32-сабақ
Тақырыбы: Оқу жылы бойынша қорытынды сабақ.
Ұғымдар: қорытынды, білім, білік, дағды.
Сабақтың мақсаты: бір жыл ішінде өткен материалды қорытындылау; сабақтарда алынған
дағдыларды, құралдарды пайдалануды, сонымен қатар өзін-өзі дамыту мен тұлғалық өсімді
ынталандыру жолдарын табу.
Әдістері: әңгімелесу, дәптермен жеке жұмыс істеу, кері байланыс сауалнамасы.
Ресурстар: «Көшбасшылық зымыраны» жаттығуы, жұмыс дәптері, топтық өсу кестесі.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы
сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт:
5 минут
Топтың дамуын бағалау
Уақыт: 5 минут
Материалдар: жұмыс дәптері
Процесі:
Оқушылардан жұмыс дәптерлерінің № __ бетін (№ алдын ала қараңыз) ашып, кестенің бесінші
бағанын толтыруларын сұраңыз.
Балалардан сұраңыз: нәтижелер бірінші күнмен салыстырғанда өзгерді ме, нашарлады ма, әлде
жақсарды ма? Неліктен?
Бір тоқсан және бір жыл ішіндегі болжамдарды салыстыру
Уақыт: 10 минут
Материалдары: «Болжамдар» плакаты, маркерлер
Процесі:
«Болжамдар» плакатын іліңіз. Тізімдегі идеяларды оқи отырып, оқушыларды осы болжамның
қаншалықты орындалғаны туралы талқылауға шақырыңыз. Ол үшін «бас бармақ» әдісін
қолдануға болады.
Қазір мен сендер жазған болжамдарды рет-ретімен оқимын. Әр тұжырымнан кейін бұл болжам
сендер үшін қаншалықты орындалғанын көрсетіңдер. Ол үшін біз оң қолдың бас бармағын
қолданамыз. Саусақты жоғары көтеру – болжам 100%-ға орындалды, саусақты төмен түсіру –
болжам мүлдем орындалған жоқ, сәйкесінше саусақты бұру арқылы болжамның «орындалу»
дәрежесін өзгерте аласыңдар.
Тренер үшін:
болжамдар тізімінен бір сөйлемді оқып шығыңыз, топқа қараңыз және барлық
қатысушылардың саусақтарын көтеріп жауап бергеніне көз жеткізіңіз, жалпы балл шамамен
қанша пайыз екенін бағалаңыз. Осы сөйлемнің жанында қызыл маркермен белгілеңіз:
көрсеткіш жоғары бағытталған – 100%, көрсеткіш төмен бағытталған – 0%. Аралық мәндерді
ескеріңіз. Келесі тұжырымға өтіңіз.
«Болжамдар» плакаты бойынша салыстыруды аяқтағаннан кейін топқа алғыс айтыңыз және
тұжырымдардың көпшілігіне қол жеткізілгенін хабарлаңыз. Осы сәтті қатысушыларды
факультатив аясындағы жұмысты жалғастыруға ынталандыру үшін пайдаланыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |