Дәптермен жұмыс істеу
Уақыт: 5 минут
Материалдар: жұмыс дәптері
Процесі:
Оқушыларға өздерін тыңдап, өткен аптаны еске түсіруді ұсыныңыз. Олар сезімдерін
қаншалықты жиі білдірді? Сезімдерді білдіру деңгейін шеңберлі диаграммада көрсету
керектігін айтыңыз (жұмыс дәптерінде). Шеңбер – ол пайда болатын сезімдердің 100%-ы.
Оқушылар қанша пайызын білдіргендерін, ал қанша пайызын іштерінде сақтағандарын
анықтасын. Мысалы, оқушы 30%-ын білдіргенін айтады. Ол шеңберлі диаграммада осы 30%-
ды көрсетуі тиіс.
Мынадай сұрақтар қойыңыз:
-
Оқушылар қалған сезімдерімен не істеді?
-
Олар өз сезімдерін жеткілікті деңгейде көрсете ме?
-
Оларды жиі немесе сирек көрсеткілері келе ме?
Оқу қызметін қорытындылау
Уақыт: 5 минут
Рефлексия
:
Әсерлермен бөлісіңдер:
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?
Үй тапсырмасы:
Әуе шарымен орындаған жаттығуды жақындарыңа көрсетіңдер. Олармен бірге тақырыпты
талқылаңдар.
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
64
23-сабақ
Тақырыбы: Мен және менің эмоцияларым.
Ұғымдар: эмоциялардың қызметтері, эмоционалдық жағдайлардың әртүрлі көріністері.
Сабақтың мақсаты: өз эмоцияларын түсінуді және бағалауды үйрену.
Әдістері: әңгімелесу, ой-талқы, жаттығулар.
Ресурстар: жаттығулар, плакаттар, маркерлер, қағаз.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы
сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт:
5 минут
«Шеңберге кіргізу» сергіту сәті
Уақыт: 7 минут
Процесі:
Екі ерікті оқушы жүргізуші болады. Олар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, қолдарынан ұстайды.
Қалған оқушылар сыныпта еркін қозғалады. Жүргізушілердің міндеті – қолдарын ажыратпай,
басқа оқушыларға «шеңбер лақтыру» арқылы оларды ұстап алу. Ұсталған оқушы шеңберге
үшінші адам болып қосылады. Енді келесі оқушыны үшеуі бірге ұстайды, ұсталған оқушы да
шеңберге төртінші болып тұрады. Тапсырма – осы әдісті қолданып, барлық оқушыларды ұстау.
Соңында тіпті 1-2 оқушы ұсталынбай қалса да жаттығуды аяқтауға болады.
Жаттығу жылдам өзгеріп жатқан жағдайда тез әрекет етуді, серіктеспен бірлескен әрекеттерді
үйлестіруді үйретеді.
Талқылау
Уақыт: 10 минут
Материалдары: плакат, маркерлер
Процесі:
Оқушылардан жақында қандай күшті сезім сезгендерін сұраңыз. Оларды қалай
білдіріпті/көрсетіпті?
Мынадай жағдайды талқылауды ұсыныңыз: мұғалім оқушыларға негізсіз «екі» қояды,
оқушыларда белгілі бір сезім пайда болады. Ол қандай сезім? Еріктілерге ойларын білдіруге
мүмкіндік беріңіз. Немесе мынадай жағдай: анасы баласына ол істемеген нәрсе үшін ұрысты.
Баласы не сезді?
Ол сезімдермен не істеуге болады? Оларды қалай білдіру керек? Оқушылар сезімдермен өзара
әрекеттесу әдістерін өздері айтсын. Оларды плакатқа жазып алыңыз. Келесідей сұлбаны
қолдануды ұсыныңыз.
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
65
Оқушылардың айтқан әдістерін қай тармаққа қатысты қолдануға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |