бет 14/90 Дата 15.12.2019 өлшемі 0,72 Mb. #53614
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы 9—10-сабақ
№
Оқушының аты-жөні
Баға
1
Айқын
5
2
Айша
5
Сабақ тақырыбы:
Бүгіннен бастаймын...
Білімділік:
Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеуүлгілерін қолдану негізінде тақырып туралы ақпарат беру.
Дамытушылық:
Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтік минимумдар арқылы сұхбат құру мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік:
Тілдік коммуникация барысында мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік крите- рийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мә- тіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы мағлұмат береді.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): жаңа тақырып аясында шағын мәтін құрай алады.
Жаңа сөздер:
Қарым-қатынас әдебі, қолға алу, сөзінде тұру.
Сабақта қолданы- латын материал- дар:
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы мен түрлі түсті- қарындаштар мен фломастер- лер, үнтаспа, тақырыпқа қатысты альбомдар , буклеттер, парақшалар.
Оқыту әдістері:
Ә Түсіндіру, «Щаттық шеңбері» тренингі, диалог, постер, «Не істеу керек?» ойыны, жұптық, топтық жұмыстар.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім сыныпты сабаққа ұйымдастыру үшін оқушы- лармен бірге «шаттық шеңберін» құрады.
Оқушылар ортаға шеңбер құрып, мұғаліммен бірге ән айтады.
Өткен сабақты тексеру
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушы- лықты ояту
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында үнтаспадан ұлы адамдардың тіл ту- ралы айтқан ойларын тыңдатады, тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді.
Ұлағатты сөздерді тыңдайды, слайдтарды қарайды, өз ойла- рын айтады.
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таны- стырады , аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушы- ларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөз- дерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен
ауызша жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Жазылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Бағандағы сөз- дерден сөйлем құрап жазады, көмекші есімдері бар сөй- лемдерді анықтайды.
Ә) Айтылым. Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Жазылым. Көмекші есімдердің қай сөздермен тіркесіп тұрғанын айтады, тіл үйрену курсы туралы шағын мәтін құрап жазады.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.
Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.
Тыңдалым. Оқылым.
Мәтінді тыңдайды, оқиды.
Ә) Жазылым. Оқулықтағы 5, 8-тапсырманы орындата- ды.
Жазылым. Мәтіндегі қою қаріппен берілген сөздердің аудармасын жазады , өз ойы- мен үндесетін пікірлерді жазып алады.
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Б) Оқылым. Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 6-тап- сырманы орындатады.
Оқылым.Жазылым.Айтылым. Мәтінді қайталап оқиды, түйген ой қорытындысын 3 сөйлеммен жазады, ой тұжырымын таратып айтады.
В) Айтылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
4. Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға А4 парағы мен түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер таратады.
Топтық жұмыс. А4 парағына
«Мемлекеттік тіл» тақырыбында
постер жасайды.
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Өз пікірін айтады.
ІІІ. Ой толғаныс
Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Тіркестердің қайсысы қарым-қатынас әдебіне жататы- нын айтады, өз пікірін дәлелдеп айтады.
IV. Бекіту
А) Оқулықтағы 12-тапсырманы орындатады. «Не істеу керек?» ойынын ұйымдастырады.
Сынып екітопқа бөлінеді, екі топ бір-біріне кезектесіп, сөз әдебіне , сөйлесу мәдениетіне қатысты сұрақтар қояды, жауап береді.
Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.
Сөйлемдерді оқиды, талдайды.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 10-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып , тақтаға іледі.
Достарыңызбен бөлісу: