Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет66/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

Үй тапсырмасы
Креативті адамның қасиеттерін қалай дамытуға болатындығы туралы ойланыңдар. 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
83 
30-сабақ 
 
Тақырыбы: Креативті ойлау дағдыларын дамыту.
Ұғымдар: креатив, ассоциациялар әдісі. 
Сабақтың мақсаты: креативтілікті мәселелерді тиімді шешу әдісі ретінде түсіну. 
Әдістері: әңгімелесу, жаттығулар. 
Ресурстар: жаттығулар.
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт:
5 минут
«Ызылдау» сергіту сәті 
Уақыт: 5 минут 
Процесі: 
Тренер белгі бергенде бәрі ызылдауы тиіс. Әр оқушы әлдебір дыбысты немесе сүйікті әуенін 
айтып ызылдайды. Егер басқа оқушы оның не ызылдап отырғанын тапса, ол да «әншіге» 
қосылады. Бүкіл сынып бір әуенді бірге айтып ызылдағаннан кейін жаттығуды аяқтауға 
болады. 
«Мүмкін емес жағдай» жаттығуы 
Уақыт: 15 минут
Процесі: 
Оқушылар қандай да бір мүмкін немесе мүмкін емес жағдайды қиялдап ойласын. Олардың 
міндеті – ол жағдайдың болғанын елестетіп, оған әкеп соққан барынша көп себептерді айту. 
Жаттығу 3-5 адамнан тұратын топта орындалады, бір жағдайға 2-3 минут беріледі.
Ықтимал жағдайлар: 
-
Жердегі ауырлық күші 5 есе көбейеді. 
-
Барлық көлемді геометриялық фигуралар жалпақ фигураларға айналады. 
-
Барлық адамдарда құйрық пайда болады. 
-
Доллар басқа валюталармен салыстырғанда 100 есе қымбаттайды. 
-
Бұлттан Жерге дейін арқандар салбырап тұратын болады. 
-
Бүкіл әлемде ешбір спорт болмайды. 
-
Жердегі заттардың үйкеліс коэффициенті 20 есе азаяды. 
-
Барлық металдар алтынға айналады. 
-
Адамдар бір-бірінің ойларын оқуды үйренеді. 
Бұл жаттығуды өткізу жолдары көп. Мысалы, бірнеше топқа талқылау үшін бір жағдай берілуі 
мүмкін. Сонда нәтижелері былай айтылады: әр топ кезекпен-кезек бір сөйлемнен айтады, бір 
ойды қайталауға болмайды. Егер топтардың ойлары таусылса, олар ойыннан шығады; 
барынша көп идея айтқан топ жеңеді. Егер топтарға әртүрлі жағдайлар берілсе, мұндай жарыс 
өткізудің қажеті жоқ, оның орнына олар 3-5 өте ерекше идеяларын айтады. 
Жаттығудың психологиялық мәні:
мүмкін емес жағдайлар үшін аса ерекше идеялар айтып 
жаттығу. 
Талқылау:
-
Қандай өмірлік жағдайларда оның ықтимал салдары туралы ойланамыз?


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
84 
-
Қандай идея есте қалды? Ең ерекше идея қандай?
-
Өмірде елестету мүмкін емес жағдай шындыққа айналған кездер болды ма? 
-
Идеялар несімен қызық?
-
Жаттығуды орындауға не көмектесіп, не кедергі келтірді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет