|
|
бет | 23/90 | Дата | 15.12.2019 | өлшемі | 0,72 Mb. | | #53614 |
| Байланысты: 7 cынып мұғалім кітабы13—14-сабақ
Сабақ тақырыбы:
|
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
|
Білімділік:
|
Интербелсенді әдістер мен тілдік тапсырмалар арқылы оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекіту.
|
Дамытушылық:
|
Нәтиже сабақ аясында қазақ тілінен топтық, жұптық жұмыстарды орындау арқылы іскерлікке машықтандыру.
|
Тәрбиелік:
|
Қазақша шағын мәтіндерді баяндау арқылы уақытты тиімді жоспарлауға тәрбиелеу.
|
Сілтеме:
|
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
|
Жетістік критерийлері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша сөйлем құрайды, сұрақтарға жауап береді, тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді толық меңгереді.
|
|
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында қазақша сөйлесімге түседі, жай сөйлемдер арқылы сипаттайды.
|
|
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында мәтін құрай алады.
|
Негізгі түсініктер:
|
Мерзім, тәулік, жиырма төрт сағат, уақыт, табысты адам, күнделікті жоспар.
|
Сабақта қолданы- латын материалдар:
|
Интерактивті тақта, плакаттар, маркерлер, карточкалар, А4 парағы, парақшалар.
|
Оқыту әдістері:
|
Көрнекілік, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, «Жүректен жүрекке» тренингі, топтық жұ- мыс, «Броундық қозғалыс» әдісі, фотоколлаж, «ПОПС» формуласы, «Оймоншақ» ойы- ны, полилог, ойбөліс, «Тілдік қатынас — табыстың кілті» ойыны, «Шағын шолу» тәсілі.
|
Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
|
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
«Жүректен жүрекке» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді.
|
Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтады.
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Өткен сабақты тексеру
|
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.
|
І. Қызығушылықты ояту
|
Топтық жұмыс. «Броундық қозғалыс» әдісі. Оқушыларға мәтін құрау үшін «Уақытты жоспар- лау» деген тақырып береді.
|
Аталған тақырыпқа қатысты сынып- тастардан ақпарат жинайды. Олар- мен ой бөліседі. Мәтін құрастырады.
|
ІІ. Мағынаны тану
|
1. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы 1-тапсырма- ны орындатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, тақырып қояды, жоспар құрады.
|
|
Ә) Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орын- датады.
|
Айтылым. «ПОПС» формуласын пайдаланып, мәтін бойынша өз пікірін дәлелдейді.
|
|
2. Сергіту сәті. Абай Құнанбаевтың Жидебайдағы мұражайы туралы фотоколлаж (6-тапсырма) дайындатады.
|
Фотоколлаж дайындайды, Абай үйінің әр бөлмесі туралы айтып бе- реді.
|
ІІІ. Ой толғаныс
|
Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Берілген сөйлемдердің бірін тақырып ретінде таңдап алады, мәтін құрайды.
|
|
3. «Білгенге маржан» айдарымен берілген ұлы адамдардың сөздерін оқиды, талдатады.
|
Ұлы адамдардың сөздерін тыңдайды, өз пікірін айтады.
|
IV. Бекіту
|
Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.
«Уақыт — әркімнің өмірлік капиталы» деген та-
қырып береді.
|
Айтылым. Пікірталас ұйымдастырады.
|
V. Бағалау
|
Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.
|
Тақырып аясында өзінің есін-
де қалған сөздерін, сөйлемдерін
параққа жазады.
|
VI. Үйге тапсырма
|
Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау.
|
|
VII. Рефлексия
|
Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады.
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|