Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет53/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия
:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 
 
Үй тапсырмасы: 
Күшті сезім сезген басқа жағдайларды естеріңе түсіріп, қажет болса ашу парақтарын жасап 
көріңдер. 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
67 
24-сабақ 
 
Тақырыбы: Мен және менің эмоцияларым. 
Ұғымдар: үрей, өзін-өзі талдау. 
Сабақтың мақсаты: үрей мен оның себептерін түсінуді үйрену. 
Әдістері: әңгімелесу, жаттығулар, дәптермен жұмыс істеу. 
Ресурстар: жаттығу, жұмыс дәптерлері, поститтер. 
 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт:
5 минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, 
орындау. 
Уақыт:
5 минут
«Негізгі сезімдер» жаттығуы 
Уақыт: 10 минут 
Материалдары: поститтер 
Процесі: 
Оқушыларды 2-3 топқа бөліңіз. Әр топқа түрлі сезімдер жазылған поститтер таратыңыз. 
Оқушылардың міндеті – сезімдерді төрт топ бойынша жіктеу: 
– қуаныш; 
– ашу; 
– қайғы; 
– қорқыныш (үрей). 
Құрамдас сезімдерді жеке топқа біріктіріп, олар қандай сезімдерден тұратыны жайлы ойлануға 
болады. 
Нәтижелерді 
салыстырыңыздар, 
көзқарастардың 
айырмашылықтарын 
талқылаңыздар. 
Сезімдер тізімі 
Ашу
Қуаныш 
Ыза
Сенім 
Қорқыныш
Тыныштық 
Үрей
Қайғы 
Үрку
Ұялу 
Таңғалу 
Қызғаныш 
Рақаттану 
Қапалану 
Толқу
Қасірет 
Шаттық 
Зерігу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет