Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан


«Нәрсені ерекше түрде пайдалану» жаттығуы



Pdf көрінісі
бет67/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

«Нәрсені ерекше түрде пайдалану» жаттығуы 
Уақыт: 15 минут 
Процесі: 
Бұл жаттығуда келесідей қарапайым нәрселерді ерекше түрде пайдаланудың барынша көп 
нұсқаларын ойлап табу керек: 
-
қағаз немесе ескі газеттер; 
-
бос картон қораптары; 
-
кірпіш/тас; 
-
сусынға арналған түтікше; 
-
шөлмек тығындары; 
-
қалың жіп; 
-
қиылып қалған шам; 
-
алюминий құтылары; 
-
түйме/тиын. 
Жұмыс 4-5 адамнан тұратын топтарда орындалады, орындау уақыты – 10 минут. Қажетті 
нәрселерді оқушыларға көрсетсеңіз, жаттығу көрнекі түрде өтеді. Олар заттарды пайдалану 
әдісін айтып қана қоймай, көрсете алады. Идея үшін 1 ұпай беріледі, ал оны көрсеткені үшін – 
2 ұпай (егер нәрсе қол астында болмай, оны пайдалану жолын көрсету мүмкін болмаса, кез 
келген идея үшін 1 ұпай беріледі). Келесі топ басқа нұсқа көрсетуі тиіс, ойларды қайталауға 
болмайды. Нәтижесінде көп ұпай жинаған топ жеңеді. 
 
Жаттығудың психологиялық мәні:
шығармашылық тұрғыдан ойлау қасиеттерін (ойлау 
жылдамдығы, икемділігі, ерекше болуы) талқылау, оларды жаттықтыруға, нәрселерді 
қарапайым тұрғыдан қабылдамай, ерекше қабылдауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, креативті 
міндеттерді шешкенде оқушыларға рөлдерді бөлуге мүмкіндік береді (идея тудырушылар – 
орындаушылар, көшбасшылар – орындаушылар). 
Талқылау:
-
Топ ішінде рөлдерді кім бөлді, кім идея ұсынды, кім оларды орындады, кім көшбасшы 
болды?
-
Мұндай бөлу оқушылардың қандай қасиеттерімен байланысты?
-
Оқушылар өмірде де сондай рөл атқара ма? 
Талқылау аяқталғаннан кейін мұндай шығармашылық жаттығуларды орындау тиімділігін 
бағалау критерийлерін айтқан жөн: 
Жылдамдық:
әр қатысушы ұсынған идеялар саны. 
Ерекше болуы:
басқа топтар қайталамаған идеялар саны. 
Икемділігі:
мағыналық санаттардың әртүрлілігі. Мысалы, қағаздан ойыншық ұшақ, қайық 
немесе басқа фигура жасауға болады. Жылдамдық жағынан ол әртүрлі идеялар, бірақ икемділік 
жағынан олар бір топқа жатады (оригами). 
Оқушылар топтардың тиімділігін осы параметрлер бойынша өздері бағалайды, бірақ 
мұғаліммен ақылдасады. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
85 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет