдың басында Ресей империясының халыққа білім беру мен мектеп жүйесіндегі өзіндік ерекшеліктері Қазақстандағы халыққа білім беру ісі мен бүкіл ағарту жүйесінде көп дәрежеде өз ықпалын жасады. Оқу-ағарту ісі айқын таптық сипатта болды, оның Қазақстандағы айырмашылығы ұлттық ерекшелікке орай жүргізілді. Ұлттық мектептер туралы 1870 жылы қабылданған “Ресейді мекендейтін бұратаналарға білім беру жөніндегі шаралар туралы” заң ұлттық мектептерге және ұлттық шет аймақтарға бүкіл ағарту жүйесін: 1) әлі орыстандырылмағандар үшін, 2) орыстары көп жерде тұратындары үшін және 3) жергілікті дәрежеде орыстанғандар үшін деп, 3 санатқа бөлді. Бұл орайда 1-санат үшін мектептер салынатын болып белгіленді, оларда оқыту орыс әліппесімен жазылған оқулықтар бойынша ана тілінде жүзеге асырылуға тиісті болды. Екінші санат үшін орыс мектептері құрылуға тиіс болды, оларда орыс балаларын да “бұратана” балаларды да бірге оқыту көзделді. Ана тілі ауызша түсіндірген кезде ғана қолдануға тиіс еді. Үшінші санат үшін орыс мектептері құрылып, оларда оқыту тек орыс тілінде жүргізілді.



2. Қазақстанның мерзімдік баспасөзі.

Қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздің алғашқы басылымдары “Түркістан уәлиятының газеті” (1870-1882 жж.), “Дала уәлиятының газеті ” (1888-1902 жж.) отаршылдық өкімет органдары құрды. Біріншісі Ташкентте шығып тұрды және Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы болды, ал екіншісі Омбыда, Дала генерал-губернаторлығында шығарылды. Өкімет орындарының өкімі бойынша бұл басылымдар отарлық басып алуды нығайтты және Шығыстағы бодандарды рухани жағынан бағындыру мақсатымен шығарылды. Отаршылдық әкімшілік мұнда патша жарлықтарын, үкімет ұйымдарының өкімдерін басты, отарлық шет аймақтарды игеру үрдісін жазды, бұратаналарға көзқарас жөнінде “өркениеттік миссияны” жүзеге асырған империялық саясаттың мәнін түсіндірді.

Ресми емес қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы ХХ ғасырдың басындағы жалпы азаттық қозғалыспен тығыз байланысты. Ол 1905-1907 жылдардағы революцияның арқасында ғана туды. Алайда бұл басылымдар дүниеге едәуір қиындықпен келді. 1907 жылғы 28 наурызда ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты Шаймерден (Шахмардан) Қосшығұловтың (қосарлас редакторы А.Ибрагимов) бастамасымен «Улфат» газетіне қосымша ретінде «Серке» газетінің бірінші нөмірі шықты. Ш.Қосшығұловтың айтуынша, небәрі 3-4 нөмірі шығарылған. Цензура оны қауіпті деп тауып, газет жауылып қалған.

1907 жылғы наурызда Троицкіде «Қазақ» газетінің бірінші (әр соңғы да) нөмірі шықты. Тыйым салынған екінші нөмірдегі «Біздің мақсаттарымыз» деген мақаланың авторы М.Дулатов еді. Нақ сол жылы қазақ жастарының Томск қаласында «Дала» газетін шығаруды жолға қоймақ болған әрекеті де табысқа жеткізбеді.

Қазақ қоғамының демократияшыл жұртшылығының ұлттық баспасөз ұйымын құру жөніндегі ынтасы күшейе берді. 1911 жылғы 16 наурызда Орал (Теке) қаласында қазақ және орыс тілдерінде шағын көлемді «Қазақстан» газеті шықты. 1911-1913 жылдарда (қаңтар-ақпан) небәрі 16 нөмірі шығарылды (редакторы Елеусін Бұйрын). Газет «кәсіпкерлік пен ғылымға үйрету» ізгі мақсат деп есептеді. Профессор Ү.Субханбердинаның пайымдауынша, газет прогресшіл-демократияшыл түсінікті болып, отандастарын орыстың озық мәдениетін меңгеруге шақырған. Ол оқырмандарына кітап шығару жаңалықтары туралы хабарлар, шарушылықты прогресшіл жолмен жүргізу жөнінде кеңестер беріп отырды. Оның беттерінде Гурьев уезінде жаңа мұнай кенішінің ашылғаны туралы хабар бірінші болып жарияланды. 1913 жылы қыркүйектен желтоқсанға дейін Петропавлда «Ешім даласы» газеті шығып тұрды.

«Айқап журналы». Ұзақ уақыт күш-жігер жұмсап, аянбай еңбектенуінің арқасында М.Сералин 1910 жылдың аяғында журнал шығаруға рұқсат алды. «Қостанай уезінің Шұбар болысы № 5 ауылының қазағы М.Сералинге,- делінген құжатта, - Троицк қаласында оның жауапкершілігімен мынадай бағдарлама бойынша: бас мақалалар, шетелдік хабарлар, мұсылмандар өмірінің мәселелері, хроника, фельетондар мен өлеңдер, библиография және ғылыми мақалалар, аралас дүниелер және редакцияға хаттар бағдарламасымен ай сайынғы «Эй-кафь» журналын шығаруға рұқсат берілді». Прогресшіл демократияшыл зиялылардың сан жылдар бойы аңсаған армакны орындалды: 1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының тарихында тұңғыш «Айқап» ұлттық журналының да, бірінші шыққан «Қазақ» газетінің де тағдырына жалпы ұлттық басылымдар болу жазылған еді.



3. ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті.

Ресейдегі ХХ ғ. басындағы революциялық қозғалыс Қазақстанға да өз әсерін тигізді. Саны аз ұлттық зиялылар осы жағдайды пайдаланып, тәуелсіздік пен бостандық үшін, халықты ғасырлар бойғы ұйқыдан ояту үшін күрес бастады. Зиялылар халықты жолына шығарды, біліді, ғылымды, өнерді меңгеруге шақырды. Бұл үрдісте қазақ әдебиетінің рөлі жоғары болды. Қазақ жазушылары мен ақындарының алдыңғы қатардағы бөлігі Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрін жалғастырып, оларды отаршылдыққа қарсы күрес идеясымен байланыстыруға тырысты.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) – ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиетін бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күрес идеясымен байытқан ақын. Оның «Маса» деген поэтикалық жинағы қазақ халқының ауыр, құқықсыз жағдайына, оны отаршылардан азат етуге арналған, екінші жағынан білімге, ғылымға, мәдениетке шақыру болып табылады. А.Байтұрсынов – қазақ тілінің реформаторы. Ол араб графикасы негізінде әліпби жасады.

Міржақып Дулатов (1885-1935) – А.Байтұрсыновтың халық бостандығы жолындағы күрес жылдарында да, әдебиет саласында да онымен қатар жүрген серігі. Оның «Оян, қазақ!» жинағы – халық тағдырының проблемалары өткір көтерілетін алғашқы туындыларының бірі. Өз заманындағы қазақ қоғамының келеңсіз жақтарын ашып көрсете келіп, М.Дулатов отандастарын жаңа өмірге шақырады, басқа халықтың жақсылық жағын үйренуге үндейді, білімді, ғылымды уағыздайды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) – тәуелсіздік ісіне, халықтың прогрес пен мәдениет жолымен дамуына зор үлес қосқан ақын. Сұлтанмахмұт қазақ әдебиетіноның көркемдік-эстетикалық дамуы тұрғысынан байытты. Оның өлеңмен жазылған «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдары, «Адасқан өмір», «Кедей» поэмалары, лирикалық өлеңдері, көсемсөздік, сын өлеңдері, мақалалары оның көркемдік ізденістерінің сан қырлы және жан-жанты болғанын ашып көрсетеді.
Бақылау сұрақтары

1. ХІХ ғасыр аяғы – ХХ ғасырдың басында Ресей империясының халыққа білім беру мен мектеп жүйесіндегі өзіндік ерекшеліктерінің Қазақстандағы халыққа білім беру ісі мен бүкіл ағарту жүйесіне тигізген ықпалы.

2. “Ресейді мекендейтін бұратаналарға білім беру жөніндегі шаралар туралы” заңның қабырдануы және оның ұлттық мектептерге және ұлттық шет аймақтардың бүкіл ағарту жүйесін тигізген әсері.

3. ХХғ. басындағы Ресей үкіметінің Қазақстандағы орыстандыру саясаты, оның ерекшеліктері мен салдары.

4. “Түркістан уәлиятының газеті”

5. “Дала уәлиятының газеті ”

6. Ресми емес қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы.

7. «Серке» газеті.

8. «Қазақ» газетіне (1907 ж. шыққан) тыйым салыну себептері.

9. «Қазақстан» газеті

10. «Ешім даласы» газеті

11. «Айқап» журналы, оның қазақ қоғамын ағартудағы маңызы.

12. ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының ағартушылық іс-әрекеттері.

13. Ахмет Байтұрсынов (1873-1938)

14. Міржақып Дулатов (1885-1935)

15. Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)

16. Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931)

17. Мұхаметжан Сералин (1872-1929)

18. Спандияр Көбеев (1878-1956)

19. Ғұмар Қарашев (1876- 1921)

20. Тұрмағамбет Ізтілеуов (1882-1939)

21. Мәшкүр Жүсіп Көпеев (1858-1931)

22. Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929)

23. Балуан Шолақ Баймырзаұлы (1864-1919)

24. Мәди Бапиұлы (1880-1921)

25. Майра уалиқызы (1896-1926)

26. Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы (1856-1932)

27. Кенен Әзірбаев (1884-1976)



28 - лекция. Тақырыбы:

І-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан. 1916 ж. көтерілістің себептері.

1. Көтерілістің себептері, сипаты және қозғаушы күштері.

2. Көтерілістің Жетісудағы орталығы.

Лекция мақсаты: 1916 ж. Ұлт-азаттық көтерілістің себептері, сипаты, қозғаушы күштері, көтерілістің Жетісудағы орталығы, оның барысы туралы студенттерге түсіндіру.

Лекция мәтіні

1. Көтерілістің себептері, сипаты және қозғаушы күштері.

1914 ж. 1 тамызда Ресей империясы І дүниежүзілік соғысқа кірді. Соғыс қазақ өлкесіндегі халықтарға да ауыр салмақ түсіріп, ер-азаматтар майданға алына бастады. Соғыс жағдайы өте көп мал, азқ-түлік, көлік, жем-шөп, ақша қажет етті. Мемлекеттік салық шамадан тыс өсіп кетті. Соғыс басталған уақыттан бастап, салық 3-4 есе, ал кейбір жағдайларда 15 есеге дейін көтерілді. Соғыс жылдары Түркістан өлкесінен 300 мың пұт ет, 100 мың пұр балық, 70 мың бас жылқы, 13 мың түйе, 14 мың киіз үй, сондай-ақ 40 мың пұт мақта, 1 мың пұт мақта майы мен сабын алынған.

Қаладағы өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы мүлде қиындап кетті. Соғыстың алғашқы күнңнен бастап, Қазақ өлкесінде төтенше әскери жағдай енгізілді. Кен орындары мен шахталардағы жұмыс уақыты бірнеше есе өсті. Бір күндік орташа ақысы 20 тиын тұратын жұмысты еңбекшілер 12-14 сағат істеді.

Ресей империясының соғысқа қатысуы Қазақстандағы отарлық езгіні күшейтіп, ұлттық және әлеуметтік қайшылықтарды одан әрі шиеленістіріп жіберді. Патша үкіметінің орыстандыру саясаты, қазақ жеріне шаруаларды жаппай қоныстандыру қозғалысы және осыған орай жерді жаппай тартып алу, жергілікті халықтың азаматтық құқықтарының аяқ асты етілуі 1916 жылы Қазақстан мен Орта Азияны қамтыған ұлт-азаттық қозғалыстың басталуына алып келді. Ал көтерілістің басталуына тікелей түрткі болған жағдай 1916 ж. 25 маусымда патша жарлығы шықты. Жарлық бойынша майдандағы қара жұмысқа бұратана халықтардың 19 бен 43 жас арасындағы барлық еңбекке жарамды ер азаматтарын алу еді. Қазақстан мен Орта Азиядан 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді. Майданға алудан мемлекеттік қызметкерлер, дін иелерін, мекеме есепшілерін, жоғары және орта оқу орны оқушыларын, лауазымды адамдарды босатты.

Патша жарлығына жауап ретінде бүкіл Қазақстан мен Орта Азияның халқы стихиялы түрде бас көтерді. Ұлт-азаттық көтерілісті – Торғай облысында - А.Иманов, Ә.Жангелдин, Оралда – С.Меңдешев, Ә.Әйтиев, Маңғыстауда – Ж.. Мыңбаев, Атбасарда – Ә.Майкөтов, Ақмолада - С.Сейфуллин, Жетісуда - Т.Бокин, Б.Әшекеев, Сырдария облысында - Т.Рысқұлов басқарды.

2. Көтерілістің Жетісудағы орталығы.

1916 ж. ұлт азаттық көтерілістің ірі орталықтарының бірі - Жетісу болды. Мұнда патша жарлығы жарияланғаннан кейін шілденің басында қазақтар Жетісудың әр болыстарында съездер өткізіп, онда қарулы күреске шығу жөнінінде шешімдер қабылдады. 17 шілдеде Түркістан өлкесінде әскери жағдай енгізілді. Жетісудағы көтерілісті Бекболат Әшекеев (Верный уезі), Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов (Қарқара), Ақкөз Қосанов (Мерке ауданындағы Құрақты болысы) және басқалар басқарды. Көтерілісшілердің патша жазалаушыларымен ірі қақтығыстары Асы және Қарқара жайлауларында, Самсы станциясы маңында, Кастек, Нарынқол, Шарын, Қорам өңірлерінде, Лепсі оязының Садыр-Матай болысында және басқа жерлерде болып өтті. Тамыздың ортасында Жетісу облысының барлық дерлік облыстарын көтеріліс жалыны шарпыды. Жетісудағы халық көтерілісін басып жаншу үшін патша үкіметі 95 рота, 24 жүздік, 16 зеңбірек және 17 пулеметі бар тұтас жазалау экспедициясын жабдықтады. Көтерілісшілердің ерлікпен қарсыласқанына қарамастан 1916 ж. қазанда көтеріліс басып-жаншылды. Көтерілісшілерді аяусыз жазалады. Патша жендеттері көтерілісшілерді ғана емесе, бейбіт халықты да жазалады. 300 мыңнан астам қазақтар мен қырғыздар Қытайға көшуге мәжбүр болды.



Бақылау сұрақтары:

1. I-дүниежүзілік соғыстың Қазақстанға ықпалы



2. 1916 ж. көтерілістің себептері

3. 1916ж. көтерілістің сипаты

4. Көтерілістің қозғаушы күштері



5. Қазақ зиялыларының 1916 ж. көтеріліске қатысты ұстанған позициялары

6. Алаш қайраткерлерінің қазақ халқына үндеуі

7. Қазақ зиялыларының революцияшыл бағытының көзқарасы

8. Жетісу облысындағы көтеріліс басшылары

9. Торғай облысындағы көтеріліс басшылары

10. Сырдария, Ақмола, Атбасар, Орал, Маңғыстау аймақтарындағы көтеріліс басшылары

11. Отарлауға дейінгі басқару жүйелерінің қалпына келтірілуі

12. Жетісудағы көтерілістің басталуы

13. Жетісудағы көтерілістің барысы

14. Жетісудағы көтерілістің салдары және маңызы



29 - лекция. Тақырыбы:

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

Жоспары:

1. Сырдария, Ақмола, Семей, Орал облыстарындағы көтерілістер.

2. Көтерілістің Торғайдағы орталығы.

3. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы.



Лекция мақсаты: 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің Торғайдағы орталығы, Сырдария, Ақмола, Семей, Орал облыстарындағы көтерілістер, көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы туралы студенттерге түсіндіру.

Лекция мәтіні

1. Сырдария, Ақмола, Семей, Орал облыстарындағы көтерілістер.
Сырдария облысында да азаттық көтеріліс кеңінен қамтыды. Мұнда әсіресе Шымкент, Әулиеата уездеріндегі көтеріліс бұқаралық сипат алып, ұзаққа созылды. Бірақ қыркүйектің соңында аяусыз басып-жаншылды. Көтерілісшілердің жекелеген отряды Торғай облысында көшіп барып, Амангелді Имановқа қосылы. Семей және Ақмола облыстарындағы көтерілістер жазалаушыламен кескілескен аяусыз күрестер жүргізді. Патша әкімшілігі бұл облыстардағы көтерілісті басуға 12 кавалериялық жүздік 11 күшейтілген жяу әскер ротасын жіберді. Әсіресе күшті қақтығыстар 1916 жылы қыркүйек- қазан айларында Зайсан, Өскемен, Қарқаралы, Ақмола, Атбасар уездерінде болып өтті. Қазан айының аяғында көтеріліс күшпен басылды. Бұқара халықтың жаппай бас көтерулері күшпен басылды. Батыс Қазақстандағы Орал облысы мен Бөкей Ордасында да күшті толқулар болып өтті. Табан тірескен қақтығыстар, әсіресе Гурьев және Темір уездерінде болды.

2. Көтерілістің Торғайдағы орталығы.

Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды.

Азаттық көтеріліс Торғай облысының барлық уездерін қамтыды. Торғайдағы көтерілісшілердің ханы болып Орта жүздің ықпалды биі Нияздың немересі, аса беделді Әбдіғафар Жанбосынов сайланды. Көтерілісшілердің бас қолбасшысы – сардарбергі болып атақты Иман батырдың немересі Амангелді сайланды. Ондаған мың ұйымдаспаған көтерілісшілерден Амангелді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлінген жүйелі әрі тәртіпті әскери организм құрды. Оған Қазақстанның өзге аймақтарынан – Сырдариядан, Ақмола, Семейден көтерілісшілер келіп қосылды. Көтерілісшілердің жалпы саны 20 мыңға дейін жетті.

Қазан айының соңында А. Иманов бастаған 15 мыңдай көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Көтерілісті талқандау үшін патша үкіметі генерал Лаврентьев бастаған тоғыз мың адамдық жазалаушы экспедициялық корпус жіберді. Торғайды ала алмайтын болғандықтан, көтерілісшілер қоршауды тоқтатып, Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына ірге теуіп, партизандық күрес әдісіне көшті. Амангелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр бастаған жігіттердің құйындай ұйытқып жасаған шабуылдары жазалаушылардың зәресін ұшырды. Амангелді сарбаздары жазалаушы отрядтарға Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал-Үрпек түбіндегі шайқастарда, Торғайды қоршаған кезде табан тірей қарсылық көрсетті.

Торғай даласындағы көтерілісті басу үшін патша үкіметі құрамында 17 атқыштар ротасы, 18 казак жүздігі, 4 кавалериялық экспедициясын жасақтады. Қазақстанның басқа облыстарындағы көтеріліс 1916 жылдың аяғына қарай басып-жаншылған болса, Торғай облысында жақсы ұйымдастырудың арқасында ол 1917 жылы да жалғасып, Ақпан буржуазиялық революциясына ұласты.

3. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы.

1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс империализмге, отаршылдыққа қарсы бағытталды. Көтерілістің жеңілуінің басты себебі - оның бытыраңқылығы, ұйымшылдықтың аздығы еді. Шын мәнінде, өте қарапайым қарулармен қаруланған халықпен сол кездегі техниканың жетістіктерін пайдаланған империяның тұрақты армиясы соғысты. Патша шенеуніктері қоныстандыру қозғалысы жеделдете жүргізіліп жатқан өңірлерде орыс, украин шаруалары, дүнген, ұйғыр, өзбек диқандары арасындағы қайшылықтарды пайдалана білді.

Ұлттық-демократиялық зиялылар қатарында да бірлік болмады. Кейбір бай-феодалдар, хандар көтерілісшілердің мүдделерін сатып кетіп отырды. Патша үкіметі тез арада көтерілісшілерді басшыларынан айыра білді.

Көтеріліс қазақ халқының ұлттық және таптық сана-сезімінің өскендігін көрсетті. Мыңдаған көтерілісшілер патша билігіне қарсы қарулы күрес мектебінен өтті. Отаршылдық езгінің ұзақ жылдары ішінде олар ұлттық мүдделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды, белсенді саяси қызметке құлшынып, өзін Ресей билігінің отаршылдық экспанциясына қарсы күрес жүргізе алатын күш деп сезінді. Шын мәнінде, 1916 жыл – ХХ ғасырдың соңында қазақ халқының қолы жеткен саяситәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттігі үшін күрестің бір белесі болып, тарихта өз орнын алды.


Бақылау сұрақтары

1. Сырдария облысындағы азаттық көтеріліс.

2. Семей облысындағы азаттық көтеріліс

3. Ақмола облысындағы азаттық көтеріліс

4. Орал облысы мен Бөкей Ордасындағы халық толқулары.

5. 1916 ж. көтерілістің ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және ұйымдасқан көтерілісі қай өңірде болды?

6. Әбдіғафар Жанбосынов – Торғай облысы көтерілісшілерінің ханы.

7. Амангелді Иманов – Торғай қазақтары көтерілісінің сардарбегі.

8. Әліби Жангелдин – көтерілісшілердің рухани көсемі.

9. Торғай қаласын қоршау.

10. Көтерілісшілердің жазалаушы отрядтармен жүргізген шайқастары.

11. 1916 ж. көтерілістің жеңілу себептері.

12. 1916 ж. көтерілістің тарихи маңызы.

30 - лекция. Тақырыбы:

Қазақстан 1917 ж. Ақпан төңкерісі кезінде.

Жоспары:

1. Ресейдегі ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы. Қазақстанда Қосөкіметтің - кеңестердің және уақытша өкімет органдарының құрылуы.

2. Қазақстанда саяси партиялардың құрылуы.

Лекция мақсаты: Студенттерге Ресейдегі ақпан буржуазиялық демократиялық революциясын, Қазақстанда Қосөкіметтің - кеңестердің және уақытша өкімет органдарының құрылуы, олардың жүргізген саясаты, Қазақстанда саяси партиялардың құрылуы, олардың мақсат-мұраты жөнінде түсіндіру.

Лекция мәтіні

1. Ресейдегі ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы. Қазақстанда Қосөкіметтің - кеңестердің және уақытша өкімет органдарының құрылуы.

1917 ж. 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша тақтан құлатылды. Бұл хабарды Қазақстан халқы қуанышпен қарсы алды. Мұны қазақ халқы өздерінің сан ғасырлық азаттық күресінің нәтижесі деп қарады. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да Қосөкімет орнады. Олар: 1. Уақытша үкімет органдары; 2. Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Кеңестері.

Қазақстанда кеңестер 1917 ж. наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Верныйда, Түркістан өлкесінде т.б. жерлерде құрыла бастады. Кеңестермен бір мезгілде Уақытша үкімет органдары, оның облыстық және уездік комиссиариаттары құрылып, оған бұрынғы патша шенеуліктері, сондай-ақ ұлттық либералдық қазақ зиялыларының жекелеген өкілдері енді. Сонымен қатар Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық, облыстық және уездік комитеттері де ұйымдастырылды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенциясының өкілдері, атап айтқанда, Торғай облысында - Ә. Бөкейханов, Жетісу облысында - М. Тынышбаев, Түркістанда - М. Шоқаев, т.б. тағайындалды. Бірақ олар шын мәнінде отарлық әкімшіліктің шенеуніктері болғандықтан жергілікті қазақ халқының көкейтесті мәселелерін шеше алмады. Кейбір жағдайда ұлттық интеллеигенция өкілдері Ақпан төңкерісінен кейінгі қоғамдық–саяси дамудың өте маңызды мәселелері бойынша уақытша үкімет жағынан шығып кетті.

2. Қазақстанда саяси партиялардың құрылуы.

Бұл кездегі империя көлемін құамтыған саяси тұрақсыздық жағдайында Орынбор қаласында шоғырланған қазақ оқығандары өзара кеңесіп, кезек күттірмей ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға келу үшін жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ және қырғыз халықтарына арнайы үндеу жолдады. 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкіл қырғыздық» съезде «Алаш» партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Омаров, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 /18-26/ желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде қазақтың автономиясы - Алашорда Үкіметі - Ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының Бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұрады. Олар: 1) Ресейдің демократиялық федерация болып жариялануы туралы; 2) Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру; 3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату; 4) Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; 5) Елдегі билік және сот туралы; 6) Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру; 7) Халықтың табысына қарай салық салу; 8) Жұмысшылар туралы; 9) Ғылым және білім туралы; 10) Жер мәселесі.

Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам, Халық кеңесі төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Бұл үкіметтің негізгі мақсаты ұлттық бірлікті жандандыру саясаты болған еді. Осы қозғалыстың өмірге келуі отаршылдық езгідегі халқымыздың ғасырлардан бергі қолданылып келген және әбден пісіп-жетілген наразылығының айқын көрінісі болды.

Большевиктер билікке келісімін-ақ, ұлттық мүддені негізгі мұраты санаған, Қазақстандағы бұл қозғалыс пен Алаш партиясына пролетарлық төңкерістің салтанатты шеруі жолындағы кедергі есебінде қарады. Бұл бағыт оның ішкі және сыртқы саясатында /халықаралық коммунистік қозғалыстағы да/ ашық көрініп, әсіресе Сталиннің жеке билігі орнағанан кейінгі кезеңде жетекші бағытқа айналды. Соның салдарынан бұрынғы империяның шет аймақтарында дами бастаған ұлттық қозғалыстарға үзілді-кесілді тежеу салынды.

Сөйтіп, қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тіккен биік арманы - ұлттық мемлекетті қалпына келтіру ісі – Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен бірге тоталитарлық өктемдікпен империялық зомбылықтың шабуылына көміліп, тарих қойнауында қала берді.
Бақылау сұрақтары:

1. Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оған қазақ халқының көзқарасы.

2. Қазақстанда Қосөкіметтің құрылуы.

3. Қазақстанда Уақытша өкімет органдарының құрылуы.

4. Қазақстанда Кеңестердің құрылуы.

5. Қазақтардың ұлттық, облыстық және уездік комитеттерінің ұйымдастырылуы

6. Қазақ зиялыларының (Ә. Бөкейханов, М.Тынышбаев, М. Шоқай т.б.) Үкімет комиссарлары болып тағайындалуы.

7. Уақытша Үкіметтің жүргізген саясаты.

8. 1917 жылғы ақпаннан қазанға дейінгі жұмысшылар және жастар ұйымдарының құрылуы.

9. «Алаш» партиясының құрылуы.

10. «Алаш» партиясының төрағасы және мүшелері.

11. «Алаш» партиясының мақсат-мұраты.

12. «Алаш» партиясының бағдарламасының жариялануы.

13. Түркістан федералистер партиясының құрылуы.

14. Қазақстандағы кадеттер мен эсерлер ұйымдары.

15. «Үш жүз» партиясының құрылуы.

16. Алаш автономиясының, Алашорда үкіметінің құрылуы және оның тағдыры.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет