БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
72
Теориялық материал
Уақыт: 10 минут
Мұғалім-тренерге арналған ақпарат:
Жанжал дегеніміз не?
Бәріміз дерлік жанжалды жағдайға тап болып, оны қандай да бір жолмен шешкен шығармыз.
Жанжал
– бұл қақтығыс (лат. сonflictus – қақтығыс),
осылайша пікірлер, күштер,
қызығушылықтар, әуестіктер, талаптар соқтығысуы мүмкін. Тізімді қалағанымызша
жалғастыруға болады, өйткені адам сезімдерінің көріністері көп қырлы және адамды жанжалға
итермелейтін себептер де әртүрлі. Қалай болғанда да, жанжалдар өмірімізде үлкен орын алады.
Жанжалдың себебі неде?
Ішкі жанжалдың себептері: оқуға,
өз міндеттеріне деген көзқарас, оқу орнын өзгерту,
бастықтың ескертулері, мұғалімнің талаптары, отбасыдағы түсініспеушілік, билік үшін күрес,
қызғаныш және басқа да көптеген себептер.
Сыртқы, топ арасындағы жанжалдың себептері: көзқарастардың сәйкес келмеуі, бәсекелестік,
нәтижеге қол жеткізудегі әртүрлі мақсаттар және басқалардың осы мақсаттарды қабылдамауы.
Жанжал – ол қайғылы жағдай емес
,
керісінше, сынып ұжымы, отбасы, оқу орны болсын,
адамдар қауымдастығында пайда болатын табиғи процесс. Егер жанжал шындықты анықтау
жолында шектен шықпаса, ол көбінесе жағдайды шешудің оңтайлы жолын табуға көмектеседі.
Мұндай даулар
тіпті жеке тұлғаның өсуіне, ұжымды біріктіруге және қарым-қатынасты
нығайтуға ынталандырады.
Бірақ қарым-қатынас мінсіз бола бермейді. Пікірлер, бағалар, көзқарастар, мақсаттар сәйкес
келмей, нәтижелер қанағаттандырмаса, жетістікке
жету әдістері ұнамаса, онда «ұшқыннан
жалын шығады»: жанжалдар, айыптаулар, қорлау, дау-дамай басталады.
Нәтижесінде жаман, жайсыз көңіл-күй, күйзеліс, жындану, ыңғайсыздық пайда болады.
Досыңды, сыныптасыңды, ата-анаңды ренжітіп аласың.
Зерттеушілердің пікірінше, жанжалға қатысқан адамның ақыл-ой белсенділігі 70%-ға
төмендейді. Мұның маңыздылығы осында.
Біз осы тренингтен үйренетін ең маңызды нәрсе. Жанжалды жағдайлар кез келген жерде, кез
келген уақытта, кез келген адаммен туындауы мүмкін. Жанжалды жағдайды шешуге
болатындығын түсіну өте маңызды. Біз мұны бірге зерттейтін боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: