Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет19/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

5—6-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Уақытты бағалайсың ба?

Білімділік:

Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеуүлгілерін қолдану негізінде оқушы- ларға өзінің күн тәртібі жайлы ақпарат беруге үйрету.

Дамытушылық:

Қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы іскерлікке, шеберлікке машықтандыру.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында рухани-мәдени тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде өзінің күн тәртібі туралы ақпарат бе- реді, жаңа сөздерді сөйлем ішінде қолдана алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында жазбаша, ауызша жұмыстарды орындайды, кесте, ішінде берілген ақпаратты түсінеді, қолдана алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында мәтін құрайды, сыныптастары- мен пікір алмасады.

Жаңа сөздер:

Уақытты бағалау, үнемдеу, күнделікті, парыз.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, тақырыпқа қатысты аль- бомдар, буклеттер, қоржын, карточкалар, парақшалар, желімқағаздар.




Оқыту әдістері:

Ә Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Жүректен жүрекке» тренингі, «Төрт сөйлем» тәсілі, диалог,

«Шағын шолу» тәсілі, «Жағымды сөздер» тәсілі, жұптық жұмыс.



Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жағымды сөздер жазады. Сабақ соңында талданады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктер ді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылы- ғын ояту мақсатында әр оқушыға А4 парағын, фло- мастерлер мен түрлі-түсті қарындаштар таратады, өзінің күн тәртібін құруларын сұрайды.

Күн тәртібін құрады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактив-

ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды,

оқушыларға қайталатады.


Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздер- ді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауыз-

ша жаттығу жүргізеді.





2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орында-

тады.


Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орында- тады.

Жазылым. Мәтін құрап жазады.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді оқиды, түсінгенін баяндайды.




Ә) Айтылым. Оқулықтағы 4, 6-тапсырманы орын- датады.

Айтылым. Мәтінге сүйеніп, ақпараттың дұрыстығын тексере- ді, түсіндіреді, ақпаратты «Төрт

сөйлем» тәсілін пайдаланып айтады.






4.Сергіту сәті. «Сиқырлы қоржын» ойынын ұйымдастырады.

Әр оқушы қоржынның ішінен сөз жазылған бір карточканы алады, сол сөзді қатыстырып, 2 не 3 сөйлем құрайды.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.

Жазылым. «Менің бір күнім» де- ген тақырыпта өзінің күн тәртібін құрайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 8, 9-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Диалогті толықтырады, өз пікірін дәлелдеп айтады.

IV. Бекіту

«Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.

Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау.







Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

VII. Рефлексия

Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: — Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.

Сабақ барысында мұғалім, сыныптастары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады. Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет