Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет13/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

7—8-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Біз отбасымызбен мемлекеттік тілде сөйлейміз.

Білімділік:

Қазақша сипаттау мәтіндері арқылы мемлекеттік тіл

жайлы ақпараттық ұғымын кеңейту. Лексикалық тақырып аясында екпінді меңгерту.



Дамытушылық:

Түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы мемлекеттік тіл тақырыбына қатысты атауларды меңгерту.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.




Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы мемлекеттік тілдің адам өміріндегі рөлін түсінеді, толық ақпарат бере алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): жаңа тақырып аясында шағын мәтін құрай ала- ды.

Жаңа сөздер:

Туыс, жиен, жеңге, жезде.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, «Мемлекеттік тіл» тура- лы деректі фильм, тақырыпқа қатысты суреттер, сызба, альбомдар мен буклеттер.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, «Қосжазба күнделігі», диа- лог, «Мағынасын анықта!» тәсілі, «Шағын шолу» тәсілі.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т. б.) салады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кем- шіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушыларды жаңа сабаққа кіргізу мақсат- ында Интерактивті тақтадан «Мемлекеттік тіл» туралы деректі фильм көрсетеді. Ой шақыру сұрақтарын қояды:

— Балалар, мемлекеттік тіл жайлы не білесіңдер? Мемлекеттік тілдің қолданыс

аясын сипаттай аласыңдар?


Деректі фильмді көреді, сипаттайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактив- ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөз- дермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша

жаттығу жүргізеді.





2. Мәтіналды жұмыс.

А) Оқылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орын-

датады.


Оқылым. Өлеңді мәнерлеп оқиды, мазмұнын өз сөзімен айтады.




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2, 3-тапсырманы орындатады.

Жазылым. «Қосжазба күнделігін» толты рады, ақын сөзін өз ойымен түсіндіріп жазады, әр шумағындағы ойды сызбаға түсіреді, М. Жұмабаев пен Н. Аитовтың тіл туралы ойларында қандай байланысы барлығын түсіндіреді.




3. Тілдік бағдар. Екпінді меңгертеді.

Екпінді меңгереді.




Б) Айтылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қояды, сөйлемдерді ой екпінін қойып оқиды.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




4. Мәтінмен жұмыс. А) Оқылым.

Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.



Оқылым.

Мәтінді тыңдайды, оқиды.






Ә) Айтылым. Оқулықтағы 6, 9-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Мәтін мазмұны бойынша отбасыңда кім қай тілде сөйлейтінін айта- ды, диалог құрады.




Б) Жазылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.

Жазылым. «Мағынасын анықта!» тәсілі- нің негізінде мәтіндегі туыстық атауды білдіретін сөздердің мағынасын анықтап жазады.




Б В) Оқылым. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Көп нүктенің орнына жақша ішінен тиісті нұсқасын қойып оқиды, сөз екпіні, ой екпінін сақтайды.

5. Сергіту сәті. Сахналық қойылым (12-тап- сырма) ұйымдастырады.

Айтылым. Тапсырманың шартын орын- дайды.

6. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым.

Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.



Айтылым. Зат есімдерге көмекші есім дерді тіркестіреді, сөйлем құрап айтады.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 13-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Мәтінге сүйеніп, өзінің қай тілдерді білетіні немесе үйреніп жүргені туралы мәтін құрайды, сұрақтарға жауап жазады.

IV. Бекіту

А) Оқулықтағы 14-тапсырманы орындатады.

Диалог құрады.




Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушы- лардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Күн шапақтары салынған А4 парағын тарата- ды.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет