Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет16/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

13—14-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Білімділік:

Интербелсенді әдістер мен тілдік тапсырмалар арқылы оқушылардың тақырып бойын- ша алған білімдерін бекіту.

Дамытушылық:

Нәтиже сабақ аясында қазақ тілінен топтық, жұптық жұмыстарды орындау арқылы іскерлікке машықтандыру.

Тәрбиелік:

Қазақша шағын мәтіндерді баяндау арқылы мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.


Этикет

Тіл

Дұрыс сөйлеу этикетін қалыптастыру керек.

Тәрбиенің басы тіл- ден басталады.






Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша сөйлем құрайды, сұрақтарға жауап береді, тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді толық меңгереді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында қазақша сөйлесімге түседі, жай сөйлемдер арқылы сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында мәтін құрай алады.

Негізгі түсініктер:

Көп тіл, сөйлеу әдебі.

Сабақта қолданы- латын материал- дар:

Интерактивті тақта, плакаттар, маркерлер, карточкалар, А4 парағы, парақшалар.

Оқыту әдістері:

Көрнекілік, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, «Жүректен жүрекке» тренингі, «Атаулар ке- стесі» тәсілі, фотоколлаж, «Оймоншақ» ойыны, полилог, ойбөліс, «Тілдік қатынас — табыстың кілті» ойыны, «Шағын шолу» тәсілі.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Жүректен жүрекке» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді.

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктер ді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Мұғалім оқушыларға «Атаулар кестесі» тәсілін пайдалану арқылы тақтаға тақырып боынша 2—3 негізгі сөз не сөз тіркесін жазғызып, сөйлем құратады.

Сөйлем құрайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1, 3, 4-тапсырманы орын- датады.

Айтылым. Сызбаны толтырады, диа- лог құрады, «Оймоншақ» ойынының шартын орындайды.

Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Жазылым

Өлеңді мәнерлеп оқиды, мазмұнын өз сөзімен айтады, «Әркім өзінен бастау керек» тақырыбында шағын

мәтін құрап жазады.


3. Сергіту сәті. «Атақты полиглоттар» тақырыбында фотоколлаж (2-тапсырма) дайын- датады.

Қайнаркөздерден әлемдегі атақты полиглоттар туралы ақпарат жи- найды, «Атақты полиглоттар» тақырыбында фотоколлаж дайын- дайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады. Полилог құруларын сұрайды.

Айтылым. «Сіз» деген — сөздің сынығы» тақырыбында сөйлеу әдебіне байланысты ойбөліс өткізеді.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

IV. Бекіту

Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады. Полилог құруларын сұрайды. «Тілдік қатынас табыстың кілті» ойынын ұйымдастырады.

Айтылым. 5 оқушы психолог-ғалым, қалғандары журналист болады.

Журналистер психологтарға адам өміріндегі сәттілік, өз өмірін жос- парлау, көп тіл білудің маңызы, мәдениетті қарым-қатынас жасауға үйренудің жолдары, табысты өмір құпиялары және т. б. мәселелер жөнінде сұрақтар қояды, психолог- тар жауап береді.



V. Бағалау

Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.

Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.

VI. Үйге тапсырма

«Тіл табысу өнер» тақырыбында шағын шығарма жазу.




VII. Рефлексия

Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет