Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет62/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт:
5 минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап
орындау. 
Уақыт:
5 минут
«Басқаша айту» жаттығуы 
Уақыт: 10 минут 
Материалдар: жұмыс дәптері 
Бұл жаттығу басқа адамдармен сөйлесу кезінде жанжалдың пайда болуына немесе оның 
өршуіне әкеп соғатын жағымсыз ойлармен/сөздермен жұмыс істеуге көмектеседі. Кейде 
адамдардың «Сен... істеуің керек», «Бұл сенің міндетің», «Сенімен сөйлесу мүмкін емес», «Сен 
жауапсыз адамсың» сияқты сөздері шамымызға тиеді, кейде тіпті ызамызды келтіреді. Мұндай 
сөздер қарым-қатынасқа кедергі келтіріп, ыза тудыруы мүмкін. Сондықтан жанжалды 
жағдайда орынсыз сөздерді айтпаған жөн. 
Процесі: 
Қалағандарың бойынша жұп құрып, жұмыс дәптерінің ___ бетін (№ алдын ала қараңыз) 
ашыңдар. Тапсырма – жағымсыз сөздерді жағымды сөздерге айналдыру.
Мысалы, «Маған кітап әкеп беруің керек». (Маған кітап әкеп берсең, қуанып қалар едім); 
«Қатты шаршадым, сендер сондай қайырымсыз адамсыңдар!» («Мені бәрің мақтап, маған тәнті 
екендеріңді айтсаңдар деймін»); «Ол мені қорлады». («Өзімді жайсыз сезіндім»); 
Жұптық жұмысқа 7 минут беріледі. 
Презентация жасап, нәтижелерді талқылау қажет. 
 
Талқылау:
Сөйлемдерді түрлендіру қиын болды ма? 
 
Қорытынды:
Бұл жаттығудың мәні – айтылған сөздер әрдайым жағдайды шынайы 
бейнелемейтінін көрсету. Егер біз осындай сөздерді қолдансақ, бір-бірімізді жақсы түсінетін 
боламыз. 
 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
78 
«Айырмашылықтар айсбергі» жаттығуы 
Уақыт: 10 минут 
Материалдары: плакат, поститтер, маркерлер, қаламдар 
Процесі: 
Оқушылар плакатқа айсбер салады, оның жартысы су астында, жартысы су үстінде болады. 
Одан кейін мұғалім «бәріміз әртүрліміз, бір-бірімізден ерекшеленеміз, бұл айырмашылықтар 
да түрліше қабылданады» деп айтады. Кейбірі адамның сыртқы айырмашылықтарына (сырт 
келбеті, денесі, киімі және т.б.) қарап, оны талқылайды, мазақтайды; ал басқалары адамның 
ішкі айырмашылықтарын байқайды (мінезін, ұстанымын, жан дүниесін және т.б.)
Топ адамдардың айырмашылықтарын жазуы тиіс (кез келген адамның) Мұғалім әрқайсысын 
поститке жазып алып, топтан ол поститті қайда жабыстыру керектігін айтады: бұл ретте 
айсберг – ол адам, үстіңгі бөлігі – адамның сыртқы келбеті, ал төменгі бөлігі – адамның жеке 
ерекшеліктері, көзге көрінбейтін айырмашылықтары. 
Жаттығуды жабу кезінде әрқайсымыз бұл айырмашылықтарды қалай қабылдайтынымыз 
жайлы сөйлесуге болады. Бір жағынан олар объективті, екінші жағынан олар көзге көрінбейді. 
Адамдарда «шыдамсыздық» сезімі неліктен пайда болып, онымен қалай күресуге болатынын 
талқылауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет