|
|
бет | 62/90 | Дата | 15.12.2019 | өлшемі | 0,72 Mb. | | #53614 |
| Байланысты: 7 cынып мұғалім кітабы тақырып. Төрт түлік мал мен егіншілік — ел берекесі.
1—2-сабақ
Сабақ тақырыбы:
|
Ақ бидай.
|
Білімділік:
|
Қазақ тіліндегі түрлі тілдік құрылымдар арқылы оқушыларға қазақ халқының шаруашылығы жайлы ақпарат беру.
|
Дамытушылық:
|
Сөйлесім барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайда- лану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
|
Тәрбиелік:
|
Қазақша шағын мәтіндерді баяндау арқылы ақпараттық-танымдық құзіреттілігін қалыптастыру.
|
Сілтеме:
|
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
|
Жетістік критерий- лері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша қарапайым сөйлеу үлгілерін пайдалану арқылы ақпарат береді, тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді.
|
|
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде халық шарауашылығын сипаттайды, мәтіндегі негізгі ойды табады, сөйлесімге түседі.
|
|
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды.
|
Жаңа сөздер:
|
Егін, егіншілік, диқан, алқап, гектар, өнім, пайда, молшылық, дәнді-дақыл.
|
Сабақта қолданы- латын материалдар:
|
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер.
|
Оқыту әдістері:
|
Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, ассоциаграмма,
«Тірек сөздер» стратегиясы, диалог, кластер, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.
|
Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
|
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
«Ыстық алақан» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.
|
Оқушылар бір-бірімен қол алып, аман- дасады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.
|
Өткен сабақты тексеру
|
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кем- шіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
І. Қызығушы- лықты ояту
|
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қы- зығушылығын ояту мақсатында «Тірек сөз- дер» стратегиясының негізінде тақтадағы плакаттарға бірнеше сөздер жазады.
|
Оқушылар кезек-кезек тақтаға шығды. Маркерлерді пайдаланып, ассоциаграм- ма құрайды.
|
ІІ. Мағынаны тану
|
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша
жаттығу жүргізеді.
|
|
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. 1-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым.
Сұрақтарға жауап береді.
|
|
Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Мәтелдің мағынасын ашады,
«Егін» сөзін жинақтайды.
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
|
Б) Жазылым. Оқылым. Оқулықтағы 3-тапсыр- маны орындатады.
|
Жазылым. Оқылым. Берілген сөздерге сұрақ қояды, сөз тіркесін құрайды.
|
|
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.
Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады.
|
|
Ә) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 5, 6-тап- сырманы орындатады.
|
Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқиды, егіншілікке байланысты сөздерді таба- ды, қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын анықтайды, мағынасын түсіндіреді, сұрақтарға жауап береді.
|
|
Б) Жазылым. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Қажетті сөздерді пайдала- нып, ойды аяқтайды.
|
|
4. Сергіту сәті. «Егін шаруашылығы» тақырыбында кластер құрғызады.
|
Кластер құрайды.
|
|
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым.
Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Сұрақтарға жауап беріп, диа- лог ұйымдастырады.
|
|
6. «Есте сақта!» айдарымен берілген мәліметтерді оқиды, талдатады.
|
Мәліметтерді оқиды, талдайды.
|
ІІІ. Ой толғаныс
|
Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Мақалды орыс тіліне ауда- рып жазады, мағынасын түсіндіреді.
|
IV. Бекіту
|
Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Мәліметтерді мәтін мазмұны- ның ретімен орналастырады.
|
V. Бағалау
|
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.
|
«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.
|
VI. Үйге тапсырма
|
Оқулықтағы 7-тапсырманы орындау.
|
|
VII. Рефлексия
|
Мұғалім әр оқушыға А4 парақ таратады.
|
Оқушылар параққа сабақтан алған әсерін сурет арқылы көрсетеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|