Факультет: Механика-математика Кафедра: Актуарлық математика СӨж тақырыбы: «Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы»



Дата07.02.2022
өлшемі107,65 Kb.
#92135
Байланысты:
СӨЖ


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Факультет: Механика-математика


Кафедра: Актуарлық математика

СӨЖ
Тақырыбы: «Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы»

Орындаған: Елеусін А.Ж.


Қабылдаған: Маликов Б.У.


Алматы, 2020ж
Жоспары:
1.Кіріспе. Мемлекеттің негізгі бастауы-патриотизм
2.Негізгі бөлім. Саяси рәміздердің патриотизмге әсері
3.Қорытынды. Елім деп соғар жүрегім.

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді.»


Н.Ә.Назарбаев


Тарихи сана мен ұлттың мәдени мұрасын қалыптастыру – мемлекеттің бастауы ретінде міндеттеліп, халықтың отаншылдығына тікелей әсер ететін құбылыс. Отаншылдық сезім – адамға туа біткен қасиет емес. Патриотизм – бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Мәселен, кез-келген адамның өзі туып өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы,өз Отанының мүддесін ойлап, туған жеріне деген адалдығы, өз елінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін мақтан ету, өз Отанының бостандығы мен Тәуелсіздігін қорғау, атаөбабалары мен Отан тарихына құрметпен қарау – бұлар да елдік патриотизм деген ұғымның ішіне сияды. Арғы ата-бабаларымыз жас һренді елін,жерін сүюге үндеп, ұлттық патриотизммен және салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан-ды. Сол рухани үндеудің арқасында 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін, елдік мәртебеміз өзектілігін жоғалтпай, даму қарқынын бүгінгі күнге дейін жеткізді. Жаңа ғасырлар белесінде өзінің бірнеше жылдыұ тарихына табан тіреген қазақ елінің патриоттар мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу.


Патриотизм мен ұлттық сананың өрлеуіне негіз болатын басты себептердің бірі – елдік рух пен және елдің басқа елдерден айрықша екенін көрсететін ерекше белгілері. Еліміз тәуелсіздікке ұмтылып, қалыптасудың қиын кезеңдерін бастан кешіріп, жеңістер мен жеңілістердің осы тікенді жолындағы көптеген тарихи оқиғалардан кейін елдлік мәртебені қалыпқа келтіріп, өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін өз символдары мен өзіндік салт-санасын қалпына келтірді. Осы егемен, дербес еліміздің мемлекеттік рәміздері құпияға, таңғажайып мағыналар мен ерекше мұраға толы асыл қазына. Рәміздер деген кездегі адамның ең басты ойы, халықтың дәстүр, салт-санасын, сонымен қатар мәдениетін белгілейтін ерекше символар екені анық байқалады. 1992 жылы 4 маусым - қазақ елінің тарих бетіне алтын әріптермен жазылатын, сондай-ақ ұлт мәртебесі асқақтайтын елеулі күн. Тұңғыш Президентіміз өз ұлтына деген патриоттық сезімін дәлелдеп, сол күні жарлық шығарып, қазақ елінің отаншылдық сезімін одан сайын биіктетті. Ел азаматтары мен азаматшалары рәміздерімізге тағзым жасап, халықтың даңқын асқақтатуға үлесін қосуға өз серттерін беріп, елдік мәртебемізді өз қолдарына алды.
Автор:Ш.Ниязбеков Автор:Ж.Нәжімеденов,Ш.Қалдаяқов Автор:Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков
Мәселен алып қарасақ, көк аспандай биікте желбіреген туымыз халқымыздың этникалық-саяси біртұтастығын дәлелдесе, алтын түстес күн мен қалықтап ұшқан қыран егемендіктің айқын дәлелін көрсетіп, жарқын болашақтың нақты белгісін бейнелейді. Туымызды көркемдеу үшін арнайы жасалған өрнек қазақтың дәстүрлі көркем өнерінің негізгі нақыштарымен үйлесім тапқан.
Еліміздің асқақ рухын, егемендігін айқын көрсететін ерекше символы – елтаңба. Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Елдің елтаңбасы әрдайым қазақ дербестігі мен санасындамаңызды орын алады, тұтастай алғанда ел мен халықтың мемлекеттік саясатын сипаттайтын айрықша белгі болып саналады.
Тағы бір ерекше ел жүрегін елжіретіп, патриоттық сезім ұялататын рәмізіміз – әнұран. Қолымызды жүрегімізге қойып, бұл әуенді шырқаған кезде, ұлттың санасында отанға дегін сүйіспеншілік артып, елге деген, туған жерге деген махаббатымыз оянып, мәдени мұраларымызды еске алуға бағдарлап, жан тебірентетіндей сезім алып келеді. 1992 жылғы әнұранымызды 2006 жылы жаңа өзгерістермен жаңа серпін алып, қайтадан өзгертілді.
Ежелден, ер деген
Даңқымыз шықты ғой,
Намысын бермеген
Қазағым мықты ғой!

,- деп шырқаған сәтте қазақтардың намысы оянбай қалады деген сөзге сену мүмкін болмайды. Патриотизмнің басты белгісі болып саналатын рәмізімге тағзым жасау – біздің басты құндылығымыз бен міндетіміз.


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттілігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр» деген еді. Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы білім тәрбие беру қай кезде де өзегін жоғалтқан емес.
Ел үшін, атамекен жер үшін тамыры терең жайылған қазақ халқының егемендігі үшін күрескен әрбір жанның патриоттық рухына жететін ештеңе жоқ екені сөзсіз. Туып-өскен жердің мемлекеттік рәміздерінің, егемендік борышының және халықтық салт-санасының мән-мағынасын түсіну – әрбір Қазақстан азаматының борышы. Әрбір азамат республика халқының құрамдас бөлігі ретінде сүйіспеншілік және берілген сезімді, халықтың, елдің мүддесін қорғайтын саналық намысты тәрбиелеу басты міндетіне алуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет