Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет64/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

29-сабақ 
 
Тақырыбы: Креативті ойлау дағдыларын дамыту.
Ұғымдар: креативтілік, креативті адам. 
Сабақтың мақсаты: креативтілік – тұлғаны дамыту жолдарының бірі екенін түсіну; 
креативті адамның қасиеттерін анықтау. 
Әдістері: әңгімелесу, дәптермен жеке жұмыс істеу, кері байланыс сауалнамасы. 
Ресурстар: «Көшбасшылық зымыраны» жаттығуы, жұмыс дәптері, топтық өсу кестесі. 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт:
5 минут
«Мен… білемін» сергіту сәті 
Уақыт: 10 минут 
Материалдары: доп 
Процесі: 
Допты ұстаған оқушы «Менің атым..., мен .... (танымал адамды) білемін» деп айтып, допты 
басқа оқушыға береді. Келесі оқушы да дәл осылай өзін таныстырып, танымал адамды айтуы 
тиіс. Бірақ ол «жұлдыздың» тегі алдыңғы оқушының есімінің соңғы әріпіне басталуы тиіс. 
Допты бір оқушыға екі рет лақтыруға болмайды. Барлық оқушы айтып болған соң допты сол 
ретпен кері қарай лақтыру керек. 
Теориялық блок 
Уақыт: 5 минут 
Мұғалімге арналған ақпарат 
Бағдарламадағы басты назар келесі міндеттерді шешуге бағытталған: 
1. Креативтілік құрамына кіретін зияткерлік қасиеттерді дамыту, олар: ойлау, қиялдау 
жылдамдығы, икемділігі, ерекше болуы; кездейсоқ ассоциациялар таба білу. 
2. Өмірлік мәселелерді шешкенде, сонымен қатар жеке және кәсіби мақсаттарға жеткенде 
креативтілік таныту. 
3. Командалық шығармашылық жұмыс дағдыларын қалыптастыру. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
81 
Креативтілік – ол мүмкіндіктерді көру/табу қабілеті 
Уақыт: 5 минут 
Шығармашылық қабілеттер – адамның шығармашылық шешімдерді, түбегейлі жаңа 
идеяларды қабылдау және құру қабілеті. 
Күнделікті өмірде шығармашылық қабілеттер тапқырлық ретінде көрінеді – ол мақсатқа жету, 
қоршаған ортаны, заттар мен жағдайларды әдеттен тыс қолдана отырып, шешімі жоқ болып 
көрінетін жағдайлардан шыға білу деген сөз. 
Кең мағынада – ол мәселенің ерекше және тапқыр шешімі, әдетте мамандандырылмаған 
құралдар немесе ресурстар арқылы қабылданады. Сонымен қатар, бұл проблемаларды ерекше, 
стандартты емес түрде шешу қабілетін де білдіреді.
 
Креативтілік бәріне керек! Барлық кәсіптерде және кәсіби қызметтен тыс жерлерде 
шығармашылық болуы тиіс.
*LinkedIn – іскерлік байланыстарды іздеу және орнатуға арналған әлеуметтік желі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет