Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет54/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
68 
«Үрей» жаттығуы 
Уақыт: 15 минут 
Материалдары: А4 парақтары 
Процесі: 
Оқушылар үрейленген сәттерін естеріне түсірсін. Естеріне салыңыз, үрей – ол қорқыныштың 
бір көрінісі. Оқушылар ол жағдайды «анонимдік хатта» сипаттасын. Парақтарға өз аттарын 
жазудың қажеті жоқ, бірақ кейін оңай табу үшін белгі салуға болады. 
Хаттар қорапқа салынып, араластырылады. Әр оқушы бір парақтан алып шығады (өз парағы 
болмауы тиіс). Оқушы психологқа айналып, осы жағдайда қолдануға болатын ресурстарды 
сипаттайды. Үрей қатты болса, онымен жұмыс істеу әдістерін еске түсіруге немесе оның 
пайдалы жағы туралы ойлануға болады. «Бұл жағдайда үрей туындамаса, не болар еді?» деген 
сұрақ жақсы көмектеседі. Барлық табылған ресурстарды «анонимдік хатта» жазу керек. 
Егер қатысушылар үшін бұл жаттығуы қиын болса, оны топ болып талқылап, позитивті шешім 
табуға болады. 
Сосын «анонимдік хаттар» қорапқа қайта салынады. Оқушылар бір-бірлеп жақындап, өз 
хаттарын тауып алады. Хаттарын оқу үшін уақыт беріңіз. 
Оқушылар оларды алаңдататын жағдайға басқа қырынан қарай алды ма? Үреймен жұмыс 
істеудің қандай жаңа әдістерін немесе ресурстарын тапты?
Бұл жаттығудың алдында өткен сабақта талқылаған «сезімдермен жұмыс істеу әдістерін» 
жазыңыз. Бұл оқушыларға жағдайдан шығу жолдарын табуға көмектеседі, сонымен қатар 
жаттығу барысында тізімнің өзін толықтыруға болады. 
Өзіңе беретін кеңестерің 
Уақыт: 5 минут 
Материалдар: жұмыс дәптері 
Процесі: 
Оқушылар жұмыс дәптерлеріне өздеріне беретін кеңестерін, оқып-білген нәрсе туралы 
ақпаратты жазады. Мысалы, қорқыныш, ашу, үрейді ешкімге зиян келтірместен қалай сезінуге 
болады? 
Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия
:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет