БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
89
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Уақыт: 5 минут
Материал: кері байланыс сауалнамасы
Процесі:
Оқушыларға басып шығарылған кері байланыс сауалнамаларын (КБС) таратыңыз. Оларды
шынайы жауап беріп толтыруды және сізге қайта тапсыруды сұраңыз. Сауалнамалар барлық
факультативті үйлестіру, жалпы есеп беру және бағдарламаны жақсарту үшін қажет екенін
түсіндіріңіз.
Бұл
қатысушылардың
өздерін
бағалауы
емес,
оқушылардың
ұйымдастырушыларға беретін кері байланысы екенін түсіндіріңіз. КБС құрамындағы барлық
деректер құпия болып табылады.
Үлкен_10_-_9_-_8_-_7_-_6_-_5_-_4_-_3_-_2_-_1_-_0_Ешқандай'>Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
Осы факультативке берер бағам (жалпы әсер)
Үлкен
10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0
Ешқандай
Материалы және ақпараттық бөлімі
Үлкен
10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0
Ешқандай
Эмоционалдық атмосфера
Үлкен
10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0
Ешқандай
Топ мүшелерінің өзара әрекеттесуі
Үлкен
10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0
Ешқандай
Мұғалім-тренердің жұмысы
Үлкен
10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0
Ешқандай
Маған ең үлкен әсер қалдырды: ____________________________________________________
Тренингтерде маған кедергі болды: _________________________________________________
«Көшбасшылық зымыраны» жаттығуы
Уақыт: 15 минут
Материалдар: жұмыс дәптері
Процесі:
Оқушылар өз зымырандарына қарасын. Олар тоқсан сайын өздеріне керек көшбасшылық
қасиеттерін, дағдыларын, не дамытқылары келетінін жазды. Енді екі-үш ортақ зымыран
жасасын. Жаттығуға топтардың барлық мүшелері қатысуы тиіс. Әр топқа бір плакаттан
таратып, талқылау мен сурет салуға 5 минут уақыт беріңіз. Шағын презентация өткізіп,
оқушыларды зымырандарымен бірге суретке түсіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: