бет 59/90 Дата 15.12.2019 өлшемі 0,72 Mb. #53614
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы 7—8-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Әлемге танымал «Ұлытау».
Білімділік:
Сөйлесім әрекетінің негізінде оқушылардың Тәуелсіз елдің Астанасы жайлы ақ- параттық ұғымын қалыптастыру.
Дамытушылық:
Жаңа тақырып бойынша әртүрлі тілдік тапсырмалар орындату негізінде ақпарат- тық-танымдық құзіреттілігін қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Қазақ тіліндегі тілдік құрылымдар арқылы патриоттық тәрбие беру.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): Астана жайлы ақпарат береді, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы өз ойын жеткізеді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): ел Астанасы жайлы айтады, сипаттайды, қосымша мәліметтер береді.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында тілдік қарым-қатынас құра алады, сұхбаттасады, ел Астанасына байланысты шағын мәтін құрайды.
Жаңа сөздер:
Тыңдарман, дәріптеу, батылдық, ұйытқу, аңқу, жылқылардың желісі, қатал жүзді, үйлестіру, елестеу.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты оқу материалдары , «Ұлытау» тобының орындауындағы «Адай» күйінің үнтаспасы, домбыра, А4 парағы мен мар- керлер, смайликтер, парақшалар.
Оқыту әдістері:
Әңгімелеу, түсіндіру, сипаттау, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, «Төрт сөйлем» тәсілі, фотоколлаж, ойтолғау , «Жеке әңгіме» техникасы, «Кері байланыс» әдісі.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.
Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т. б.) салады.
Өткен сабақты тексеру
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кем- шіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
І. Қызығушы- лықты ояту
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында «Ұлытау» тобының орындауындағы «Адай» күйінің үнтаспасын тыңдатады, тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді, топ мүшелерін танысты- рады.
Үнтаспаны тыңдайды, слайдтарды көре- ді.
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактив- ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздер- мен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша
жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орын-
датады.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орын- датады.
Жазылым. Сурет бойынша әңгіме құрап жазады.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.
Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды , оқиды, негізгі ақпаратты анықтайды, түсінгенін баяндайды, жоспар құрады.
Ә) Айтылым. Оқулықтағы 4, 6-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Домбыраның құрылысын досына таныстырады, ақпаратты «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып айтады.
Б) Жазылым. Оқулықтағы 5, 7-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Тұйық етістіктерді шақ фор- масына қойып, сөйлем құрайды , тұйық етістіктерді тиісті тұлғада қойып, сөй- лемді жазады.
4. Сергіту сәті. «Ұлытау» тобы тақырыбында фотоколлаж жасатады.
Фотоколлаж жасайды, сипаттайды.
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Топтық жұмыс. 9-тап- сырманы орындатады.
Айтылым.«Ұлытау» тобының мүшелері туралы оқиды, сыныпқа хабарлама жасайды.
ІІІ. Ой толғаныс
Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Ойтолғау жазады.
IV. Бекіту
«Есте сақта!» айдарымен берілген сөз тіркест- ерін оқиды, талдатады.
Сөз тіркестерін оқиды , талдайды.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушы- лардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.
VI. Үйге тапсыр- ма
Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Мұғалім «Кері байланыс» әдісінің негізінде парақшалар таратады.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін парақшаға көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: