бет 22/90 Дата 15.12.2019 өлшемі 0,72 Mb. #53614
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы 11—12-сабақ
№
Оқушының аты-жөні
Баға
1
Айқын
5
2
Айша
5
Сабақ тақырыбы:
Уақыт — өмір.
Білімділік:
Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеуүлгілерін қолдану негізінде тақырып туралы ақпарат беру.
Дамытушылық:
Жаңа тақырып аясында берілген сөйлемдер мен мәтіндер бойынша жұмыс істеу арқылы ойлауға жетелеу.
Тәрбиелік:
Тілдік коммуникация барысында уақыттың адам өміріндегі рөлін түсіндіру.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты ақпарат береді, сұрақтарға жауап береді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қарапайым сөйлеу үлгілері негізінде адамдар уақытты қалай есептейтінін айтады, сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында достарымен қазақ тілін- де сұхбат құрады.
Жаңа сөздер:
Қайрат-жігер, қалтықсыз, игілік, құн, зымырау.
Сабақта қолданылатын ма- териалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, желімқағаздар.
Оқыту әдістері:
Сипаттау, талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, «Ортақ портрет» әдісі, «Төрт сөйлем» тәсілі, «Қос жаз ба» күнделігі, жағдаяттық тапсыр- ма, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
«Ыстық алақан» тренингі. Оқушы-лармен сәлемдеседі, түгендейді.
Оқушылар бір-бірімен қол алып, амандасады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Өткен сабақты тексеру
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушы- лықты ояту
Оқушыларды жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында «Ортақ портрет» әдісін қолданып, достарының уақытын қалаай өткізетінін сипаттап берулерін сұрайды.
Әр оқушы достарының уақытты қалай өткізетіні туралы айтады, мінездеме бе- реді. Мінездемелерден оқушылардың уақытты қалай өткізетіні жайлы ортақ портрет құралады.
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша
жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орын-
датады.
Айтылым. Қате жазылған сөйлемдер ді табады, себебін түсіндіреді.
Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орын- датады.
Жазылым. Кестені толтырады.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.
Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды, тақырып қояды, жос пар құрады.
Ә) Айтылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орын- датады.
Айтылым. Мәтіндегі ақпаратты «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып айтады.
4. Сергіту сәті. «Қызықты суреттер» тәсілі бойынша әр жұпқа тақырыпқа қатысты суреттердің бөліктерін таратып береді.
Жұптық жұмыс. Әр жұп бөліктерді құрастырады, сипаттайды.
Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 6, 7-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Мәтіннен одағай сөзді таба- ды, сөйлем құрайды, өлең жолдарымен үндесетін мәтіндегі ақпаратты табады, дәлелдейді.
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
ІІІ. Ой толғаныс
Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.
Жазылым. «Қос жазба» күнделігін пайдаланып, уақыт туралы берілген дәйексөздерге түсініктеме жазады.
IV. Бекіту
А) Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.
Жағдаяттық тапсырманың шартын орындайды.
Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.
Сөйлемдерді оқиды, талдайды.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.
«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Мұғалім түрлі желімқағаздар таратып береді.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға жазып, тақтаға іледі.
Достарыңызбен бөлісу: