Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет69/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
87 
«Поднос» жаттығуы 
Уақыт: 10 минут 
Материалдары: поднос 
Процесі: 
Бұл жаттығуды орындау үшін поднос керек, оның әр бұрышына екі метрлік жіп байланады 
(поднос болмаса, оны қатты қағазбен ауыстыруға болады). Төрт оқушы жіптің шетінен ұстап, 
жан-жаққа тарап, подносты шамамен бел деңгейіне дейін көтеріп, оны алып жүреді. Бос 
подносты көтеріп жаттыққаннан кейін оған су құйылған пластик стақан қойылады.
Оқушылардың міндеті – суды төкпей, подносты көтеріп жүру. Қозғалыс траекториясын 
өзгертуге болады (мысалы, бірнеше орындықты «жылан» сияқты айналып өту), тіпті топтар 
арасында жылдамдыққа жарыс өткізуге болады. 
Жаттығудың психологиялық мәні:
шығармашылық тапсырманы командамен бірлесіп шешкен 
кезде бірлескен әрекеттерді үйлестіру. 
Талқылау:
-
Жұмыс барысында қандай эмоция сездіңдер? Олар немен байланысты?
-
Бұл жаттығуды қандай өмірлік жағдайларға ұқсатуға болады? 
 
Бүкіл блок бойынша қорытынды 
Уақыт: 10 минут
Соңғы екі сабақта жасаған барлық плакаттарды іліп қойыңыз. Оқушылардан өткен материалды 
еске түсірулерін сұраңыз. Тақырыптан алған әсерлерімен бөлісуді ұсыныңыз. Оқушылар 
шеңбер бойынша салыстыру жүргізсін: «Менің креативтілігім ... сияқты». Мысалы, менің 
креативтілігім терең өзен сияқты, онда көптеген идеялар бар. Менің креативтілігім соңғы 
iPhone сияқты. Менің креативтілігім жел сияқты. Менің креативтілігім би сияқты. Менің 
креативтілігім жүйрік көлік сияқты. 
Үй тапсырмасы: 
Креативтілікті дамытуға арналған жаттығу ойлап табыңдар. Мысалы, жазуларды соңынан 
бастап оқу. 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
88 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет