Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан


«Менің жанжал кезіндегі мінез-құлқым» жаттығуы



Pdf көрінісі
бет63/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

«Менің жанжал кезіндегі мінез-құлқым» жаттығуы 
Уақыт:
10 минут 
Материалдар: жұмыс дәптерлері 
Процесі: 
Оқушылардан кестені толтыруларын сұраңыз (жұмыс дәптеріндегі № алдын ала қараңыз) 
Менің реакциям 
Мен мінез-құлқымда не 
өзгерткім келеді? 
Маған қысым көрсеткен 
жағдайларда 
Мені елемеген кезде 
Маған дауыс көтергенде
Мені пайдаланғысы 
келгенде 
Мені шынайы 
қабылдамаған кезде 
Мені немесе 
жақындарымды қорлаған 
кезде 
Маған біреу ұнамаса 
(сырттай, мінез-
құлқымен) 
 
 
 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
79 
Оқу қызметін қорытындылау 
Рефлексия 
Уақыт: 5 минут 
Оқушылардан осы тақырып бойынша не есте қалғанын сұраңыз.
Жанжалды жағдайлар – ол кез келген қоғамдағы қалыпты жағдай екенін қорытындылаңыз. 
БІРАҚ мұндай жағдайларда қалай әрекет ететініміз өте маңызды. Кіші немесе үлкен, қыз 
немесе ұл екенің, сыртқы бет-келбетің маңызды емес. Ең бастысы – әрқайсымыз абыройы мен 
ақылы бар адамбыз және әрқайсымыз жанжалды жағдайларды тиімді диалогқа немесе мәселені 
шешуге бағыттай аламыз.
Бір жыл ішінде оқушылар көп нәрсе үйренгенін, енді осы дағдыларды өздерінің және 
айналадағы адамдардың игілігі үшін пайдалануды тілейтініңізді айтыңыз. 
Үй тапсырмасы: 
Фильмдерде болған қандай жанжалдарды білесіңдер? Келесі фильмді көргенде жанжалды 
жағдайға түскен кейіпкерлердің іс-әрекетін талдап көріңдер. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
80 
«Креативті ойлау дағдыларын дамыту» бөлімі 
Мақсаты:
оқушылардың ерекше ойлау ниетін ынталандыру. 
Қалаулы нәтиже:
оқушылар креативті ойлаудың қызықты және пайдалы екенін көреді
оқушылар өздерінің креативті қабілеттеріне сенеді; оқушылар күнделікті өмірде жан-жақты 
болуға ынта алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет