Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға бөлу
Дата 08.09.2017 өлшемі 11,58 Kb. #31643 түрі Сабақ
Математика 3 сынып Қ.Әбдәлиев атындағы жалпы орта мектебі Мейрбекова Лаззат Оразалиевна Сабақтың мақсаты: І. Қосындыны санға бөлу ережесін пайдалану білігін бекіту жұмысын жүзеге асыру, қосындыны санға екі тәсілмен бөлуді ұйымдастыру. Есептерді әртүрлі тәсілдермен шығарту ІІ. Оқушылардың математикалық тілі мен зейінін, ой-өрісін дамыту. ІІІ. Сабақтағы белсенділікке , жазба жұмыстарды орындаудағы ұқыптылыққа, шапшаң есептеуге тәрбиелеу Сабақ көрнекілігі:,интерактив тақта Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша есептеу Сабақ типі: жаңа сабақ. Ұйымдастыру кезеңі Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл күйлерің қалай? Біз бүгін сапарға аттанамыз! Жұмбақтарды тапсаңдар, біздің қайда сапарға аттанатынымызды білесіңдер? Там басына тары жайдым. (Жұлдыз) Бір шопан таң атқанша қой бағады (Ай және жұлдыздар) Қонақтап күнде қонар су бетіне , Сүйсінер барлық адам келбетіне. Тұлғасы су ішінде көрінеді, Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (Ай) 1991ж.2 қазанда 1991ж.2 қазанда Тоқтар Әубакіров ғарышқа ұшты 1994 жыл 30 маусымда қазақ халқының екінші қыран ғарышкері Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық достарым, Арайлап атқан әр күнге! Оқып, білім аламыз , Біздер зерек баламыз. Математика пәнінде Тапқыр, алғыр боламыз. Ауызша жұмыс жасау. Ойын «Брейн – ринг» Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді? Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді? Аулада 60 үйрек, 11 түйе,бес жылқы. Қорада 20 үйрек, 2 сиыр,бір ешкі 10 үйрек тығылды 2 қоян,үш түлкі, 10 үйрек жығылды, Болды сонда нешеуі? Қалғаны неше үйрек? Ағаш басында 2 балық отыр еді.Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? №1 «Әрқайсысына затын табуға көмектес» 23 = 20 + 3 42 = 40 + 2 94 = 90 + 4 45 = 40 + 5 67 = 60 + 7 38 = 30 + 8 №2 Разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаздырту: 23; 45; 42; 67; 94; 38 (50+15) : 5= (9+9) : 6= (32+48) : 8= (52+11) : 9= (19+17) : 4= (42+24) : 6= №4. Өз бетінше орындату Өрнектерді жазып, олардың мәндерін тап: 1)75 және 27 сандарының айырмасын 3 есе арттыр 2) 40 және 16 сандарының қосындысын 7 есе кеміт 3) 70 және 4 сандарының көбейтіндісін 40 есе кеміт 4) 420 және 6 сандарының бөліндісін 9 есе арттыр (18+14) : 2 * 18 : 2 + 14 45 : 5 + 20 : 5 * (45+20) : 5 >, <, = таңбаларын қоя отырып, дәлелдеу Бір,екі, тұрайық, Алақанды ұрайық. Жүгірейік, жүгірейік, Аяқты ұшынан басайық. Саңырауқұлақтай отырып, Емендерше тұрайық. Тұрайық, отырайық , Тұрайық, отырайық, Тұрайық, отырайық, Орнымызға жайғасайық, тып–тыныш. №7 Есептерді әр түрлі тәсілдермен шығарту 1) 12 кг қияр мен 15 кг қызанақ банкаларға 3 килограмнан бөліп тұздалды. Неше банка қажет болды? 2) Бір алма ағашынан 36 кг, ал екіншісінен 24 кг алма жиналды. Алмалар 6 килограмнан бөлініп , жәшіктерге салынды. Неше жәшік қажет болды? №9.Қорапқа көлемі 1 см3 неше текше сыяды? №8. 5 жәшіктегі жүзімнің массасы 40 кг. Жүзім салынған осындай 7 жәшіктің Массасы қанша болады? №11.Теңдіктер тура болатындай етіп,бос орынға арифметикалық амалдар таңбасын және жақшаларды қою. 45 54 9 = 11 56 49 7 = 15 2 3 1 3 =1 3 5 2 5 =1 ІV.Сабақты бекіту №12.Қосындыны бөлумен алмастырып алып, есептеу. 5:3+10:3 8:3+4:3 19:7+2:7 18:5+7:5 7:4+17:4 5:2+11:2 Міне, біз де Айға қондық! V.Қорыту. 1)Қосындыны санға қалай бөлуге болады? 2)Сабақта жаңадан нені білдіңдер? VІ. Бағалау. VІІ. Үйге тапсырма: №5, 201 бет, № 10, 202 бет Достарыңызбен бөлісу: