Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет63/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

3—4-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Егіннің бастары.

Білімділік:

Қазақ тіліндегі нақты хабарламалар арқылы оқушыларға жаңа тақырып жайлы ақпарат беру.

Дамытушылық:

Сөйлесім барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік:

Қазақша шағын мәтіндерді баяндау арқылы ақпараттық-танымдық құзіреттілігін қалыптастыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты ақпарат береді, сұрақтарға жауап береді, жаңа сөздерді қолдана алады.




Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): мәтіндегі негізгі ойды табады, ақпараттарды ретімен орналастырады, сипаттайды, қосымша мәліметтер береді.







Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды.

Жаңа сөздер:

Егін, егіншілік, диқан, алқап, гектар, өнім, пайда, молшылық, дәнді-дақыл.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, маркер- лер, плакат, парақшалар.

Оқыту әдістері:

Ә Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Тірек сөздер» стратегиясы, ассоциаграмма, «Төрт сөйлем» тәсілі, постер, диалог, «Кері байланыс» әдісі, «Жеке әңгіме» техникасы .

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін

«шаттық шеңберін» құрады.



Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшілік- терді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында «Тірек сөздер» стратегиясының негізінде тақтадағы плакаттарға бірнеше сөздер жазады.

Оқушылар кезек-кезек тақтаға шығды. Маркерлерді пайдаланып, ассоциаграмма құрайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактив-

ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды,

оқушыларға қайталатады.


Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздер- ді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауыз-

ша жаттығу жүргізеді.





2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орында-

тады.


Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орында- тады.

Жазылым. Сөздер мен сөз тір- кестерін мағынасына қарай сәйкестендіреді, сөйлем құрайды.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады.




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орында- тады.

Жазылым. Өлеңмазмұны туралы пікрін «Төрт сөйлем» құрылымына салып жазады.




Б) Айтылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орында- тады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.




4. Сергіту сәті. Сергіту жаттығуын жасатады.

Сергіту жаттығуын жасайды.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.

Айтылым. «Тәкаппар» және «Даны- шпан адамды» салыстырады.




Ә) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 8-тапсырма- ны орындатады.

Тапсырманың шартын орындайды.




6. «Есте сақта!» айдарымен берілген мәліметтерді оқиды, талдатады.

Мәліметтерді оқиды, талдайды.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Ойды аяқтайды.

IV. Бекіту

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Тапсырманың шартын орындайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім «Кері байланыс» әдісінің негізінде парақшалар таратады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін парақшаға көрсетеді.

9-тақырып. Төрт түлік мал мен егіншілік — ел берекесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет