Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп


-тақырып. Мектеп өмірі. Әдепті бала — арлы бала



бет8/43
Дата04.11.2019
өлшемі1,06 Mb.
#51088
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43
Байланысты:
мұғалім кітабы 5 сынып

2-тақырып. Мектеп өмірі. Әдепті бала — арлы бала


Б. Соқпақбаев. «Менің атым — Қожа» повесі (үзінді)
1-2-сабақ

Сабақ тақырыбы:

Менің мектебім.

Білімділік:

Қазақ тіліндегі нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы сөз байлығын ұлғайтудың алғышарттарын жасау.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып аясында қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы ақпа- раттық ұғымын кеңейту.

Тәрбиелік:

Қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы оқушылардың бойында әдептілік нормаларын қалып- тастыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты шағын мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы мектеп өмірі туралы ақпарат береді.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып көлемінде сөйлемдерді құрау арқылы Сөй- лесімге түсіп, мектеп өмірі жайлы жан-жақты ақпарат береді.

Жаңа сөздер:

Қызғылт, күлгін, жабдықталған, жиһаз.

Сабақта қолданылатын мате- риалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, өз мектептерінің суреттері, үлестірмелі материалдар, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, «Мектептегі заттар» блиц ойыны,

«Дөңгелек үстел» ойыны, топтық жұмыс, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.



Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

«Ыстық алақан» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.

Оқушылар бір-бірімен қол алып, аманда- сады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

30



2-тақырып. Мектеп өмірі. Әдепті бала — арлы бала



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында мектеп өміріне қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді, сұрақтар қояды:

- Балалар, сендер өз мектептерің жайлы не айтасыңдар?



Сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.



2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Жазылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орында- тады.



Айтылым. Жазылым. Суреттер бойынша әңгімелейді.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сын есімдерді қолданып, шағын мәтін құрайды.

3. Тілдік бағдар. Сын есімді меңгертеді.

Сын есімді меңгереді.

4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды.

Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 4, 5-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, мәтінде сипатталған мектеп пен өз мек- тебін салыстырып айтады.

5. Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға «Мектептегі заттар» блиц ойынын ойнатады.

Ойынның шарты бойынша сыныптағы бір затты таңдап, оны өзіне не өзінің көңіл- күйіне ұқсастығын айтуы қажет.

Мысалы, мына төбедегі шам маған ұқсас, мен секілді жадырап, жарқырап тұр.



6. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.

«Дөңгелек үстел» ойынын ұйымдастырады.



Жазылым. Топқа бөлінеді, бірінші оқу- шы қағаздың шетіне мұғалімнің «Не?» деген сұрағына басқаларға көрсетпей жауап жазады, жауап жазылған қағазды келесі оқушыға береді, екінші оқушы да

«Қандай?» деген сұраққа жауап жа- зып, келесі оқушыға береді. Осы ретпен қайталанып отырады. Соңында қағазда құрастырылған сөйлем оқылады.



Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 8-тапсырманы орындатады

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

ІІІ. Ой толғаныс

Жеке жұмыс. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сурет бойынша мәтін құрайды.

IV. Бекіту

Топтық жұмыс. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Өз мектебінің ережесін құрастырады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.






31

5-сынып. Мұғалім кітабы



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі желімқағаздар таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін же- лімқағаздарға жазып, тақтаға іледі.

3-4-сабақ



Сабақ тақырыбы:


Қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті екінші қабатта.



Білімділік:

Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті жайында толық ақпарат бере білуге машықтандыру.

Дамытушылық:

Тілдік коммуникация барысында интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде оқушылардың қа- зақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Қазақ тілінде берілген мәтіндер арқылы сыныптастарымен достық қарым-қатынас қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті жайлы айтады, қайда орналасқаны жөнінде ақпарат береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде өзінің мектебін, қазақ тілі мен әдебиеті кабинетін қарапайым сөйлемдеу үлгілері арқылы сипаттай алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында қазақша сыныптастарымен сұхбаттасады, қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті жайлы шағын мәтін құрай алады.

Жаңа сөздер:

Белгілі, ақын, жазушы, перде, көрме, кемеңгер, көңілі жүйрік.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, кестелер, суреттер, парақшалар, желім- қағаздар.

Оқыту әдістері:

Сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ортақ портрет» әдісі, «Жеңілдетілген анықтама» блиц ойыны, «Шағын шолу» тәсілі.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет