Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан


«Сезім білдіру жолдары» ой-талқысы



Pdf көрінісі
бет52/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

«Сезім білдіру жолдары» ой-талқысы 
Уақыт: 13 минут 
Материалдары: плакат, маркерлер 
Процесі: 
Оқушыларды 4 топқа бөліңіз. Әр топқа бір сезім (қуаныш, қорқыныш, ашу немесе қайғы) 
жазылған постит беріледі. Тапсырма – сол сезімді білдірудің түрлі әдістерін жазу. Бұл ретте 
оқушылар өз мүдделеріне қарсы шықпауға және басқалармен жақсы қарым-қатынас сақтауға 
көмектесетін әдісті табуы тиіс. 
Орындау уақыты – 5 минут.
Презентация жасау. 
 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
66 
«Ашу парағы» жаттығуы 
Уақыт: 5 минут 
Материалдары: А4 парақтары 
Процесі: 
Сабақтың екінші бөлімі негізгі сезімдердің бірі – ашуға арналады. 
Кейде сыртқа шығармаған сезімдеріміз ішімізде көптеп жинақталады, нәтижесінде олар басқа 
адамдармен сөйлесуге кедергі келтіреді. Қазір біз сезімдерді білдірудің тағы бір әдісін 
үйренеміз, ол «ешкімді ренжітпеу» санатына жатады. 
Оқушыларға таза А4 парағын көрсетіңіз – енді ол «Ашу парағы» болады. Әрбір оқушы 
ашуланған, бірақ оны толық білдіре алмаған кезін есіне түсірсін. Қазір ашу парағын жасап
сезімдерін толықтай білдіруге мүмкіндіктері болады. Оқушыларға А4 парақтарын таратып 
шығыңыз. Олар өздеріне жайлы орындарға отырсын. Параққа өз эмоциялары туралы жазып, 
суретін салсын. 
Оқушылар ашу парақтарын мыжғылап, жыртып, қабырғаға лақтырып, үстіне тұрып секірсін. 
Немесе өздеріне қалдырып, басқа жерде жыртсын. Бірақ бір шарт бар, парақтың жыртылған 
бөліктерін олар өздері жинауы тиіс.
Оқушылардың сезімдері өзгерді ме? Оларды білдіре/көрсете алды ма? Сезім білдірудің мұндай 
жолдары оларға ұнады ма? Бірге талқылаңыздар. 
Бұл әдіс мәселені шешпейтінін, бірақ сезімдерді еңсеруге, оларды әлеуметтік тұрғыдан 
қолайлы әдіспен білдіруге көмектесетінін айтыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет