Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет61/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
76 
Жанжал кезіндегі мінез-құлық стильдері бойынша көріністер 
Уақыт: 15 минут 
Процесі: 
5 шағын топ құрыңыз, әрқайсысына бір-бір стильді бейнелеу тапсырмасын беріңіз. Көрініс 
ойлап тауып, оны қою үшін уақыт беріңіз. Мүмкін болса, барлық оқушыларды тартыңыз. 
Орындау уақыты – 7-10 минут. 
Көріністерді көрсету. Талқылау. 
Ешбір себепсіз, «сөзден сөз шығып», жанжалдың пайда болатын кездерін талқылау. 
Теориялық блок 
Уақыт: 5 минут 
Мұғалім-тренерге арналған ақпарат 
Конфликтогендер
– жауап ретінде агрессия тудыратын және жанжалдың шиеленісуіне әкеп 
соғатын сөздер. 
Конфликтоген түрлері: 
-
Орынсыз және қорлау мақсатында айтылатын сөгістер. 
-
Теріс мағынада жалпылау, «белгі салу». 
-
Басқа адамның өзін қалай ұстау керектігі туралы жағымсыз кеңестері, нұсқаулары. 
-
Әңгіме тақырыбына қатысы жоқ немесе әңгімелесуші өзгерте алмайтын фактілерді көрсету. 
-
Әңгімелесудің шекарасын білмеу, кез келген тақырыптарды қозғау. 
-
Орынсыз ирония, сарказм. 
-
«Ішіндегісін ақтару» мақсатындағы ұрыс сөздер, қарғыс, қорлайтын сөздер. 
Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия
:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 
Үй тапсырмасы: 
Достарыңмен сөйлесіңдер. Жанжал кезінде кім өзін қалай ұстады? Негізі адамдар жанжалға 
түскенді ұната ма? 
 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
77 
28-сабақ 
 
Тақырыбы: Жанжалдар.
Ұғымдар: жанжал, өзін-өзі анықтау, жанжалдан сындарлы шығу жолы. 
Сабақтың мақсаты: жанжалды жағдайларда әрекет ету дағдыларын жаттықтыру; 
оқушыларды сындарлы шешімдерді іздеуге ынталандыру. 
Әдістері: әңгімелесу, жаттығулар, жеке жұмыс, дәптермен жұмыс істеу. 
Ресурстар: жаттығулар, жұмыс дәптерлері, плакаттар, маркерлер, жаттығуларға 
арналған материалдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет