Факультатив сабағы «Қызықты грамматика»



бет3/5
Дата18.02.2022
өлшемі45,37 Kb.
#132341
1   2   3   4   5
Оқу жүктемесінің көлемі:
5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
Пәнді оқытуға аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат берілген.
Оқу пәнінің базалық білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:

  1. «Кіріспе»: Ана тілінің қызметі (1 сағат).

  2. «Әдеби тіл және мәтін» (8 сағат):

    1. қазақ тілінде «әдеби» сөзі «әдебиет» деген сөздің негізінде жасалып, қалыптасқандығы. Әдеби тілдің сөйлеу тілінен жоғары тұрған көркем тіл екендігі, халықтың бәріне бірдей ортақ әрі бәріне бірдей түсінікті болып келетіндігі. Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді, олар: ауызша және жазбаша тіл;

    2. «Мәтін». Мәтіннің «байланысу, бірігу» деген мағынаны білдіруі. Мәтіндер бойынша жазба әдеби тіл мен ауызша әдеби тілдің ерекшеліктерін аңғарту. Мәтіннің түрлері. Ауызекі сөйлеуге қатысты мәтіндер, ондағы тақырыптық ерекшеліктер. Оның берілу формалары, сөйлем құрау жүйесі. Мәтіннің құрылысы;

    3. «Жазбаша мәтіндер». Тақырыбы, негізгі идеясы. Ойдың берілу тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, сипаттау, талқылау, мінездеу және т.б. Мәтіннің құрылысы. Абзац. Сөйлем. Сөйлемдердің байланысы. Әр абзацтағы, әр сөйлемдегі тірек сөздер.

  3. «Лексика» (10 сағат).

  1. «Сөз және оның мағынасы»:

сөз мағыналары мен тіл байлығы – лексиканың қарастыратын мәселелері. Дыбысталу – сөздің сыртқы қабығы, мағына – сөздің ішкі мазмұны болатындығы. Сөздің негізі мағынасы – лексикалық мағына;

  1. «Сөздің тура және ауыспалы мағынасы». Сөздің атауыш мағынасы тура мағына деп аталатындығы. Сөздің тура мағыналары толық мағыналы дербес сөздердің бәріне де қатысты болатындығы. Бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздердің алғашқы, бастапқы мағыналары тура мағыналары болса, кейінгі мағыналары ауыспалы мағыналары болып табылатындығы;

  2. «Ауыспалы мағына» деген ұғымның екі түрлі ұғынылатындығы: жүре келе пайда болған кейінгі атауыш мағынаны да білдіретіндігі және сөздің көркемдеп қолданудан сөйлеу үстінде туатын «жаңа» мағынасын да білдіретіндігі;

  3. «Сөздің ауыспалы мағынасы». Сөздің ауыспалы мағынасыда қолданылуы көп мағыналы сөздердің тууына себепші болатындығы;

  4. «Көп мағыналық». Тіліміздегі байырғы сөздер жаңа мағыналар жасауға ұйтқы болатындығы. Олар бұрынғы тура мағынаның үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни туынды мағыналарға ие екендігі. Көп мағыналы сөздердің екі я одан да көп мағынасы болатындығы. Бұлардың бір сөз табына қатысты екендігі. Көп мағыналы сөздердің бір негізден шығатындығы;

  5. «Сөздердің мағыналық топтары. Омонимдер». Омоним сөздердің анықтамасы. Омоним сөздердің көп мағыналы сөздермен ұқсастығы және айырмашылығы. Омонимдердің бір сөз табынан да, әртүрлі сөз табынан да болатындығы. Омонимдер сөздігі;

  6. «Синонимдер». Синонимдердің анықтамасы. Синонимдердің тіл байлығы мен сөз оралымдылығының көрсеткіші екендігі. Синонимдік қатар, ондағы сөздердің мағыналық, реңктік ерекшеліктері, оларды мақсатқа сай талғап, саралап қолданудың мәні. Синонимдік қатарлардың әр сөз табының құрамында кездесуі. Синонимдер сөздігі;

  7. «Антонимдер». Антонимдердің жұпталған қарсы мәндес сөздерден тұратындығы. Антонимдердің ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің оңтайлы құралы екендігі.Антонимдер сөздігі;

  8. «Табу». Халықтың наным-сенімі мен салт-дәстүріне байланысты кейбір зат-құбылыстардың атауын тура айтуға тыйым салынған сөздер екендігі. Қазақ тіліндегі табу сөздердің туу себептері;

  9. «Эвфемизмдер мен дисфемизмдер». Эвфемизмдер ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің тәсілі екендігі. Эвфемизмнің табу сөздерден айырмашылығы, қолданылу жағдайлары. Дисфемизмнің анықтамасы, оның эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс екендігі. Қолданылу жағдайлары, әдеби тілге жатпайтындығы. Дисфемизмдердің көркем шығармада ұнамсыз кейіпкерлердің тілінде ұшырасуы;

  10. «Фразеологизмдер (тұрақты тіркестер)». Тұрақты тіркестердің өзіндік ерекшеліктері: екі не одан да көп сөздерден құралатындығы, бір ғана мағына білдіруі, құрамындағы сөздердің орын тәртібінің тұрақты болуы, даяр қалпында жұмсалып, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратындығы. Фразеологиялық сөздік;

  11. «Мақал-мәтелдер». Мақал-мәтелдердің халықтық рухани қазына екендігі, тіл байлығының көрсеткіші болатындығы. Мәтелдердің фразеологизмдермен ұқсастығы.

  1. «Тілдің сөздік құрамы» (1 сағат):

  1. «Сөздік қор және сөздік құрам». Қазақ тілінің сөздік құрамы байырғы сөздер, кірме сөздер, жаңа сөздер, термин сөздер, ауызекі тілге тән қарапайым сөздер және диалектизмдер мен кәсіби сөздерден тұратындығы. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жиілігіне қарай актив (жиі қолданылатын сөздер) және пассив (сирек қолданылатын сөздер) болып бөлінетіндігі;

  2. «Қазақтың байырғы төл сөздері және басқа тілден енген сөздер». Тілдің негізгі сөздік қорын байырғы сөздер құрайтындығы, оның тіл дамуының қайнар көзі екендігі;

  3. «Басқа тілден енген сөздердің тілге сіңісу жолдары (сол қалпында және дыбыстық өзгеріске ұшырап енуі)». Олардың сөздік құрамнан алатын орны. Басқа тілден енген сөздердің емлесі, орфоэпиялық нормасы;

  4. «Көнерген сөздер мен жаңа сөздер». Көнерген сөздердің тарихи сөздер және архаизмдер болып бөлінетіндігі. Қазіргі қазақ тіліндегі кейбір көнерген сөздердің «жаңғыру» үрдісі, этнолингвистикалық атаулардың қайта жандануы;

  5. «Жаңа сөздердің жасалуы». Жаңа сөздердің тууының себептері. Қоғамның дамуымен бірге енген жаңа ұғымдарға сай жаңа сөздердің пайда болуы. Жаңа сөздердің емлесі;

  6. «Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері». Жалпылама лексика. Жалпылама лексикаға жататын сөздердің жалпы халыққа түсініктілігімен, анықтығымен, қарапайымдылығымен ерекшеленетіндігі. Жалпы халықтық лексикаға қолданылу жағынан шек қойылмайтындығы, барлық стильге бірдей ортақ қызмет атқаратындығы. Жалпылама лексика әдеби тілдің негізгі қоры болып табылатындығы;

  7. «Диалект сөздер». Диалект сөздердің өзіндік белгілері. Диалектінің аймақтық ерекшеліктермен байланысы. Диалект сөздердің тіл мәдениетіне қатысы. Диалект сөздердің қолданылу өрісі. Диалект сөздердің әдеби тілде баламаларының болуы. Диалект сөздердің әдеби тілге еніп, жалпыхалықтық сипат алатындығы. Диалектологиялық сөздік;

  8. «Кәсіби сөздер және терминдер». Кәсіби сөздердің өзіндік белгілері: белгілі бір кәсіпке байланысты қолданылатындығы, сол кәсіппен айналысатындарға ғана түсініктілігі. Кәсіби сөздердің екі үлкен салаға бөлінетіндігі: қолөнер кәсібіне, ауыл шаруашылығына байланыстылығы. Кәсіби сөздердің термин сөздерге ұқсастығы. Диалект сөздерден айырмашылығы;

  9. «Термин сөздердің ғылым, техника саласымен байланыстылығы». Терминнің қолдану аясының тарлығы, бір ғана ұғымды білдіретіндігі. Терминдердің жасалу жолдары. Басқа тілден қазақ тіліне аударылған терминдердің төл терминдер деп аталатындығы. Басқа тілден өзгертілмей, сол қалпында алынған терминдердің интернационалдық терминдер деп аталатындығы. Терминдер сөздігі.

  1. «Фонетика» (9 сағат):

  1. «Фонетика». Фонетиканың қарастыратын мәселелері. Тіл дыбыстары туралы жалпы ұғым. Тіл дыбыстарының сөз мағынасымен арақатынасы. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары;

  2. «Қазақ әліпбиі». Қазақ әліпбиінің құрамы және әріптер ретін білудің мәні. Әліпбидегі әріптер атауының тілдік жүйеге сәйкес аталу ерекшелігі (әріп атауы – ты, сы, ый, ұу, ыл және т.б.);

  3. «Дауысты дыбыстар». Дауысты дыбыстардың өзіндік белгілері: үннен тұратындығы, созылып айтылатындығы, буын құрайтындығы. Орфоэпиясы бойынша бір сөздің ішінде дауысты дыбыстардың қатар тұра алмайтындығы;

  4. «Дауысты дыбыстардың жіктелуі». Дауысты дыбыстардың сөйлеу мүшелерінің қатысына қарай жіктелуі: а) тіл қатынасына қарай: жуан, жіңішке; ә) ерін қатынасы қарай: еріндік, езулік; б) жақ қатынасы қарай: ашық, қысаң болып бөлінетіндігі.

  5. «Дауыссыз дыбыстар». Дауыссыз дыбыстардың өзіндік белгілері: үн мен салдырдан тұратындығы, созуға келмейтіндігі, дербес тұрып буын құрай алмайтындығы. Дауыссыз дыбыстардағы үн мен салдыр мөлшерінің қатынасына қарай жіктелуі: а) қатаң дауыссыз дыбыстар (тек салдырдан тұратыны); ә) ұяң дауыссыз дыбыстар (салдыр басым, үн аз қатысатыны); б) үнді дауыссыз дыбыстар (үн басым, салдыр аз қатысатыны);

  6. «Дауыссыз дыбыстардың емлесі». Қазақтың төл сөздеріндегі дауыссыз дыбыстардың қолданысы, сөздің басы мен соңында қолданылу ерекшеліктері;

  7. «Басқа тілден енген сөздердің жазылуы». б, в, г, д әріптерінің емлесі; қосарлы дауыссыз дыбыстарға аяқталған сөздердің емлесі;

  8. «Үндестік заңы». Буын және дыбыс үндестігінің мәні. Сингармонизм заңының қазақ тілінің халықтық сипатын танытатындығы. Қазақ сөздерінде буын үндестігінің сақталуы тілдік заңдылық екендігі. Тіл және ерін үндестігінің орфоэпиялық нормаларды сақтаудағы маңызы;

  9. басқа тілден енген сөздердің құрамындағы дауысты дыбыстардың аралас келе беретіндігі, буын үндестігінің сақталмайтындығы. Кейбір кірме сөздердің айтылуы бойынша буын үндестігіне бағынатындығы;

  10. буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар, олардың емлесі;

  11. «Дыбыс үндестігі». Дыбыс үндестігі – қазақ тілінің тұрақты сипаты. Сөз қолданысындағы дауыссыз дыбыстардың өзара үндесетіндігі, дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстарға әсер ететіндігі;

  12. «Ілгерінді ықпал». Оның ерекшелігі, қолданылатын орындары;

  13. «Кейінді ықпал». Оның ерекшелігі, қолданылатын орындары;

  14. «Тоғыспалы ықпал». Оның ерекшелігі, қолданылатын орындары;

  15. сөз құрамындағы, сөз тіркестеріндегі дыбыстардың үндестігін сақтап айтудың тіл мәдениетімен байланысы;

  16. «Орфоэпия және орфография». Сөйлем құрамындағы сөздерді, сөз тіркестерін, мағыналы бөлшектерін дұрыс айту мен дұрыс жазудың нормалары. Олардың тіл мәдениетіне қатысы, қолданылатын орындары. Орфоэпиялық және орфографиялық нормалардың арнаулы сөздіктерде берілуі. Оларды пайдалану тетіктері;

  17. «Буын». Буынның анықтамасы. Буынның түрлері: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын;

  18. «Тасымал». Сөздерді тасымалдау тәсілдері;

  19. «Екпін». Қазақ тіліндегі екпіннің тиянақтылығы. Екпіннің түрлері: сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін және олардың қолданылатын орындары;

  20. «Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәні». Олардың тілдік этикетпен байланысты болатындығы;

  21. «Интонация және оның құрамдас бөліктері». Сөйлеу ағымындағы әуен, әуез, тембрі, қарқын, кідіріс. Сөйлеу мәнері.

  1. «Сөзжасам» (3 сағат):

  1. Сөздің жасалуы туралы: сөздердің түрлі жолдармен жасалатындығы. Жұрнақ арқылы, мағыналарының өзгеруі, тіркесуі арқылы жасалуы;

  2. «Сөздердің лексикалық тәсіл арқылы жасалуы». Сөздердің морфологиялық тәсіл арқылы жасалуы. Сөздердің синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы;

  3. қазақ тіліндегі негізгі сөздер түбір сөз және туынды сөз болып бөлінетіндігі;

  4. түбір күйінде тұрып жаңа лексикалық мағынаға ие болған сөздер. Олардың көп мағыналық пен омонимге қатыстылығы;

  5. «Туынды сөздер». Жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздер. Туынды сөздер заттың атын, сынын, қимыл-қозғалысын білдіретін сөздер табына қатыстылығы;

  6. «Бірігу арқылы жасалған жаңа сөздер. Түбірлердің қосарлануы арқылы жасалған жаңа сөздер. Түбірлердің тіркесуі арқылы жасалған жаңа сөздер». Бірігу, қосарлану, тіркесу жолымен жасалған сөздердің де туынды сөздердің қатарына жататындығы: мағыналық тұтастығы, сұрақтары, қолданылуы.

  1. «Тіл мәдениеті» (2 сағат):

  1. тіл мәдениеті екі үлкен саланы ­­– ауызша сөйлеу мәдениеті мен жазба тіл мәдениетін қамтитындығы, осы екі бағытқа дағдыландыратын жұмыстар жүргізу;

  2. ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін мұғалімнің және оқушылардың өзара сөйлесуіне көңіл бөлгізіп талдату. Ауызша сөйлеу және ауызекі сөйлеу тілі болып бөлінетіндігіне мысал келтіру.

  3. сөз қолдану мәдениеті, ең алдымен, сөздің емле ережесіне сай жазылуымен байланысты екендігіне бағытталған жазба жұмыстарын жүргізу;

  4. жазба жұмыстарында терминдердің, аң-құс, жан-жануар, өсімдік атауларының, шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер салаларына қатысты құрал-жабдық, ұғым атауларының, мамандық, кәсіп атауларының бірде бөлек, бірде бірге жазылуына көңіл бөлгізу;

  5. жыл бойы өткен тілдік тақырыптар мен пайдаланған оқу материалдары бойынша әртүрлі топқа жататын сөздердің мағыналық реңктерін ескеріп, әңгімелеу, баяндау, сипаттау, мінездеу, талқылау бағытында мәтіндер құрату.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет