5-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар Пәндік нәтижелер бойынша 5-сыныптың соңында оқушылар: лексиканың тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын;
сөздердің мағыналық топтарына қарай түрлерін;
сөздердің тура және ауыспалы мағынасының айырмашылығын;
омонимдер мен көп мағыналы сөздердің ерекшеліктерін;
тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің өзіндік белгілерін;
қазақ тілінің сөздік құрам тармақтарының ішкі салаларын;
сөйлемге лексикалық талдау жасай алуы;
лексикалық терминдерді дұрыс ажыратып, орынды қолдана, т.б.білуі;
фонетиканың тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын;
фонетикалық ұғымдардың мәнін;
сөз құрамындағы дыбыстардың түрлерін және олардың жіктелуін;
үндестік заңы туралы ұғымдарды;
буын мен екпіннің түрлерін;
орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды;
қазақ әліпбиінің құрамын, ретін;
сөйлемге фонетикалық талдау жасайбілуі;
сөзжасамның тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын;
сөздердің жасалу тәсілдерін және олардың жасалу жолына қарай жіктелуін;
мәтіннің құрылымын ажыратып, мәтіннің жанрлық белгілерін анықтай білуі;
оқыған мәтіндеріне сапалық жағынан талдау жасап, өзінің берген бағасын дәйектеп айта білуі;
тақырыпқа сәйкес жоспар жасап, мәтін құрай білуі тиіс.